Бөбекжайда жүрген екі жасар бала қалай күйіп алған? Қызметкерлер нені жасырып отыр?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 12 сен 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Атырау тұрғыны жекеменшік балабақша қызметкерлерінің жауапсыздығына наразы. Ақжан Нұрғазиеваның айтуынша, оның екі жасар баласы бөбекжайда күйіп қалған. Бірақ анасына ескертіп, жедел жәрдем қызметін шақыртудың орнына тәрбиешілер оқиғаны жылы жапқысы келді дейді. Ал кішкентай ұлының жарақат алғанын әйел кездейсоқ білген екен. Сондықтан ол өз ісіне салғырт қараған мектепке дейінгі білім беру мекемесінің қызметкерлеріне шара қолдануды сұрайды.
    Бір апта бұрын Ақжан Нұрғазиева балабақшадан үйге келген баласының жамбасы күйгенін байқап, бірден жедел жәрдем қызметін шақыртыпты. Бірақ ұлының күйіп қалғанын жекеменшік бөбекжайдың қызметкерлері айтпай, болған жайтты жасырып қалуға тырысты дейді ашынған ана. Оған қоса, бір күн бұрын сол мектепке дейінгі білім беру мекемесінде кішкентай Сұлтанның қолы сынғанын айтады.
    АҚЖАН НҰРҒАЗИЕВА, Сұлтанның анасы:
    Талабым жауап берсін, басқа балалар зардап шекпесін деймін. Бәрі қыруар ақша төлеп беріп отыр ғой. Баламды аманаттап беріп отырмын. Ақшасын төлеп отырмын сеніп. Баламның күйдіргенін айтпай, жедел жәрдем шақырмай, қорлады. Морально. Зардап шекті балам, заң алдында жауап берсін. Қолын сындырды. Олар ақталып жатыр, сындырмадым, күйдірмедім деп. Ол қалай күйеді сонда ойлаңызшы.
    ЖҰЛДЫЗ ТІЛЕУХАН, тілші:
    - Анасының айтуынша, баланың денесін күйдіріп, қолын сындырған дәл осы жекеменшік балабақшаның қызметкерлері. Мән-жайды білу үшін бөбекжайға келдік. Алайда балабақшаның өкілдері есікті ашудан бас тартып, сұхбат бермеді.
    Бес күндей ауруханада емделіп шыққан бүлдіршіннің жағдайы жақсы дейді дәрігерлер. Қазір бала амбулаториялық емге жіберілген.
    ЕРЖАН ЕСБОЛАЕВ, Атырау облыстық балалар ауруханасы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары:
    - Күйіктік жарақат бөксе және сан аймағы аралықта. 1,2,3 дәрежелі күйіктің аумағы 6 пайыз. Қазір пациент үйіне шығарылды. Жағдайы тұрақты. Ары қарай емін жалғастырып, жақпа май жағуы керек. Емханалық бақылауға үйіне шығарылды.
    Ақжан Нұрғазиева баламды қиын жағдайда қалдырған адамдар жазасын алсын деп отыр. Сондықтан бірден полицияға барып, арыз жазыпты. Қазір кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бабымен қылмыстық іс қозғалған.
    МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
    - Арыз бойынша кешенді тергеу амалдары жүргізіліп, тексеру барысында облыстық балалар ауруханасы дәрігерлерінің қорытындысымен 2023 жылы туылған баланың 2-ші дәрежелі күйік екені анықталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
    Ал мектепке дейінгі білім беру мекемесінің өкілдері әлеуметтік желіде қалдырған жазаларында болған жайтты жоққа шығарған.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии • 10

  • @user-cx9bm3tc1f
    @user-cx9bm3tc1f 17 дней назад

    Тез сауыгып кетсин баланыз

  • @MrRes-ni7jg
    @MrRes-ni7jg 19 дней назад +4

    Жумыстан шыгып оздерин баксандаршы, корермиз калай карайтындарынды!

    • @Madina-hd4sl
      @Madina-hd4sl 18 дней назад

      Тәрбиеші боламын деп оқыдыңыздар ешкім қинап тәрбиеші бол деп отырған жоқ

    • @MrRes-ni7jg
      @MrRes-ni7jg 17 дней назад

      @@Madina-hd4sl мен тарбиеши емеспин кудайга шукир!

    • @Madina-hd4sl
      @Madina-hd4sl 17 дней назад

      @@MrRes-ni7jg онда балабақшаға барып жүрген балаларыңыз жоқ шығар?сондаи жазсаңыз.Әр кім өз жұмысын дұрыс жасау керек .Міндет деген бар ...ия балалармен жұмыс жасаған оңаи емес

    • @MrRes-ni7jg
      @MrRes-ni7jg 17 дней назад +2

      @@Madina-hd4sl 5 жасар балам бар , уйде отырып та осындай жагдайлар болады!

    • @Madina-hd4sl
      @Madina-hd4sl 17 дней назад

      @@MrRes-ni7jg шіркін көп әйелдерде үйде отыруға мүмкіншілік жоқ...

  • @user-hj9um8su8v
    @user-hj9um8su8v 18 дней назад +1

    Тарбиеші ай карап отирма

  • @user-yq9oy6ri2q
    @user-yq9oy6ri2q 19 дней назад +1

    Тәрбиешілер адамнаң қорқпасаңдар Алладаң қорқыңдар

    • @user-bo4ye6kw6e
      @user-bo4ye6kw6e 12 дней назад

      Тәрбиешілерге рахмет айтыңдар. Барлық тәрбиешілерге жала жабудың қажеті жоқ.