ДҰҒА АРҚЫЛЫ ЖҮРЕКТЕР АЛЛАМЕН БАЙЛАНЫСАДЫ •ТЕҢДЕССІЗ ДҰҒА 22• Малика Айтжанқызы | Айнұр Шаймерденқызы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 4 янв 2025

Комментарии • 530

  • @Love-liveeee
    @Love-liveeee 4 месяца назад +196

    Маған Алланың Ләтиф есімі көмекке келді ,жеңіл түрде тез арада ойлаған арманыма жеттім ❤🤍Аллахым өзіңе барлық мақтаулар болсын ❤

  • @user-hc9tg7of1n
    @user-hc9tg7of1n 4 месяца назад +96

    Осы подкасты көрген кезімде қатты қйналып жүр едім, сынақтар бірінен соң бірі, тіпті еңсемді көтере алмай қалдым. Барлық ұстаздарды тыңдап жүр едім, маған ұнағаны Шәмші Абйлдинова ұстазбен осы Айнұр ұстаздың подкасы, маған жүрегіме өтті. Сол куні осы подкастан кейін, жылап ұйықтар қалған едім. Түсімде қолыма Құран кітапты құшақтап тұрмын, қасымда Малика ұстаз йығым, ол кіснің йығымен тең болып қатар тұр екенмін. Малика ұстаз кулімсіреп алдыға қарап тұр, жүзінен нұр шашып тұр, ал мен сәл өзіме сенімсіздеу екенмін, устімде қарапайым ақшыл сұр көйлек, бірақ жүрегім дүрсілдеп Малика ұстаздың қасында тұрғаныма қатты қуанып тұрмын. Ішімнен ойлап қоямын, еее мына кісі менің ұстазым екен ғой, мені Құранға тусірген екен ғой деп. Негізі Құранға 1991жылдан бері түсе алмай келе жатырмын, ол отдельно бір тарих. Әріп жаттайм, тәжуйдке келіп тоқтап қалам, әріп жаттайм тоқтап қалам. Осылай міне 30жылдан асыпты. Ал түсімде, Малика ұстазбен қатар тұрып, қолымда Құран құшақтап тұрғанымды, еее Алла тағала мені ақыры Құранға түсіреді екен деп жорыдым. Иншаллах. Сол куні ерекше қуанышты сезімде жүрдім. Жеңілдеп, қайта-қайта осы подкасты көре бердім, тыңдай бердім, сондай бір күш-қуат берген сұхбат болды. Алла разы болсын ұстаздарымызға. Ендігі өтінішім.
    Осы кісіні яғни Айнұр ұстазды тағыда шақырыңызшы Малика ұстаз. Өтініш. Керемет. Не деген білім, не деген сөз саптау, әдемілеп әңгімелеп отырып, бізді білімге үйретіп отыр, білдіртпей алдап- сулап(жақсы мағынада әрине) тура жолға шақырып отыр. Не деген методика. Керемет, Малика ұстаз мөлдіреп тұрған інжу... тұрғанымен інжу-маржан асыл-тас. Алла қуат берсін, тіл-көзден сақтасын, Малика мен Айнұр ұстаздай қари, хафиз, ұстаз болуымды Алла нәсіп етсін.🤲🤲🤲

  • @aidanamuratkyzy26
    @aidanamuratkyzy26 4 месяца назад +138

    Мен қазір Минск қаласындамын.
    Екі көзім минус. Сөйтіп осы жерде тәуекел етіп корреккция істеймін деп шештім. Даже блокнотыма жазып қойғам:”Аллам маған жақсы дәрігерлерді жолықтыршы. Операциям жақсы, ойдағыдай өтсінш” деп.
    Я прям бүгін консультацияға жазылдым.
    Қарасам, подскаст шығыпты. Дәл Малика ұстаз айтып тұр:”Көзің көрмесе,Әл-Басир Алланың көркем есімін айт”,- деп.
    Оны мен білмедім. Алланың құдіреті сонша: осы видеоны көзіме түстіртіп, бір знак беріп тұрғаны ғой.СубханАлла.
    ❤❤❤

    • @user-ey8ng2qh4y
      @user-ey8ng2qh4y 4 месяца назад

      Алла шипасын берсін🤲🏻

    • @zhanisa8845
      @zhanisa8845 4 месяца назад +2

      қандай белгі көрдіңіз? Көзіңіз енді операциясыз көріп кетеді деп ойлайсыз ба?

    • @aidanamuratkyzy26
      @aidanamuratkyzy26 4 месяца назад

      @@user-ey8ng2qh4y амин) рахмет. Алла сізге екі дүниенің бақытын берсін)

    • @aidanamuratkyzy26
      @aidanamuratkyzy26 4 месяца назад

      @@zhanisa8845 Жоқ олай ойламаймын.
      Операция көзге болады ғой: оның қалай өтетінін мен білмеймін. Әл-Басир деп Алладан:”Екі көзім 100% көріп кетсінш, операция жақсы өтсінш”,-деп сұрап жүрмін, подкастан кейін.

    • @СамаеваГулзира
      @СамаеваГулзира 4 месяца назад +1

      Алла шипасын берсін!

