АЛЛАҺЫМ ШИПА БЕРСЕҢ... •ТЕҢДЕССІЗ ДҰҒА 2 - Малика Айтжанқызы | Алина Шадинова | Аида Мухтаровна

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 5 июн 2024
  • Ассаламуалейкум бағалы көрермендерім!
    Алланың қалауымен, #2 подкастымыз сіздерге жол тартты. Жүректен шыққан подкастымыз жүректеріңізге жетеді деп үміттенеміз!
    Кітапқа алдын-ала тапсырыс беру үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз: wa.me/message/PAJ2GVALR4RTA1
    Сіздерге пайдалы болу ниетімен және екі өмірді де баланста ұстауларыңыз үшін “Теңдессіз дұға” подкастын түсірдік
    “Теңдессіз дұға” подкастының
    Жүргізушісі: Малика Айтжанқызы malika_usta...
    Жоба жетекшісі: Бақытжан Мейрамбеков bakytzhan.m...
    Егер сізге подкаст ұнап, бізді қолдағыңыз келсе, сізге парақшаңызға бөлісетін арнайы видеоматериалдарды дайындап қойдық: t.me/tendessizduga
    00:00 - Анонс
    06:25 - салауат айтып, раудаға кезексіз кірдім
    09:49 - көлікке алғаш отырғандағы қорқынышты дұғамен жеңдім
    12:02 - Қағбаны ұстап көрдім
    15:05 - ГАИ-ді көріп, ясин сүресін оқыдым
    16:15 - Босанатын кезде көп дұға етемін. Барлық дұғаларым жеңіл түрде орындалды
    19:23-Күйеуім жұмыс жасауыма қарсы болды
    21:06 - Әр істе Алланың даналығы бар екен
    22:54 - “Аллаһым, барлық жиған тергенімді сенің жолыңа арнаймын”
    25:02-Балам жазылуы үшін барлық жиған-тергенімді садақа еттім
    25:57-Онкологиямен ауырған пациентім туралы керемет оқиға
    28:37-өмірімде бір рет болсын ораза ұстағым келеді
    28:55-дұғаға қатысты лайфхак
    30:20 - Барлық әжелеріме дұға етемін
    31:39 - Садақа бәле-жаладан сақтайды
    32:27-пайғамбарымыздың әдемі дұғалары
    34:51-Жүкті кезімде ішімді ұстап, ең көп айтқан дұғам
    34:14 - Кесер тілігі және Фатиха сүресі
    35:24 - “жүкті кезде екі сүреге жерік болдым”
    36:15 - өмірімде бірінші рет тәспих намазын оқыдым
    41:54 - дәретсіз науқас қабылдамаймын
    46:52-үлкен қажылықтан алған сабақ
    48:17-Жолдасым: “сен тәкаппар боп кеттің” деді
    51:08-тәкаппар адам көп ренжігіш келеді
    53:00-сізді ренжіткен адамға дұға жасайсыз ба?
    56:22-Алладан жеңілдік сұрау
    1:00:41- бала кездегі дұғаларым қабыл болды
    1:03:19-Жатар алдында қандай дұғалар оқисыз
    01:08:20 -кәдесый

Комментарии • 2,4 тыс.

  • @user-wq7dt5ge1w
    @user-wq7dt5ge1w 2 месяца назад +65

    Менің дұғамды Алла 100% қабыл етті.Біздің басымыздан үлкен сынақ өткен кезде.Осы дұғаның арқасында ұлымды Алла тағала 2 рет өмірге әкелді десемде болады.1-шісі босанған кезде ,ол кезде көп қан кетіп бір ақ Аллахтың қалауымен балам аман қалып,2-шісі ұлым қатты күйіп қалған кезде 75% (3-4ст) ,дәрігерлер аман қалуы екі талай деген кезде ,міне бүгін дайындалыңдар деген кезде😢,реанимацияда комада жатқан кезде 3 ай жатты ,сол кезде мен Ықылас,Нас.Фалақ сүрелерін 3реттен айтып комада жатқан ұлыма дем салатынмын,кейін бір врач байқап қалып ,сіз осы не айтасыз деп сұраған менен ,мен ешнәрсе дейтінмін,сүрелерді айтып дем салып кететінмін.Аллахтан түнімен Аяғым талғанша Нәпіл намазын оқып ,жылап дұға тілейтінмін.Е Алла беруші де алушы да өзіңсіңғой,осы баланы берерде де маған оңайлықпен келген жоққой,бір ақ сол кезде сен маған тастап кеттіңғой,енді өсіп көзіме көрініп мен ьауыр басып қалғанда қайта өзіңе ала көрмеші ,менен барлығын алшы тіпті үйде керек емес бір ақ осы ұлымды аман тастап кетші- деп дұға дасай беретінмін .Аллаға сансыз Шүкір сол ұлымыз бұйыртса 15-ке келеді

    • @user-mb4kc1lf9j
      @user-mb4kc1lf9j 2 месяца назад +1

      Жүз жасасын ұлыңыз, Алла разы болсын!

    • @user-mb4kc1lf9j
      @user-mb4kc1lf9j 2 месяца назад +1

      Байғабылқызы Әлияға деп дұға жасап қойыңызшы өтініш! Алла разы болсын!

    • @MuratbayOrazbaev
      @MuratbayOrazbaev Месяц назад

      Машаллах

    • @user-rw8un2ql3s
      @user-rw8un2ql3s Месяц назад +1

      Алла Тагаламызга сансыз шукурлер мен сансыз мадактар болсын ❤🤲🤲🤲🤲🤲❤️❤️❤️❤️❤️Алла Тагала ❤️
      Улынызга,бар отбасынызга узак та бакытты гумыр насып етсын жаным❤Амин🤲🤲🤲🤲🤲❤️❤️❤️❤️❤️

  • @user-uj7rd1tc7y
    @user-uj7rd1tc7y 4 месяца назад +402

    Ассаламалейкум!
    Қалай дұға жасағаныммен бөліскім келген.❤
    Балаларым 3-і ойнап отырған, кішкентайым 9 айлық, хадунокты төңкеріп ойнап отырып, ол сол күйі жиналып қалыпты, арасында 9 айлық баламның кішкентай қолының саусақтары қысылып қалып, даусы өзгеше айғайлап жылап жатты, оны естіп басқа бөлмеден жүгіріп келіп қолына босатып алдым, жүрегім аузымнан шығып кете жаздады. Қарасам өте қатты қысылып, қызара бастапты, сүйегі де мыжылып кеткен сияқты, буыны жоқ саусақ сияқты болып тұр. Баламның қиналған даусыннан қолына қарауға жүрегім шыдамай ,қолыммен жауып, жылап отырып: Алла барша күнәм үшін өкінем, мені кешірші. Өтінем баламның қолына, сүйегіне ешқандай зиян болмасыншы, менің көзім, жүрегім оны көруге шыдамайды, менің дәл қазір қолымнан ештеңе де келмейді, мен әлсіз, қолынан ештеңе келмейтін бір құлыңмын, маған Сенен басқа ешкім көмектесе алмайды, маған, балама көмектесші, қолына ештеңе болмағандай қалыпқа келтірші !-деп дұға еттім. Қолын қолыммен жауып алғам, оны ашпай сол күйі Фатиха, Ықылас, Фәлақ, Нәс сүрелерін 3 реттен айттым. Жаймен қолын ашып қарасам қызарғаны жоқ, қысылып, мыжылған қолы қалпына келген. Оны көріп, шүкір Алла, рахмет, Альхәмдклиллә деп тек зікір еттім. Дереу қабыл болған дұға болды, шүкір! Алла мен ойлағаннан да Жақын, әрі дұғаны да тез Қабыл етуші. Шүбәсіз Алла Құдіретті.

