Досыммен ойнап келемін деп кеткен жеті жасар ойын баласы трансформатордағы тоққа түсіп жан тапсырды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 11 авг 2021
  • Жеті жасар Айсұлтан Жарқынның өлімі бүкіл Ақмола облысы Бектау ауылының халқын жинады. Өзі секілді досымен күнде ойнап жүрген жерінде өзгеше ойнағысы келді ме екен, Айсұлтан бұл жолы трансформатордың астынан өтемін дегенде,10 мың вольт соғып, басы темірге жабысып қалған. Денесі қап-қара болып күйіп кеткен баласын алып шығамын дегенде анасын да екі рет тоқ соғыпты. Ай-күннің аманында ер жетіп келе жатқан ұлынан айырылған отбасы "жауаптылар тым құрыса трансформатордың сыртын қоршап берсе" дейді. Ал, жауаптылар болса ауылдағы барлық электр желісі белгіленген тәртіпте, регламентке сай салынған деп, міз бақпай отыр.
    Зәмеш Амангелді сол кезде ұлының ақтық демі шыққанын түсіне алмай дал болған. Марқұм Айсұлтан Жарқын Зәмештің үшінші баласы, ұлының үлкені еді. Кенже ұлы 7-айлық. Кеше түс ауа Айсұлтан анасына: "досыммен ойнап келемін" деп айтыпты. Балаларға кеткендіктен анасына жазым болып қалады ау деген ой келмеген. Бала жүрегі сезді ме екен, жуырда ғана "енді мектепке барамын, ойыншықтарыммен сен ойнайсың" деп, бауырына аманаттапты.
    ЗӘМЕШ АМАНГЕЛДІ, Айсұлтанның анасы:
    - Мама, мен қасыңа жатайыншы дей берді. Мен қойныңа жатайыншы деп. Сосын келді да, інісінің басынан сипап отырып: "мына ойыншығым енді саған қалады ғой. Сен ойнайсың, иә? -деп сөйтеді. Мен сабаққа кіріп кетемін, ойнамаймын, үлкен болдым ғой деп інісіне қайта-қайта мен мынаны мына жерге жинап жүрмін деп, шкафтың ішіне сала берді.
    Ойнап жүріп тоққа түскен Айсұлтанды ең бірінші жанындағы кішкентай досы көріп, үйіне жылап барған. Марқұмның анасы алып ұшып жеткенше бала қап-қара болып күйіп, шаштары сымдарға жабысып қалыпты. Бектаулықтар ауладағы ешбір трансфарматор қоршалмаған деп ашуланып отыр. Оқыста тоқтан ақау шығып, от жарқ ете қалса ауылда келе қалатын электрик те жоқ екен.
    ЕРКЕБЕК ӘБІЛХАНҰЛЫ, Бектау ауылының тұрғыны:
    - Үлкен арматура жерге қағылып, тоқ ұрған жағдайда жерге сіңіп кететіндей жағдай жасалмаған мында! 10 мың вольт! Мысалы 5-6 мың емес, 220 емес, 10 мың вольт! Қараңыздаршы, баланы почти жағып жіберген!
    НҰРБОЛАТ СМАҒҰЛ, Бектау ауылының тұрғыны:
    - Қоршау керек қой бәрін! Ауылда бәрі ашық-шашық жатыр. Не биік болуы керек па. Мынау енді жерден қарағанда 50-ақ сантиметр биіктікте тұр.
    Бала тоққа түсіп қайтыс болды дегенді ести сала ауданнан прокурор, полициядан бастап, осы трансформаторға жауапты компанияының жауаптылары келіпті. Сараптама жасау үшін баланың мәйітін Нұр-Сұлтанға жіберген. Қазір аудандық полиция Шортанды аудандық электржелілік үлестіру компаниясының үстінен қылмыстық іс қозғаған. Ал, трансформатордың барлығы заңға сай орнатылғанын айтқан бас инженер "сыртын қоршауға міндетті емеспіз, қоршау үшін ешқандай заңдық талап жоқ" деп отыр.
    АНДРЕЙ САХАНЕНКО, Шортанды аудандық Электр желілерінің бас инженері:
    - Ол жерде өмірге қауіпті деген белгі тұр. Жақындауға болмайды. Трансформатордың сырты темірмен қапталған. Норма бойынша оны темір тормен қоршаудың қажеттілігі жоқ.
    Егер электр желілеріне жауапты компанияны сот кінәлі деп тапса қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал, Айсұлтанның туыстары жауаптылар жазадан сытылып кете ме деп күдіктеніп отыр.
    Айбар Төлжанұлы, Дидар Елеуов
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    RUclips - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informburo31
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #трасформатор #өлім #тоқ #адам_өлімі

