КітапХан #9 | "Ұлпан" Ғабит Мүсірепов

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 8 сен 2024
  • «КітапХан» - отандық және шетелдік әдеби туындыларды қазақ тілінде талқылау жобасы. Әр жиында баяндаушы суреттеген шығармаға резиденттер пікір білдіріп, өзіндік бағасын береді.
    Жоба авторы: Еркебұлан Бердалиев
    Жүргізуші: Хамит Ердехан
    Редактор: Жанар Әбдіқадырова
    Резиденттер: Еркебұлан Бердалиев, Айдос Кемаділдаев, Асқар Тоқтарханов, Қанабек Мерген, Бақытжан Қахар, Нұржан Арманұлы
    #КітапХан #кітапталқы #әдебиет #bookworm

Комментарии • 1 тыс.

  • @talgat.asselia
    @talgat.asselia Месяц назад +213

    Бағдарламаны көрген болсаңыз міндетті түрде осы комментті оқыңыз!⤵️
    Қаралым санынан лайк саны өте аз. Міндетті түрде басыңыз демеймін, бірақ ұнаған болса коммент болмаса да лайк баса салу қиын емес шығар. Неге? Себебі:
    Бұл азаматтарға дым қатысым жоқ, бірақ жасаған жұмыстары ұнап жатыр, кітапты көп оқымайтын, тик-токтағы әзіл видеоларды, қайдағы біреулердің батлдарын көруге уақытын кетіріп жатқан жастарды кітап оқуға ынталандыру үшін осындай әзіл форматта кітапты талқылап, осы бағдарламаны жасап жатқандары түсінікті ақ.
    Еңбектерін бағалап кішкене ғана қолдап жіберсек, лайк басып/коммент жазып/тіркеліп дегендей. Сіздің жасаған кішкентай ғана қолдауыңыз, бұл азаматтарға шабыт беріп бұл бағдарлама тоқтамас еді, сонда мүмкін рекке шығып қаралым артып біраз жанның кітап оқуына себеп болар ма едіңіз, мүмкін Аллада сіздің шынайы ниетпен жасаған қолдауыңызға сауап жазар ма еді(кім біледі әрине, өз ойым).
    Тамшы тама тама көл болды демекші, бізде бір екі адамның көруіне себепші болсақ, кітап оқитын ұрпақтың қалыптасуына себеп болсақ жақсы емес па?

    • @kushti_kanal
      @kushti_kanal  Месяц назад +2

      Рахмет ❤

    • @Baycity08
      @Baycity08 Месяц назад +6

      Окыдык бастык лайк. Сиздерден отиниш Еркебулан артык ангимени койса коп емес кишкене. Мыжып кетеди пацан сыякты.

    • @jigadiga6836
      @jigadiga6836 Месяц назад

      🎉🎉🎉🎉

    • @jigadiga6836
      @jigadiga6836 Месяц назад +2

      Jigitter basindar

    • @user-ou3er1ky4d
      @user-ou3er1ky4d Месяц назад

      😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊

  • @Nurly_Zhalyn
    @Nurly_Zhalyn Месяц назад +160

    үлкен бір телнарналар жасай алмаған жобаны жасағандарыңызға рахмет. Мемлекет жасай алмаған идеологияны сіздер жасап жатсыздар.

  • @asylzhan.serikbaevich
    @asylzhan.serikbaevich Месяц назад +122

    Нұрсұлтан Үсенов керек мына жерге Еркебұланның қасына Хамит аға үшеуі отырса болды ғой огонь шығарылым болады🔥

  • @_alizhan5940
    @_alizhan5940 Месяц назад +248

    Хамекеңнің ой-өрісінің ауқымдылығына тәнті болдық👏🏻

    • @nsmadyar
      @nsmadyar Месяц назад +3

      Дархан Оспановтың аудиториясынан келген ба?😂😂😂

    • @Alimusic2025
      @Alimusic2025 Месяц назад +1

      ​@@nsmadyarБәрі бір жерден шыққан жігіттерғо со

    • @_alizhan5940
      @_alizhan5940 Месяц назад

      @@nsmadyar жоқ

  • @gabbasova_d
    @gabbasova_d Месяц назад +122

    «Есеней-бұл атақ, шен, көсем! Көлеңкең күндік жерге түскен бәйтерексің, мен сенің саяңдағы бозторғаймын, Қарабурам!» деген Ұлпанның, Мүсірепов театрындағы қойылымының әсерінен екі-үш күннен бері шыға алмай жүр едім, мына шығарылым маған майдай жаға кетті ғой!😍 Махаббаттан да биік сезімді көрсеткен болды. Мектеп кезінде “Аралары 40 жас қой” деп менсінбей соңына дейін оқи алмап едім.Сүйтсем, телегей терең мағынасын аңғара алмаппын ғой. Шахановтың “Екі парасатты, пайымды адамдардың сана биігінде жолығуы” дегеннің дәлелі. Нағыз ерге лайық мінезді, болмысты көрсеткен, дана әйелді, қазақ әйелінің бейнесін көрсеткен шығарма болды мен үшін. “Сенің сөзің, менің сөзім Ақнарым!” деп әйел теңдігі, оқу-ағарту мәселесінде, Есеней басқарып отырған ауылдардың, халықтың жағдайы, жайлау мен қыстау, егіншілікті де жақсыға өзгерту үшін сөз бастаған һәм әрекет қылғанда расында бәйтеректей болып, қолдау көрсеткен Есенейі,Қарабурасы болған, сол замандағы көкірек көзі ояу, сондай жолдасы болған Ұлпан бақытты шығар, ә?! (Оның үстіне соңғы уақытта қазақ әйелдері жайлы шығып жатқан қаралы хабарларға қойылған, қазақ әйелі міне, осындай болған дейтіндей әдемі жауап болды!😍) Шығарылым үшін рақмет!