    • @user-iw8wj3sw8e
      @user-iw8wj3sw8e 4 месяца назад +4

      Аллаху Акбар❤

    • @user-qf1su2nr3y
      @user-qf1su2nr3y 3 месяца назад +1

      😭😭😭😭😭😭😭

    • @hm_nabira
      @hm_nabira 3 месяца назад +4

      Көпке үлгі боларлық дұға. МаШаАллаһ

    • @AlfiyaAbulkhair-ip4dm
      @AlfiyaAbulkhair-ip4dm 3 месяца назад +4

      Я в ютуб захожу , не для того чтобы плакать 😊❤

    • @assilakalka3020
      @assilakalka3020 3 месяца назад +1

      Жыладым 😭😭😭😭

  • @asekeomarov1073
    @asekeomarov1073 21 час назад

    Мына подкаста бірнеше рет жүрегім толқып көзіме жас келе берді,дәл осы сәтте көруімде Аллаһтың мейірімі ғой,рахмет іздерге Ұсатаз!😘🙏

  • @akma7246
    @akma7246 3 месяца назад +97

    Ассаламалейкум! Мен өзімнің басымнан өткен оқиғамен бөліскім келеді. 9-сынып оқып жүргенде, 1-ші рет ораза ұстадым. Сол оразада намазға келуімді, хиджаб киюімді, қатты кекештеніп сөйлейтінмен ес білгелі, мүдірмей сөйлеуді армандайтынмын, Алматыға әке-шешеме ауыртпалық салмай, грантқа түсуді әр түні тілейтінмін. Алланың қалауымен, мектеп бітіріп, грантқа түстім! 1 -ші курсты бітіргеннен кейін ораза ұстап жүріп Алладан намазға келуімді қатты тілейтінмін! Сөйтіп, оразада түсімде аян көремін. Маған анашым хиджаб, жайнамаз, Құран Кәрім кітабын әкеліп тұр, бірақ түсімде сөздерін білмегесін намаз оқи алмай тұрмын. Содан кейін өз-өзіме сөз беремін. Құдай қаласа , туған күнім қазанның 4-і,сол уақытқа шейін намаз бастаймын деп. Алланың қалауымен 2ші курстың басында айттың 1-ші күні таңға дейін барлық намазда оқылатын дұғаларды қолмен жазып, намазды бастадым. Өте бақытты адам болдым сол кезде. Сезімімді айтып жеткізе алмаймын. Бірақ жақындарым, ата-анам, барлығы қарсы болды. Мен сол кісілер үшін әр намазымда дұға ететінмін. Тура 1 жылдан менің анам намазға келеді. Тағы бір жылдан кейін жездем және туған әпкем намазға келген болатын. Алланың құдіреттілігі, Аллаху Әкбар!!! 3-ші курстың ортасында адамдармен еркін, мүдірмей сөйлесе алатын жағдайға жеттім. Құдайға шүкір! Күйеуге шыққаннан кейін жолдасым үшін дұға ететінмін, маған хайырлы, иманды, хиджаб киюге рұқсатын беретін ер азамат жолықса екен деп. Ол кісі де намазға келді. Әлхамдуллилах! Бүкіл әлем, ата-енем қарсы болса да,хиджабқа келгеніме жарты жыл болды. Өте қуаныштымын, АЛЛА біз үшін бәрін жасап жатыр. Біз де соны түсініп, әрдайым шүкіршілік етуміз керек. Алланың құлы екенімізді ұмытпауымыз керек! Әрдайым Алланы еске алып , өмір сүрсек, сол кезде, бізден асқан бақытты адам болмайды. Осы күніме шүкір! Барлықтарыңызға Алланың нұры жаусын!

    • @user-xx9op3io6c
      @user-xx9op3io6c 3 месяца назад +3

      Алла қабыл етсін

    • @gulsimakhmetova2145
      @gulsimakhmetova2145 3 месяца назад +3

      Керемет сұхбат! Алла разы болсын❤

    • @elmiraserikovna1386
      @elmiraserikovna1386 2 месяца назад +1

      Сіз үшін өте қуаныштымын❤

    • @user-fw2ux3ii3c
      @user-fw2ux3ii3c Месяц назад

      Саламатсыздар ма!Малика Ұстаз сізге мың алғыс осындай керемет сұқпат жүргізіп жатқаныңызға.Сіздерден аларымыз көп біздің.Алла тағаламыз сіздердің бағдарламаларыңыздың көп болуын нәсіп етсін.Алла тағаламыздың арқасында сіздердің себептеріңізбен мен өз басым көп иманымымды көтеретін мағлұмат алып жатырмын.Бағдарламаларыңыз ұзағынан қаиырлы,берекелі болсын.Алла тағала разы болсын сіздерге ❤

  • @Balnura1997
    @Balnura1997 4 месяца назад +153

    Бірінші ұлымнан кейін 5жыл бала көтере алмай қалдым. Әр жерге барып емделіп, әр кімге жалоба айтып жертва болып жылай бердім. Осы соңғы бесінші жылы ораза ұстап әр дұғамда Алладан жылап сұрай бердім. Аллаға сансыз шүкір сол ораза айында бала көтеріп шүкір қолыма алып отырмын.

    • @user-mh7ef2rt3l
      @user-mh7ef2rt3l 3 месяца назад +2

      Күшті сезім екен

    • @Dodik-Angime
      @Dodik-Angime 3 месяца назад +2

      Салеметсизбе! Осы бала сурауга дугасы жайында подкаст тусирсениздер🙏🏻 менде 5жыл болды бала котере алмай журмин😢

    • @user-lq3dv1jz6y
      @user-lq3dv1jz6y 2 месяца назад +1

      Алла разы болсын Малика ұстаз! Күшті подсказ болды. ❤❤❤

  • @alijanserik8564
    @alijanserik8564 4 месяца назад +80

    Осы келер Рамазан айында көркем түрде Намазға келгім келеді! Уа Мейірімді Аллаһым сол күнді нәсіп етші!

    • @floraanvarova8584
      @floraanvarova8584 3 месяца назад

      Коп истигфар айтиниз Астагфируллах ва атубу илайх

    • @Asyl-he5jh
      @Asyl-he5jh 2 месяца назад

      Нәсіп етсің

  • @user-wx3in2md8j
    @user-wx3in2md8j 19 дней назад

    Алланың иман бергенінің күші қандай ә, әдемі, көркем мінездісіздер, сөйлегендеріңіздің өзі құлаққа сондай жағымды МашАлла

  • @1001suraq-jauap
    @1001suraq-jauap Месяц назад +14

    Мен бүгін ғана көріп отырмын подскадты. Я Раббым күллі адамзаттың жүрегін иман нұрымен нұрландыр. Мейірім мен жылулық бер. Сен рақым етпесең адамдардың жүректері қатайып мына өмір қатігездікке толып кетіп жатыр. Ия Аллам бейбіт өмір сыйлашы бәрімізге. Басшыларға хидаят бер. Халықты ойлайтын басшылар бер. Соғыс болмасын ана бала жыламасын. Отбасылар ойран болмасын. Балаларымыздың болашағын жарқын ет. Әр отбасында тек бала күлкісі естіліп тұрсын.