Комментарии • 267

  • @user-mr7tp1gw3p
    @user-mr7tp1gw3p 2 года назад +90

    Қазақтың қара баласынан айырылдық иманды болсын бауырым жаның жәнатта болсын

  • @user-pf6jt6ql7k
    @user-pf6jt6ql7k 2 года назад +81

    Ата анасына сабыр берсін періште қыршын кетіпті өкінішті😭😭😭

    • @user-ve5qp4kb1f
      @user-ve5qp4kb1f 2 года назад +2

      Заң шығарғыштар неге трансформатор барлық жерде қоршаулы болсын депнеге заң шығрмайды.талай баланың обалына қалып жатыр.

  • @user-cg9tg3fz5v
    @user-cg9tg3fz5v 2 года назад +49

    ОЛ жерде өмірге қауіпті деген белгі тұр дей ме.Ойын баласы оны түсіне ме.......Иманды болсын😥

    • @user-qg7ul6gw3x
      @user-qg7ul6gw3x 2 года назад +1

      ..

    • @user-tu6bw4nk7b
      @user-tu6bw4nk7b 2 года назад

      Соны аитам кішкентаи бала түсінбеидіғо оны

  • @zhanat2096
    @zhanat2096 2 года назад +38

    😢😢балақайдың жатқан жері жайлы болсын. Ата анасына сабыр берекөр Алла.

  • @nuriyazhakupova1279
    @nuriyazhakupova1279 2 года назад +49

    Они всегда прав. Әрине қоршаулы тұру керек. Бедный Жарык дейсин.

  • @user-ij5fp4us7t
    @user-ij5fp4us7t 2 года назад +26

    Отбасына сабыр берсін!
    Иманын берсін🤲

  • @user-nq6rn9pk4p
    @user-nq6rn9pk4p 2 года назад +32

    От, басына сабыр берсин! Обал, ай енди мектепке барайын, деп журген де! Иманын, берсин 🤲🤲

  • @Abu_nasir123
    @Abu_nasir123 2 года назад +18

    Анасын - ай жаным - ай, не көрмеді, какой то секунд. Аллам жеңілдік берсін 🤲🏻 анасына қыйын болған екен

    • @user-xg2bw7dz3h
      @user-xg2bw7dz3h 2 года назад

      Бызде де трансформатр ашык остып тур енды оздерын коршап койындар булар арине жазадан сытылып кетеды ата анасына кайгыряып коныл аитамын

  • @asemkoldey4517
    @asemkoldey4517 2 года назад +36

    Трасформаторлар сеткамен қоршауға алынсын!

  • @user-cr7yr5io7z
    @user-cr7yr5io7z 2 года назад +8

    Иманды болсын балапан

  • @user-ug2tx3rk9d
    @user-ug2tx3rk9d 2 года назад +55

    Енди мектепке баратын бала кайдан билсин не жазылып турганын, коршау керек еди! Периште жаны жумакта болсын.

    • @user-ew7uv2xn1h
      @user-ew7uv2xn1h 2 года назад +1

      Не только коршау а должно быть трансформатор находится отдельно внутри помещения. А то что я вижу преступный халатность. Смело подавайте в суд на электоснабжающий контору. Пусть заплатят многомиллионную компенсацию.

    • @mobilplus2374
      @mobilplus2374 2 года назад

      @@user-ew7uv2xn1h да ВОТ ИМЕННО ТАК ТОЧНО БЕЗСЛУВОНО СОГЛАСНО ВАШЕГО МНЕНИЯМИ 🤝👏✊✊✊✊✊✊✊💪✌️

    • @user-te6xp5fh2t
      @user-te6xp5fh2t 2 года назад

      Періштеғой,шапағатты болсын.ата-анаға сабыр берсін.