  • @aben1926
    @aben1926 Месяц назад +128

    Мынау бір ккремет жоба👏🏿
    Мына заманда кітап оқуға уақыт жоқ кезде, уақытында шыққан жоба екен

  • @user-im8im3rl3w
    @user-im8im3rl3w Месяц назад +134

    Китапхан шыққан сайын көңіл күй көтерілетін болды!

  • @BekzatBeristem
    @BekzatBeristem Месяц назад +44

    Хамекеңнің осыындау уақытқа ықшамдап жете түсіндіруіне респект👏 резиденттердің әзіл араластырып тұздық болуы да осы жобаның фишкасы екені анық👏 Келесі бөлімдерін асыға күтеміз тек орта жолда бітіп қалмасын. Хамекеңнің үйінде кітап таусылмасын👍

  • @eldartursyngaliuli6191
    @eldartursyngaliuli6191 Месяц назад +47

    Қазақ контентінің потологы дер едім. Ютубты тек осы үшін ғана көретін дәрежеге жеттім. Айырып жастыңдар, жігіттер. 🎉🎉🎉

  • @abaxan4237
    @abaxan4237 Месяц назад +33

    Хамит ты оқытқан мұғалімдерге мың да бір алғыс қандай шәкірт тәрбиелеген 🔥❤️‍🔥

  • @ЖазираАксукбаева
    @ЖазираАксукбаева Месяц назад +37

    Осы бағдарламаны ұнатып тыңдаймын. Кезінде менде кітапті көп оқушы едім, қазіргі кезде көзім көрмей кітап оқи алмай жүрмін, сондықтан мен үшін таптырмас бағдарлама. Жарайсыңдар жігіттер. Рахмет сіздерге.

  • @user-ij6mt7qx5m
    @user-ij6mt7qx5m Месяц назад +57

    🛑🛑🛑🛑🛑🛑🛑🛑🛑🛑🛑Ұлпан өмірде болған кісі. Ақтөбе облысы Шалқар ауданына қарасты мекен бар қазір Ұлпан деген. Шалқар көлі Ұлпан көлі аталғаны рас.

  • @ЖанарАкбердиева
    @ЖанарАкбердиева Месяц назад +33

    Жарайсыңдар жігіттер!
    Хамитке ерекше Алғыс!
    Тәнтімін,сөз саптауы,байсалдылығы,
    Білімді
    Әр шығарылымды асыға күтем
    Рахмет Сіздерге

  • @erkeshmahuda
    @erkeshmahuda Месяц назад +34

    24:39 Салт атты деген бір ғана атпен, жетегінде ештеңесі жоқ дешен сөз. Жетегінде тағы бір ат болса қосар атты жолаушы болады. Бұрынғы заманда алыс жолға батырлар қосар атпен жүрген. Ұзақ жолда алмастырып мінуге.

  • @dr_orynbasarova-u3q
    @dr_orynbasarova-u3q Месяц назад +23

    Ақтөбе облысы,Шалқар ауданында Ұлпан станциясы бар, осы кісінің атына аталған.Жұрттың айтуынша ұрпақтары осы жерде ас беріп солай аталған деген әңгіме бар. Негізі аталу себебін енді білдім.Ұлпанға қатысты екенін білгенмен , тарихын білмейтін едік.Кітапхандарға көп рахмет,Алла істеріңізге береке берсін, талай қазақтың көзін аша беріңіздер🌷

  • @user-rk2ln6qh2v
    @user-rk2ln6qh2v Месяц назад +22

    Кітап оқығанды, одан кейін қазақтың жайдарман, юмор саласын жақсы көретін едім, екеуі қосылып нұр үстіне, нұр болып тұр. Бақытымның еселеніп жатқанына себепкер болғандарыңызға мың алғыс

  • @erdauletzhetey7608
    @erdauletzhetey7608 Месяц назад +136

    Еркебұлансыз бұл передача алыска бармайтын еді, респект Еркебулан✊

  • @Quatbektinqyzy
    @Quatbektinqyzy Месяц назад +22

    Ұлпанның жасына алаңдаған Еркебұланға риза болып қалдым. 18де екенін білгенде қуанып қояды. Тереңдік Еркебұланда да бар!👏
    Әр шығарылымды үзбей көремін. Барлығы ұнайды. Ұлпанды өзім оқығанда мұндай әсер алмап едім. Тағы да тереңірек түсінгендей болдым.
    Осындай керемет жоба үшін көп рақмет!

  • @OtandyqOnim
    @OtandyqOnim 4 дня назад +2

    Керемет жоба, кешеден бері шыға алмай жатырмын. Заманауи, әзілмен көмкерілген супер контент!
    Жалықтырмайтын, астарлы, пайдасы көл-көсір бағдарлама болары сөзсіз🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉

  • @talgat.asselia
    @talgat.asselia Месяц назад +15

    Жақында ғана Ғабит Мүсірепов театрына Ұлпанның премьерасына бардым, ол жерде Біжікеннің өмірі жайлы қойылмады, Есенейдің қвйтыс болғанымен аяқтаған еді, күшті әсер алып қайтып едім, мына жерден жалғасын естіп вообще керемет әсер алдым, енді кітабын оқымасам күнә болар, атсалысқан баршаңызға мың алғыс, бағдарламаның ғұмыры ұзақ болсын деп тілеймін🤲🏻

    • @muratcodm
      @muratcodm Месяц назад

      Кітапты сол жерден аяқтай салу керек едіғо

    • @saltanatmamatova9926
      @saltanatmamatova9926 Месяц назад

      Сырым Датулы байбакты руынан

  • @brzhnvv
    @brzhnvv Месяц назад +59

    2-3 күн бұрын ғана Ғ. Мүсірепов театрынан "Ұлпан" қойылымының премьерасына барып едім, мына шығарылым тұздығы болды-ау😍

  • @magzhanzatybek9497
    @magzhanzatybek9497 Месяц назад +11

    Мен өкінішке орой оқымап едім, бірпқ Хамекеңнің кітапты бейнелеуінен толық түсіндім және Ұлпанның сезімін, ұстанымын, болмысын толық тұла бойымнан өткіздім деп айта аламын. Тамаша👍👍👍👌

  • @user-Daniyar-91
    @user-Daniyar-91 Месяц назад +13

    Камеди клаб, чбд көргенше, осыны көрсемші. Маған өтті көңіл күй де көтеріңкі, білімің де артып, ырзамын, мықты жоба!!!

  • @Medet.01
    @Medet.01 Месяц назад +16

    Казіргі хайып куып жаланаштанған уакытта. Осындаи бағдарламалар көп болса екен керемет жігіттер тамаша ғұмырлы болсын жұмыстарын проста 👍🫰👍

  • @user-wp2mi3iz1k
    @user-wp2mi3iz1k 14 дней назад +5

    Мықты бағдарлама👍👍👍 Телеарнада керексіз бағдарламалардың орнына осындай, тәрбие алатын, қазақи нақышта кәдімгі дұрыс дүния беретін бағдарлама деп ойлаймын. Телеарнадан қосып уақытын күтіп қарайтын бағдарлама мен үшін🔥🔥🔥🔥🔥

  • @sakozhumabaev170
    @sakozhumabaev170 Месяц назад +78

    Осы серияның шыққанына 4 минут өтті, Еркебұланның ой өрісіне таң қаламын.

    • @user-kw9ed7xg4o
      @user-kw9ed7xg4o Месяц назад +3

      койсай брат котке кируди😂😂😂

    • @bekarysqz9494
      @bekarysqz9494 Месяц назад +8

      Дарханнан ой өріс туралы сабақ алған ғой

    • @sakozhumabaev170
      @sakozhumabaev170 Месяц назад

      @@user-kw9ed7xg4o 😆😆

    • @Tlepova_ak
      @Tlepova_ak Месяц назад +3

      Шәй әңгімеден келген😂😂😂

    • @balaussaganibayeva9050
      @balaussaganibayeva9050 Месяц назад +4

      Ой-өріс Дархандыкі еді ғой😂

  • @nursultanmazhit7971
    @nursultanmazhit7971 Месяц назад +16

    Мына үш жігіттің санын азайту керек ау.
    Мағынасы бар әзіл айтса қарап отыра бересіңғой,
    Бұлардың әзілі мағынасыз дау болып жатыр.
    Хамит ағаға рақмет, өте керемет суреттейді екен.

  • @user-mf2nh8jv1o
    @user-mf2nh8jv1o Месяц назад +10

    Жігіттер Тек алға Әдемі бағдарлама быраз кітапты оқымай біліп жатырмыз..Хамит ағамыз БӨЛЕК!! ЕРЕКЕ СОЛАЙ ЖАЛҒАСТЫРАБЕР ДҰРЫС БАҒЫТ!!!

  • @togzhaan
    @togzhaan Месяц назад +25

    Бұл не деген қуаныш, Бұл не деген бақыт 🎉

  • @_amixt___
    @_amixt___ Месяц назад +299

    Егер Еркебұлан құйтырқылап отырмаса, қызықсыз болып, жалығып кетуші ма едік?😂

    • @MedeubekSydykbaev-sl4bw
      @MedeubekSydykbaev-sl4bw Месяц назад +33

      Егер Еркебұлан құйтырқылап отырмаса, ваще отырмаяқ қойсада болады. Миды тынықтырып Хамиттің әңгімесін тыңдар едік. Хамиттің әңгімесі есі бар адамды жалықтырмайды

    • @_amixt___
      @_amixt___ Месяц назад

      @@MedeubekSydykbaev-sl4bw бұл жобаның түпкі мақсаты сол болып тұр ғой. Қазіргі таңда көретініміз арзан күлкі, тыңдайтынымыз арзан әңгімелер. Осы нәрсеге Хамекеңнің ұшқыр ойлы, тамыры тереңде жатқан мәнді әңгімерелін қосып, жаңа формат жасады. Егер ұнамаса өзіңізді қинамаңыз. Менің ойымша бұл жобаның қызығы осы құйтырқылықта!

    • @_amixt___
      @_amixt___ Месяц назад +8

      @@MedeubekSydykbaev-sl4bw ал миды тынықтыруға басқа да тыңдайтын әңгімелер жетіп жатыр. Сізге ұнамады деп Еркебұланды алып тастамайды ғой. Мәселені қолдан жасап алудың қажеті жоқ!

    • @user-kp1se7vq3w
      @user-kp1se7vq3w Месяц назад +8

      @@MedeubekSydykbaev-sl4bwәдемі микс ғой Хамит пен Ерка. Оның үстіне Еркебұлан бәрін біліп отырады, просто көрерменге ашып беріп отырады

    • @Kobra_armwrestling
      @Kobra_armwrestling Месяц назад

      Керісінше

  • @salemalembulassemay
    @salemalembulassemay Месяц назад +6

    Кітапхан бағдарламасының әрбір жүргізушісіне рақмет. Хамит ағай білімімен бөліссе, басқа жүргізушілер сол әңгіме қызықсыз болып қадмасын деген мақсатта іліп алып кетіп, көрерменді бір күлдіртіп жатыр. Осы бағдарлама ерекше ұнады.
    Ары қарай көп шығарылымдап бола берсін🙌🏻🚀❣️

  • @Dauren-w4s
    @Dauren-w4s Месяц назад +15

    Келесіде Еркебұлан шығарма алып келсін, Хамит оған пікір білдіріп отырса. Көрейік қызық болады

    • @zarina____
      @zarina____ 21 день назад

      өте дұрыс айтасыз, келісемін!

  • @Matem9905
    @Matem9905 12 дней назад +4

    Кітап оқып бастауыма себепкер болып жатқан жоба❤️ Қазақ әдебиеті не деген бай еді…

  • @Zhan_gul
    @Zhan_gul 29 дней назад +3

    Ғабит Мүсірепов қазақ әдебиетіндегі әйел образын барлық жағынан ашқан жазушы. Ана оброзын ашуда теңдес жоқ деп баға берілген “Қазақ солдатын” талқыласаныздар осының жалғасы іспетті әйел рольін толық ашып шығасыздар. Рахмет Хамит мырза.

  • @ЖұлдызайӨтежанова
    @ЖұлдызайӨтежанова Месяц назад +5

    Хамит ағаның арқасында тыңдап отырған 3 кісі де кітапқа сондай қызығып кеткеніне қуанып отырмын. Жарадыңыз, Хамит аға!🙌🏻

  • @erke21
    @erke21 Месяц назад +20

    Ураа, Жұмысқа демалыста келіп, журнал толтырайын деп отыр едім, кітапханның барлығын көріп тастадым иә деп(, шықты ау керек кезде 👍🤗🥳

  • @user-rq1gd8qo2s
    @user-rq1gd8qo2s 16 дней назад +4

    Шын айтам, касындағылардың болмайтын әңгімелеріне мүлдем күлмейм бірінші шығарылымнан бері. Бірақ Хамиттің құйтырқыларына күліп алатыным бар енді.

  • @bake_saginbayev
    @bake_saginbayev Месяц назад +7

    Хамит мырзаға жанына лайықты адамдар керек-ау. Мына үшеуі қоймайтын сұрақ қойып, күлмейтін жерді күлкіге айналдыруда! Болмаса, шамалы дайындалған жөн болар...
    Әдемі келе жатып болмайтын нәрсемен бөліп жібереді, ыржың-ыржың етіп адамның жынын қоздырады. Ренжімеңіздер, Кітапхан ютубтағы қазақ тіліндегі керемет жобалардың бірі, бірақ ана үшеуімен бір нәрсе істеу керек!

    • @OtandyqOnim
      @OtandyqOnim 4 дня назад +1

      Ойыңыз дұрыс. Бірақ ондай терең сөзбен талқыланып отырса қазіргі жастарға өтпей қалады. Осындай орынсыз күлкімен болса да терең контент жасап жатқан жігіттер жарады.
      Тек тоқтамасын бағдарлама.
      Біздер кешіріммен қарап, қолдам қояйық

  • @user-bm7vk6wm8p
    @user-bm7vk6wm8p 17 часов назад

    “Әзіл сөз күлмекке жақсы” дейді. Алайда күлдіру керек дегенді дұрыс түсінбеген балалар сияқты. Артық бос сөзді көп айтады екен. Қазағымыздың керемет шығармаларын, тарихтың шынайы ізін арзан күлкімен талқылау бізді алға сүйрері күмәнді…

  • @user-bp1xp9ey4i
    @user-bp1xp9ey4i Месяц назад +23

    әйел көзге шөп салып жатқанда Еркебұлан:
    ер адам көзге шөп салып жатқанда Еркебұлан:

    • @muratcodm
      @muratcodm Месяц назад +1

      😂😂😂😂

    • @TEAM_ACZ
      @TEAM_ACZ Месяц назад +2

      Қазақ ютубының комменттары жаңа деңгейге көтерілуде🔥

    • @asemaa.077
      @asemaa.077 Месяц назад +1

      соны менде байқадым

  • @igenbaiuly
    @igenbaiuly 4 дня назад +1

    Ерекеңді бірге тәрбиелейміз, тілекші боп отырыңыздар! Хамекеңе сабыр берсін!