  • @user-pn2uq3fq4c
    @user-pn2uq3fq4c 4 месяца назад +53

    Әль-Муджиб - дұға етушінің дұғасына жауап беруші, қажетін өтеп беруші, сұрауға лайық жаратушы... Саған иман келтірдім, Раббым, менің дұғаларымды қабыл етші...
    Раббым, саған мұқтажбын, дұғамды қабыл етуіңе мұқтажбын, әміріңе құлдық...
    Мен сені Әр-Раззақ - ризық беруші, Әл- Уаһхаб - қалаған құлыңа ризықты үйіп төгіп беретін Кең жаратушы деп иман келтірдім...
    Раббым, мен сені Әл- Кәрим- ең жомарт деп иман келтірдім...
    Иә Раббым, өзгеге емес, саған ғана мұқтаж болуды нәсіп ет...💐💐💐💐💐

    • @user-cq6kt1if9z
      @user-cq6kt1if9z 3 месяца назад

      Неге орыс сөздерын қосып сойлпйсіңдер Тек сендер ғана орыс тіліньілем деп ойлайсыңдар ма Алланы тілге алған соң таза қазақ тілінде сойлесеңдерболады ғой Өздеріңнің сөздерінді тыңдап көріңдер қалай естілетінін Өте ұят Оқыған сауатты қыздарға ұқсайсыңдар Намыс қайда???

    • @user-qi2kl3ei6f
      @user-qi2kl3ei6f 3 месяца назад +1

      Әдемі, коркем керемет әңгиме Аллахты еске алу болды. Сізге улкен рахмет.Алла сауапка жазсын! Меним қабыл болған дуғаларым ораза айында тәхажуд намазда апаснын бала келнине 6ж болған балалы болсын деп дуға жасағанмын Альхамдуллилях ушем туды❤сосын корши уйдин атасы ауырып журеги приступ берип скорыймен алып кеткен сол кисиге мейирим махаббатпен дуға жасағанмын тир калып узак омир сурсинши деп себеби сол кезде акем дуниеден озган еди ешкимнин акелери кайтыс болмасыншы деп Аллаға шукин казин тауир ол киси сол уакытта коп больницаға жата беретин. Алла мени намаз окушылардан кылып коркем минезди кылып осы подкасттағы кыздар сиакты орта буйыртшы❤❤❤❤

  • @user-yc5ps5ir4o
    @user-yc5ps5ir4o 3 месяца назад +57

    Осындай Ислам дінін дәріптер жүрген қыз келіншектер көп болсын ❤ әумин 🤲

  • @user-xp2wj2kc9r
    @user-xp2wj2kc9r 2 месяца назад +29

    Мен тұрмысқа шықпай тұрып кун түн дұға жасадым былай: “Аллаһым маған керемет жар нәсіп етші,оның жүрегінде сен бол, тұрмысқа шыққан соң ата енемен тұрмайын,қайнапке қайнсіңлім болмасын,және квартирада жүрсекте мейлі бөлек тұратын жігітке тұрмысқа шығайыншы,уйі машинасы ьайлығыда керек емес тек бірге тұрсақ болды сыйласып,және барлығына бірге жетейік ” деп дұға жасағам😂сенесіздерма дәл сондай болдығой😂еще шынымен 3 жылдай квартирада жүрдік,3жылда екі балалы болдық сосын уй алдық Алхамдулиллах. Айтамында соо кезде уйі машинасы болсын деп дуға еткенімде може т қиналып 3 жыл квартирада жүрсеспедім. Аллаһтан красовкаңның бауына дейін сұра дейдіғой. Ойлаймызғо өзімізше байлвқ сұрасақ байлыққа құнығып кеткендей боламыз деп. Жоқ Алладан млн млрд ақшада сұрау керек екен. Уй алғанда қарызға батып алдық аркімге кредит алдыртып. Сосн тағы дұға жасадым. Аллаһым өзің бізге уй бердің енді уйдің қарыздарын тезірек құтылатындай ризық бер деп. Сенсезңіздер 3 айда польгый қарыздарды жауып тастадық куйеуіммен бірдей мағанда ризық несібе келедіғо🥹🥹🥹

  • @user-fs7ty4jt6s
    @user-fs7ty4jt6s 2 месяца назад +29

    Аллаға шүкір,осы подкаст 3күн тыңдап,бүгін дәрет алдым,қолыма дұға жасау жайлы үйдегі көне кітаптың бетін ашып оқыдым,Аллаға шүкір!

  • @user-ul5dt5su6n
    @user-ul5dt5su6n 4 месяца назад +407

    Мен әпкеме дұға жасағым келген құрсақ көтеру үшін. Сол кезде түсімде Алланың 3 есімі айтылады, ол кезде Алланың есімдерін білмейтінмін. Интернетті ашып бірден іздедім, расымен құрсақ көтергісі келген әйелдер зікір етуі керек есімдер екен 🥹. Содан бері Алланың есімдерін дұғаға қосатын болдым. Бір күні тісім қатты ауырды, қанша дәрігерге барсам да емі жоқ деп айтты. Аллахтан үміт үзбей, түнде жатарда Алланың есімін зікір ете бердім. Таңертең Тісіме ештеңе болмағандай жазылып кетті🥹

    • @user-ly7ou1rw7u
      @user-ly7ou1rw7u 4 месяца назад +2

      Қандай есімін зікір еттіңіз, айтып жібересіз бе

    • @sabrinadavidova5
      @sabrinadavidova5 3 месяца назад

      @@user-ly7ou1rw7u Әл-Халиқ, Әл-Мусаууир ,Әл-Бари

    • @user-wo6on1gk4b
      @user-wo6on1gk4b 3 месяца назад +1

      +

    • @sandugashkaldarbay7552
      @sandugashkaldarbay7552 3 месяца назад

      @@user-ly7ou1rw7uя Халлик-халык
      Я Барри-жоктан бар етуши
      Я Муссауир- келбет беруши

    • @user-pr8xd3ne1w
      @user-pr8xd3ne1w 3 месяца назад

      @@user-ly7ou1rw7u Әл-Бари, Әл-Халиқ, Әл-Мусаууир

  • @gulainazharasova9221
    @gulainazharasova9221 4 месяца назад +61

    Тахаджуд намазы арқылы баламды дені сау етіп дүниеге әкелдім. Аллама рахмет! Дауна деген диагноз қойған. Үзбей 1ай бойы Тахаджуд намазына тұрып, зікір дұғаларды көөөөп айтатынмын! Қазірде күніне 100 салаут пен субханаллахи уа бихамдики зікірін 100 рет айтамын! Подкаст керемет❤хайырлы болсын баршамызға❤🎉

    • @nadiakashkin2741
      @nadiakashkin2741 3 месяца назад

      Сәлеметсіз бе
      Мен Намаз оқып білмеймін Бірақ Алладан Қол жайып сұраймын бала кезден солай көріп өстім.Өтініш Алла Разылығы үшін Маған Түсіндіріп жібересіз бе.Мен жүктімін маған да сондай диагноз қойып отыр Бір Аллаға тапсырып отырмын.Ол Дуғаларды қай кезде Және Қандай уақытта оқыймын

    • @LailaAhmetova-yl9vv
      @LailaAhmetova-yl9vv 3 месяца назад +1

      Ассалаумалейкум, тахаджуд. Ол, түн, ортасында, оқылатын, намаз. Сіз, енді. Жай, жүріп. Аллаға, салауат. Айтып жүрсеніз, болады. Кезкелген, уақыта.

