Өнер Қырандары - ҚЫЗЫҚ TIMES | Айтылмаған хикаялар | Қызық Live

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 9 дек 2023
  • Өнер Қырандарының өзіне ҮЙ СЫЙЛАДЫ! Жанболатты асырап алған? Айтылмаған хикаялар - Қызық Times | Мадияр Серікбаев, Жанболат Найзабек, Сырым, Дана , Ануар, Құдірет, Мэлс
    Каналға жазыл / Подпишись на канал
    / @maratoralgazin
    Яндекс Карты қолданбасы ыңғайлы автомобиль маршруттарын құруға көмектеседі. Қазақ және орыс тіліндегі дауыстық көмексөздер жолдағы жағдайлар, мысалы, бұрылыстар, камералар мен кептелістер туралы ескертіп отырады. Қолданбаны мына сілтеме арқылы алуға болады: clck.ru/36zX3B
    Әр жексенбі 19:30-да “Хабар” арнасында қызықтаймыз!
    Бүгінгі бағдарламаға қонақта: Өнер Қырандары әзіл-сықақ театры 🔥🔥 Мадияр Серікбаев, Жанболат Найзабеков, Сырымбет Бибосынов, Құдірет Топаев, Дана Тұрарбек, Ануар Шымырқұлов, Мэлс Жақыпберді
    Бұл кісілерді танымайтын жан жоқ шығар, өнерге толы жігіттер бүгін көп жаңалықтармен бөлісуге келді.
    Бағдарлама басынада-ақ Марат Оралғазин және Еркебұлан Мырзабек Өнер Қырандары театрына өз сыйлығын берді. Харекет қоры бәріне үй сыйлап жүрсе Қызық Times олардың өзіне үй сыйлады. Бірақ жай үй емес
    Және де жігіттерімізді театрға 15 жыл толуымен құттықтаймыз! Желтоқсан айында Өнер қырандары театры өзінің 15 жылдық қорытынды концертін береді.
    Бағдарлама барысында қонақтарымыз гастрольге шыққандағы қызықтармен бөлісті. Бір күнде 6-7 кәнсерт беретіндерінде айта кетті. Қазақстан Республикасының барлық қалаларын аралап тіпті халық санағын жүргізіп келегенін айтады. Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Маңғыстау, Орал, Семей, Шымкент, Қызылорда қалаларын қойып, тіпті ауылдарына дейін түгендеп жүрген Жанболат Найзабеков, Мадияр Серікбаев, Дана, Құдірет, Ануар, Сырым мен Мэлс. Немесе жәй ғана Өнер Қырандары театры
    Пародия! Нұрлан Еспанов, Қайрат Нұртас, Заттыбек, Мейрамбек Беспаев
    Жанболат Найзабектің фильмі "Коко Джанбо" жайлы да сөз қозғалып, келесі жылы көктемде Өнер қырандары атынан фильм шығарамыз деп, жақсы жаңалықпен бөлісті. Коко Джанбо фильмінен кейін Жанболатқа деген көзқарас. Неліктен жалғысз өзі кино түсіргені жайлы айтты. Өнер қырандарынан толықметражды кино күтеміз
    Сонымен қатар Мадияр Серікбаев жұбайы Дана Тұрарбек екеуі қалай қосылғаны туралы айтып берді
    Актер ретінде эксперимент Краш Тест айдарында жігіттер мен Дананың көзқарасын тамашлаймыз. Кімнің көзқарасына сындыңыз?
    Бағдарлама соңында қонақтарымыз, көрерменге қуыршақтармен кішігірім қойылым көрсетеді. Қуыршақтармен «Бауырсақ» ертегесінің қойылымы ұнады ма? Бауырсақ ертегісі Өнер қырандары стилінде
    Қуыршақ театры маңызы туралы.
    Өнер қырандары Жүргенов атындағы өнер академиясын тәмамдаған. Бір жартысы драма факуьтетін бітірсе, бір жартысы Қуыршақ театры маманы екен. Осы орайда Боря образымен танылған Өнер қырандары актері Мадияр Серікбаев қуыршақ тетарының маңызы туралы айтып кетті, Мэлс әлі күнге дейін қуыршақ театрында қызмет жасайтыны анықталды. Қуыршақ театры актерлерінің мамандары әйгілі "Колобок" немесе Бауырсақ ертегісін Өнер қырандары театрының стилінде рухани түрін сахналап берді.
    Бағдарлама соңында Мадияр ХАРЕКЕТ қоры туралы, жетістіктері туралы сөз қозғады.
    Қызықтың барлығын бағдарлама барысында тамашалай аласыз 🔥
    Бағдарлама ұнаса лайк басып, комментарий қалдырып, достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар ‼️
    Жүргізушілер:
    Марат Оралгазин - / oralgazin
    Еркебулан Мырзабек - / rollanuly
    Қонақта:
    Мадияр Серікбаев anuar_oner?igsh...
    Дана Тұрарбек melis.one?igshi...
    Жанболат Найзабеков cocojanbo88?igs...
    Ануар Шымыркулов anuar_oner?igsh...
    Құдірет Жұмабек kudiret_oner?ig...
    Мэлс Наурызбеков melis.one?igshi...
    Сырым Бибосынов akter_syrym?igs...
    #қызықtimes #қызықтаймс #өнерқырандары
  • РазвлеченияРазвлечения

Комментарии • 1,9 тыс.

  • @MaratOralgazin
    @MaratOralgazin  5 месяцев назад +430

    Ұнады ма? Қай сәті? Минутымен жазып жібер! Лайк коммент аямаймыз! Ватсаптағы группаларыңызға таратып қой! Қолдау болсын! Үздік серіктес👉 clck.ru/36zX3B
    Яндекс Карты

    • @mak88806
      @mak88806 5 месяцев назад +6

      23минуты зоррр, Деңгей Молл🎉

    • @balzhantursynbekova3898
      @balzhantursynbekova3898 5 месяцев назад +4

      Күшті, Рахмет сіздерге 😀😀😀😀❤❤❤

    • @user-of7kg8tk4h
      @user-of7kg8tk4h 5 месяцев назад +7

      Әр минуты зор

    • @user-hq9cj6ts5z
      @user-hq9cj6ts5z 5 месяцев назад

      Маке мени шакыршы

    • @user-hv7mu4ff5r
      @user-hv7mu4ff5r 5 месяцев назад +1

      Бүкіл бағдарламаларыңыз қызық👍,бүгінгісі зор❤, соңына дейін күлдім😂😂😂 рахмет 😊

  • @renatkurman
    @renatkurman 5 месяцев назад +1488

    Бір деммен көріп шықтым.Дүние мен ақіретті тең ұстап келе жатқан керемет театр.Қонақ қылып шақырған сіздерге мың алғыс.АЛЛАҺ разы болсын баршамызға(🤲)

    • @footballtv-cn6ef
      @footballtv-cn6ef 5 месяцев назад +2

      Бір деммен көріп шықтым деген қалай?

    • @erohin1
      @erohin1 5 месяцев назад

      @@footballtv-cn6efпауза баспай көрген

    • @kazuzme
      @kazuzme 5 месяцев назад

      @@footballtv-cn6efтез өтіп кетті дегенғл

    • @user-ml5hu7lz5s
      @user-ml5hu7lz5s 5 месяцев назад

      ​@@footballtv-cn6efсоғо

    • @aimenkanatkyzy6192
      @aimenkanatkyzy6192 5 месяцев назад +7

      @@footballtv-cn6efкеремет,зерікпей,өткізіп жібермей қарадым деген сөз

  • @KausarAzamat-ju5eo
    @KausarAzamat-ju5eo 5 месяцев назад +480

    Бір отбасы десе отбасы ғой!😍 Әбден күліп, қызықты оқиғаларға қарқ болдық. Тек биіктен көрініп, көптеген белестерге жете беріңіздер! Қызық таймс-қа ерекше алғыс ❤

  • @user-yx3ln7zq2j
    @user-yx3ln7zq2j 5 месяцев назад +275

    Жарайсыз, Марат! Көрегендік танытып Дананы елге емес Мадиярға қаратып қойғаныңыз👍

    • @user-sy3qt6cj1e
      @user-sy3qt6cj1e 5 месяцев назад +15

      Мараттың көрегендігі көп жерде байқалады. Керек жерде, керек сөз айтып, керек жерде тартынып. Сүйсініп отырамын ағамызға👍🏻
      Жұмысыңызға табыс, отбасыңызға амандық тілеймін🤲
      Кемелдене беріңіз Марат!✊

    • @kuanyshbekkyzy5820
      @kuanyshbekkyzy5820 5 месяцев назад +6

      Иа Марат аға негизи жаксы киси. Мадениетти . Оз озин жаксы устайды. Аузына келгенди сойлемейди жымиып отырады иа деп коядыда))). Жалпы енды жаксынын жаксылыгын айт нұры тасысын дейди гой соган айтып жатканымыз гооойй)))))

  • @Lyaziza.k
    @Lyaziza.k 5 месяцев назад +138

    Зымыраған уақыт ай! 10 жылдығымызға 5 жыл қалды деп концерт беріп жатқандары кеше ғана еді! Міне , 15 жылда болыпты! Өте керемет, үлгі аларлық , ой салатын, айтары бар мықты театр! Ғұмырларыңыз ұзақ болсын❤🎉

    • @danatenizbaeva1587
      @danatenizbaeva1587 5 месяцев назад +1

      Шынында сол концертті кеше ғана сияқты еді көргеніміз ❤

  • @Ayzhuz
    @Ayzhuz 5 месяцев назад +276

    Бауырсақ ертегісі мен қызық оқиғаларын естіп күлкіге қарық болдым😂 Марат аға, Еркебұлан аға екеуіңізге рақмет Өнер қырандарын шақырғандарыңыз үшін

  • @NesibeliShakirbaevna
    @NesibeliShakirbaevna 5 месяцев назад +96

    Мынау жылдың ең үздік қонақтары болды! Просто кайфпен көріп шықтым! Марат сізге рахмет, барлық комент көріп шығады екенсіз!

  • @user-wl3hi7ju6t
    @user-wl3hi7ju6t 5 месяцев назад +48

    Дана жарайсың, жалаңаштанбай ақ өнер көрсетуге жалаңаштанбай ақ жұмыс жасауға болатыны дәлелдедіңіз рахмет Алла разы болсын ❤❤❤❤

  • @aidara1iev
    @aidara1iev 5 месяцев назад +135

    Барлық қиналып жүрген жандарға АЛЛА ҮЛКЕН САБЫР берсін! Дерттеріне шипа берсін! Сынбаңыздар, сіздер мықтысыздар!

  • @user-zt3uo5bq3f
    @user-zt3uo5bq3f 5 месяцев назад +223

    Я қызғаныш бәле -жәледен аулақ болып халықтың суйіктісі болып жүре берсін !!! Керемет !!! От бастарына амандық тілеймін !!!

  • @kazakkyz
    @kazakkyz 5 месяцев назад +143

    Ауралары өте жеңіл адамдар. Осы кісілерді көрсем қуанып кетем. Жарайсыздар.

  • @user-ls8ym6ko3j
    @user-ls8ym6ko3j 5 месяцев назад +138

    Осы өнер адамдарынан үлгі аламыз! Көрерменнің көзайымына айналған, тарихта аты қалатын, күлдірте отырып, жылататын, ойып тұрып орын алған театр! Сіздерге Алла денсаулық берсін. Өнерлеріңіз өрге жүзсін!❤🫶🏻😘Біз сіздерді жақсы көреміз!

  • @esbolseitenov528
    @esbolseitenov528 5 месяцев назад +73

    Нағыз азаматтар барлығы қарапайым Ел жанашырлар елге үлгі болып жүрген Театор Өнер Қырандары Алла тіл көзден сақтасын араларың сиремесін❤❤

  • @kundyz_ay
    @kundyz_ay 5 месяцев назад +178

    Қандай керемет ....
    Өз жолдарынан мықты дәрежеге жеткен кісілер 😍 Оңай емес 15 жыл сол жолды алып жүру .... ТАМАША КӨЗІҢ ТОЯД ❤ КӨП РАХМЕТ БІР КҮЛІП АЛДЫМ . ЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМА БОЛДЫ 🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥

  • @miss1993n
    @miss1993n 5 месяцев назад +125

    Көрерменнің жүрегінен ойып тұрып орын алған, күлдіріп отырып, жылататын жалғыз театр. Бірнеше күннен бері бағдарламаны күттім. Өте керемет өтті🔥🔥🔥 Мэлстің көзқарасы 🚀
    P.s Соңғы кезде Еркебұлан көп сөйлемейтін болған. Ереке, приколдарыңызды сағындық🥰

  • @user-es7bv5kh1x
    @user-es7bv5kh1x 5 месяцев назад +80

    Керемет. 👍👍 Алла ауызбіршіліктен айырмасын. Халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүре беріңіздер.🙌🏻🙌🏻

  • @dinaradinara502
    @dinaradinara502 5 месяцев назад +67

    Я раньше не смотрела их номера. Но побывав на их выступлении, могу сказать одно БРАВО!!!! это было смешно, это было легко это было профессионально. Теперь смотрю их в удовольствием))

  • @zharykbolme
    @zharykbolme 5 месяцев назад +162

    Осы жігіттердің жүздерін көре сала: Әп бәрекелді, жарайсыңдар жігіттер, жасай беріңдер, бар болыңдар! деген жылы лебіз жүректен жарып шығады. Рақмет сіздерге халықтың нағыз ұлдары, жанашарлары, өнер майталмандары, ӨНЕРДІҢ НАҒЫЗ ҚЫРАНДАРЫ! МАРАТ И КЕША КАК ВСЕГДА ТОП!

  • @asekaaai
    @asekaaai 5 месяцев назад +382

    Қазір ғана Өнер қырандарының концертінен шығып, телефоныма қарап қалсам Қызық Таймс шығып тұр😍🔥

    • @MaratOralgazin
      @MaratOralgazin  5 месяцев назад +12

      Талдықорғандасыз ба?

    • @asekaaai
      @asekaaai 5 месяцев назад +4

      @@MaratOralgazinиә 🙌🏻

    • @saltanat.94
      @saltanat.94 5 месяцев назад +7

      Менде өнер қырандары нан шығып үйге келіп тағы көріп отырсын

    • @zhakoizen4423
      @zhakoizen4423 5 месяцев назад +6

      Осыны кешеден беры уакыт санап кутып журмын 😂оте керемет❤

    • @DJAMILYA00199
      @DJAMILYA00199 5 месяцев назад +3

      қойш концерт бердма не или осыдан шығып келдіңізба

  • @user-my6ny4bu7h
    @user-my6ny4bu7h 5 месяцев назад +35

    15 жылдық мерей тойларыңыз құтты болсын!💐 Армандарыңыз орындалаберсін🤲

  • @user-ze1hu1fj6q
    @user-ze1hu1fj6q 5 месяцев назад +17

    Ағалар мен Дана татемізге Алла ұзақ ғұмыр берсін 😘түн ұйқымды ашып жібердіңіздер.. Жан жағыма қарауға шамам келмей ішегім бір қатып тұрып көрдім.Қандай керемет жансыздар...