  • @akgulnadirova5981
    @akgulnadirova5981 4 месяца назад +46

    Алланың ❤менің дұғамды қабыл еткенін,осы подкастты көріп отырп түсіндім😊.Жақында жұмыстан шығып қалып іштей күйзеліп жүргем.Оказываеться жұмыстан шығып қалуым дұғамның қабыл болғаны екен.Жұмысымды жақсы көрем,бірақ сол жұмыста көп дұрыс емес тұстары болатынды.Мен соны жасайм,кейн қатты қиналатынмын.Содан Алладан сұрағам маған көмектесші,мені өзіме ұнамайтын,өзіме зиянды істерден құтқаршы деп.Міне😊Алла мені осылай құтқарды.Енді түсініп,қатты қунып отырғаным.Аллаға шүкір❤

  • @ayaaman5206
    @ayaaman5206 2 месяца назад +22

    1. Дұғаны жүрекпен жаса. Есімдерін жүрекпен сезініп айт.
    2. Шектеме. Біздің миымыз шектеулі. Өзіміздің күшімізді есептейміз. "Менде ондай ақша жоқ қой"-деп айтпа. Шексіз арманда.
    3. Раббына разы бол. Бәріне разы бол. Тағдырына разы бол. Раббына разы бол. Дініне разы бол. Орамалға разы бол. Пайғамбарға разы бол. Намазға разы бол.
    4. Психология - нәпсі туралы ілім.
    5. Нәпсі өзіне қарсы нәрсе жасау керек. Ерте тұру - миыңыз дамиды.
    6. Барлық уайымы Алла, ақырет болу керек.
    7. Білім алғанда дұрыс ниет ет.
    8. Әл-Басир - есімімен көздің көруін сұрау.
    9. Өзімдегі кемшіліктер - маған мотивация. Кемшілікті мойындау. Кемшілік біздің ресурс.
    10. Алланың дініне қызмет ет.

  • @Бота-н8д
    @Бота-н8д 4 месяца назад +35

    Осындай дамыған заманда өмір сүруге мүмкіндік берген Аллаға сансыз шүкір! Декретте отырып үй тірлігімен айналысып, бала ойнатып жүріп осындай құнды білімді алуға нәсіп еткен Аллаға сансыз мадақ! Алла разы болсын, рахмет!

    • @ainurkin_cake
      @ainurkin_cake 17 дней назад

      Дұрыс айтасыз. Шүкір

  • @allleeewwwaaa
    @allleeewwwaaa 4 месяца назад +17

    Ассалямуалейкум🌺 Менде осы дугага катысты басымнан откен окигамен болсе кетейин. 2 ши жуктилик Кызымды босандым, содан 3 айлыгында бетине терматит шыга бастады мандайына козинин айналасына, катпарланп кызарп, катты кышитын. Содан каратп даргерге анализ тур турин тапсрып, неше турли дари иштик. Аптекамен уйдин арасында журдим, одан еще дисбактериоз боп сонмен 3-4 ауырудан шыкпай кандай смесь ишседе аллергия аскынп , ишине жакпай шипа болмады в общем. Содан бир куни мешитке барп жыладым Алладан шипа сурап, уакыт отип жатты бир куни бир китаптан таныс окиганы окып калдым. Ол китап орысша исцеление тоже оз диндеринше екен. Содан бул маган сынак екенин тусинип,танмен тан намазына турып, кателиктерим ушин кешрим сурап шипа тилеп. Сол куннен бастарды кызыма не калайды сол тамакты берип, дари беруди токтап сонын барин Аллага деген катты сениммен жасадым 2 жума ишинде толыгымен Аллага шукир бален ай алыскан аурумыз кетип Аллдан шипа келди. Сол себепти бул жерде дугада сеним оте манызды. Бален ай катты киналп кетип едим, сол ауру аркылы Аллага шукир намазга келдим. Аллах сол аркылы Мени тура жолга шакырган. Сынак биз ушин хайырлы. Аман болайык, Аллага сенимимиз жогалмасын🤲🏻

  • @Нургульулейменова
    @Нургульулейменова 4 месяца назад +26

    Осы подсказ арқылы көрген қаншама адамдардың жүректерін ашып жатырсыздар! Түсірілімге атсалысқан баршаңызға Алла разы болсын!!!🤲🌷🌷🌷🌷🌷

  • @ЖаннаКездикбаева
    @ЖаннаКездикбаева 4 месяца назад +21

    Жер мен көкті жаратушы Ұлы Алланың барлық есімдері Көркем , Бірінен бірі асады. Менің аузыма жиі түсетіні есімі Әс Самад екен

  • @ИндираСейтенова-х7щ
    @ИндираСейтенова-х7щ 4 месяца назад +10

    Әр подкастты көрген сайын білім алып, Аллаһқа жақындау керек екенімді сезінем, осы подкастты ең бірінші рет көргенімде қатты қиналып жүрген едім, Аллаһым осы подкастты көру арқылы маған бір жеңілдік көрсеткендей, міне білмегенің болса көріп біл дегендей болды. Әрбір ұстазға мың алғыс 🙏 Малика ұстаз сізге мың алғыс, әрбір адамның көңіліне имандылық, шүкіршілік, тәубе етудің қандай да бір септігін тигізетін жоба ойлап тапқаныңызға🙏

  • @mairamaira-1382
    @mairamaira-1382 4 месяца назад +15

    Маған осы шығарылым ерекше ұнады. Мен Алланың есімдерін жаттап жүрген едім. Осылай есімдерін айтып дұға жасауға болады екенін түсіндім. Көп білім алдым. Алланың берген тағдырына разы болуды түсініп білдім. Сіздерге Алла разы болсын ұстаздар.