    • @user-cw4es3gt4o
      @user-cw4es3gt4o 2 года назад

      Мектепке бармаған,сауаты жоқ бала ондай жазуды қайдан оқиды? Мүмкін, орысша түсінбейтін шығар? Не деген жауапсыздық, салғырттық! Трансформатор мүлде ашық тұр, соның өзі жеткілікті емес пе? Крыловтың мысалындағы""Әлдінің алдында әрқашан әлсіз кінәлі" болып тұр.Ертең бұл мекеме "сүттен ақ болып, жауапқа тартылмай, іс қысқарып" бітпесіне кім кепіл! Періште- баланың әруағы кешірмес! Обал- ай, осылай ауылда қаншама бала өлім құшып жатыр бейбіт күнде.... Қылмыстық жауапқа тартылуын талап етеміз.Егер осы жағдай "Қоршау заңда қарастырылмаған" деп сайрап тұрған адамның басына келсе, қалай басқаша сайрап қоя берер еді. Қауіпсіздік техникасы сақталмағаны бірден көзге ұрып тұр ғой, заң қайда?

  • @user-sw9zd1ds8w
    @user-sw9zd1ds8w 2 года назад +30

    Осылаи біреу өлмеи ол жер жабылмамды ғои сонда ғана қимылдаиды жабуға

    • @azakushekov720
      @azakushekov720 2 года назад

      Олар қимылдаиын деп тұрған жоқ ,бәрі заңды деп тұргои

  • @user-vv9zg4yn9y
    @user-vv9zg4yn9y 2 года назад +1

    Бізде кулсарыда кез келген жерде тур тоқтардың шкафы 10мың вольтык бəрі тормен мыкты қоршалған.Атырау -жарык басшысына рахмет.Міне осылай болу керек.Құр темір болмайды өте қауіпті кез келген уакытта ток ұрады.Бұл жерде жауапты өкілдер кінəлі.Ата-анасына сабыр берсін Аллам арты жаксы болсын.

  • @bizdinuaqyt6795
    @bizdinuaqyt6795 2 года назад +43

    Оттамаңдар бала оны кайдан біледі. Барлық трансфарматорлар қоршалсын барлығы. Көрген адамдар айтыңыздар бәріңіз таратыңыз. Жетсін құлақтарына керек көр соқырлардың.

    • @user-we5gp2ro6t
      @user-we5gp2ro6t 2 года назад +1

      Осындай окигадан канша омир киылды алдындада,сондада ешкандай натиже жок башылардан,курып кеткен укимет,...кашан сендер жаксылык жасайсындар ,коршаугада акша жокпа?Оздеринин жагдайларынды жасап жатырсындар,онбагандар...

  • @user-fs4bz3jj6x
    @user-fs4bz3jj6x 2 года назад +37

    əлгі.гл.инжинер.толық.жауаапты!!!.необязань.деп.тұр.....бір.жас.өмірді.қиды.!оңбаған.жарық.таратушы.100.пайыз.кінəлі.

    • @user-kk4pn5of8c
      @user-kk4pn5of8c 2 года назад +3

      Знакті қайдан біледі кіттай бала

    • @user-ew7uv2xn1h
      @user-ew7uv2xn1h 2 года назад

      Судка беру керек. Компенсация толесин 5 миллион.

  • @user-ve7hd9rj1w
    @user-ve7hd9rj1w 2 года назад +2

    Алла ата -анасына сабыр берсін!Иманды болсын

  • @user-pk9el4hn9i
    @user-pk9el4hn9i 2 года назад +14

    Мен быр денгеге тусуемеймын сол жерге 4 стойка жасай олмадма оул тургындары тойда жасап жатыргуй карантынде укметге карамай

  • @user-ht9ic3kt1o
    @user-ht9ic3kt1o 2 года назад +2

    Жаным ай.жаның жәннатта болсын балапан.
    Барлық жерде сауатсыздық
    Енжарлық

  • @user-uh7hw9jw9c
    @user-uh7hw9jw9c 2 года назад +18

    Сол токқа жауапты адамдар кинали Ол неге ашық жатыр Бала қайдан білсін ол белгинин не екенин

    • @temirlanegezekuly7067
      @temirlanegezekuly7067 2 года назад

      Оңбағандар қоршасын оқып білмейтін бала қайдан біледі Халық болып сұраймыз жазасын алсын

    • @user-ot9wh5ek5p
      @user-ot9wh5ek5p 2 года назад

      Осылай бир кайгы болмай ешким ойланбайды енди жергиликти азаматтар оз балаларынын кауыпсиздиги ушин коршайдыгой енди улкен болдым дегенде кош айтыстау аке шешесине сабырлык

  • @user-ub2nm1lj9v
    @user-ub2nm1lj9v 2 года назад +15

    иманды болсын бала перышты гои обал болды оте окынышты

  • @user-pn2qk7dd5h
    @user-pn2qk7dd5h 2 года назад

    Иманды болсын.

