Бесік жыры

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 9 ноя 2023
  • Әлібек Ізбасаровтың орындауындағы Алтыншаш Жақиянованың сөзіне жазылған Кентау Назарбектің әні "Бесік жыры".
  • ВидеоклипыВидеоклипы

Комментарии • 1

  • @user-rk9be3iu9w
    @user-rk9be3iu9w  7 месяцев назад +2

    "БЕСIК ЖЫРЫ"
    Сөзін жазған: Алтыншаш Жақиянова
    Әнін жазған: Кентау Назарбек
    Орындаған: Әлібек Ізбасаров
    Ашылып өмірдің есігі,
    Сәбидің қойылды есімі.
    Бөбегім, мiнеки, өзіңді,
    Күтіп тұр атаңның бесігі.
    Қайырмасы:
    Әлди де бөбегім, әлдиім,
    Уілдеп бөбектің сал күйін.
    Өзіңді тербетіп отырып,
    Жаныңда мен біраз қалғиын.
    Әлди де бөбегім, әлдиім,
    Сезінші әжеңнің жан-күйін.
    Жасыңнан санаңа сіңіріп,
    Ұғып өс еліңнің ән-күйін.
    Бұл бесік талайды тербеткен,
    Бесікте әкең де ержеткен.
    Ұрпағым алаңсыз өссін деп,
    Хас шебер қашаған еңбекпен.
    Талбесік - көненің көзі бұл,
    Толғасақ тарихтың өзі - жыр.
    Әлдиде әжеңнің әні мен,
    Бабаңның өсиет сөзі жүр.