  • @ГулшатТоребаева-э4ы
    @ГулшатТоребаева-э4ы 4 месяца назад +14

    Алланың Әл Латыф,Я Фаттах есімдері менің өмірімнің өзгеруіне жүрегіме Аллаға деген сенімнің күшеюіне,Алланвң берері шексіз екеніне көзімді жеткізіп жатыр,бұрын басыма проблема келсе не үшін мен деп,Аллаға күпірлік етіп кететінмін,кәзір яАллам бұның артында қандай жасырылған қайыр бар деп,іштей сезіп жүремін и обезателно соны көп ұзамай көремін и жүрегім елжіреп мәә деп,таң қалудамын,Қандай халыққа пайдалы білмегенімізді білуге естуге себепші болып жатқан ұстаздарға басымды идім🙏❤️Алла барлық осы подкаста өз білімімен бөлісіп отырған жандарға өз нығметін үйіп,төгіп берсін екі дүние рахатына бөленсін дегім келеді Алла разы болсын!ё🤲🙏

  • @Айлин-щ3ю
    @Айлин-щ3ю 4 месяца назад +19

    Раббы ретінде Аллага, дін ретінде Исламга жоне расул ретінде Мухаммедке (саллаллау
    алэйпи уэ сэллем) разы болдык.
    Раббы ретінде Аллага, дін ретінде Исламга жэне наби ретінде Мухаммедке (саллаллау
    алэйпи уе сэллем) разы болдым.
    “Радиинаа биллээпи раббэн уэ бил-ислаами
    диинан уе бимухаммодин расуула
    Радииту биллеэи раббэн уе бил-ислаами
    диинан уа бимухаммэдин набийэ”

  • @АйжанЖылкыбаева-б4е
    @АйжанЖылкыбаева-б4е 4 месяца назад +12

    Малика ұстаз, сіздің шақырған қонақтарыңыздан жақсы сөз, дұға, өмірлік тәжірибелерін тыңдап көп жақсы сабақ алып жүрмін. Сіздерге үлкен алғыс айтамын ❗❗❗

  • @ВледелецСмартфона
    @ВледелецСмартфона 4 месяца назад +24

    Аллаға сансыз мадақ . Осы подкасттты көргеніме разымын. Машаллах. Қандай керемет білім. Аллаға шүкір. Керемет білім алдым. Тағы шақырыңызшы осы ұстазды. Тіл байлығы қандай керемет. Алла екі дүниенің бақытын берсін 🤲❤

  • @JibekNazarbekova
    @JibekNazarbekova 4 месяца назад +11

    Жанымызға нұр беріп көп жақсылықтарды үлгілерді көріп есітіп отырмын көп рахмет Алла разы болсын

  • @ШаризатЖолшибекова-э9ж

    Керемет!!!! Әрбір қонақтың өзіне тән кемелденген ақыл, көркем мінез, парасатты білім, ислам ілімін толық меңгерген тұлғаны көресің…Әрбір жаңға Алланың жәннат үйі бұйырсын! Малика ұстаз подкастың ғұмыры ұзақ болсын! Сізге мейірім шапағатта болыңыз деп тілеймін…❤❤❤

  • @Qazaq-ng1qo
    @Qazaq-ng1qo 4 месяца назад +13

    Не деген керемет кісі айтарға сөзім жоқ.

  • @AidanaAi-t3t
    @AidanaAi-t3t 4 месяца назад +12

    Жүрекпен разы болу
    Шүкірлі болу
    Ісімізге разы болу
    Ниетіміз дұрыс болу .

  • @Saltanat_PEDAGOG
    @Saltanat_PEDAGOG 20 часов назад

    Сіздерге алла разы болсын. Қаншама ілім алдым. Ой түйдім. Көөп рахмет ,осы подкасты түсіруге атсалысқан жандар ,бәріңізге

  • @lazzatkudaibergenova7925
    @lazzatkudaibergenova7925 4 месяца назад +11

    Айнур ұстазды, бұрын білмейді екенмін. Алла разы болсын ұстазға. Өте әсерлі уағыз болды.

  • @АйжанБакбергенкызы
    @АйжанБакбергенкызы 4 месяца назад +10

    Мен кітапты алып Алланың көркем есімдерімен дұға жасап жүрген кезде,осы подкаст шығып тұр. Алла разы болсын сіздерге.

  • @МахаббатКаршбай
    @МахаббатКаршбай 4 месяца назад +13

    Малика устаз осы подкастта ерекше сұлу болып отырсыз 🥰

  • @Dima-sm4pf
    @Dima-sm4pf 4 месяца назад +8

    Сизге Алла екы дугиенин бакыттын берсын сиздей Салихалы апкелеримиз коп болсын Малика устаз Иншаалла

  • @art_craft_merke
    @art_craft_merke 4 месяца назад +15

    Аллах бұл подкастты мен көрсін деп жаратты, маған арнап. Алла ұлық. Сіздерге Алла разы болсын❤

  • @УлбубиБекжанова
    @УлбубиБекжанова 4 месяца назад +20

    Әл Басыр есіміңмен меніңкөру қабілетімді арттыра ғөр.

  • @ГалинаРамазанова-о4ы
    @ГалинаРамазанова-о4ы 4 месяца назад +19

    Ұстаздар, мыңда бір рахмет Сіздерге, Алла разы болсын! Менің кемшіліктеріме көзімді аштыңыздар. Алла Тағала солармен жұмыс жасап айыруға нәсіп етсін 🤲. Малика ұстаз, "Теңдессіз дұғалар" кібіңізді алғанда біріншіден, шынымды айтайын, мынаның бәрі менде бар кітаптардан алынған ғой, мен оларды жазып алып жаттап та жүрген, бірақ тек жаттаған түрде қалатын, көбінесе дәл керек кезінде пайдалана алмаймын, сосын ұмытыла бастайтын. Алланың 99 есімін 10-10ға бөліп жаттап жүрген, тек ретімен ғана жатталды. Сонасон түсіндім, есімдерді мағынасына қарай бөліп, жасып жаттау керек екенін, сонда қандай жағдайда, қай есімге жүгінетінін білесің деп жүргем. Бірақ, бір қол жетпей жүрген. Енді Сіздің кітабіңізді толық оқып шыққанда түсіндім, қандай еңбек жасаған екеңіғізді, қандай жеңілдік бергеніңізді оқырмандарға!❤ Көп дұғалардың ішінен таңдап, классифицировать етіп (кешіріңіздер, орысша оқығаннан сон, қазақша жеткізе алмай отырмын), ыңғайлы түрде шығардыңыз! Әр подкасттарыңызды асыға күтемін, өте көп мәліметтер алып, қателіктерімді көріп жүрмін. Психологияны ислам діні мен байланыстырып, берген сабақтарыңыз, өз-өзімізді танып, Құранды, хадистерді ашып түсіндірген Ұстаздарға мың алғыс! Алла Тағала биік армандарыңызға жетсізсін! 🤲❤