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc 4 месяца назад +1

      Дана пысык кыз,келинди тек Семей жеринен,Абай елинен алу керек,дана келин,дана ана болып шыгады,Шынгыс Айтматов жазган, ,,Найман ана''- ангимеси,ана деген касиетти жан,баласы ушин отка да,шокка да туседи, батыр да,батыл да,кандай жанкешти жандар,калай ардакатап,аспеттемейсин,
      барлык курмет аналарларымызга деймиз.

  • @ermurvt
    @ermurvt 5 месяцев назад +213

    15 жылдық құтты болсын “Өнер қырандары”❤️🥳🥳

    • @user-ju3on7fu9j
      @user-ju3on7fu9j 5 месяцев назад +2

      Қалайсын брат не девушки чемпион болад дима

    • @ermurvt
      @ermurvt 5 месяцев назад

      @@user-ju3on7fu9j 😂😂

    • @muratcodm
      @muratcodm 5 месяцев назад

      ​@@user-ju3on7fu9jжайдарманның вышкасын алғасын бас лига қиын емесқой

  • @muslimahkazakh2296
    @muslimahkazakh2296 5 месяцев назад +50

    Мэлс аға сіздікі самый мощный көзқарас болды, ғашық қылдырдыңыз ғой❤😍😍😍😍

  • @aidana.abdirova
    @aidana.abdirova 5 месяцев назад +37

    Мен номер Один театр❤
    Тек, Алға! Алла бірлік-берекелеріңізден айырмасын! Құмырларыңыз ұзақ болсын! Халық сіздерді сыйлайды, құрметтейді, жақсы көреді! Аман болыңыздар🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻

  • @Aiim18
    @Aiim18 5 месяцев назад +23

    Өте душевный шоу болды🎉Өнер қырандарының тамыры терең болып халықты күлдіріп,ыстық махаббатқа❤ризалығына бөлене берсін✨👍🏻Астанада болатын концертті асыға күтеміз❤️‍🩹

  • @gulnaaz06
    @gulnaaz06 5 месяцев назад +53

    Осындай адамдарды шақыру керекко!👍🏻👏🏻🎉

    • @MaratOralgazin
      @MaratOralgazin  5 месяцев назад +1

      Гүлназ, қалайсыз?

    • @symbatartykbai7763
      @symbatartykbai7763 5 месяцев назад

      ​@@MaratOralgazinҚаракесекті шақырыңыздаршыыыыыыы 🙏🙏🙏🙏🙏

  • @user-yj5wl7bb3i
    @user-yj5wl7bb3i 5 месяцев назад +55

    Өнер қырандарын көрсем,тәубама келіп қаламын ,15жыл құтты болсын !

  • @user-pk1de8xq9j
    @user-pk1de8xq9j День назад

    Өте қызық болды, Өнер қырандары тек алға, осындай сценарий ұйымдасқан қызық таймс бағдарламасы 👍👍👍👏👏👏

  • @user-rd9ke2fl7v
    @user-rd9ke2fl7v 5 месяцев назад +16

    Осындай халыққа пайдасы тиіп, көңілдерін көтеріп, міне деп көрсететін жұмыстары бар тұлғаларды көбірек шақырсаңыздар екен! әдемі шығарылымдарды күтеміз Марат пен Еркебулан мырза, алға тек! Шығармашылық табыстар🙌👍

  • @bt_crew
    @bt_crew 5 месяцев назад +39

    Ең қызық ұжым ең қызық бағдарламада!
    Бір қызығы екеуі де күлдіре отырып, жақсы ой салады!

  • @NurbybiMuhanbet
    @NurbybiMuhanbet 5 месяцев назад +43

    Өнер Қырандарына Алла разы болсын
    Бір өмірім ұзарып ,күліп алдым
    Марат аға ,Еркебұлан аға сіздерге еңбектеріңізге рахмет
    Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер🫂❤️🫀

  • @user-ml2ti3gu8p
    @user-ml2ti3gu8p 16 дней назад

    Өнер қырандары бұрын осыншама дәрежеде кәсіби шебер актерлер екенін білмеген едім. Қызық Timesке рахмет! Жарайсыңдар, өнер қырандары! 🎉

  • @user-ld3tx6lg7h
    @user-ld3tx6lg7h 5 месяцев назад +41

    Қуанамын осындай ағаларымыз халық үшін ұрпақ үшін еңбектеніп жатқанына, еңбектері ешқашан сынға түспей елене берсін❤

  • @user-yk9dg8lq2l
    @user-yk9dg8lq2l 5 месяцев назад +29

    Жарайсыздарр! Нағыз қоспасыз шынайы актерлар!! Көрсе көзің тояды. Алла тіл көзден сақтасын!
    Қызық таймс, сіздерге рахмет күлкі сыйлағандарыңыз үшін! ❤

  • @mak88806
    @mak88806 5 месяцев назад +92

    Мәке бірдене айтайын Осындай Тұлға адамдар сен сияқты өмірде 100жылда 1туылат, Нағыз Талант сыңғо, аманбол бауыржан"м❤🎉

    • @MaratOralgazin
      @MaratOralgazin  5 месяцев назад +4

      Тамаша

    • @user-ey7ug7uw3z
      @user-ey7ug7uw3z 5 месяцев назад +13

      @@MaratOralgazin Ырысбаланы шақырыңыздаршы,жарады ол😂

    • @meirbek_zhumahan
      @meirbek_zhumahan 5 месяцев назад

      ​@@user-ey7ug7uw3zқосыламын!