  • @user-nt3po2xd8b
    @user-nt3po2xd8b 2 месяца назад +5

    Менде ешқандай дұға ешнарсе жоқ екенін,иманым да әлсіз тәкәппар адам екенімді түсіндім осы Малика ханымның подкастарын тыңдап, бірәқ барлық кітапты алып оқуды қатты қалап тұрмын,Алла қалап бұйырып жатса қатты қуанар едім🤲

  • @user-he2hi7be9h
    @user-he2hi7be9h 3 месяца назад +5

    Тұрмысқа шықып 1 жыл көтермей жүрдім ол кезде ораза еді ,арадан 1жыл өтіп қасиетті ораза айы келді, ниет етіп ораза ұстайм деп сәрліке тұрдым,енемде ораза ұстайтын әр жылы, бір кезде сәрлік ішіп отсақ сен неге тұрдың деді ,ниет етіп ораза ұстаймын дедім бір кезде ұрыс шығарып сен ораза ұстамайсың деп айқайлап маған мен түсінби қалдым, менде ұстаймын деп тұрып алдым,солай күйеуіме мені айтып бұның бала көтеру ниеті жоқ деп жаман жүректі ауыртты, аузымды бекітіп Аллақ Тағаладан жылап жұрадым,Аллам маған ұрпақ берді,сәби сүйенші деп,неге олар маған ораза ұстауға запрет қояды ол менің парызымгой деп қатты жыладым таңғы 4 де далада шөп жұлып. Көп ұзамай сол ораза айының жартысында жүкті екенімді білдім.😊АЛЛАХҚА САНСЫЗ МАҚТАУЛАР МЕН МАДАРҚАР БОЛСЫН.көп ұзамай тағы ізбе із бөпелі болып алдым арасы 1 жыл екеунің😅Аллах Тағалам дұғамды қабыл етті, осы ұрпақтар санады білімді,иманды болып өссін деп дұға етіп отырмын енді

  • @user-jp4ow8xq2r
    @user-jp4ow8xq2r 4 месяца назад +38

    Я Алла, я Рохман, я Рахим!
    Жер бетіндегі барлық мұсылмандардың дерттеріне шипа берші.
    Өмірден өткен мұсылман жандардың жүздерін жарық қылшы..
    Мұсылман бауырларымның барлығын жәннәттіктердің тізімде болуымызды нәсіп етші.
    Фердаус жәннатында пайғамбарымыз Мұхаммед с а у мен Кәусар бұлағының қасында кездестірші.

  • @user-ws7vb8li2w
    @user-ws7vb8li2w 4 месяца назад +58

    Иә Раббым! Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа(с.а.с) сұраған бүкіл жақсылықты,игілікті сұраймын және пайғамбарымыз (с.а.с)сиынған бүкіл жамандықтан сиынып өзіңнен пана сұраймын

  • @user-is7uk6vo9x
    @user-is7uk6vo9x 3 месяца назад +57

    Мен қыз кезімде бір апа күйеуге шығайын деп, сұрай бермей дұрыс дұға ет деп айтып еді .
    Ол кезде ислам туралыхабарым жоқ еді. Намазга келмеген кез.
    Таңға тұрып дұрыс дұға айт деп еді.
    Дұғаның құдретін сол кезде сездім.
    Таңға тұрып Алладан маған адал, ақылды , парасатты , сымбатты да айбатты жар сұраймын деп сұраған едім. Алла маған көп ұзамай дәл сұраған күйеуді нәсіп етті.
    Мен кеш шықан едім тұрмысқа уайымдап жүрген кезім , сол Аллаға тапсырып дұрыс дұға жасаған едім . Аллаға шүкір 15 жыл болды , жарым адал , ақылды парасатты сымбатты .
    Содан бері дұғада жүремін , қалай дұға етсем Аллаһым беріп тұрады .
    Төртінші баламды оразада да тауарих намазға тұрып сұрағанмын
    Оразаның ортасында көтерген екенмін . Алла сондай ерекше ұлды берді . Мен екі құрбым үшін Алладан перзент беруін сұраған едім , Төрт жылдан кейін, бесінші ұлды Аллаһым ораза айында босануды нәсіп етті.
    Аллаһым барша мұсылмандардың дұғаларын қайырлы тез жеңіл оңай орындалуын нәсіп етсін.

    • @user-lk4hz6cb2n
      @user-lk4hz6cb2n 3 месяца назад

      Ма ша Аллаһ, Алла берекетін арттыра берсін баршамызға

  • @user-qe1hf2em2p
    @user-qe1hf2em2p 10 дней назад

    Керемет🔥🔥Аллахым сіздерге сауапқа жазссын, жүрегім жібіді🤲🤲

  • @Aqyn_Balnur
    @Aqyn_Balnur 4 месяца назад +23

    Бала күнімде күн сайын ұйықтар алдында 7 рет калима айтып, артынан тілектерімді айтып жататынмын. Есімде, Жарқын болашақ олимпиадасына қатыстым. Аудандық байқаудан өттім, облыстық байқауға бардым. Жанымда танитын ешкім жоқ, жалғыз отырмын. Марапаттау өтіп жатыр, мен үздіксіз Калима айтып отырмын. “Аллахым, өтініш, хотяяяя бы үшінші орын алайыншы!”-дедім. Үшінші орын өтіп кетті😅 Сосын отырдым да: “Аллахым, өтініш, хотяяя бы екінші орын алайыншы!”-дедім. Ол да кетті мен емеспін. Сосын тағы отырып: “Аллахыыыыым, өтініш орын алайыншы!”-деп бірінші орын алғанмын😅 Шүкір! Сосын Республикалық кезеңге өтіп, Астанаға бардым. Эссе жазбас бұрын калима айтып бастап, Республикадан 2-орын алып, СДУғс грант жеңіп, Аллаға шүкір! Калима сондай әдеміііі жетістіктер сыйлаған! Алина ханымның әңгімесінен есіме түсіп кетті ғой❤

  • @Zinadin_Kundyz.
    @Zinadin_Kundyz. 3 месяца назад +6

    Ассаламу алейкум!
    Менде өзімнің оқиғамды айтқым келеді .
    Бірде төркінге қыдырып барғанымда нағашы апаң қатты ауырп жатыр. Келіп бір көріп кетті деп анам шақырған еді. Барсам нағашы апам енді айта алмаймын қатты қиналып жатты😭 Өлетін кезде адам қиналғандай. Жылап, қатты қиналып дем алып жатты. Е, Алла, Е, Алла жанымды қинамай алшы деп😭😭
    Содан сол кезде ақшам намазы уақыты кірді. Анам екеуміз намаз оқуға кеттік. Намаз оқып жатып жылап қиналып зорға оқыдым.
    Аллаһым шипа беруші өзіңсің. Нағашы апамның ауырған жеріне шипаңды берші. Егерде жанын алатын болсаң жеңіл алшы. Өмірінде біліп-білмей жасаған күналарын кешірші. Қабір азабынан, тозақ отынан сақташы. Нағашы апамды өзіңнің шапағатыңа, мейіріміңе алшы деп.
    Кейін Алланың қалауымен апамның жағдайы жақсарды. Манты, медовый пирогын пісіріп апарып бердім🥹☺️ Алланың құдереті шексіз❤️🤲🏻

  • @moldir_bekey
    @moldir_bekey 3 месяца назад +6

    Подкаст тыңдап отырып, есіме түсіп кетті бір бала кезімдегі жағдай, мен 10 жаста болуым керек, сіңілім 3 жаста, мен ваннаға кіріп кеткенде, ол мені сыртымнан кілтеп кеткен, мен сонда “Құдайым сіңілімнің ваннаның есігін ашып, менің шығуыма көмектесші” деп сұрағанмын, 2 секунда сіңілім келіп, есікті ашып кетті😍
    Дұғаның күштілігін осы жағдайдан кейін әрдайым есімнен шығармаймын🥰😍

  • @Dana.perdesh
    @Dana.perdesh 2 месяца назад +16

    2 жыл намаз оқып, тұрмысқа шығып 3 жыл намазым мені тастады. Кешеден бастап қайта Алланың мейірімімен намазға жығылдым. Сондай сәтте иманыңды күшейтіп, дұғаңа қару болатын, рухани азық іздейтін кезде - алдымнан қайта-қайта осы подкаст шыға берді. Алла разы болсын❤ Жүрегіме біраз дүние қонып, көңілім сергіп қалды. Аллаһ баршаңыздың амалдарыңызды қабыл етсін🙌🫶🤲🏻

