«Құрқұдық» деректі фильмі

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 27 сен 2024
  • Шәкәрім Құдайбердіұлына қатысты тарихи жерлердің бірі - Бақанас елді мекеніндегі Құрқұдық. Бұл жердің ескі атауы Рамазан ауылы көрінеді. - Бақанас, Байқошқардың көп сабазы Жиып ап қыран бүркіт, жүйрік тазы, Еңбекші ұйым болмай, аңшы болып, Ойда жоқ бидай менен шөптің азы, - деп жырлаған осы Бақанас өзенінің бойынан орын тепкен Құрқұдық Шә­кәрімдей сүйегі асыл жанның ұлы денесін ит-құсқа да жем қылмай бауырына басып, табиғаттың мейірі­мін танытқан еді. Жалған жазаға ұшырап, жаназасыз құдыққа тасталған Шәкәрім мүрдесі осы Құрқұдықта 30 жыл бойына елеусіздеу қала береді.
    КАНАЛҒА ТІРКЕЛ / ПОДПИШИСЬ НА КАНАЛ: / khabartanym. .
    АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫ / ТОПОВЫЕ ПРОЕКТЫ КАНАЛА:
    «Оян!» таңғы хабары: • «Оян!» таңғы хабары
    «Дүлдүлдер дүбірі» бағдарламасы: • «Дүлдүлдер дүбірі» бағ...
    «АйнаLINE» күндізгі ақпараттық-танымдық хабары: • АйнаLINE
    БІЗДІҢ ПАРАҚШАЛАРЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛ:
    Facebook: / habartv.telearnasy
    Instagram: ...
    *
    Біздің сайт - khabar.kz
    #деректіфильм #құрқұдық #ШәкәрімҚұдайбердіұлы

Комментарии • 17

  • @Nurai4405
    @Nurai4405 9 месяцев назад +1

    Қанат ,бауырымызға көп рақмет! Түсіретін фильмдері көп болсын,рақмет! Шығармашылығына ауадай қажет мықты денсаулық,ұзақ өмір тілеймін! Берік Уәлиге қазаққа қызмет ете берсін дейміз!

  • @Stirlitz04
    @Stirlitz04 9 месяцев назад +1

    Жарайсыз. Әруағы разы болсын!

  • @МуратКузембаев-о1п
    @МуратКузембаев-о1п 9 месяцев назад +3

    Ғажап, Қанат! Шәкәрім бабамыздың рухы бейіште шалқысын. Өзі айтқандай бар еңбегі келер жас үшін...

  • @Кымбат-д7ъ
    @Кымбат-д7ъ 3 месяца назад

    Шәкәрімнің суретін , Шәукен жеген адам кигіздің арасына тығып сақтаған екен .

  • @avekazakstan4173
    @avekazakstan4173 9 месяцев назад +2

    Өз қазағымызды өзіміз қаралап қаматып атқызғанымыз өте өкінішті.

  • @kausararykhankyzy9304
    @kausararykhankyzy9304 9 месяцев назад +5

    Қанат Тілеуханның қазақ тарихына қатысты деректі фильмдері мықты. Талай мағлұматты танып, білуге тұрарлық. Қасым Жәкібаевтың ұлы туралы деректі фильмі де тағы басқалары өте сәтті шыққан. Тарихты түгендей жүріп, тағылымға толы дүниелерді халыққа көрсете бергейсіз, авторға шығармашылық табыс тілеймін.

    • @ЖаухарТерликбаева
      @ЖаухарТерликбаева 9 месяцев назад +1

      Қарасартов Шәкірімде не құның қалып еді,атқыздың,ақталуға мүмкіндік бермедің,сүйегімен алыстың, қәзір ұрпақтарыңның алдында не деп ақталдың

    • @nurtasturganbek6629
      @nurtasturganbek6629 9 месяцев назад +2

      Сол заманға бір апарып келдіңіздер. Құдды тарихи фильм көрген секілді болдық. Шығармашылық ұжымға мол табыс тілеймін. Осындай құнды дүниелерді жалғастыра беріңіздер!

    • @hypezaman
      @hypezaman 9 месяцев назад +1

      Рақмет!

  • @abayfilms6977
    @abayfilms6977 9 месяцев назад +1

    Өте сапалы деректі фильм

  • @Aisultan
    @Aisultan 9 месяцев назад +2

    Тұщымды дүние. Ойымды фейсбукке жаздым

  • @АйғанымҚасым
    @АйғанымҚасым 9 месяцев назад +2

    Керемет🥲жүрегімді қозғады

  • @qobyzsaryn9561
    @qobyzsaryn9561 9 месяцев назад +3

    Ақылсыз Сәбитттт

  • @ҚұралайУақпаева
    @ҚұралайУақпаева 5 месяцев назад +1

    Қарасартып ұрлап алған Шәкәрім атамыздың чемодан толған жазбалары туралы -деректер ,,Ұмытылған тағдыры ‘кітабында жақсы жазылған.Қарасартов өзі атып Халитовқа жаба салған- дейді ,ол кездерле әділдікті айтқызбаған,қорықандарынан айтпаған,кітаптарын шығартпағанда Қарасартовтар …,,😢

  • @ErkinBatan
    @ErkinBatan 6 месяцев назад

    Шәкәрім атамыздың иманы әулиелік дәрежеге жеткен.

  • @АйдосБахтияров-т8з
    @АйдосБахтияров-т8з 9 месяцев назад +1

    👍👍👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