  • @АшимоваКами
    @АшимоваКами 4 месяца назад +23

    Дұға туралы әркім-ақ айтып жүр.Бірақ,бірақ осыншалықты тәптіштеп,мән-мағынасын түсіндіре айтқан,ананың өз баласына түсіндіргеніндей жанашырлықпен,Алланың ұлық,дұғаның маңызын аса даналықпен түсіндірген жанды алғаш көруім.Мен,мысалы ертең барып ыдыс жуып 16сағ жұмыс істеп келмесем,балаларым аш қап кетед деп ойлайтынмын,дұға етуге "жұмыстан уақыт жоқ еді".Дұғаның күшін ұғындырғаныңыз үшін ал 1:10:50 ла разы болсын деймін!!

  • @АсельГабдуллина-п1ш
    @АсельГабдуллина-п1ш 4 месяца назад +7

    МАЛИКА УСТАЗ АЛЛА ТАҒАЛА СІЗГЕ ЕКІ ДУНИЕНІҢ БАКЫТЫН НӘСІП ЕТСІН, БАРЛЫК ПАДКАСТАРЫҢЫЗДЫ ТЫҢДАДЫМ, МЕНІҢ ӨМІРІМНІҢ ЖАКСЫ ЖАККА, АДАМ СЕНБЕСТИ ӨЗГЕРГЕНІНЕ СЕБЕПКЕРСІЗ. АЛЛА ТАҒАЛАНЫ ЖАКЫН ТАНУЫМА, ИМАН ЖОЛЫНА ТУСУІМЕСЕБЕПКЕРСІЗ. МЕН ЖОЛДАМЫН, НӘТИЖЕ АЛЛАДАН. КУН ФАЯ КУН❤❤❤❤❤

  • @erkezhanbolatova
    @erkezhanbolatova 4 месяца назад +7

    Малика ұстаз сізге жаннаттын ең жоғарғы дәрежесі берілсінші ❤

  • @ayashkaos
    @ayashkaos 4 месяца назад +8

    Әл Уәлий🤍
    АЛЛАҺ тың осы есімі жүрегіме жақын...
    Негізі АЛЛАҺ Разы Болсын барлық осы подкасттың шығуына атсалысып жатқан кісілерге, подкасттың тұрақты көрерменін🤍
    Барлық бөлімі керемет, берері мол, білімге толы🤍
    Дәл осы подкаст пікір жазуға итермеледі, АЛЛАҺ ТАҒАЛА ұстазға (барлық жандарға) разы болсын 🤍🌸
    КӨРКЕМ Есімдердің барлығыда тамаша, өздерінің елеулі орны бар ғой 🤍💎
    Менің бұйырып жатса ең игілікті сәтінде болашақта осы подкасттың құрметті қонағы боламын деген ниетім бар...
    Сол сәтте неліктен жоғарыда жазған және басқада КӨРКЕМ Есімдер туралы ашып айтармын🤍☺️

  • @пан-з7б
    @пан-з7б 4 месяца назад +9

    Айнұр ұстаз нақты, анық, түсінікті сөйлейді екен. Айтары бар. Түсінікті айтады.

  • @МарьямАқжігіт
    @МарьямАқжігіт 4 месяца назад +6

    Маа шаа Аллах. Керемет. Малика ұстаз,Аллах осы ниетіңізді ұзағынан қылсын🤲Сауаптан жазсын. Әр подкастты күтіп жүрем, рахаттанып тыңдаймын. Және осы подкаст жүректен шыққан дұғаның күшімен басталғаны сезіледі. Әр подкаст ерекше мықты🫶🤲♥️

  • @КундызайКенжабекова
    @КундызайКенжабекова 4 месяца назад +6

    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН СІЗДЕРГЕ ҰЖЫМДАРҒА ЕКІ ДҮНИЕНІҢ ЖАҚСЫЛЫҒЫН БЕРСІН ӘМИН АЛЛАҺУ АКБАР!!!!..

  • @Zritel-r2v
    @Zritel-r2v 4 месяца назад +5

    Алла разы болсын Ұстаздар, Дін ретинде Исламға ризамын деген дұғаны бираз кун болды биринши рет көріп айттым,бирақ мен кіммін риза болмайтын дегендей , дұғаға лайық емеспін ғой т.б ойлар келіп иштей бір қысылып едим. Алла екі дүниенң жақсылығын берсін❤

  • @РозаБайтуреева
    @РозаБайтуреева 4 месяца назад +6

    Машшаллаһ керемет әсермен көремін
    Иншаллаһ бізгеде жұғысты бола берсін жолдарыңыз

  • @aidanai4222
    @aidanai4222 4 месяца назад +5

    СубханАллах
    Алла баршанызга разы болсын
    Журектен журекке жетти

  • @ЖаннаКездикбаева
    @ЖаннаКездикбаева 4 месяца назад +8

    Ассаламу алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ. Мүбәрак жұмада тілеген дұғаларыңыз қабыл болсын. Алла баршамыздың дұғамызды қабыл алсын. Хафиз ұстаз қыздарымыздан және бізден де разы болсын.

  • @qaztrend9255
    @qaztrend9255 4 месяца назад +7

    Маған Алла деген қатты ұнайды. Сүреден Ықылас ұнайды.