  • @user-mh7rw7ec1s
    @user-mh7rw7ec1s 4 месяца назад +31

    Иə Аллаһым! Иə Раббым! Менің біліп білмей жасаған қателік күнəлəрімді кешіріп өз рахымыңа алшы! Мейіріміңнен құр қалдырмашы Аллаһым! Ата анам Əжем Жолдасым бала шағам барша мұсылманды өз рахымыңа мейіріңе алшы...
    Қабір азабынан
    Тозақ отынан сақташы...
    Қолыма байлық берші жүрегіме жомарттық мейірім берші...
    Жақындарыммен қажылыққа баруды нəсіп етші...
    Қағбаны көруді нəсіп етші...
    Пайғамбарымыз Мухаммед с.а.с ге сəлем беруді нəсіп ет...
    Өмірімнің барлық күні сенің парыздарыңды өтеуді нəсіп ет
    Күнде садақа беретіндей ырзық несібе берші...
    Адал жолмен табайыншы
    Сенен басқаға алақан жаймай мұқтажымды сенен сұрайыншы
    Таза адал еңбегіммен ризығымды арттырып қойшы
    Жаман нәрселерден қəуіп қатерден жын шəйтанның азғыруынан барша мұсылмандарды қорғашы..
    Құранды жатқа білетін болайыншы жəне осы нығметті ұрпағыма нəсіп етсін ❤
    Өлім періштесін маған көркем түрде жіберіп жанымды қинамай алсыншы... қабірде барлық сұрақтан сүрінбей өтуге жəннəттық болуды нəсіп етші жəне бұл нығметті барша мұсылмандарға нəсіп етсін ❤❤❤

  • @user-yy5di8ot8q
    @user-yy5di8ot8q 4 месяца назад +47

    Малика ұстаз ең алдымен сізге үлкен алғыс айтқым келеді, осындай керемет жоба құрып, білімді, саналы қыз-келіншек, ұстаздарды сұхбат алуға шақырып және көріп отырған қаншама көрермендеріңіздің жүрегіне жеткізе білгендеріңіз үшін Алла тағала сіздерге сауабын мың еселеп жаудырсын!
    Алина ханымнан алған, маған өте қатты әсер қалдырған инсайдтармен бөлісе кетсем: әр алған затқа садақа беру, дұғаларды 5 уақытылы намазға бөлу, мыс: таң намазынан соң өзіңе, бесіннен соң балаларыңа, екінтіден соң күйеуіңе дұға ету т.с.с. Және әйел адамның нәзіктік қылышы ер адамның дөрекілік қылышынанда өткір деп айтқаны үлкені ой салды.
    Ал, Аида ханымнан алған инсайдтарыма келер болсам: еш кедергіге қарамастан әр пациентінің алдында дәретті болуы, ол дегеніміз ол кісінің жұмысына деген адалдығы мен шынайы махаббаты және өз ісін Алла разылығы үшін істейтінінің көрінісі деп түсіндім. Және толғақ кезде, әйел адамның жаны қатты қиналып тұрған кезінде Алладан барлық дұғаларыңды сұрап алу.
    Малика ұстаздан алған инсайдтарым: тәкәппар адамның дұғасы оңай қабыл болмайды деген сөз маған өте қатты әсер етіп, нәпсімнің кішкене болсын сынуына үлкен көмегін тигізді деп айта аламын. Тағы мына айтқан сөзі есімде ерекше қалып қойды: бізді көп ренжіте беретін адам біздің дұғамызға өте мұқтаж дегені. Және Алладан жеңілдігін сұрау дұғасы жүрегімде ерекше сезім оятты.
    Үшеуіңізге де Алла разы болсын! Эфир соңын керемет дұғалармен аяқтадыңыздар, Аллам біз, көрермендеріңіз үшін тілеген дұғаларыңызды өздеріңізге де еселеп нәсіп етіп қойсын 🤲🏻!

    • @hm_nabira
      @hm_nabira 3 месяца назад +1

      Өзіңнің де дұғаң қабыл болып,керемет дұғаңмен елге үлгі болу бұйыртсын

  • @Quralay2024
    @Quralay2024 9 дней назад

    СуббханАллаһи уә биһамдиһи СуббханАллаһил а'зым.
    ЛӘ ХАУЛӘ УӘ ЛӘ КУААТА ИЛЛА БИЛЛАҺ.
    Лә иллаһа Илла Әнтә
    Суббханәкә Инни Кунту
    Миназ-золимин.
    Астағфируллахи уә әтубу илайиһ
    Аль- Алим , Ар Рахман, Ар Рахим. Білімімді артыр, иманым күшейт🤲🤲🤲

  • @balzhanka8
    @balzhanka8 Месяц назад

    Керемет дұғамен бөліскім келіп отыр. Әр намаздан соң дұға жасағанда Аллаһым мені тәкәпарлықтан сақташы, мұнафық болудан және Риядан сақтауын сұраймын. Теңдесіз дұғалар кітабын алу бұйырса ең алдымен сол дұғаны оқимын ау. Білмеймін бірақ өзім тәкәппар болудан қатты қорқамын. Аллаһ разы болсын сіздерге, Аллаһым екі дүниенің жақсысын нәсіп етсін өте керемет пайдалы болды.

  • @rozaorynbasar4414
    @rozaorynbasar4414 4 месяца назад +19

    МашАллаһ ұстаз екі дүниеге пайда беретін хайырлы білім болды.
    Мен қызыма айтамынғой сен менің әкеңнің дұғасымен және өзімнің санаусыз айтқан салауатыммен дүниеге келгенімсіңғой деп.
    Себебі тұңғышымыз жатырыма біткен сәтте қорқынышты диагноздар қойылды. Анализдер де УЗИ көрсеткіштері де қорқынышты болды. Дәрігерлер баланы алдыртыңыз адам болмайды инвалид баланы кім қарайды деп бір басына 5-6диагноз қойды. Сол кезде бүкіл өмірім көз алдымнан зуууу еттіғой...миым ештеме қорытпайды тек жылаймын. Таңнан кешке диін жылаймын. Ішім алай дүлей, өзім сенгім келмесе де миым уже қабылдап қойды. Жұма сайын УЗИ түсіреді, каждый УЗИ де жаңа диагноз қорқыныш одан бетер көбейді. Күнде кешке жолдасыма жылап кішкентайғой әлі ол қалай деп еңкілдеп алам, таңертең ештеме білмегендей жүрем. Сосын жолдасым дұға жаса анасыңғой дұғаң қабыл болады, салауат көп айт деді. Өзі қатты қиналып тұрса да ештеме білдірмеді. Содан өз өзімді қолға алдымда ең бірінші анама хабарласып мен үшін дұға жасаңызшы дедім, сосын бауырларыма дұға жасашы дедім, сөйтіп таныйтын адамдарымның бәрінен дұға сұраумен болдым босанғанша. Сосын өз ойымды өзгерттім іштегі бала күнде өседі оған жанды беретін Алла, жүрегін соқтырытып тұрған Алла деп өз өзімді жақсы ойлармен алдастырдым. Бірақ ішімде бір но болды. Күнде түнде ұйықтар алдында Алламен сырласатынмын Аллаһым сен мені көріп естіп тұрсыңғой менің ішімдегі сәбиге ем шипа берші 12мүшесі сау ақыл есі дұрыс салиқалы иманды ұрпақтардан етіп дүниеге әкелуді нәсіп етші сен құлыңның қолын бос қайтаруға ұялам дедіңғой сен бір ғаламат кереметті көрсетші бәрінің қате ойлап жүргенін УЗИ анализ қате екенін сен көрсетші. Сен жоқтан бар етушісің, сен ғана жан бересің және сенің қалауыңмен ғана сол жан шығады. Менің балапаным аман болсыншы бір кереметті көрсетші мен ана ретінде сенен сұраймын деп 9ай дұға жасап артынан салауат айтатынмын салауатты тіпті санамайтынмын салауат айтып болып пайғамбармыз сғс құрметіне ем берші деп дұға ететінмін.
    Тағы дұғамда жұма күні таңда босанайыншы деп дұға еттім
    Сөйтіп Аллаынң қалауымен жұма күні таңда толғағым болып, жұма намазы оқылып біткенше балапанымды дүниеге әкелдім Алланың жеңілдігімен Рахымымен 12мүшесі сау балапан келдіғой. Не қуанарымды не жырларымды білми талып қалдым.
    Содан бері дұға мен салауатты тастамаймын. Балапаным ауырып қалса немесе қиналып тұрсам ана ретінде сұраймын деп әрдайым дұға жасаймын.