  • @user-gv3lz5jw1b
    @user-gv3lz5jw1b 5 месяцев назад +8

    Керемет, қуыршақ театыры күшті болды. Алла разы болсын, өсе беріңіздер🎉❤

  • @millionersha8191
    @millionersha8191 5 месяцев назад +25

    Менің ең сүйкті театр❤ 🎉🎉 Самғай беріңдер Қырандар , Қазақстан🇰🇿 әлемінде ең үздік мықты нөмір бірінші театр десемде артық болмас 👍🏻👍🏻👏🏻👏🏻 Мадияр қаламыңыз әрқашанда ұштала берсін , шығармашылықтарыңыз көбейе берсін 🙌🏻 Өздерінің рөлдерін жоғары деңгейде алып шығатын мықты қырандар❤❤❤❤❤Мадияр ❤Дана, Жанболат, Мэльс,Құдырет, Ануар 👍🏻🤩Сырымбет мой краш ❤😍 Ауызбіршілік ынтымағы мықты театр 🔥🔥🔥🔥🔥Аман жүріңдер , ауырмаңдар ,шауып журіңдер 😊😊❤❤❤❤❤❤❤🎭🎭🎭🎭🎭🎭🎭✨✨✨✨✨✨✨👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻🤩🤩🤩🤩🤩🤩🤩 Өте жақсы қызықты өтті сұхбат рахмет Марат Еркебұлан ✨✨🔥🔥🎉🎉
    😂😂😂😂😂 Кулкіден жарылдымау , 😂👍🏻👍🏻Рахмет

  • @karaoke_ander
    @karaoke_ander 5 месяцев назад +60

    ONER KYRANDARY театры әрқашан топқой. Marat Oralgazin тек алға, барлығыңыз дами беріңіздер. Баршаңызға Алла разы болсын!!!🔥🔥🔥

  • @user-el8hg7nv1f
    @user-el8hg7nv1f 5 месяцев назад +31

    Классно! Надо звать таких гостей, которые реально с положительной стороны влияют. А то последнее время много бездарей и бескультурны якобы личности !

    • @user-vq9rx8ct8q
      @user-vq9rx8ct8q 5 месяцев назад

      Дурыс айтасыз. Келісемін сізбен

  • @user-fg4um7iv4e
    @user-fg4um7iv4e 5 месяцев назад +10

    1080 үй - кәдімгі бір ауыл болады ғой. АЛЛА разылығын берсін!

  • @user-uc9ur9qr7l
    @user-uc9ur9qr7l 5 месяцев назад +4

    Өте тамаша болды. Қарапайымдылығымен, адами қасиеттерімен халықтың жүрегінен орын алған театр. Өнерлерің өрге жүзсін! 👍👍👍👏👏👏😍😍😍

  • @Amina_Orynbasarova
    @Amina_Orynbasarova 5 месяцев назад +29

    😂😂😂😂😂😂как всегда Коко Жанбо мен Мадияр жарып жибереды молодцы❤️🙌🏻

    • @MaratOralgazin
      @MaratOralgazin  5 месяцев назад +4

      Бәрі жарды ғой, Амина

    • @akmuratorinbasarov3172
      @akmuratorinbasarov3172 5 месяцев назад

      ​@@MaratOralgazin дұрыс әртістер келсе сіздерге жүргізу оңай болады) өздері жүргізіп кетеді)))

  • @Erlangaziz
    @Erlangaziz 5 месяцев назад +26

    2 млн аз калыпты
    Жаңа жылға сыйлық жасап, 2млн кылып жіберейік🎉

  • @user-ur6hm4nk8i
    @user-ur6hm4nk8i 5 месяцев назад +5

    Мэлс пен Мадиярдың краш тесттері өте мықты😂😂😂 Барлықтарың жарайсыңдар жігіттер. Жұптарын жазылмасын

  • @user-hr7rm8qg2u
    @user-hr7rm8qg2u 4 месяца назад +2

    Керемет жаксыыыы көрем өнер кырандары❤

  • @user-ty6ov2yb9x
    @user-ty6ov2yb9x 5 месяцев назад +49

    Қызық таймс сіздерге көп рахмет! Қызық премия жылдағыдай күшті өтсін, Бара алмайтындар ютубтан асыға күтеміз!😊

  • @user-ye5ev5jn7h
    @user-ye5ev5jn7h 5 месяцев назад +49

    15жыл🎉🎉🎉 оралдағы концерттеріңізде болдық, керемет❤❤❤❤

  • @user-ti2yu3fr3q
    @user-ti2yu3fr3q 5 месяцев назад +17

    Аллахым разы болсын сіздерге.Керемет театр.Өнерлеріңіз өрге жүзсін!!!❤🎉

  • @Rosaaas
    @Rosaaas 5 месяцев назад +5

    Көптен күткен шығарылым еді. Керемет,сөзсіз ❤ Марат Еркебұлан аға үлкен рақмет сіздерге

