Қажылыққа барып ми қайнатар ыстықтан көз жұмғандардың саны мыңнан асты

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 20 июн 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Мекке қаласындағы ми қайнатар ыстықтан көз жұмған қажылардың саны мыңнан асты. 50 градус аптапқа мұсылмандық парызын өтеуге барған жандардың денсаулығы шыдамаған. Елімізден аттанған екі мыңға жуық азаматтың да жағдайы күрт қиындап, дәрігер көмегіне жүгінуге мәжбүр болыпты. Жалпы қажылық сапарға аттанарда азаматтар медициналық тексеруден өтуге міндеттеле ме? Денсаулығы жарамайтын, не жасы егде тартқан отандастарымызға діни басқарма өкілдері қандай кеңес береді? Әріптесім айтсын.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Мекке қаласында 52 градусқа жеткен ыстық әлемнің түкпір-түкпірінен құлшылық жасауға жиналған жұртқа қиындық туғызып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша аңқаны кептіретін аптаптан көз жұмғандар саны мыңнан асқан. Олардың арасында қазақстандықтар жоқ. Қазір қажылық сапарда құлшылық парызын өтеп жүрген қызылордалық Ғалымбек Жақсылықов денемізге су сеуіп, көлеңкені тасалап қолдан келгенше қатты ыстықтан қорғанып жүрміз дейді.
    ҒАЛЫМБЕК ЖАҚСЫЛЫҚОВ, Қызылорда қаласының тұрғыны:
    - Осы Сауд Арабиясындағы қажылық министрлігі мысалы белгілі бір уақыттарда көшеге шықпау жөнінде, осы уақытта амалдарды жасамау жөнінде ұсыныс- ескертпелерін береді. Сосын біздің ҚМДБ-ның осындағы өкілдері, сосын осы жақтағы гидтер де ескертеді. Дәл менің қасымда жүрген азаматтардан денсаулығы күрт күрделі болған жағдайды естіген жоқпын.
    Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері азаматтар қажылыққа бармас бұрын оларға имамдарымыз арнайы дәріс өткізіледі дейді. Онда құлшылық амалдары туралы толық ақпарат беріледі. Оған қоса медициналық тексерістен өту керектігі де айтылады екен. Ал қазір елімізден барған 20 дәрігер қазақстандық қажыларға көмек көрсетуде. Соңғы күндердегі қатты ыстықтан құлшылық жасауға барған 1700 отандасымыздың денсаулығы сыр берген.
    ҚАЙРАТ БЕГЕНОВ, дәрігер:
    Қазіргі уақытта 1700 қажы қаралды. Соның ішінде көбіне қарт кісілер а ртериалдық гипертензиямен, жоғары тыныса ауруларымен және жеңіл-желпі жарақаттармен қаралды. Бәрі дін-аман. Қауіп-қатер жоқ.
    Қазір ресми ақпаратқа сәйкес Меккеде қажылық парызын өтеп жүрген 1,8 млн адам бар. Сауд Арабиясының билігі көз жұмған марқұмдардың көбі елге заңсыз кіргендер деген мәлімет таратты. Мүфтият өкілдері шариғат бойынша қасиетті қаладағы құлшылыққа баруға адамның денсаулығы жарамаса оның орнына бұл парызды басқа адам өтей беруіне болады дейді.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии •