Педофилді табу үшін Ақтөбеге экстрасенс келді

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 1 окт 2024
  • 13-ші қыркүйек күні Ақтөбеде 5 жасар қыз баланы зорлап кеткенін хабарлаған болатынбыз. Күдікті сол күні ұсталып, қамалды. 35 жастағы жігіттің отбасы ұлдарының кінәсіздігіне шүбә келтірмейді. Оқиғаға танымал экстрасенстер де көңіл аударуда. Сондай көріпкелдердің бірі осы үшін Украинадан арнайы біздің қаламызға келді. Көріпкел Камран Самедовтің елестеріне сенсек, 5 жасар қыз баланы зорлаған немесе зорламақшы болған күдікті тайраңдап әлі бостандықта жүр. Ал қапасқа жазықсыз адам қамалды. Экстрасенс педофил кішкентай қызды жанына атын айтып шақырып алды дейді. 13-ші қыркүйекте жасалған қылмыстың анық-қанығын Камран Самедов тек полицияға ғана айтуға дайын. Нақты айғақтар мен дәлелдерге ғана сенетін полиция мен прокурор көріпкелдің елесіне жүгіне қояр ма екен? Қай тараптың да әділдікке қол жеткізгені керек.

Комментарии •