  • @nurboldauletbayev9610
    @nurboldauletbayev9610 5 месяцев назад +12

    Өте Қызық таймс болды керемет Бауырсақ ертегісі Өте Шеберлікпен орындалды Жақсы көңілкүй Сыйлады Күлдік. Өнер қырандары Алла берекесін берсін Харекет қоры мәңгі жасасын. Мұқтаж Әр Қазағым Үйлі болсын ин ша Алла 👍🏻🫂🤝🏻☝🏻🤲🏻

  • @user-zf2xx8sh9n
    @user-zf2xx8sh9n 5 месяцев назад +2

    Өте керемет театр, сіздерге тек жақсылық тілеймін, әрқашан халықтың ыстық ықыласына бөленіп журе беріңіздер тек алға❤🎉👍👍👍

  • @user-np6dd3tt6c
    @user-np6dd3tt6c 5 месяцев назад +1

    Керемет ұжым. Осындай пайдасы тиетін театр болу керек. Алла Тағала разы болсын 🤲

  • @ermurvt
    @ermurvt 5 месяцев назад +58

    Ең мықты театр Қазақстандағы🔥❤️

    • @MaratOralgazin
      @MaratOralgazin  5 месяцев назад +2

      Тағы қандай бар театр?

    • @erkebulattaganov7709
      @erkebulattaganov7709 5 месяцев назад +2

      ​@@MaratOralgazinТамаша, Шаншар, Алдараспан, Шымкент-шоу, Екі-езу, Бауыржан-шоу,

    • @karaoke_ander
      @karaoke_ander 5 месяцев назад

      @@erkebulattaganov7709 Бұрын Нысана театры да болғанғо иә негізі?😁

    • @ermurvt
      @ermurvt 5 месяцев назад

      @@MaratOralgazin Назар аудар,Алдараспан,Шаншар т.б

  • @Aktanym
    @Aktanym 5 месяцев назад +53

    Неше күн күттік қой😂🥳👏

    • @MaratOralgazin
      @MaratOralgazin  5 месяцев назад +1

      Неше күн күттіңіз?

    • @user-qf7jk1td2d
      @user-qf7jk1td2d 5 месяцев назад +1

      ​@@MaratOralgazin😂😂😂😂😂

    • @user-tn7ss2cc1y
      @user-tn7ss2cc1y 5 месяцев назад

      ​@@MaratOralgazinчетвергтен бері

    • @blogger_kz
      @blogger_kz 5 месяцев назад +1

      ​@@MaratOralgazinМаке калайсыз сiзбен калай сойлесе аламыз оте манызды ангiме бар

    • @blogger_kz
      @blogger_kz 5 месяцев назад +1

      ​@@MaratOralgazinхан твдан шеф редактор Баглангой

  • @Nuria_2013
    @Nuria_2013 5 месяцев назад +12

    Сүйікті театрым,Алла ұзағынан жасатсын! Мадияр аға сізге озвучка жайлы серьезно ойланып көру керек! Толықметражды кинодан кейін,мультфильм түсірсеңіз 😊 өсіп келе жатқан балаларымыз үшін Нұр үстіне Нұр болатын еді!

  • @user-ll7nc5cn4m
    @user-ll7nc5cn4m 4 месяца назад +2

    Керемет көзімнен жас аққанша күлдім ау қонақтардың қарапайымдылығына тәнтімін

  • @aidaalenova1289
    @aidaalenova1289 5 месяцев назад +16

    Ең үздік вупск болды рахмет Мәке Ереке❤

    • @MaratOralgazin
      @MaratOralgazin  5 месяцев назад +5

      Рахмет, Аида! Ұнап жатса ватсап группаларыңызға таратып қолдап қойыңыз. Ок ма?

    • @user-mf2yh2xj2h
      @user-mf2yh2xj2h 5 месяцев назад

      🎉🎉🎉🎉

  • @user-ki5bf1nu8l
    @user-ki5bf1nu8l 5 месяцев назад +25

    Ең керемет шығарылым! Әзіл де бар астарлы әңгіме де бар. Сондай бірлігі жарасқан нағыз өнерді құрметтейтін жандар екені көрініп тұр тек Алға өнер қырандары 🙌

  • @user-ru5bj8wb5x
    @user-ru5bj8wb5x 5 месяцев назад +3

    Дана ханым милашка😍.Керемет өте қызықты болды. Өнерлеріңіз өрге жүзсін😘

  • @shynarkz
    @shynarkz 5 месяцев назад

    Керемет Өнер қырандары. Өнерлеріңіз өрге жүзсін. Нағыз өз істерінің шеберлері, Бірінен бірі өтеді👏👏👏👏👏

  • @user-iv9lj8fh2y
    @user-iv9lj8fh2y 5 месяцев назад +16

    Кызык Таймстыда Онер Кырандардыда Кыргыз эли сыйлайт 15 Жыл Кут болсун 🎉🎉🎉

  • @Laurita87
    @Laurita87 5 месяцев назад +3

    Керемет. Өнер қырандарын өте жақсы көрем. Тек алға өнерлерің өрлей берсін. Молодцы ребята! 👍🎇