  • @bizdinuaqyt6795
    @bizdinuaqyt6795 2 года назад +8

    Аллам ата анасына сабыр берсін.

    • @tokaikurmanali1400
      @tokaikurmanali1400 2 года назад

      Алла перштеғои Ата Анасына сабыр берсін

  • @shalkarqazaq6206
    @shalkarqazaq6206 2 года назад +13

    Коршалу керек любой акымак биледи

  • @user-kg6gh6mm9v
    @user-kg6gh6mm9v 2 года назад +10

    Мына аққұлақ не деп оттап тұр,белгі бар деп,өрімдей бала ол белгіні қайдан біледі

  • @seriksiko9487
    @seriksiko9487 2 года назад +13

    Горите в аду,кто виноват гибели ребенка.Как всегда простой народ страдает.

  • @user-fc8ev2gq6t
    @user-fc8ev2gq6t 2 года назад +1

    Иманды болсын

  • @user-zi1nm6vu4j
    @user-zi1nm6vu4j 3 месяца назад

    Ата анасына сабырлык иманды болсын сотка беру керек

  • @user-vu6wt6yu2p
    @user-vu6wt6yu2p 2 года назад +4

    Иманды болсын ! Періште ғой

  • @learnmore216
    @learnmore216 2 года назад +4

    Баланы қарау керек, айтып отыру керек. Біз төртінші қабатта турдық. Балама подоконникке жақындама дейтінмін. Ол қорқатын.тіпті жақындамайтын. Көшедегі люктерді баспа, ішіне тусіп кетесің деп уйреттім. Қазір жасы 21 де, баспайды люктың үстін, аттап өтеді. Астанада сол жағалау бұл, ашық құдық жоқ. сонда да айта берем. Бөтен таныс емес көп адамдармен лифтке мінбе, есікті ашқанда басыңды есік пен коробканың арасына салма, тез шық, біреу артынан теуіп жіберуі мумкін, ешкімге есік ашпа, тунде тел зарядканы қойма, жарылып кеткен жағдайлар болған, жолды байқап өт, қызыл светофорға өтіп кететіндер болады, біреуден көшеде пакет, сумка алма ұстай тұршы десе, таксидің артқы орнына отыр.... т т өмір бойы айтып келем.

  • @user-py1zw8xt1e
    @user-py1zw8xt1e 2 года назад

    Ой байғұс ай иманы саламат болсын отбасына сабыр тілеймін артында калған бауыры улкен Азамат болсын

  • @user-kh9ce9br6j
    @user-kh9ce9br6j 2 года назад +3

    Бала тусинбидигой кауыпты дегенди . Алла сабыр берсин анасына.

  • @kalampirseylkhanova8380
    @kalampirseylkhanova8380 2 года назад +1

    Иманды болсын ата анасына сабыр берсин

  • @user-mh8gl5cn2r
    @user-mh8gl5cn2r 2 года назад

    😥😥😥жаны жумакта болсын Аумин кудаи озине сездртип шакырган гои .

  • @user-rx7kk1bm3g
    @user-rx7kk1bm3g 2 года назад +11

    Ох Жанымысау 😢😢😭😭😭карап отырмай коршандар кутпендер не керек окметке сенип

  • @user-lf7iy5mv4x
    @user-lf7iy5mv4x 2 года назад +6

    Ата анасына сабыр берсин ол белгини жас балдар тусинбейди бийлик соны ойламайды обизательно биреу оледи сосын кимылдайды албасты арам тамактар

  • @nursulubarikenova1016
    @nursulubarikenova1016 Год назад

    Кашанда аксак кой түстен кейін маңырайды деген осы.Міндетті түрде бір каралы казалы жағдай болғанынан кейін мыжулар закон жағын айта бастайды.Өкінішке орай талай жанның ажалына осындай макулык басшылар кінәлі екені адам түгіл кудайгада мәлім.От басына сабыр берсін жараткан..🙏🙏

  • @user-rg6kf6pt7u
    @user-rg6kf6pt7u 2 года назад +2

    ата анасына сабыр берсин әде ми сүйкимди бала екен

  • @sanmiaysel8400
    @sanmiaysel8400 2 года назад

    Журегимай иманды болсын

  • @user-vx1yc5kc8q
    @user-vx1yc5kc8q 2 года назад +4

    Тоққа түскені белгілі неге баланы тексеруге алып кетеді? Тексерген болып іш құрылысын алу керек па?

