Бесікке салу рәсімі /бесікке бөлеу / бесік жыры / тыштыма ..
HTML-код
- Опубликовано: 7 сен 2022
- #бесіккесалурәсімі #бесіктой #бесіккебөлеу
Выписка
• Перзентханадан келінім...
Бесік той отбасындағы тұңғыш нәресте дүниеге келгеннен кейін, қырқынан шығарылғаннан кейін жасалатын той-думан. 🎶 🎤 🎶
Бесікке салу - нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесік киелі, құтты мүлік. Сәбидің алтын ұясы. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады.
Бесікті аластау. 🔥
Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын-шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра аластайды.
❗️Ұзақ уақыт қолданбаған бесікті міндетті түрде аластау керек. 🔥
Алас, алас, алас!
Мың бір түрлі пәлеңнен қалас!
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Уы жаманның уынан алас!
Алас,алас, алас!
Қыла гөр Алла мың пәлеңнен қалас! - деп адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу.
Бесіктің жабдықтары - түбек, шүмек, төсегі, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, екі тартпасы.
Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған. Бесікке салушы әжелер бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін шашуға әкелген тәттімен "тыштыма" ырымын жасап, тойға келген қонақтарға үлестіреді. 🍭🍭🍭
"Тыштыма" ырымы 🍬🍬🍬
Баланы бесікке бөлерден бұрын "тыштыма" ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы балаларға тәттілер
үлестіреді. Бұл дәстүр "балаға бесік құт дарытсын" деген ниетпен туған рәсім.
Осыдан кейін баланы бесікке бөлеп, бесік жыры айтылады.
Әлди, әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін. Әже, апалар батасын беріп, баланың ер жетуіне, үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді.
Бала бөленген бесіктің үстіне жеті не тоғыз нәрсе жабылады (тоғыз елдің қамын жесін деп, тоғызы түгел болсын деп, ұйқысы қалың болсын деп ...)
Бесікке салған әжелерге жаулық, қамзол сияқты сый тартылады.
Бесік тойға әкелінген бесікке көрімдігі беріледі.
Бесікке баға беріліп, Сыйға-сый дегендей бесік әкелушілерге киіт беріледі. 💎💍💎
"Баланың бесігі - кең дүниенің есігі"
ТурсынайСерикбаева ⭐️⭐️⭐️
#бесіктой 15.07.22 ж 🍇🍇🍇
Еліміз аман, бейбіт заман болсын! 💐
#шілдехана #бесіктой
#бесіккесалурәсімі
#бесіккесалу #бесіккебөлеу #бесікжыры
#бесік #бесіккесалудәстүрі
#баланыбесіккебөлеу
#салтдәстүр #сарқылмасқазына
Машалла қандай әдемі көрініс.Бәрімізге осындай той жұғысты болсын
Түфәй түфәй,Алла тіл көзден сақтасын😍😍👍🏻👍🏻.Керемет😘
Құтты болсын несібең, артық болсын несібің,
Дастарханың жайылып, ашық болсын есігің.
Құтты болсын бүгінгі шілдехана тойларың,
Тілектерің қабыл боп, орындалсың ойларың!!!
Асаба қызымыз керемет көп нәрсе білет екен. Рахмет жаным 😘🌹🌹🌹👍🏻
Бесігі өзіне құт болсын. Кәусар қыз үлкеен қыз болып өсе берсін! ⚘⚘⚘
Әмин
Керемет😍👏
Бесик той кутты болсын!!!
Бала тәрбиесі бесіктен.
уйде периштелер коп болсын ❤❤
Баланы бесікке салуда көпшілікті шақырмайды, осы күнгі қазақтар не болып кеткен, мәңгүрттер
Бәрі орындарында әдемі жайғасып отыр. Кейбір тойда айқайлап, ары-бері жүріп, бағынбай кетеді. Мынау бір әдемі той болыпты
Түбек пен шүмек сатылады дегенді 60 қа келіп енді естіп отырмын.Естімеген елде көп...
қандай күшті осылай жүргізетін асаба болса
Балапан бахытды кыз болсын
Ел боламын десең, бесігіңді түзе.
Бесікке салу рәсімі құтты болсын
Нәрестенің бесігі - кең дүниенің есігі.
Керемет♡♡
Дені сау, ғұмырлы, бақытты қыз болсын. Артынан іні, сіңлілері ере берсін! ⚘⚘⚘
Әмин
Тек жақсы қызығын көріңіздер.
Рақмеет, әмин айтқаныңыз келсін 🤲
Бесігі өзіне құт болып үлкен қыз болып өсеберсін😇🤲🏼❤️
Әмин
Гаухар қыз керемет жүргізеді. Балапан ғұмырлы болсын!
Балапанның ғұмыры ұзақ, дені сау болсын
Рақмет 💐
Төріңде бесік тұрса, төре де бас иеді.
Бесикке салган баланы сатып алушы меди. Казакта ондай салт бар ма ози? Баланы бесигимен
Тәрбие тал бесіктен.
Баланы бесікке неге екі адам салады, соған түсінбеймін
Бесикте бпла тыныш уиыктаиды ари таза
Ойларына келгенін істеп жатыр. Мынау деген (бесіктің үстіне үйіп сап, бұл қайдан шыққан тағы) тіпті өрескел екен.
Қазақтың неше түрлі ырымдарын өздерің шығарып жүрсіңдер.
Тіптен бұлай емес.
Тамада номер юериниши
Салематсыз ба. Кай жерде турасыз. Кушти жургизип турсыз бесикке салу расимин. Мен Атыраудан едим. Тел сот жазасыз ба.
Құдай, соншама микрофонмен айқайлап, елді топырлатып не бопты