  • @ainurshalabayeva3638
    @ainurshalabayeva3638 5 месяцев назад +2

    Қандай керемет өнерлі ашық жарқын адамдар Алла жастарыңызды ұзақ қылсын 🙏🏻🥰❤️

  • @Ziko_Pubg..
    @Ziko_Pubg.. 5 месяцев назад +3

    Керемет Алланың Назарында жүрген жігіттер Отбасыларыңзға денсаулық ұзақ Ғұмыр екі дүниенің бақыты насіп етсін жігіттер

  • @user-vi3mc7ix5s
    @user-vi3mc7ix5s 5 месяцев назад +8

    Мәке осындай тұлғаларды шақырғандарыңыз мың алғыс❤

  • @user-hn7bv1po7s
    @user-hn7bv1po7s 5 месяцев назад +15

    Мәә Өнер Қырандары күштіғой❤Рахмет сіздерге менің арманым еді❤Аллахтын Қалауымен мен Атырауда болған концертке бардым🎉Өнер Қырандары Алғаааа❤15 жыл құтты болсын❤❤❤❤

  • @user-wi1fh3ew5m
    @user-wi1fh3ew5m 5 месяцев назад +2

    Әр қашан асыға күтіп, үздігіп көретін театр осы Өнер Қырандары!керемет,Мәке,Ереке рахмет сендерге!

  • @user-cc2tk2kv1i
    @user-cc2tk2kv1i 5 месяцев назад +1

    Керемет ұжым.Барлығы бір үйдің жандарындай.

  • @user-zh8ro9jy9p
    @user-zh8ro9jy9p 5 месяцев назад +12

    Күлеберіп ішім ауырып кетті ғой"Бауырсақ" ертегісі көріп. Ішім - ай😅😅😅😅😅

  • @abai.madeniet
    @abai.madeniet 5 месяцев назад +21

    Ең сыйлы театр! Ең құрметті азаматтар!❤

  • @user-jz8cw6kh9c
    @user-jz8cw6kh9c 5 месяцев назад

    вообще күшті шығарылым Өнер қырандары өздерінің жан- жақтылығын көрсетті
    😍😍😍

  • @aidanazhenisbay
    @aidanazhenisbay 5 месяцев назад

    Рахмет керемет көңіл күйде күліп отырып көрдім! Өнер Қырандары тек алға! Шығармашылық табыс тілеймін Алла амандық берсін!

  • @user-xf5up4rh3f
    @user-xf5up4rh3f 5 месяцев назад +17

    Алланын нұры жауған ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ❤❤❤❤

  • @lazzatmatematik
    @lazzatmatematik 5 месяцев назад +7

    Ең керемет шығарылымның бірі болды. ❤
    Нағыз өнерлі тұлғалар, керемет көңіл-күй сыйлағандарыңызға рахмет.

  • @nazerkezhaksybay4884
    @nazerkezhaksybay4884 5 месяцев назад

    Керемет, 1 демде көрдік, рақмет Қызық таймс, рақмет өнер қырандары❤

  • @MaratOralgazin
    @MaratOralgazin  5 месяцев назад +9

    Өнер қырандарының қай қойылымы ең сүйікті сіз үшін?

  • @4shortalyk
    @4shortalyk 5 месяцев назад +3

    Керемет жансыздар! Әр қазақ бір туғаным деп ешкімді қалдырмай шақырғандарыңызға мың алғыс! Жұмыстарыңыздың жемісін көріңіздер❤

  • @zhansayaaitmuhambet1151
    @zhansayaaitmuhambet1151 5 месяцев назад

    Керемет 👍🏻🔥😍
    Өнер қырандары алға!
    Өте қызықты өтті, рахмет сіздерге 😄😁🥰

  • @Ako7797
    @Ako7797 4 месяца назад +2

    Марат мырза тағы шакырсаңыздар аз болып калды.,өтее керемет болдыыы.Рахмет сіздерге де Өнер кырандарына мың алғыс тек алғааа

  • @user-cf6pn2qh8q
    @user-cf6pn2qh8q 5 месяцев назад +49

    Азартник актерлары келсін ❤, күтеміз

  • @user-ml2gi3ky4s
    @user-ml2gi3ky4s 5 месяцев назад +6

    Өте қызық болды.Көңіл-күйім бір көтеріліп қалды ғой.

  • @user-qr8pv4qc4k
    @user-qr8pv4qc4k 5 месяцев назад +1

    Ютубта бірінші рет коментарий жазуым. Керемет, маған қатты ұнады. Тек сіздерге сәттілік тілеймін. 😊

  • @user-xv4bm9pl7u
    @user-xv4bm9pl7u 5 месяцев назад +2

    Өнер қырандары жігіттеріне Алланың нұры жаусын әр қойылымының тәрбиелік мәні зор қойылым керемет бауырларым алға

  • @aikeeeennn
    @aikeeeennn 5 месяцев назад +24

    😍😍😍
    Ең жақсы көретін театрларымның бірі😘😘😘Қандай жарасымды! Әр актердің ойып алар орны бар👏🏻👏🏻👏🏻 Мықты талантты адамдар! Дана ханымға мүлдеем сөз жоқ💋😘😘😘🫶🏻🫶🏻
    15 жылдық құтты болсын менің сүйікті театрым🎉🎉🎉🎉🎉