  • @aisunnadarkhankyzy2235
    @aisunnadarkhankyzy2235 3 месяца назад +3

    Әл Ғафур,Әл Ғаффар Алла кешір мені өзіңе налыған күндерімді ❤

  • @kiponnazarbaev9508
    @kiponnazarbaev9508 4 месяца назад +7

    Аллаға сансыз шукір бізде осындай білімді ұстаздардың болғанына ❤❤Білмегенімізді білдіртіп жатсыздар Алла разы болсын🤲🤲🤲🤲

  • @АйсулууЭсенкызы-с7д
    @АйсулууЭсенкызы-с7д 4 месяца назад +3

    Аллах раазы Болсун! Подкаст адамдын журогун бир антарып жибере тургандай денгээлде отот. Мен ар дайым кором. Ушул узтазалар менен корушуп маектешууну мага да Аллах насип этсин. Жакшы кором казак боордош эжелер!❤

  • @КарлушаКарлуша-у2э
    @КарлушаКарлуша-у2э 4 месяца назад +5

    Керемет устаз журекке адеми жеткизеди❤❤жәннатта бирге болуды насип етсинши😢😢

  • @Айжан-ь8з
    @Айжан-ь8з 4 месяца назад +23

    Алланың 99 көркем есімі туралы, қай кезде қай есімін қанша рет айту керек , сол туралы келесі подкаст түсіріңізші, Малика ұстаз, рахмет

    • @maralizrailova1855
      @maralizrailova1855 4 месяца назад +2

      Ияя маганда керек еды

    • @КуляшСултангалиева-ш4ь
      @КуляшСултангалиева-ш4ь 4 месяца назад +1

      Плей маркетте Алланын 99есими деп жазсаныз шыгады,соны бастырып алыныз.кай есимди канша рет магынасымен бар

    • @happyguli9521
      @happyguli9521 4 месяца назад +1

      Кітап барғой

  • @Жанар-т6ч
    @Жанар-т6ч 4 месяца назад +4

    Қандай керемет жүрекпен тыңдайтын подкаст екен🥹🥹🥹

  • @ОнласынТлесова
    @ОнласынТлесова 4 месяца назад +7

    Малика ұстаз сізге Алла разы болсын осындай подкаст өткізіп қаншама адамдардың ойлануына,өмірін өзгертуіне себепші болып жатырсыз. Аллаға сансыз шүкір подкасттарыңызды үзбей көріп әр қайсысынан керекті білім мен инсайттар алып жатырмын.❤❤❤❤

  • @UlzhanAtabekova
    @UlzhanAtabekova 4 месяца назад +3

    Аллаға сансыз шүкір❤
    Осы ұстаздың Аллаға деген, асыл дінімізге деген махаббатын көрсетті, сезлірді. МашАлла❤❤❤❤
    Әр подкастан алар сабағымыз өте берекелі болсын❤❤❤❤

  • @amazingaddress4604
    @amazingaddress4604 4 месяца назад +5

    Осы падкасты көргеніме шукір ,рахмет Малика ұстазға

  • @ХалидаАбдеева
    @ХалидаАбдеева 4 месяца назад +8

    Алла жүрегіме иман бере көрсін. Нағыз мұсылман әйел болайын. Ұлдарым иман жолында қызмет ететін Алланың құлдары болсын.
    Малика ұстаз сіздің жанды даусыңызды естіп тілдескім келеді, әйелдің иманын көтеретін уағыз немесе кеңес десем де болады естігім келеді,Алла разылығы үшін. Себебі әлі жүрегімде иманым әлсіз.
    Сіздерге үлкен рақмет, Алла барлығыңызға разы болсын.

  • @ГульнурГульнур-т4о
    @ГульнурГульнур-т4о 4 месяца назад +3

    Ұстаздар Алла разы болсын
    Машаллах қандаи Құндылығы Жоғары Білімдер
    Сізден Бізден де Алла разы болсын
    Журек тыныштығы Иман баилығы Рухани дамушы Әлем ИСЛАМ ӘЛЕМІ АЛЛАМЕН БАИЛАНЫС ДҰҒА ТІЛЕК НИЕТ КЕШІРІМ Т.Б. қазақ Қыз Келіншектеріне КӨРКЕМ ЖЕҢІЛ түрде жеткізіп жүрген ҰСТАЗДАРҒА МЫҢ АЛҒЫС

  • @bagiraabdullayeva
    @bagiraabdullayeva 3 месяца назад +1

    Өте тамаша жүректер ашылып өіме керекегін алдым. Әрине Алла ұлық екенін жәнеде түсніп жүрекке түскен қайғы кетіп аллаға және пайғамбарымызға деген махабатымыз күшейді. Осы өткізген подсказдаыңыз өтте тамаша және әсерлі. Алла разы болсын.❤

  • @ЛаззатОмарбекова-п2и
    @ЛаззатОмарбекова-п2и 4 месяца назад +3

    Алла разы болсын, мен Алла есімдерін жетік меңгерген деген дұға тілген едім, сол күні 3 сағаттың ішінде дұғамды қабыл етті,Алла ұлылығын сезіндіргеніне шүкір, тәубе ❤ Малика ұстаз Аллам қолдай берсін ❤

  • @IlxamXalmuratov-oc5rr
    @IlxamXalmuratov-oc5rr Месяц назад +2

    Осы кисилер аркылы Аллах тусиндирип жатр🙏🙏🙏

  • @Сауле-л4м
    @Сауле-л4м 3 месяца назад +2

    Осы білімді естірткен Аллаға сансыз мадақтар болсын, СубханАллах, СубханАллах, СубханАллах, Малика устаз себепкер болғаныңызға Алла екі дүние бақытын байлығын берекесін берсін❤❤❤🤲🤲🤲

  • @АрнаБижан
    @АрнаБижан 13 дней назад

    My ustaz подкастының әрбір шығарылымын тыңдаймын. Жүрекке жеткен, өмірімде болып жатқын мәселеге су сепкендей басқан Айнұр ұстаздың сөздері.Бұл кісіні бірінші рет естіп тұрмын, бұрын білмеппін.Өте тамаша сөз саптауы, білімді адам екені көрініп тұр.Аллаһта осы подкастты қара деп жүрегіме салып қойдығой.Шүкір тағыда күтемін подкаст💐❤️🫶🏻