  • @NurlybekMyltykbaiuly
    @NurlybekMyltykbaiuly Месяц назад +5

    Сөзсіз, жоба оғоонь🔥
    Бастысы, тоқтап қалмаса екен)
    Бұйырса, жобамен бірге көрерменнің интеллекті де өседі. Алда, Тәлпіштің күлкісін емес, кітаптан не түйгенін комментке жазып, талқылайтын күндерге жетейік❤

  • @user-ih4tv4cg3z
    @user-ih4tv4cg3z Месяц назад +4

    Жарайсыңдар жігіттер өте керемет жоба Еркебұланның күлкісін айтып жатыр екен барлығы бұл жігіттер әзілкеш жігіттер сосын бағдарламаның форматы да солай болу керек деп ойлаймын.Ешқандай әзіл күлкісіз қылып көргісі келген кісілер неге өздеріңіз түсіріп бастап көрмейсіздер, оданда осы жігіттерге рахмет айтайық алла разы болсын жігіттер!!!

  • @user-ep1ec1se7j
    @user-ep1ec1se7j Месяц назад +4

    Шығарылым керемет! Cалт атты - жалғыз деген мағынаны білдіреді. Түрікпен сөзі мен түркімен екеуі бір сөз.

  • @erkebylanbitemir-rj1vc
    @erkebylanbitemir-rj1vc Месяц назад +11

    Кітап оқыйтындар кедей дегенге: пайғамбардай жігіттер бар, мінерге есегі жоқ.
    Есектей жігіттер бар, малының есебі жоқ,- деген сөз адемі келеді.

    • @AminaNur-mp4yt
      @AminaNur-mp4yt Месяц назад

      😂😂😂😂😂❤❤❤ күштіііііі

  • @kushti_kanal
    @kushti_kanal  Месяц назад +68

    Келесі бағдарламада қандай шығарма күтесіздер? Шығарылымды жарнамалауды ұмытпаңыз.❤

    • @Aibek-x8q
      @Aibek-x8q Месяц назад +5

      Ұшқан ұяны күтеміз

    • @aigulkerimbay8222
      @aigulkerimbay8222 Месяц назад +6

      Ақбілекті❤

    • @Nurly_Zhalyn
      @Nurly_Zhalyn Месяц назад +1

      Зейін Шашкиннің "Доктор Дарханов"

    • @Zhanerke.ys1
      @Zhanerke.ys1 Месяц назад +8

      Оралхан Бөкей«қар қызы»,
      Төлен Әбдік«оң қол»,
      Дулат Исабеков«Қарғын». Күтемін🤝

    • @user-xg7po8ql1i
      @user-xg7po8ql1i Месяц назад

      Чынгыз Айтматов Кызыл алма

  • @user-kc3mq2wk4g
    @user-kc3mq2wk4g Месяц назад +8

    Ақтөбе облысы Шалкар ауданында әлі күнге дейін бар Ұлпан ауылы,керемет роман,Хамит аға өте әсерлі айттыңыз,керем🔥🔥🔥шығарылымдарыңыз көп болсын🎉.

  • @nutstetssam5162
    @nutstetssam5162 Месяц назад +18

    Хамеке сол түрікпен деп отырғаныңыз түрікменнің өзі,бізде маңғыстауда түрікмендерді түрікпен деп те атайды

  • @user-yd4gd5bs4r
    @user-yd4gd5bs4r 4 дня назад

    Керемет👍романның ішінде жүргендей болдым💪әзіл айтқан жігіттірге мың алғыс✊ тұздығын беріп,дәмін келтіріп отырды😀

  • @user-ux3fz1fc5x
    @user-ux3fz1fc5x Месяц назад +18

    Қанабек пен Айдос екеуі әдемі дуэт дер едім. Басқа қатысушыларға қарағанда сөздік қоры, сөйлеу мәнері, әзілдің айтылуы реттелген. Жалпы Хамит деп жатамыз ғой бірақ соның жанындағы пас беріп отырған азаматтарды айта кету керек.

  • @user-fh2kk2vz5d
    @user-fh2kk2vz5d Месяц назад +2

    Хамит ағаның осы шығарылымның соңында айтқан сөздері қандай керемет. Оқыған өлеңінің өзі қандай🙂
    Кітаптағы барлық сөздерді бүге-шігесіне дейін айтпай-ақ маңызды жерлерді түртіп қойып айтып отырғандығына үлкен алғыс.)
    Әр шығарылым шыққан сайын қуанып отыратын көрермендеріңіз бар,тоқтамаңыздар!Өте күшті болды❤

  • @user-de1dv9mt9s
    @user-de1dv9mt9s Месяц назад +4

    Ең сүйікті шығармам, неше рет қайталап оқығаным есімде жоқ. Бұл шығарманы талдауға әрине 1 сағат аз, жалпы регламентке сыйдырып нақты сюжет жақсы талқыланды. Дегенмен ондағы диалогтар, Есеней мен Ұлпанның арасындағы химияс, Шынар мен Ұлпанның достығын кітапты оқып барып түсінесің, сондықтан бәріне оқуға кеңес беремін. Қазақ әдебиетіндегі ең жарқын әйел образдарының бірі❤ ал мен қайталап оқуға кеттім