  • @shyngyskhann
    @shyngyskhann 5 месяцев назад +10

    2014 жыл. 10 жасар баламын.
    Шымкент қаласы.
    Өнер қырандары театрын әпкеммен бір дәмханада тамақтанып отырып байқап қаламыз. Мен қатты жанкүйері едім олардың сол кезде. Қастарына барып, сәлемдестік. Өте қарапайым жандар екен. Бір кісіден басқа))) Сонымен, қатты суретке түскім келді. Баламын ғой енді. Телефонымыз әпкеп екеумізде де Нокиа😂 Сол кезде Құдырет ағамыз өз телефонына бізді түсіріп, үйдегі ватсабы бар адамның номерін сұрап, сол номерге суреттерімізді жіберген. Сол сурет вк-ымда әлі тұр😂

    • @user-ky3xl3wc6b
      @user-ky3xl3wc6b 5 месяцев назад +4

      Қай адам екен қызықтырып қойдыңыз ғой?😅

    • @Altyn2001_
      @Altyn2001_ 5 месяцев назад +2

      Интрига 😂😂?? Кай кісі жактырмаған

    • @muratcodm
      @muratcodm 5 месяцев назад

      Вк қандай ? Фотоны көрейікші

  • @zhansauleqanatova7864
    @zhansauleqanatova7864 5 месяцев назад +8

    Қай жағынан болсын, үлгі болып жүрген өнерпаздар, қыз-жігіттер,әке-ана, перзенттер

  • @user-dx6ip5od9f
    @user-dx6ip5od9f 5 месяцев назад

    Кушти керемет нағыз талант иегерлері! Өнерлерің өрге жүзе берсін! ❤❤❤

  • @user-ty6ov2yb9x
    @user-ty6ov2yb9x 5 месяцев назад +17

    Уау!!!! Өнер қырандары туралы көруге шаршамаймыз😍😍😍. Керемет ұжым, қанаттарың талмасын! Ақтауға келгенде концертіне бардық🫰🫰🫰

  • @user-wi1vm3ie8z
    @user-wi1vm3ie8z 5 месяцев назад +7

    Ақтөбедегі концертте болдық ,керемет , өнерлерің өрге жүзсін өнер қырандары,көрсетер қызықтарың көп болсын❤❤

  • @user-sy9mx9ve1g
    @user-sy9mx9ve1g 5 месяцев назад +4

    Күлем деп көзімнен жас шығып кетті ғо😂😂😂😂 осылар қатты ұнайды барғо😂😂😂😊😊

  • @user-iu3pv1rh3l
    @user-iu3pv1rh3l 5 месяцев назад +88

    Жүсіп пен Уәлибекті ШАҚЫРЫҢДАР БАУЫРЛАР

  • @user-kx9yg3cb7r
    @user-kx9yg3cb7r 5 месяцев назад +13

    «Қызық таймс» әрқашан қазақша жүргізіледі. Соған ризамын. Және мәдениетті. Міне, «Өнер қырандары» да бұл кешті тамаша қылды. Жүргізуші мен қонақ бір-біріне сай келсе, осылай әдемі бағдарлама болады.

  • @user-is5pg2ox8x
    @user-is5pg2ox8x 5 месяцев назад

    Кушті болды,озім көрермен болып отырғандай күйде болдымго, рахмет.катты унады

  • @user-qy9qp6cz7j
    @user-qy9qp6cz7j 5 месяцев назад

    Керемет, көңіл күйім көтеріліп қалды,. Ел адамдары, мықты азаматтар! 👍Қайырымдылықтары еселене қайтсын🙏

  • @user-rc9il1lw8s
    @user-rc9il1lw8s 5 месяцев назад +13

    Театрдың ғұмыры ұзақ болсын!!!❤

  • @user-fm1hr2rh2g
    @user-fm1hr2rh2g 5 месяцев назад +22

    Қуыршақ театры өте қызықты болды 😂😂😂😂😂

  • @assylseit734
    @assylseit734 5 месяцев назад +1

    Өте керемет шыққан эфир. 😂 От души күліп алдым, оя қандай керемет жансыңдар. МашаАллах. Алла әрқашан жолдарыңызды ашсын❤

  • @user-bp3fv8jf1x
    @user-bp3fv8jf1x 4 месяца назад +2

    Өнердің кырандары нағыз буркиттери .Иманы жиганы бойларына истерине ,сөздерине берик кисилер кандай.Нагыз ер азаматтар

  • @user-fg3be5jo8s
    @user-fg3be5jo8s 5 месяцев назад +6

    Барлығы супер бул кісілерге сөз жоқ бірак үлкен бала аутизм дегені қате әзіл болды кулетін нарсе емес қазір қоғамда канша жаны шырылдап жүрген ата ана бар осы ауырумен куресіп жүрген.

  • @Kozhakiz96
    @Kozhakiz96 5 месяцев назад +7

    Ең керемет эфир болды деп есептеймін!!!❤