    • @user-zp4bs2xx4l
      @user-zp4bs2xx4l 3 месяца назад +2

      Машаллах.Алланың құдіреті шексіз

  • @almaty-ng3dk
    @almaty-ng3dk 4 месяца назад +43

    Мен өзімнің Алланың қамқорлығын ерекше сезінген оқиғаммен, әсеріммен бөліскім келеді. Менің 4 балам бар, барлығын кесар тілігі арқылы босандым. 3- К. С. қиындау болып(дәрігерге ақша төлеп барғам), тіпті жай уколдан қорқып қалдым. 4-жүктілігімді білген кезде қатты қорықтым, сол қорқыныш босанғанға дейін бойымнан кетпеді, жүктілігім де ауыр өтті, көп ауырдым. Роддомда, міне таңертең операцияға барамын деген сәтте түнімен Алладан Мутаккабир есімі арқылы қорқынышсыз, операцияға күліп кіруді, жеңіл босануды сұрап, өзімді толығымен Аллаға тапсырдым. Және операцияға кіргенде еш қорқыныш болмады, күліп кірдім және оның қамқорлығын ерекше сезіндім. Ұзақ уақыт сол әсерде жүрдім. Және "Субханаллаһи уә бихамдихиді" көп айтуға тырыстым.

  • @user-bl8me3ld5k
    @user-bl8me3ld5k Месяц назад +2

    Сізгк көп тиісетін адам сіздің дұғаңызға мұқтаж деген сөз өте қатты ой салды Аллах разы болсын

  • @user-kl9ti2xn1k
    @user-kl9ti2xn1k Месяц назад

    Оте керемет сухбат . Рахмеет, Алла разы болсын! Оте пайдалы ой салатын, иманынды бекитетин сабак болды❤❤❤❤

  • @makpal2536
    @makpal2536 4 месяца назад +39

    Такие приятные женщины.... Сиздер сиякты таза,адеми,иманды болуды,орамалды насип етсин маган! Осы дугаларды жаттап алуды насип етсин! Елимизде тыныштык болсын, халкымыз тура долда болып,журектеріне иман қонсын!

  • @InkaraDIY
    @InkaraDIY 4 месяца назад +48

    Ия Раббым осы подкасты көріп, өзіңе деген жоғалтып ала жаздаған иманымды қайтарғанына сансыз шүкір! Балапанымды аман-есен, иман жүректі, көркем мінезді ұрпақты алып келуіме нәсіп ете гөр! Енемнің жүрегіне хидаят бере көр,менің балапандарымды қабылдауын нәсіп ете көр!

    • @user-qw9re9yp3e
      @user-qw9re9yp3e 3 месяца назад

      Аллаһ жеңілдігін берсін

  • @gulnazgulnaz9651
    @gulnazgulnaz9651 25 дней назад

    Үлкен рахмет, Алланың нұры жаусын🤲баршамыз ға,

  • @user-gp1qp7nq7f
    @user-gp1qp7nq7f 3 месяца назад +14

    Жақын арада Менің 11 жасар балам азанда тұрып түсімде Мхамед пайғамбарды көрдім екеуміз бірге жүрміз дейді. Сосын сен просто ойлағансың ғой деп мән бермедім. Олда жақсы нәрсе екенін білмедім. НИШқа түскісі келіп тілеп жүрген алла сол дұғасын қабыл етсінші.🙏🏻🙏🏻🙏🏻

  • @user-ie9og5kg4h
    @user-ie9og5kg4h 4 месяца назад +29

    Ең жақсы көретін дұғам Иә рахымы шексіз мейірімді Аллахым,жоқтан бар етуші,кемшіліксіз Раббым Исламдағы отбасы болуымызды нәсіп ет.Күніне 100000-1 млн тг садақа беретін,Алматының 50% на зекет беретін,құран оқып,ораза ұстайтын,ауыз ашар беріп құранға жүрегі байланған,бес уақыт намазын отбасыммен қаза етпей оқитын отбасы болуымызды нәсіп ет🤲🏻🤲🏻🤲🏻Салихалы,дінге қызмет ететін,дені сау хафиз ұрпақтар сүйіп тәрбиелеуді нәсіп етші🤲🏻😭

    • @hm_nabira
      @hm_nabira 3 месяца назад +1

      Қабыл болсын.Осы мазмұнды мәнді дұғаны әрбір қазақ айтатын дұға болсын!Қазақ халқын береке бірлік,ынтымақ,қанағат,Аллаһ разылығы үшін жұмсалатын молшылық берсін!

  • @zhansaya.esentaeva
    @zhansaya.esentaeva 4 месяца назад +43

    Аллаһым, осы подкасты көріп жылап қалдым. Маған керек екен. Былай болды да: осы подкасты көрер алдын құптан оқып отырғам. И үйдегі мама папам кызымның ауырып жүргені жаныма қатты батты да, сәждеге барған сайын жылай берем прям қаттыыы. Сосын отырып алып салауат айттым, Аллаһым бір жолын көрсетші депше. И обедте ғана осы подкасты көрейінш дедім де ұмытып кетіппін. И салауат айтып отырып есіме тарс түстіғо. Подкасты қарап отырып, әр айтқан дұғаларыңызды скриншоттап, одан қалды гуглдан іздеп, тоқтатып қойып дұға еттім. И прям жеңілдеееп қалдымғой😊😊. Аллаһым осы подкасты көрген әрбіріңізге өмірлеріңізге үлкеееен сіз қуаныштан сәжде жасап, қуаныштан жылайтындай етсін, әрбірімізге Алла береке берсін. Баршамызды Жәннәттық құлдардан етсін. Әмин🤲🏻❤️

    • @user-qi2yh4ke3k
      @user-qi2yh4ke3k 3 месяца назад

      Аллам ем шипасын берсін🤲

  • @user-pg9ew7ke2p
    @user-pg9ew7ke2p 17 дней назад

    Осы жоба маған қатты өтті. Үшеуіңізді де ұнатып қалдым. Алла разы болсын сіздерге. Дұғаның қадыр қасиетін түсіндім.❤❤❤

  • @sabiraalpisbai
    @sabiraalpisbai 7 дней назад

    Аллаһым сансыз шүкір😍
    Бір қызық айтайын мен Малика ұстазды мүлде танымайтынмын
    Бір күні инсатадан шығып қалды и көріп қандай әдемі ұстаз деп өтіп кеттім
    Сосн онша мән бермей жүре бердім
    Сөйтіп бір күні түсіме Малика ұстаз кірді көргенде неге түсімде жүр деп таң қалдым
    Сөйтсем Аллаһым осы ұстаздың подкастарн көріп иманымды арттырсын деген екн😭😍😍😍