  • @user-mk3rj8wr4i
    @user-mk3rj8wr4i 2 года назад

    Жауап берсин сотталсын сырты коршалмаган не сумдык

  • @zhamiliyatuiyakbaeva5497
    @zhamiliyatuiyakbaeva5497 2 года назад +2

    Алла есиркесин

  • @user-kj6no6vr2j
    @user-kj6no6vr2j 2 года назад +1

    Шошқа жеген орыс, қазаққа жаны ашымайды. Міндетті түрде қоршау болу керек. Жазасын алсын кінәлілер, соңына дейін барыңдар тұрғындар. Ата-анасына алла сабыр берсін.

  • @user-sy2fq5or5t
    @user-sy2fq5or5t 2 года назад

    Жаны жәннатта болсын! Әке шешесіне бауырларына аллаһ тағалам сабыр берсін.

  • @user-vf3wc2oh4u
    @user-vf3wc2oh4u 2 года назад +4

    Алласы аясын.

  • @user-bs1ut5jf4h
    @user-bs1ut5jf4h 2 года назад +1

    Кудай сактасын

  • @karo4ekz177
    @karo4ekz177 2 года назад

    Периште күиде пеишке кетти алдынан жарылқасын.Ата ана бауырларына алла сабыр берсин.жаиы жаннатта болсын. Балдарды алансыз жиберугеде болмаиды.қоршалган трансформатырдыңда бирин бири көтерип үстинеде шығады.алла сақтасын .бирде баиқап қалып көзим шығып құлауға қалдым. Негизи балдар жуымаитын алыс болсағои тынышы.қазирги заманда двордың ортасына бир емес еки трансформатыр қоиып қоиған үстине доптары түсип алуға балдар өрмелеп жатады. Алу керек ортадан.

  • @akerkeabilash9038
    @akerkeabilash9038 2 года назад +1

    Алла ата анасына сабыр берсін 😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭😭

  • @amalbekegamberdiyev
    @amalbekegamberdiyev 2 года назад +1

    Балиғат жасына толмаған екен.Аллаһ жәнәттық еткей Инш Аллаһ...

  • @user-kp7jm1mw5e
    @user-kp7jm1mw5e 2 года назад

    ЖАНЫ ЖӘННӘТТӘ БОЛСЫН

  • @nurisknopka6156
    @nurisknopka6156 2 года назад

    иманы салауат болсын

  • @user-sy2en1ke4t
    @user-sy2en1ke4t 2 года назад +1

    Жауапты адамдар басты катырмасын шарбакпен коршалыу керек

  • @user-ok3ke1ke4y
    @user-ok3ke1ke4y 2 года назад

    қаиырлы қазаболсын.

  • @nuriyazhakupova1279
    @nuriyazhakupova1279 2 года назад +5

    Бала кайдан билсин знагынды

  • @perizatmambetova9857
    @perizatmambetova9857 2 года назад +3

    Кудаи есиркесин

  • @user-yy8js8uh3q
    @user-yy8js8uh3q 2 года назад +1

    Кудай сактасын! Балага карау керек кой,жаным балакай жанын жанатта болсын 🤲🤲🤲

  • @user-wi3wv3bv3b
    @user-wi3wv3bv3b 2 года назад

    Жазасын алсын жауаптылар ,Алла жазаларын берсін , қоршаулы болса бала жақында аспа еді

  • @KaJIauCbIH-123
    @KaJIauCbIH-123 2 года назад

    Аллам өзі алдынан жарылқасын. Періште ғой. Трансформатордың сырты қоршалу қажет. Бала түсінема сондайды. Қанша айтып отсаңда есінен шығарып жібереді ойнап жүріп. Оңбағандар өздерін ақтап алғысы келіп тұр ғой.

  • @user-bw8mp5zv1v
    @user-bw8mp5zv1v 2 года назад +1

    ЖАНЫ. ЖƏННАТТА БОЛСЫН

  • @mobil2eurasia539
    @mobil2eurasia539 2 года назад +10

    Оздерин коршамайсындарма коршау керек деп отырмай 8 метр сетка 4 стойка ауылдарыннан шыкпадыма.