  • @smlsml89
    @smlsml89 4 месяца назад +2

    Малика ұстаз, осы жобаны әрі қарай тұрақты түрде түсіріп келе жатқаныңызға рақмет, Алла разы болсын! Менің намазға, дінге енді келген құрбыларым осы подкасттың пайдасын көріп жатыр, одан қалса өзіме де өте зор пайдасы тиіп жатыр, Аллаға шүкір

  • @ЖаңылАйдарбекова
    @ЖаңылАйдарбекова 3 месяца назад +2

    Осы подкастты тыңдауды нәсіп еткен Аллаға сансыз шүкір, мадақтар болсын❤❤❤Керемет подкаст. Алла разы болсын, ұстаздарға

  • @АСЕМТаирова
    @АСЕМТаирова 4 месяца назад +6

    Алланың нұры жаусын сіздерге

  • @AigerimAlyeva
    @AigerimAlyeva 4 месяца назад +4

    Маш алла екі өмірдің бақытын нәсіп етсін Алла разы болсын

  • @Қарақат-ц6я
    @Қарақат-ц6я 4 месяца назад +2

    Аллах разы болсын жүрегімде жүрген бір мәселе бар еді жаңа айтқандай Аллахқа жақын болсаңАлла сенің осы дүниеде де арғы дүниедеде мәселеңді шешіп береді дейді ғой осы сөз менің көзіме жас әкелді Аллахтың қалауымен сіздер арқылы осы подкастты көргеніме қуанам❤

  • @УлбосынНагиметова
    @УлбосынНагиметова 18 дней назад

    Не деген керемет сукбат! Сиздерге Алла разы болсын! Алла Тагала еки дуниенин бакытын насип етсин! 🤲🤲🤲

  • @ЖумажанМухангалиева

    Ассалаумағалайкум Малика ұстаз. Сіздің подкастарыңыздың қарап тыңдап жүремін . Сізге Алла разы болсын! Бугінгі келген Аинұр ұстаздың әңгімесінен көп ақпараттар алған сияқтымын. Осы. кісінің аңгімесі маған қатты унады ол кісіге Алла разы болсын!

  • @tilesbekkyzy_a.t
    @tilesbekkyzy_a.t 4 месяца назад +2

    Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух!!! Өте керемет подкаст! Сіздің подкастты сүйіп тыңдаймын, бір подкасттың өзінде қаншама ой түюге болады, өзіңе керек болып жүрген сұрақтың жауабын табасын. Рахмет Сізге, Малика ұстаз!!! Әр нәрсенің қайыры бар деген сөзге ылғи көзім жетеді, осы 1-2 күн ғана приемға уақытынан кешігіп бардым, осы қайырлы болған шығар деп жұбатып бардым өзімді, барсам дәрігер менің алдымдағы кісіні өте ұзақ қабылдады да, сосын бізді шақырды, Алла ұлық қой. Нәпсімді тәрбиелеу қиын болып жүр, ерте тұру, өзіңді тәрбиелеу бәрі айтылды, маған арнап айтқандай, енді амал ету керек! Алла разы болсын, подкастыңыз биікке самғай берсін!!! Дініміз шарықтасын❤❤❤

  • @АрайгулКауанова
    @АрайгулКауанова 4 месяца назад +1

    Құрметті ұстаздар сiздерге Алла разы болсын. Бiрiншi шығарылымнан бастап үзбей көрiп келем. Аллаға шүкір көп нәрсе бiлiп жатырмын. Көп нәрселерді саралап ойланатын болдым Дұганың қабыл болуын сезiнудегi сезiм шүкіршілік мүлдем басқаша екен. Соңғы болған жағдай Таң намазынан кейiн Аллахым Әл-Уахабб есiмiңнiң құрметіне менi тосын сыйыңмен қуантшы деп дұға жасадым да ұмытып кеткемго сол күнi телефоным абайсызда шелектегi суға түсiп кетiп жасамай қалды. Хайырлысы ремонтқа апарамын зарплата 1-2кунде туседi деп жургем. Телефоным ескiрiп кеткен едi. 2кун телефонсыз жүрдiм папа мамаларга жолдасымдыкiмен телефоным сынып қалды издемендер 2-3кунде алам деп жазып жiбергенмiн. 2күннен кейiн зарплата тустi бiрақ ремонтқа апарып улгермедiм. Жұмыстан үйге келсем Папа мамам бауырларым үйге келiп Подаркаға новый телефон әкелiп турго туған кунiңде саған подарка бере алмаған едiк 3 айдан кейiн мен шоке Сенбедiм. Ешкiмнен ештеңе сурамаған едiм. Содан кейін ойланып жатырмын го ойыма Алланың есiмiмiн жасаған дұға түстiғой. Маааа осындай дұға жасаған екенмiнгой деп. Алла тағалам осылай бiрнеше жыл ұстаған ескi телефонымды жаңалап бердiғой. Дұға жасаған кезде Алланың көркем есiмдерiн қосып жасаған дұрыс деп ойлаймын.

