Әккі айлакерлер адамдарды арбап алдаудың жаңа тәсілін ойлап тапты

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 23 ноя 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: www.youtube.co...
    ---------------------------------------------
    Алаяқтардан айла артылмай тұр. Әккі айлакерлер адамдарды арбап алдаудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Мәселен, олар Phone-ды бұғаттап, телефон иелерінен қомақты ақша талап етуде. Мұндай жағдайлар Қазақстанда да жиілеген. Нақтырақ айтсақ, алаяқтар Apple ID идентификаторына кіре алмай отырғанын айтып, уақытша қосуды немесе аккаунтқа тіркелуге көмек беруді сұрайды. Осылайша хакерлер келіскен адамның телефонына кіріп, бірден бұғаттап тастайды.
    Көмек сұраған адамның сөзіне сеніп, оның деректерін телефонға енгізгеннен кейін, алаяқ құрылғыны бірден "Iphone-ды табу" қызметі арқылы бұғаттап тастайды. Сосын иесінен оны ашу үшін ақша талап етеді. Соңғы кезде құрылғы жөндейтін мамандардың қызметіне телефоны бұғатталып келушілердің қатары күрт көбейген. Көбі ұялы телефонын OLX-қа сатуға қойып алаяқтардың құрығына түскендер. Жарнама бойынша қоңырау соққандар алдымен iCloud-ты тексеріп алсам деп өтініш білдіреді екен. Бөтен iCloud-ты енгізген сәтте-ақ, iPhone бұғатталған.
    ДАНИЯР ӘДІЛБЕК, телефон жөндеуші:
    Мошенниктерге түсіп қалатындар болады. Телефоннан өздері телеграм арқылы ГБ аламын дейді де мысалы 64 гигабайт аз ғой, соған плюс гигабайт қосып береміз дейді, сол кезде icloud-тарын жазады сондай кезде парольдерін жазғанда мошенниктер блокқа түсіріп тастайды. Содан соң ақша сұрайды шығару үшін. Сондай жағдайда келген жас қыздар, жас балалар көбірек келген.
    Мамандар Аpple ID алаяқтардың қолына түспес үшін құрылғының жеке мәліметін ешқашан, ешкімге бермеу керектігін ескертеді. Қосарлы аутентификацияны қолданып, телефонның құпия сөзін қиындатуды ұсынады.
    АБЫЛАЙ ҚАНАБЕК, IT маман:
    Сақтану жолдары оңай өз құрылғыңызға басқа адамдардың icloud -ын енгізу қажет емес және де басқаларға айтуға логинды беру телефонға да қолданғанда байқау керек.
    Бүгінде алаяқтардың құрық байлатпас қулығында шектеу болмай тұр! Ішкі істер министрлі Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «өздерін полицей ретінде таныстырып, тұрғындардың жеке куәліктері мен биометриялық деректерін жинап жүрген алаяқ топтың пайда болғаны» туралы ескерту хабарлама таратып отыр.
    ----------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии • 3

  • @HshbSjshhs
    @HshbSjshhs 2 дня назад

    Камеранын астында пара аладыгои😂😂😂 ол отпеиды бызге