  • @Aqmarzhan-ze2tn
    @Aqmarzhan-ze2tn Месяц назад +1

    Хамиттің қандай сөздермен суреттейді екен? Қандай ой алып келген екен? Мен байқамаған жерді байқаймекен?деп кітапХанның кезекті шығарлымын көріп жатырмын. Кітап талқылайтын орта болмаған соң осындай жобалар ойға ой қосады!🌹 Өте керемет!🌹Бір романды әдемілеп суреттеудің өзі бір ғанибет!🌹Мың жасаңыздар!🌹Жобаның болашағы ұзақ болсын!🌹

  • @dinaratashimova1329
    @dinaratashimova1329 Месяц назад +7

    Еркебұлан өткеееен ғасырларда өтіп кеткен оқиғаларға жанын беріп аяп, ашуланып, жаны ашып, әсіресе қыздар жағын қорғағысы кеп отыратыны қатты ұнайды 😍😍😍😍 Нағыз қазақ қыздарының қорғаушысы ❤

  • @AlashAlga
    @AlashAlga Месяц назад +10

    Хамекене улкен Рахмет баршанызга Алла разы болсын

  • @qwer-qh9tn
    @qwer-qh9tn Месяц назад +3

    Осы бағдарламаның себепкерлігімен алдын Ұлпан кітабын оққанмын және бүгін сол шығарманың бағдарламасы түсіп отыр 👍👍👍👍

  • @user-mb8hc2wy9w
    @user-mb8hc2wy9w 16 дней назад +2

    Шығарманы талдай отырып, бүгінгі қоғамдағы дүниелерді қозғаулары, замандарды үндестіруі керемет. 👍👍👍

  • @user-ro6jt3dq8z
    @user-ro6jt3dq8z Месяц назад +4

    Ай Хамит бауырым рахмет өрлей бер қазақтың кім болғанын таныта бер өскелең ұрпаққа сайаздығы көб қоғамға керек ақ барекелді бауырым

  • @Play_kz
    @Play_kz 16 дней назад +2

    Хамит Ердехан өте білімді азамат екен.Риза болдым салмақты әдемі мазмұндап отыр.Әзіл араластырып жақсы, пайдалы контент жасап отырсыздар жарайсыздар тоқтамаңыздар.

  • @Asiya.Khaidarova
    @Asiya.Khaidarova 22 дня назад +3

    Мен Ұлпанды 7-8 сынып оқып жүргенде оқығанмын. Миымда Ұлпан Хамит айтпақшы адал, әділ, ақылды, қазақ еліне үй соғуға болатындығын көрсеткен керемет тұлға болып сақталған. Бірақ Хамит Ұлпанның алғашқы махаббаты туралы қозғамады. Күйеуге тимес бұрын Ұлпанның басқа біреуге сезімі бар еді. Бірақ атын ұмытып тұрмын, сол Мүсіреп еді қателеспесем Шынарға үйленген. Мүсірептің де көңілі бар еді Ұлпанда. Анау Шынар анасымен қызыл киімде түйеде келе жатқанын айтқанда ностальгия болды менде қатты. Ең соңында Ұлпан жастығына пышағын салып қайтыс болатын сияқты едіғой?

    • @user-cb1cw9gj2h
      @user-cb1cw9gj2h 19 дней назад

      Жастықтың астынан у куйылған құты шығады

    • @user-yk2nh1ul8v
      @user-yk2nh1ul8v 9 дней назад

      ия түрікпен мүсіреп екеуінің арасында сезім болады. Екеуі қалжыңдасып аға қарындасым деп жүретін. Қансонарға шығады ғой, сол кезде диалогтары бар. Есеней Ұлпанды атастыруға Мүсірепті жібергенде айтады ғой сен жассың сен әлі адамыңды жолықтырасың, менің жасым келді, әрі балам жоқ, мен оны күні түні ойлайм, тыныштығым кетті деп... Кейін Ұлпан мен Есеней үйленгеннен кейін де Мүсірептен қызғанып қалып жүреді ғой. Мүсіреп Шынарға үйленбей тұрып бір көріп Шынар мен Мүсіреп бір бірін ұнатып қалады. Сосын айтады мені күт 2-3күндікте келем деп. Сосын сол үйін тазалап дайындалып жүреді. Мүсіреп пен Ұлпан үйленсе мүмкін Ғабит мүсірепов болмас па еді?!

  • @attachment_cui
    @attachment_cui Месяц назад +2

    Жоба өте керемет,қызықты.
    Кітап оқуға желания ашады❤
    Жүсіпбек Аймауытовтың “Ақбілек”романын талдаңыздаршы қоғамға өте керек роман👍

  • @user-zu1qv1iq8f
    @user-zu1qv1iq8f Месяц назад +3

    Хамит Ассалаумағалейкум! Тоқсаныншы жылдары майшаммен оқыған кітаптарым еді. Тамаша! 👏
    Келесі подкастта Айтматовтың Жан пида кітабын айтсаңыз... Анаша Қасқыр Браконьер біраз адамға ой салар оқиғалар бар

  • @user-rr1qz2gv1f
    @user-rr1qz2gv1f Месяц назад +9

    Салт деген соз жалгыз,бир ози немесе жалкы деген магынаны билдиреди.