  • @saltanatkenesbaeva191
    @saltanatkenesbaeva191 4 месяца назад +6

    Үлкеееен рахмет, Алла разы болсын сіздерге🤲🤲🤲😢😢 қуаныштан❤❤❤

  • @Бота-й1й
    @Бота-й1й 4 месяца назад +4

    Ерекше эфир болды енді тек уакыт жазып сағаттарын жазып сұраймын дұғаны Алла разы болсын

  • @Бакытжан-п6ф
    @Бакытжан-п6ф 4 месяца назад +4

    Керемет подкаст болды. Тыңдай бергің келеді

  • @Women-e8v
    @Women-e8v 4 месяца назад +9

    Құрметті ұстаздар! Малика ханымның подкастына келіңіздер! Сіздерді, кітаптарыңызды осы подкаст арқылы танып, біліп жатырмыз. МашАллах қандай білімді, көркем мінезді қазақтың қыздары бар деп қуанып қаламыз. Сондай болуға ұмтыламыз

  • @Erkeabsattarova
    @Erkeabsattarova 4 месяца назад +4

    Дәл керек сәтінде көрсеткен Аллаға сансыз шүкір❤

  • @ОнласынТлесова
    @ОнласынТлесова 4 месяца назад +23

    Мен өз өмірімде ең көп айтатын Алланың көркем есімдері мыналар
    Аллах
    Ар Рахман
    Ар Рахим
    Әл Уахаб
    Ар Раззақ
    Әл Фатах
    Зул Жалал уал Икрам
    Маликул Мулк
    Әл Латиф
    Әл Мәлик
    Әт Тәуаб
    Ән Нур
    Әл Ғаффар
    Әл Ғафур
    Осылармен өте көп дұға етемін.

    • @Nurly_media
      @Nurly_media 4 месяца назад

      Менде осыларды көп айтамын🥰Әсіресе Ар-Раззақ😃Ал-Алим соңғы кезде білім алып жургесін🙂

  • @АйкаКалдыбаева-к6и
    @АйкаКалдыбаева-к6и 4 месяца назад +2

    😢😢😢Алла разы болсын. Алланың шексіз мейірімін сезінудің өзі. Ғажап . Екі дүние жақсылығын тілеймін. әр Рахман есімі арқылы құранға деген оқуға деген махаббатым ашылды

  • @qasietjahanbaeva1485
    @qasietjahanbaeva1485 Месяц назад

    Ушул беруудон. Эн. сонун создорду угуп жашоомо колдономун журогумдон орнолушуна Аллахум озу жардам берсин. тилеймин жалынамын Амин

  • @ElviraAldabergenova
    @ElviraAldabergenova 11 дней назад

    Осы подскасттың арқасында, Және жақсы жаңалық, мінезім өзгерді, жұмсақ болып кеттім, и жолдасымныңда маған жақсы жағынан өзгерді!

  • @ГүлнұрБаярыстан
    @ГүлнұрБаярыстан 3 месяца назад +1

    Айнұр ханымды мен танымаймын. Керемет эфир. Ғажап ақпарат. Санама жеңіл жетіп жатыр. Сондай тәтті инсайт болды санама. Аллаға Исламға Мұхаммед пайғамбарға с а у разы болып қабылдауды ұқтым. Аллаға шүкір. 💞📖🗝🫶📚📇⚖️💐

  • @smlsml89
    @smlsml89 4 месяца назад +2

    Даусы құлаққа жағымды, ма шаа Алла, керемет ұстаз екен, Алла баршаңызға разы болсын!

  • @МаралМаке-к1ш
    @МаралМаке-к1ш 3 дня назад

    Машааллах осы подккст прям адеми керекти оте пайдалы подкаст болыпты маган катты унады. Алла разы болсын сиздерге Малика устаз жане Айнур ханым жане команда. Мен осы подкасты корип конил куйим катты котерилип кудайга дугама деген сенимди тагыда асыватыр . Алла сиздердин арканызда сиздер себепши боп мен тагыда жаксы сезимдерге боленип завтрак ишип куаныыып корип алдым. Алла разы болсын❤

  • @Dana-hlf
    @Dana-hlf 4 месяца назад +1

    Алла разы болсын 🤲 Сіздің әрбір подкастыңыз мағыналы, мәнді. Шақырған қонақтарыңызға да алғысым шексіз. Олар шынайы өздерінің білімдерімен, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қаншама қыз-келіншектердің рухани, діни қөзқарастарын, білімдерін арттырып жатыр. Бұл - үлкен сауап.

  • @aimanabildaeva9174
    @aimanabildaeva9174 4 месяца назад +2

    Мына подкаст ең ерекше болды гой ❤
    Прям уақытында шыкты Машаллах

  • @КундызайКенжабекова
    @КундызайКенжабекова 4 месяца назад +2

    МАЛИКА ҰСТАЗ, СІЗДЕН ӨТІНІШ БЕС УАҚЫТ НАМАЗДЫ БЕСІН, ЕКІНТІ,АҚШАМ, ҚҰПТАН, ҮТІР, НАМАЗДЫ ШЫҒАРСАҢЫЗ НҰР ҮСТІНЕ НҰР БОЛАР ЕДІ.❤❤🎉🎉🌷🌷🌷🥀🥀🥀⚘⚘⚘🕊🕊🕊🦋🦋🦋

  • @АкеркеПернебек-р4ш
    @АкеркеПернебек-р4ш 3 месяца назад +1

    Өте керемет ,мағыналы ,түсінікті ,әр сәтінен ерекше әсер ала алатын подкаст Ма ша Алла 😍😍👍👍👍

  • @Гулнар-в6ч
    @Гулнар-в6ч 4 месяца назад +2

    Алла разы болсын Малика ұстазға ұстаздарға, осы подкастың шығуына үлесін қосып жатқан кісілерге, пайдалы білім алып жатырмыз
    Әл Әлим

  • @Gulnaz-rq2xr
    @Gulnaz-rq2xr 4 месяца назад +2

    Қонақ ұстаз шын жүрегімен барынша ашылып, пайда әкелгісі келіп, керемет ниетпен түсіндірді бәрін, сондықтан жүрекке жетті әр сөзі, нұр болып отыр 🫶

