Айдаһарлар қазақтарға жат па? Кітаптарды талқылаймыз

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 6 сен 2023
  • Бұл Книгометр подкастының толық қазақ тілінде шыққан алғаш эпизоды. Марина мен Жанаргүл айдаһардың шығу тарихына шолу жасап, әртүрлі мәдениеттегі және әдебиеттегі айдаһарлардың ерекшеліктері туралы сөз қозғайды. Сонымен қатар Steppe&World баспасының редакторы Ерзат Еркінұлы қазақтарға айдаһарлар жат па деген сұраққа жауап береді. Осы эпизодты қолдаған Steppe&World баспасына алғысымызды білдіреміз.
    Байқау: комментке сүйікті айдаһарыңыз туралы жазыңыз да, Steppe&World баспасынан бір қоржын кітап ұтып алыңыз!
    Тайм-код:
    00:12 амандасу
    00:20 Книгометр жаңалықтары
    01:06 Steppe&World серіктесi туралы
    02:20 тақырып туралы
    02:45 айдаһардың пайда болу тарихы
    05:56 “Дом дракона”сериалындағы айдаһарлар
    10:50 әдебиеттегі айдаһарлардың ерекшелігі
    11:50 танымал айдаһарларға шолу
    14:39 Ерзатпен интервью
    24:17 әртүрлі мәдениеттегі айдаһарлардың ерекшелігі
    27:00 Steppe&World баспасының кітаптары туралы
    31:45 байқау
    32:29 қоштасу
    Қолданылған әдебиеттер:
    Д.Кэмпбелл “Сила мифа”
    Р.Р.Толкин “Хоббит”
    К.Паолини “Эрагон” циклы
    К.Коуэлл “Как приручить дракона”
    М.Мара “Айдаһар қыздар” циклы
    Т. Уест "Айдаһарлар әміршілері" циклы
    Steppe&World - әлем әдебиетінің үздік туындыларын қазақ тілінде оқыңыз
    / steppeworld
    Knigometr / knigometr
    Марина / maricherie
    Жанаргуль / zhanargul_bb
    Монтаж: Илья Мартынов
    Студия: Space Studio
    Disclaimer: Это первый выпуск подкаста полностью на казахском языке; и теперь эпизоды попеременно будут выходить на одном из языков - казахском или русском.

Комментарии • 21

  • @user-xb8km2hy4h
    @user-xb8km2hy4h 8 месяцев назад +2

    Қайырлы күн Марина және Жанаргуль! Алғашқы қазақша эпизодтарыңыз үшін өте қуаныштымын👏еңбектеріңіз өне берсін! Шын айтсам, ешқандай сүйікті айдаһарым жоқ екен, себебі осы күнге дейін айдаһарлар туралы киноларды көрмеппін, кітаптарды да оқымаппын. Бүгінгі эпизод арқылы менің қызығушылығымды ояттыңыздар))Кішкене қыздарыма да steppeworld баспасынан алатыным сөзсіз👏 Өйткені, ол біздің сүйікті баспамыз, әсіресе, балаларымның сүйікті авторы Руал Даһл.

  • @akzhandaniyarova4121
    @akzhandaniyarova4121 8 месяцев назад +2

    Құтты болсын, сіздер арқылы қазақша сөйлеуге ұмтыламыз 🫶

  • @MrAsp-81
    @MrAsp-81 9 месяцев назад +2

    Күшті

  • @dinaramazen6858
    @dinaramazen6858 9 месяцев назад +2

    Қызық талдау ❤

  • @sapsarko8116
    @sapsarko8116 8 месяцев назад +2

    Айдаһарлар әлеміне саяхатым” Рая .Соңғы дракон”және “Как приручить дракона 1.2.3”мултьхикаяларынан басталды. Адам қиялының соншалық ұшқыр ,соншалық биік болатыны осы мультхикаяларда керемет көрсетіледі. Атақты Беззубикті білетін боларсыздар! Ол өз қатарластарының ішінде өте ақылды,көңілді айдаһар.Өз жақынын қорғайтын қайсар мінезі де бар) Барша балалардың сүйікті айдаһары дер едім❤️

  • @nurdauletsarsenbai-zk5ip
    @nurdauletsarsenbai-zk5ip 8 месяцев назад +3

    Менің сүйікті айдаһарым: Айдаһар мінген шабандоздардағы, Қызыл иек.