    • @kalzhansarbassova1080
      @kalzhansarbassova1080 Месяц назад

      Салт - дәстүр деген бар. Меніңше салт атты дегені қазақтың дәстүрімен ер тоқымдалған, үзеңкіленген атқа мінген адамды айтып тұр

  • @VibeStar08
    @VibeStar08 Месяц назад +8

    Жаным безобидный Еркебұлан, рахмет Сіздерге❤ Хамекең тоқтамасын✊

  • @adammi8
    @adammi8 Месяц назад +1

    Өте керемет әсер алдым!!! Әсіресе Хамекеңнің соңында Мұхтар Шахановтың ‘Әйелдер’ өлеңін ұштастырып айтып бергені жүрекке жетті! Хамекеңдей кітапті жүрекке жеткізіп, өлеңдермен ұштастырып айта алатын азамат барына мың шүкір!!!
    Өте керемет жігіттер дами беріңіздер❤

  • @ismailzhubatkanov9331
    @ismailzhubatkanov9331 Месяц назад +5

    Ұлпан дейтін станция бар Ақтөбе облысында, көл жайлы білмедім. Координатасын картадан тауып аларсыңдар, Құрметті Қазақ елі

  • @AnvarKdirbayev
    @AnvarKdirbayev Месяц назад +2

    Хамекен китаптин магынасын жаксы жеткерип береди Еркебуланнын приколдарыда артык та емес кемис те емес сонысымен де оте кызык! Миллион миллион просмотрларга лайх багдарлама

  • @rustembaijigit7528
    @rustembaijigit7528 Месяц назад +8

    Төлен Әбдіктің Парасат Майданын күтеміз🙌🏻

  • @ramazanuly.e06
    @ramazanuly.e06 12 дней назад +1

    Мықты жоба, сөз жоқ айтарға, дамый берсін, өрлей берсін осындай таза қазақы жобалар✊✊✊✊✊

  • @user-mt2sn3pi4z
    @user-mt2sn3pi4z Месяц назад +13

    Осы Ұлпанды күткен едііім🤩🤩🤩

  • @danrai8404
    @danrai8404 12 дней назад +1

    Ұлпан анамыздың бойындағы даналығы сол уақытта университет қабырғасын көрмесе де, қандай әділ, білімді болған. Құдайдан берілген дүние болып тұр ғой

  • @M.Shalqar
    @M.Shalqar Месяц назад +4

    Мықты әйелдің артында, бір еркек тұрады😂 новый цитата (с) Айдос

  • @user-xi2ys8qn3f
    @user-xi2ys8qn3f Месяц назад +1

    Оте керемет жигиттер жумыстарыныздын жемисин жениздер. Кей окыган китаптарымды есиме тусирип Хамекеннин макамы озине катты жарасады жасандылык жок. Арасында Ерекеге карап ааа ааа деп койатын жерлери оте катты жарасымды. Ерекше курмет кошемет Хамекене. Жалпы ЕРКЕБУЛАН есимди жигиттер мыктыго.👍👏👏👏🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @begzat-kidirbaev
    @begzat-kidirbaev Месяц назад +17

    Keshede kórdim, búginde kóremen 🎉 Xamekeń menen Erkeniń kombosı hárqashanda TOP ❤

  • @Serikbaykyzy
    @Serikbaykyzy День назад

    Керемет, бағдарлама тоқтамасын🎉

  • @jenniedl
    @jenniedl Месяц назад +3

    «Қазақта салт атты деген болған, оның мағынасы терең. Бұрын қазақтардың әрқайысысы шама-шарқынша мініп жүретін ат ұстаған. Соған бар дүниесін жұмсап, жақсы ертоқым, жүген, тағы басқа жабдықтар сатып алған», - дейді гугл. Хамит ағай дұрыс айтыпты)

  • @aktobelife9497
    @aktobelife9497 Месяц назад +1

    Хамекен ағасы жарайсың!!!! Жалпы өз өзіңді ұстауын, мына үш бүлдіргіні басып отыруыңыз, сөзге тоқтау қоя білетініңіз өте керемет!

  • @Kokkema
    @Kokkema Месяц назад +5

    Тағы да дамып, шарықтаса екен. Сәттілік❤

  • @user-qz4sb4fo2x
    @user-qz4sb4fo2x День назад

    Керемет жоба! Хамит аға романды әдемі жеткізесіз🔥

  • @Nicutai
    @Nicutai Месяц назад +3

    Хамиттің ой өрісіне таң қалып отырмын❤❤

  • @user-hj3zw1cb9x
    @user-hj3zw1cb9x Месяц назад +1

    Өте керемет шын жүрекпен айтқансоң ба жүрекке жетіп адамды ойландырып қойды өте тамаша айттыңыз сізге көп рақмет Ғамеке

  • @user-wi8pm8vq1i
    @user-wi8pm8vq1i Месяц назад +6

    Еркебұлан неге байбішенің жағдайын сұрамады екен! Есеней өзіне тоқал алып жатқанда байбішені ұмытып кетті ғой. Не деген махаббат деп отырда. Жәмила жақсы көріп, өз сүйгенімен кеткенде сонша әңгіме аитып еді!!