  • @Magzhan-i6r
    @Magzhan-i6r 4 месяца назад +1

    Саламатсыздарма! Малика ұстаз Алла сізге,сіздің отбасыңызға екі дүние бақытын нәсіп етсін...осы подкасттар арқылы бізге көп тәлім тәрбие беріп жатырсыздар...Бүгінгі подкастты көріп жатып шынында дұғаларымның қабыл болып жатқанын,ал өзім сол нәрсені байқамай жүргенімді түсіндім..қателік жасап Алла менің дұғама жауап қатпады деп нәпсіммен шайтанға арбалып жүрген едім...Алланың кеңдігіне тілекті,жайылған қолды бос қайтармайтынына бүгін көзім жетті.Рахмет сіздерге

  • @AidanaKalanbekova
    @AidanaKalanbekova 20 дней назад

    Маған Раббымның "Әл-Қуддуус-Аса Қасиетті" деген есімі өте қатты ұнайды. Расымен де, Алланың осы есімін айтып жүріп Оның қолынан барлығы келетініне, менің мәселелерімді шешуге тек Аллам көмектесе алатынына куә болдым

  • @АйтбуОсмонова-и7р
    @АйтбуОсмонова-и7р 4 месяца назад +2

    Малика устаздын, подкастарын узбой кормун.Канча билим алдым, ыраазымын.

  • @Султансери
    @Султансери 4 месяца назад +2

    Аллахым сиздер сиякты устаз болуды маган да насип етсин🤲🫰

  • @GazizaRaimkulova
    @GazizaRaimkulova 3 месяца назад +3

    Аллаға деген махаббатымызды одан сайын аша білді бүгінгі қонақ🎉🎉🎉

  • @Erkeabsattarova
    @Erkeabsattarova 4 месяца назад +2

    Сондай ақкөңіл, ашық жарқын әпке екен, Алланың нұры жаусын сізге❤

  • @АсемайТайжан
    @АсемайТайжан 4 месяца назад +3

    Мен жақында дәрі аламын деп ұзақ жүр едім аптекаға баруға қолым тимей, зікірді айтқанда таң қалдым маған не керек осы подкасттан келді! Рақмет сіздерге! Подкасттарыңыз көбейе берсін!

  • @rabigamirzakhmetova8480
    @rabigamirzakhmetova8480 4 месяца назад +2

    Керемет подкаст болды🙏. Алла разы болсын🙏. Алланың көркем есімдерін түпкілікті түсіндіріп бергеніңіз үшін мың алғыс💐💐

  • @kulermolzhanova5795
    @kulermolzhanova5795 4 месяца назад +1

    Ұстаз тыңдап отырып жылап қалдым. Омирде керемет адамдар копко. Малика ұстаз Алла разы болсын ❤

  • @ЗульфияКасымжанова-е3ю
    @ЗульфияКасымжанова-е3ю 4 месяца назад +3

    Қайырлы күн, Малика ұстаз! Осы подкаст шыққалы үзбей көремін. Намаздамын, Алланың сабақтарына да түсіп тәубе етіп келемін. Аллаһым мен өміріме разымын, сен де разы болшы!- деп тілеудемін. Шүкір🤲
    “Теңдессіз дұғалар” кітабына жете алмай жүрмін. Мекен-жай жазу керек па? Алла осы подкасты ұйымдастырушыларға, жүргізуші Малика ұстазға, келіп өзінің ілімдерімен бөліскен әрбір ұстаздарға, әйелдер қауымына, ханымдарға Алланың нұры жаусын. Алла тілеген тілек, дұғаларымызды қабыл еткей. Қарағанды қаласынан

  • @ЗаурекулЖиенбаева
    @ЗаурекулЖиенбаева 4 месяца назад +2

    Ассалаумалеикум уа рахматулаки уа баракатух Устаз Алла разы болсын көп былім алдым Аллага сансыз шукыр Алланын калауымен жаным катты киналып тур еді Аллахым өзі насып етті

  • @ЖанарШонова-ы1ч
    @ЖанарШонова-ы1ч 3 месяца назад +1

    Керемет оте пайдалы подкаст рахмет🌸Аллах разы болсын🤲

  • @dilfuzakz5455
    @dilfuzakz5455 4 месяца назад +2

    Ассаламу алейкум ұстаз!Қандай керемет подкаст болды!Жылапта алдым .Мің алғыс сіздерге❤❤❤

  • @КуляшИблдаева-ц1ь
    @КуляшИблдаева-ц1ь 4 месяца назад +2

    Малика саған Алла разы болсын! Осындай подкасты ойлап шығврғаның үшін.❤❤❤❤❤

  • @КундызайАширбекова-э2у

    Алла разы болсын Айнұр ұстаз, Малика ұстаз Осы подкаст арқылы Алланың маған не айтқысы келгенін түсінгендеймін

  • @ГульданаАлданова
    @ГульданаАлданова 4 месяца назад +1

    Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух ❤️
    Мына подкаст потологтың потологы Ма Ша Аллаһ 🤲
    Әсерлі, мощный, қандай энергетика мына ұстазда, қандай керемет сеніммен уверенно , каждый сөзі взрыв мозга , Ма Ша Аллаһ 🤲🫶❤️ Алла разы болсын сіздерге осындай керемет подкасттар көбее берсін, ықыласты, шынайы мүсылмандардан , Алланың сүйікті құлдарынан болуға бәрімізге нәсіп етсін 🤲

  • @aitolkyn_serikqyzy
    @aitolkyn_serikqyzy 4 месяца назад

    Подкасты қайта көріп керек жерлерін түртіп алу керек болды
    Әр подкасты тыңдаған сайын туууура мендегі мәселені қозғап жатқандай миым жарылатындай тыңдаймын тек тыңдап қоймай енді амал ету қажееет😭❤️❤️❤️❤️❤️❤️
    Алла разы болсын білмейтініміз көп қой

  • @UlbosynBegalyeva
    @UlbosynBegalyeva 4 месяца назад +5

    Келген қонақтардан керемет уйренетін ілімдеріміз хайырлы берекелі болсын падкаст конактары карапайым жузі нурлы кісілер ❤