  • @gzh27
    @gzh27 8 месяцев назад +2

    Менің балалық шағымда айдаһарлар адамдарға деген сезімі жоқ дұшпандық, зұлым кейіпкерлер ретінде көрінді. Олардың мінез-құлқы және ең бастысы, сыртқы келбеті тартудан гөрі жағымсыз болды. Бірақ "Эрагон" кітаптар сериясы мен "Айдаһарды қалай қолға үйрету керек" фильмдерінің пайда болуымен, менің ойым өзгере бастады. Сезімсіз тіршілік иелерінен олар нағыз батырларға айналды. Айдаһар фанаттары көбейіп келеді, бұл мені қуантады. Маған келетін болсақ, "Эрагон" кітабында Cапфира деген айдаһар өте ұнады. Ондағы адалдық, жауынгерлік сияқты қасиеттер көрінді. Ол соңғысына дейін күресті, бұл мен үшін айдаһар идеалы.

    • @knigometr
      @knigometr  7 месяцев назад

      Сәлеметсіз бе! Сізді байқауымыздың жеңімпазы болып таңдадық! 🎉 Жекеге жаза аласыз ба? Телеграм: @maricherie

  • @user-jq5kl7od8k
    @user-jq5kl7od8k 9 месяцев назад +2

    👏🏼👏🏼👏🏼

  • @akzhandaniyarova4121
    @akzhandaniyarova4121 8 месяцев назад +2

    Бала кезімнен айдаһарлар тек жағымды әсер қалдырған. Менің сүйікті айдаһарым жоқ, бірақ кішкентай қызым өсіп келе жатыр, қызымды олармен таныстыруға шабыт келді осы подкасттан кейін.

  • @raisakader7663
    @raisakader7663 9 месяцев назад +2

    Керемет! Құтты болсын қыздар! So proud of you 🤩🤩🤩

  • @olzhassherekhan4729
    @olzhassherekhan4729 8 месяцев назад +2

    Менің сүйікті айдаһарларым Визерион, Дрогон және Рейегаль.

  • @EduBridge_study_abroad
    @EduBridge_study_abroad 9 месяцев назад +4

    Менің сүйікті айдаһарым: Муландағы “Мушуу” айдаһары🥰
    Қазақша әдемі жүргізесіздер👏👏👏

  • @maqsatarzaman7545
    @maqsatarzaman7545 9 месяцев назад +4

    Анджей Сапковскидің "Мыстангер" (Wiedźmin) сагасындағы Виллентретенмерт деген алтын айдаһар. Сондай-ақ ол "Борх Үш қара құс" деген лақап атпен адам кейпінде жүреді.

  • @meruyertzhaksygali4861
    @meruyertzhaksygali4861 9 месяцев назад +2

    Рая және соңғы айдаһар мультфильміндегі Сису айдаһары маған ұнайды☺️ өзінің нәзік қылықтарымен өзіне тартады

  • @Akherke
    @Akherke 8 месяцев назад +2

    Айдаһар туралы ертегілер көп кездесетін. Бірақ үнемі ертегілерде айдаһарларды батырлар қуып, басын шауып дегендей…
    Айдаһарлар да бір сүйкімсіз 😃 қора-қора қой жейді, аузынан оты шығып, қарапайым халықты өртеп, сұлу қыздарды алып қашып… Санамда қалғандары осындай екен. Сол кездегі ертегілерді кәзіргі балаларға оқып беруге келмейтін секілді. Тым күрделі және көп дүние жат. Мыстан кемпір, жеті басты айдаһар, қасқыр… айта берсе нашар кейікпер өте көп.
    Балаларыма кәзіргі оқып беріп жүрген, әлемдік бестселлер қазақша аударылған кітаптар өте тамаша. Ол ертегілер тіпті менің бала күнімдегі ертегілерден әлде қайда қызықтырақ.
    Кәзіргі қазақ қоғамындағы өсіп келе жатқан жас ұрпақ сондай бақытты. Ұрпағымыздың бағы ұзағынан болсын! Осындай әдемі қазақи ұжымдарға көп рақмет ❤ жасай беріңіздер!

  • @nti19
    @nti19 9 месяцев назад +3

    Қыздарды құттықтаймын!) Біздің үйде айдаһарлар ерекше орын алады. Улымның ойыншықтары және оқыған көп кітаптары солармен байланысты. Эрагон (4 кітаптан) және Остров Дракона ( 3 кітаптан) құралатын керемет кітаптар сүйікті туындылардың бірі.

  • @Panderscloud
    @Panderscloud 8 месяцев назад +3

    Менің сүйікті айдахарым Азимондиас Принц дракон мультфиліміндегі

  • @Panderscloud
    @Panderscloud 8 месяцев назад +3

    Маған тағы Уннесенный призраками анимесіндегі Хаку

  • @user-um9lt3rl6q
    @user-um9lt3rl6q 9 месяцев назад +2

    Менің сүйікті айдаһарым беззубик!🥰🥰🥰

  • @karakozydyrys4706
    @karakozydyrys4706 8 месяцев назад +2

    Маған беззубик ұнайды 😊