  • @user-jq3dh5dp2n
    @user-jq3dh5dp2n 3 месяца назад +29

    Менің ең сүйікті дұғам Фатиха сүресінен кейінгі Аятуль-Күрси дұғасы. Көп жерде Аллаһтың кереметін сездірген дұға♥️
    Бірде бір оқиға болған,тұрмыс құрғаныма 1,5 жыл болып,біз малды түнде жайылымға бос жібереміз тәуекел етіп,түнімен жайылсын деп,сонда жолдасым жұғасын оқиды маған да дұға жасаңыз, Аятуль-Күрсиді оқып артынан үрлеңіз деп,ал мен намазға енді келгем 5 сүрелер артық сүре білмеймін,дұға да азшылық,содан аятуға намыс жібермейді тұр, 3 рет Аятуль-Күрси деп айтамын да суф-сүф деп кетемін. Күндердің күнінде Қайын әпкем базарда контейнердің кілтін жоғалтады, сөйтіп маған қоңырау шалады, кілтті таппай калдым,енді не істеймін,түн болатын болды базар жабалды деп, Аятуль-Күрси курсиді оқыңыз десем,ол кісі білмейді екен,содан менің айтқаным есіме түсіп солай айтамын мен 3 рет Аятуль-Күрси деп айтып үрлеп кетіп қалғанмын деп,ол кісі де менің келінім солай істеген екен деп үрлейді,5-10 минуттан соң, заттардың арасына жай ғана бір нәрсе алайын деп қолын салса кілт тұр дейді,содан бері Аятуль-Күрси тастамай оқып жүреді 😊

  • @SARBINAZ_dinik
    @SARBINAZ_dinik 4 месяца назад +34

    Ассалаума алейкум! Менің 4-ші балама аяғым ауыр алхамдулаллах! Подкасттағы толғатып жатқандағы дұғалар Қабыл дегенді есітіп мен не тілесем екен деп өзіме сұрақ қойдым. Босаныуыма 3ақ апта қалды. Ойлап қарасам Аллахымнан не сұрарымды да білмей қалдым. Жүрегімде молынан шүкірлік және Қанағатты сездім. Аллах маған бәрін берген. Ешбір мұқтаждықты сезініп тұрған жоқпын. Өткен өмірімеде ризамын кәзіргі өмірімеде, болашағымда да Аллахтың рахымы меннен аарылып кетпейтініне 100%сенімдімін ИншаАллах.
    Аллах менің тағдырымды Лаухулмахфузда о бастан әдемі етіп жазғанын , мені өзіне Дос еткенін және Жүрегімде тек қана Оған ғана шексіз махаббатты құйып қойғанын сезіндім.
    Айтқандай кешегі Алматадағы жер сілкінісі кезінде Күйеуім үйде болмады вахтовый жұмыста. Мен 2баламды алып сыртқа шығып кеттім. Соң түңгі сағат бир жарым екілер шамасы суықта жаурап тұрмын 2баламен. Соң өзіме сұрақ қоям "дәл қәзір жер жарылып ішіне кіріп кетсем не нәрсеге өкінем?" деп. Соң жауап келеді жүрегімнен" ештемеге өкінбейді екенмін. Себебі мен барлық уақытта Аллах пен Дос болғанмын алхамдулаллах!. Ешкімге айтпаған сырымды мұңымды тек Аллама ғана айтып бөлісемін. Аллах мені ещқашан жалғыз тастап қоймағанын менің ушын Ал-уалий болғанын қыйын сәттерімде Тек қана қасымда Ол болғанын түсіндім. Және соған қатттыыыы риза болдым. Өзімді өте бақытты сезінгенімнен Өлім келген кездеде күлімсіреген күйі риза болып өліп кете алатынымды түсіндім. Аллаға сансыз шүкірлер болсын Ол ғана ғашық болыуға лайықты әрі ең жақын Дос !

  • @user-nv2hq2jr2u
    @user-nv2hq2jr2u 3 месяца назад +12

    Аллаһым барша мұсылмандардың дұға тілегін өзің Мейіріміңмен Рахымыңмен қабыл етші. «Кемішілік атаулыдан ада Раббым! Күнәларымызды кешіруіңді әрі бізді рақымыңа бөлеуіңді сұраймын. Раббым, біздің білімімізді арттыра көр әрі тура жолға салғаннан соң жүрегімізді ауытқыта көрме! Бізге мейіріміңді төге гөр, расында Сен - Мейірімдісің!
    Иа,Раббым! Біз хазіретіміз Мұхаммедті с.ғ.с.көрмесекте оған иман еттік , ендеше жәннатта оны көру құқығынан айырма, оған жақын болуды нәсіп ет, мұсылман күйімізде жанымызды ал, оның шөл Қандыратын, ішкен соң мүлде шөлді сездірмейтін, балдай тәтті хауызынан сусындандыр. Расында Сенің құдіретің барлық нәрсеге толық жетеді.
    Майдаланған Құлдарыңды кешірші! Пенделік пайыммен Өлшеп, тар санамен есептеп, шектеулі оймен ойлап, Құндылықтардың орнын ауыстырып қойып жатырмыз! Құл екенімізді, Әлсіздігімізді, дәрменсіздігімізді, ұмытып кетіп жатырмыз! Сенің берген тіліңді құлшылыққа, шүкірлікке, игілікке емес, зиянға, Өтірікке, Өсекке, ғайбатқа, күпірлікке пайдаланып зиян жасаудамыз!
    БІЗДЕРГЕ ӨЗ МЕЙІРІМІҢМЕН: ТУРА ЖОЛ, СЕНЕН ҚОРҚАТЫН ЖҮРЕК, РАЗЫЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙТІН САНА, СЕН РАЗЫ БОЛАТЫНДАЙ ХАЙЫРЛЫ ҒҰМЫР БЕРШІ!
    Уа, жақсылықтарын есепсіз берген Раббымыз!
    Өзіңнің жанындағы ұқсасы болмаған сұлулықтармен бейнемізді көркейт!
    Әрбір пайдасыз нәрсені бізден алыстат! Әрбір бос, жанға жайсыздық беретін ойларға санамызды жабық ет!
    Иа,Раббым! Балаларымызды Әртүрлі жамандықтардан, Қауіптерден, арам пиғылдардан алыстат.Оларға Ислами сана нәсіп ет. Өзіңе құл, Пайғамбарымызға
    (с.ғ.с) үммет ет."
    Иа,Раббым! Ақылдарын әртүрлі бос нәрселерден тазала. Ақыл мен парасат иесі болуларын нәсіп ет.
    "Иа,Раббым! Нәпсі азғындырына жол берме, оларға дұрыс жол көрсет."
    Иа, Раббым! Оларға мейіріміңді төк. Оларға ұзақ, бақытты Өмір бер.
    Раббым жанымызды Өзің разы болған күйде алшы!
    Аллаһым жанымызды алуға Әзірейіл періште келген сәтте оның жақсы бейнесін көруді нәсіп етші!
    Иа,Раббым бізді жуындыратын, кебіндейтін адамдардың Өзіңе сүйіктілер, жақсы адамдар болуын нәсіп етші!
    Раббым жаназамызға біздің артымыздан Қияметке дейін дұға жасайтын адамдар келуін нәсіп етші!
    Иа,Раббым!
    Дәмі жоқ дәулеттен, Қайырымы жоқ Қазынадан, арсыз атақ- даңқтан, хайырсыз амалдардан, берекесіз байлықтан сақташы біздерді.Екі дүниеде де абыройлы болуымызды нәсіп ет🤲🏻