    • @JASTAR_LIVE
      @JASTAR_LIVE 2 года назад

      Олай қоршаса жшс халықты сотқа береді

  • @alimakudaybergen3845
    @alimakudaybergen3845 2 года назад

    Акимдикке коршап беру тукке турмайды гой. Ол кишкентай балалар суреттеги белгиге караушыма еди. Баланын аты бала , кайсын андып отырсын. Бала олими оларга аздык етип отырма. Артык соз айтпай , сразу коршаушы еди уяты ,адамгершилиги болса акимдиктин. Периште балапаннын жаны жаннатта болсын! Туган туыстарына Аллах сабырлык берсин!

  • @user-ez1we3cd9w
    @user-ez1we3cd9w 2 года назад +8

    Мазгаюптар кишкентай бала бимейдиго ондайды

  • @user-ew6um1mo4f
    @user-ew6um1mo4f 2 года назад

    Абден біреу өлу керек болып тұрғои баланы алдынан жарлықасын Аллам анасына сабыр қуат берсін

  • @ybyraizhalalidinov8427
    @ybyraizhalalidinov8427 2 года назад

    Ата анасына еліне Алла сабыр берсін күш қуат берсін арты қайырлы болсын

  • @user-pk6im5wg7s
    @user-pk6im5wg7s 2 года назад

    Трансформатор міндетті түрде қоршалу керек, бала да малда токқа түсіп қалу қаупі өте жоғары. Кінәлілер жауапқа тартылсын!

  • @user-wi3wv3bv3b
    @user-wi3wv3bv3b 2 года назад

    Обал періште 👼 ғой кішкентай ,ата-анасына Алла сабыр берсін 🤲,жеңілдік берсін 🤲

  • @serikjan5075
    @serikjan5075 2 года назад +1

    КАЗАКСТАН БОЙЫНША АШЫЕ-ШАШЫК ЖАТЫР

  • @user-qm8kf5ot7w
    @user-qm8kf5ot7w 2 года назад

    Әрине қоршалуы керек Ойын баласы қайдан білсін Өкінішті Кішкене ғана періште бақұл бол Алдыңнан жарылқасын Ата анасына Алла сабыр берсін

  • @gulzhanbaimurziyeva5911
    @gulzhanbaimurziyeva5911 2 года назад

    Иманды болсын бала вты бола қайдан білсін

  • @user-xf2bq2en3m
    @user-xf2bq2en3m 2 года назад +2

    ондай астының ашық тұрған трансформаторлар көп соған бір шара көру керек қой астын кірпіш пен қалап тастау керек .

  • @snapwin5322
    @snapwin5322 2 года назад

    құдай сақтасын Алла жар болсын

  • @gulmiraarzymbetova5162
    @gulmiraarzymbetova5162 2 года назад +1

    Трансформаторды қоршау керек!!! Балалар барлық жерде ойнайды!!! Егер ұл бала болса, жүрмейтін жері жоқ!!!! Электр тоғына жауап беретін адамдар, әкімшілік, семьяға штраф төлеу керек!!!! ✓✓✓✓✓

  • @gulmirademesinova1064
    @gulmirademesinova1064 2 года назад

    Алла сактай кор😟 Иманды болсын🤲 Анасына, туыстарына кеуыл айтамын, Алла сабыр берсын сыздерге, бекен болындар😔😔😔😥😥😥

  • @user-ch6qs9jr8s
    @user-ch6qs9jr8s 2 года назад

    Алла қамқорына алсын, періштені.

  • @znandauatemir6128
    @znandauatemir6128 2 года назад

    Ужас жаным-ау Жаның қиналдау Аллаһ рахымына алсын өте өкінішті жағдай Жауаптылар жазасын алсын

  • @user-ez1we3cd9w
    @user-ez1we3cd9w 2 года назад +12

    Ебайт ауылдын акимшилик кайда карап отыр

    • @aizhan27_
      @aizhan27_ 2 года назад

      Ауылда көшеде ит,тауық өлексе жатады соны да байқамайды екен әкімшілік адамдары.