    • @muratcodm
      @muratcodm Месяц назад

      Ол Жәмиләнің күйеуі соғыста ештеңеден хабарсыз жүрдіғой, әйелін күтіп. Ал бұл бәйбіше айдың күннің аманында Есенеймен араласпай кеткен өз еркімен, ажырасып кеткен адамғой. Екі түрлі жағдай.

    • @user-wi8pm8vq1i
      @user-wi8pm8vq1i Месяц назад

      @@muratcodm 60 жаста 18 дегі жас қыздарға есі кетіп жүрген жоқпа Есеней. Ал байбише 2 баласынан айрылып қан жұтып қалды жалғыз.

  • @BalnurAlimkul
    @BalnurAlimkul 21 день назад +1

    Просмотор аз сияқты.Бірақ өте керемет шығарылым.Кітапхан жалғасын таба берсін

  • @Zhanerke.ys1
    @Zhanerke.ys1 Месяц назад +4

    Хамекеңмен қоса жанындағы азаматтар бір тәуір әңгіме айтады. Үйде дауысын қосып қойып шаруа тындыруға болар еді, ақтап ала беретін Еркебұланның құйтырқысы болмаса😁сәл микрофоннанн әрі күлсе тыым болмаса)

  • @ShakhanAzhmakhan
    @ShakhanAzhmakhan 5 дней назад

    Бағарлама қызық, бірақ арасында өте көп сөзді бөліп, шектен шығады. 👍👍👍

  • @dildabekovoralhan32
    @dildabekovoralhan32 Месяц назад +4

    Хамеке айырады ғой шығарылымдар көп болсын тоқтамасын Ереке сені күлкіден тоқтату қиын 😂😂👍🔥🇰🇿📖🎉

  • @user-nf9yh5wz7i
    @user-nf9yh5wz7i 5 дней назад

    Жарайсыңдар Жігітер ❤

  • @user-rq9cq7yv1u
    @user-rq9cq7yv1u Месяц назад +5

    “Шаттық шеңбері”😂😂😂😂😂 мектепке келіңдер көрсетеміз😅

  • @gulmiraqalila6600
    @gulmiraqalila6600 6 дней назад

    Кереметсіңдер жігіттер 2024-тің ең күшті жаңалығы болдыңыздар❤

  • @user-xk8ly3vv8l
    @user-xk8ly3vv8l Месяц назад +5

    Мына үшеуін Кенесарының əскеріне қосып жіберетін екен)

    • @muratcodm
      @muratcodm Месяц назад

      Кенесары қазақтың жанын қорғау үшін соғыстығой бірақ, керісінше Есеней патша үкіметінің сөзін сөйлеп кеткен сияқты, патша үкіметі қазаққа жау екені айтпаса да түсінікті шығар

  • @user-hn1zp2pk7u
    @user-hn1zp2pk7u Месяц назад +2

    Рахмет сиздерге ❤ Сиздерди корип китапка деген махаббатым оянды

  • @Yesentemir-yerboluly
    @Yesentemir-yerboluly Месяц назад +3

    Өте мықты шығарманы алып келдіңіз. Өзім оқығанда бұлай қызық болмап еді. Хамеке, жасай беріңіз 🙌🏻

  • @Serik_Olzhas.04
    @Serik_Olzhas.04 Месяц назад +1

    Бұл жобаның керемет қолдау тауып жатқанының бір себебі деп білем, осыған дейін Кітап оқыған,бастап тастап кеткен немесе мүлде оқымаған адамдарға үлкен шабыт сыйлайтын бағдарлама, және осы уақытқа дейін көп адамдар айтып келдіғой айта бередіде Кітапты оқу керегін ал бұл жоба кітап ең сабырлы ұстаз, өте қызық бұралаң тағдырлар таңғажайып кейіпкерлердің кейпі қозғалатынын,кітапты оқып жатып сол керемет кейіпкерлермен сөйлесуді көрсететін секілді,және жаны жайсаң,көкейінің түбінде кітапқа деген шаң басып жатқан албырт сезімді оятатын жобаға алғыс 👏👏👏👏

  • @nazalaidar110
    @nazalaidar110 Месяц назад +6

    Канабек Мергенмен болган шығарылымдар керемет🎉

  • @abzal.zh.93
    @abzal.zh.93 Месяц назад +2

    Керемет,бір деммен қарап шықтым!Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында Ұлпан ауылы бар...

  • @Dana-tm8qp
    @Dana-tm8qp Месяц назад +6

    Кітапхан керемет🎉

  • @user-nq9tt1wn6p
    @user-nq9tt1wn6p Месяц назад +1

    Хамеке ой өрісі есте сақтау қабілеті , ма шаа Аллаһ , Аллаһ береке берсін 👍

  • @user-ku3xn4ym8s
    @user-ku3xn4ym8s Месяц назад +4

    Басталмай тұрып лайк)

  • @Cristianosyy
    @Cristianosyy 21 день назад

    Керемет бағдарлама.Кітапты түсініп оқысаң тура кино көргендей боласың.Кітапты оқып бітіргенде бір жақсы көріп отырған кионаң бітіп қалғандай алаңдап қаласыңғой.Өте жақсы риза болып қалдым.

  • @ASKAROV.A
    @ASKAROV.A Месяц назад +6

    Керемет күтіп едім🎉🎉