BePro Game ойыны не туралы?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 28 авг 2024
  • Ойынға қатысу үшін: game2.bepro.kz
    Мына видео BePRO Game ойыны жайлы болмақ.
    BePRO Game ойынында кәсіпті жүйелеп, масштабировать етудің құпия формуласы жүктелген.
    Яғни, осы ойынды ойнау арқылы сіз сол формуланы меңгересіз.
    Жалпы, кез-келген кәсіпкер өзінің кәсібін жаңадан бастаған кезде "бастауыш кәсіпкер" болады. Бастауыш кәсіпкер өзінің өнімін қалыптастырып, сол өнімін клиенттерге сатып, клиенттерден төлемді қабылдап, өнімді клиенттерге өзі жеткізіп поставщиктермен жұмыс жасап бастайды. Осы этапта кәсіпкер өзінің 80% қуатын жұмсайды. Енді, кәсіпкердің өнімі үлкен көлемде сатылып бастаған кезде кәсіпкердің қасына команда қосылады. Және де кәсіпкер өзінің командасымен бірге ортақ мүдде үшін өзінің өнімдерін клиенттерге сатып бастайды. Осы кезде кәсіпкер "бастауыш" кәсіпкерден "әуесқой" кәсіпкерге айналады. Әуесқой кәсіпкердің алдында 2 таңдау бар. Ол әрі қарай әуесқой кәсіпкер болып жүре бере алады немесе кәсіби кәсіпкерге ауысуға мақсат қойып, дұрыс әрекеттер жасай алады.
    Әуесқой кәсіпкер ол өз кәсібімен тек ақша табу үшін айналысады. Және де тапқан ақшасының бәрін жаратады.
    Ал кәсібіи кәсіпкер тапқан ақшасының барлығын өзінің кәсібіне, өзінің өнімдеріне, өзінің командасына салып кәсіпті қалай дұрыс жүйелеп масштабтаудың керектігін, кәсіпті жүйелейтін әртүрлі құралдарды меңгеруге жұмсайды. Бұл мысалға боксердың мысалын келтірсек болады.
    Кез келген әуесқой боксер бокспен өзі үшін айналысады. 5 жылдан кейін ол "мен кезінде бокспен айналысқам" деп айтуы мүмкін. Ал кәсіби боксер ол бокспен әлемге шығу үшін, олимпиадаға шығу үшін айналысады. Ол боксқа спорт ретінде қарамайды. Ол боксқа ғылым ретінде қарайды. Ол өзінің әрбір соққысын, әрбір бокстағы құралдарды жетік терең меңгереді. Басқа боксерларға қарағанда ол залда 2-3 есе көп жаттығу жасайды. Міне кәсіби кәсіпкер әуесқой кәсіпкерден осымен ерекшеленеде.
    BePRO Game ойынын ойнау арқылы кез келген кәсіпкер өз кәсібін жүйелеп, масштабировать ету құпиясын үйренеді. Және де өзінің кәсібінде осы ойындағы құралдарды бейсаналы тұрғыда қолданып бастайды.
    Мынау BePRO Game ойынының негізгі мақсаты кәсіпкерлерге кәсіпті жүйелеп, масштабировать ету жолдарын үйрету. Және де осы құралдарды үйрету арқылы кәсіпкерлерді ғарыштағы кәсіпкерлер қатарына қосу. Ғарыштағы кәсіпкерлер дегеніміз өзінің кәсібін жүйелеп, ай сайын тұрақты түрде табыс тауып енді ары қарай өз кәсібін масштабтау деңгейіне өткен кәсіпкерлер. Егер де сіз осы ойынды кемінде 30 рет ойнайтын болсаңыз осы ойынның ішіндегі құралдарды өзіңіздің санаңызға еңгізіп, бейсаналы түрде өз кәсібіңізге бейсаналы түрде сол құралдарды қолданып бастайсыз. Және де осы ойынның ішіндегі құралдардың көрінісін өз кәсібіңізде көретін боласыз.

Комментарии • 2

  • @user-gl3wq4rg9h
    @user-gl3wq4rg9h 2 года назад

    👍👏👏👏

  • @Birzhan01.08
    @Birzhan01.08 Год назад

    🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿👌👌👌👌👌👌👍👍👍👍👍👍👍🌹🌹🌹🌹🌹