  • @user-vd6nj9hz9g
    @user-vd6nj9hz9g 2 года назад

    Алла абырой берсин елимизге жанымау жаны жэнете болсын ата анасына сабырлык берсін

  • @user-dd2nl5zc3q
    @user-dd2nl5zc3q 2 года назад

    Иманды болсын боз бала

  • @user-xy8ug7po7x
    @user-xy8ug7po7x 2 года назад

    Иманды болсын🤲🤲🙏😘😘

  • @aidokz9472
    @aidokz9472 2 года назад +1

    бала білмейдіғо жақындатуға қауіпті дегенді, қоршаса қайтеді екен ,

  • @user-od6qz3yz2k
    @user-od6qz3yz2k 2 года назад

    Иманды болсын 😢

  • @seluas2167
    @seluas2167 2 года назад

    Бұл не масқара ол транспарматорды жабу керек.Балар ойнап барады. Жауапқа тарту керек, міндеті түрде кім жауапты???

  • @user-no1no7mm3m
    @user-no1no7mm3m 2 года назад +4

    Қаншама ер адам бар өздерің қоршау керек едіңдер, бала ұшін қаттябы, біреу қарап о ыра берсең осы

    • @user-gq8yl8tj7c
      @user-gq8yl8tj7c 2 года назад

      Дурыс дурыс менде осыны аитып отрм

    • @user-gq8yl8tj7c
      @user-gq8yl8tj7c 2 года назад

      Бз жактада бар коршап видео камера коиып отрмыз. Бр бале шыгып калмасын деп. Балага оте обал болды

  • @user-xz3lg3ps2m
    @user-xz3lg3ps2m 2 года назад

    Иманды болсын периште 🤲 ата-анасына сабырлык тилеймин! Компанию надо привлечь это дело вопиющее!!!!

  • @user-nk2it6nl5c
    @user-nk2it6nl5c 2 года назад

    Трансформаторди коршау керек ,себеби белгины улкен адамдар тусинет ,кишкентай балар билмит ,кудай сактасин баланы жалко .😌

  • @dagger185
    @dagger185 2 года назад

    Ата анасына сабыр берсін

  • @alihanorynbasar4342
    @alihanorynbasar4342 2 года назад

    Киналилер жауап берсин баланын жаны жаннатта болгай иманды болсын ата анасына сабыр бергеи.

  • @farizazhumagalieva7096
    @farizazhumagalieva7096 2 года назад

    Кудай кокеси.

  • @user-de1ej2he2b
    @user-de1ej2he2b 2 года назад

    Қоршалуы керек,бала білеме жоламау керек дегенді

  • @user-ri9fo1yv4s
    @user-ri9fo1yv4s 2 года назад

    Алла сактасын иманды болсын

  • @user-ng2mz5ls8p
    @user-ng2mz5ls8p 2 года назад

    Сол коршауды кутип отыра бермей ауыл азаматтары жабылып коршап алмайма миндетты турде биреу олу керекпе баринде де бала бар аркашанда сактык керек.

  • @user-tq9xw4pv9v
    @user-tq9xw4pv9v 2 года назад

    Трансфарматорлардың неше түрін көріп жүрміз кейбірі страустың аяғында тұрған сияқты қоқайып тұрса ал кейбірі жерге кіріп кете жаздап тұрады . Рас биіктігін кем дегенде екі метрдей ғып қоршау керек. Қаза иманды болсын. 🙏

  • @user-jg6qp2ro1x
    @user-jg6qp2ro1x 2 года назад

    Кауипти белги тур деп уялмай айтып тур.Сенин белгинди балалар кайдан тусинеди.Алла анасына сабыр берсин!Орны толмас кайгы.

  • @user-eh3sg5ft9r
    @user-eh3sg5ft9r 2 года назад

    Аллаһ сабыр берсін

  • @user-ck3ju7cx2n
    @user-ck3ju7cx2n 2 года назад

    Өмірге қауіпті деген жазуды мектепке бармаған бала болса білмейді ғой

  • @user-pv1vp9it4w
    @user-pv1vp9it4w 2 года назад

    Иманды болсын, обалынай, аке шешесине сабырлык

  • @Beka450
    @Beka450 2 месяца назад +1

    Рашоткимен коршау керек озбекстанда рашоткимен коршап кояды

  • @indirakuantxan8370
    @indirakuantxan8370 2 года назад

    Сотка беру керек евро парламентке

  • @farizazhumagalieva7096
    @farizazhumagalieva7096 2 года назад

    Жаткан жери жайлы болсын.

  • @mobilezone172
    @mobilezone172 2 года назад

    Субханаллах

  • @user-xb9ox2he8r
    @user-xb9ox2he8r 2 года назад

    Башшылар оңбаған алайда қоршау болу керек нәресте ұшпақғой ұшып кетті ата анасының қайғысына ортақпын сабыр берсін аллам🙏