  • @user-yf8ln6kb6s
    @user-yf8ln6kb6s 25 дней назад

    Улдарыма қайырлы адал жар несийп еткей Алла тағала қолдасын Алла жар болғай

  • @ayauly_sadykova
    @ayauly_sadykova 4 месяца назад +40

    Мен орысша дуга сураймын, солай ойым тезирек жетиледи:
    Кунделикти намаздан кейинги дугамды жазып кетейн:
    О Аллах, Милостивый, Милосердный, Вечно живущий, Всемогущий, Всезнающий, Наимудрейший, Наищедрейший, Исцеляющий, Дарующий удел Аллах, я прошу тебя прости мои грехи, прости грехи моих родителей, родных и близких, прости грехи моих предков и потомков до Судного дня, прости наши грехи которые мы совершали, совершаем и будем совершать зная того или нет.
    О Аллах, я прошу Тебя, спаси меня, мою семью, моих родных и близких от всяких бед, бедности, несчастных случаев, от сглаза и наущения шайтана.
    Спаси нас от мучения в могиле и от огня Ада.
    Даруй нам место в Раю, построй нам огромный дом в Фирдаусе рядом с нашим Пророком (с.а.с).
    Йа Раббым я прошу тебя укрепи мой иман, укрепи иман моих родных и близких, сделай так чтобы каждый наш шаг был совершен только ради Твоего довольства. Открой моё сердце к Корану.
    О Аллах очисти моё сердце, убери из моего сердца все пороки такие как: Горделивость, надменность, высокомерие, лживость, зависть, обидчивость и т.д.
    Йа Раббым я благодарю Тебя за еще один день, за еще один шанс, мне не расплатиться за своё здоровье и тело, Спасибо огромное за всё это, за моих детей, за крышу над головой, за ризк и пропитание которые Ты отправляешь каждый день.
    Сделай меня из своих дающих рабов.
    О Аллах помоги обрести счастье в Обоих Мирах, прошу тебя всеми Твоими Великими и Красивыми именами🤲🏼
    Аллаху Акбар, Аллаху Акбар, Аллаху Акбар, Амин🤲🏼🤲🏼🤲🏼

    • @ainuromarbek
      @ainuromarbek 3 месяца назад

      😍🤲🏻қандай керемет

    • @hm_nabira
      @hm_nabira 3 месяца назад

      Қабыл болсын

    • @AlfiyaAbulkhair-ip4dm
      @AlfiyaAbulkhair-ip4dm 3 месяца назад

      Сестра Дай пять ❤ Аллаху Акбар ❤

    • @gulnara1331
      @gulnara1331 3 месяца назад

      мына дұғаны Марзия ханым айтып жатқандай болды маған🥺

    • @guzelyaiztay2186
      @guzelyaiztay2186 3 месяца назад

      Қандай керемет дұға! МашАллаһ!!!

  • @user-jo6bu6wl6u
    @user-jo6bu6wl6u 4 месяца назад +101

    Өміріңді өңсіз еткен, сені қатты ренжіткен, жүрегіңе жазылмайтын жара салған жанды көрсең, құрбым, сен оған дұға ет... Бәлкім, суық сөз бен салқын көздің арасында адасып, сенің дұғаңа мұқтаж боп жүрген шығар..
    Саған дауыс көтеріп сөйлейтін, көңіліңе қатты қаяу салған, сен қиналғанда жаныңнан табылмаған құрбың үшін дұға ет. Қатты желден ықтырынып, сенің құшағыңа тығылғысы келетін шығар. Білмейсің ғой...
    Сенің құлшылығыңа, намазыңа, орамалың мен оразаңа қарсы болған ата-анаң үшін дұға ет. Жүректері Раббысын қатты сағынып, бірақ Оған барар жолды таппай жүрген болар..
    Сені қатты сөзден, өсек-өтіріктен, саған жабылған жаладан, ата-ененің ауыр сөзінен құтқара алмаған күйеуің үшін дұға ет. Шарасыздықтан басы қатып, өзін кінәлі, жазықты сезініп жүрген болар..
    Сені сыртыңнан күндеген, жүріс-тұрысыңды санап, әңгіме қылған адам үшін дұға ет. Сендегі ризық пен нығметке, сендегі сәттілікке оның да жеткісі келетін шығар. Оған да бұйырсын..
    Құрбым, сен өзіңе дұға ет...Адамдардың қателігін емес, құлдың қателігін көруге, Раббыңның рұқсатын көруге, көркем құрал болуға... Ешқашан адамды бір қателігі үшін жек көрме. Көркем түрде сабыр, әдеп танытып, әдемі мінезбен жауап бер. Дұғаңа мұқтаж болған әрбір адам үшін Раббыңның құзырына бар, құрбым... Өзгеге дұға еткен құлдың Аллаға қаншалықты сүйкімді болатынын біл...🤍

    • @potatoo509
      @potatoo509 3 месяца назад +6

      МашАлла недеген көркем айтылған әдемі сөздер
      Алла Тағала сізге разы болсын❤️‍🩹 Осыны оқуыма себепші болғаныңызға рақмет❤

    • @user-nl7yc1ok4c
      @user-nl7yc1ok4c 3 месяца назад +1

      Маш Аллах, керемет рақмет үлкен сізге

    • @hm_nabira
      @hm_nabira 3 месяца назад +2

      Өте керемет жүрек кеңдігі,жомарттығы,дұғаңның сыйын аласың ИнШаАллаһ,осы жайлы менің дұғам осы жүрек жарды дұғаларыңды көкірегіне қондырар пенде көп болсыншы,
      Бұл адам ішіндегі тығылып жатқан мейірім махаббатты оята алатын дұға.
      Қабыл болсын осы дұғаң.Аллаһым разы болсын

    • @fleucly
      @fleucly 3 месяца назад

      Сен кыз орысша сойле я болмаса казакша сойлесей

    • @aigulkulpamishova9167
      @aigulkulpamishova9167 3 месяца назад +1

  • @zhanna8598
    @zhanna8598 Месяц назад

    Осы подкасты неше қабат көре бергім келеді. 👍👍👍

  • @user-ht5mn3og2g
    @user-ht5mn3og2g День назад

    Аллахым разы болсын❤❤❤жандарым

  • @user-sq4kp1yu3k
    @user-sq4kp1yu3k 4 месяца назад +14

    4 ши баламда бир олимнен калдым😢1 ЕР 3 КС пен босандым олимди сезиндим ауа жетпей туншыгып калдым.Осымен бари биттима деп ойладым ештенке ешким ойыма туспеди тек озимди ойладым.кирерде дуга жасап кирдим уйдеги уш балама керекпин,огейдин колында жыламасыншы деп.Аман есен 3 ши КС дан шыктым казир бопем пышылдап жатыр емип алды шукир Аллага тагы бир рет шанс бергенине.Мен ар намазда букил мусылмандардын откен казирги келер куналарин кеширши,уйи жоктарга уй,баласы жоктарга бала,карызы коптерге ризык берип койшы деп тилеймин.акыретте ешкимнин артын ашпашы кеширши деп тилеймин

    • @user-nq7mg3hv5g
      @user-nq7mg3hv5g Месяц назад

      Шынымды айтсам жастык шакпен айтеуир дугада билмеймиз бирак бир Аллага сенип журдим. Оз сезимдерим озимде айтеуир омир сурип журдим.екинши улымды 6жарым айлык кезинде омирге акелдим.опепациямен исинип кеткем почка отказ берип, стресстен болды, ол кезде куйеуим касымда жок, тек сестраларым касымда, солардын колдауымен журдим.сойтип баламды адам болмайды деп все органы слабые, к сожалению такие дети погибают деди.менде двойной стресс..тамак ишпим , ещё уйыктамаймын.безсоница ауруына шалдыктым.уйктайын десем уйктай алмаймын.бирак кунде балама 3 сагат сайын барып турам , барган сайын басына колымды койып ишимдеги тилектеримди айтып кетем, мен реанимация да жатканда катты уйктай алмай киналдым, кор ете тусем бир секундка..бирак уйктамвйм.укол салат уйктамайм.сойтип касымда бир айел жаткан сол айел сен Ля Илляха Ил Аллах, Мухаммад Расул Аллах деп айтшы деп айтты, ол созди билем бирак стресстен сол созди де айталмай жата бергем гой.сол созди айтып едим кишкене орнымнан турып козгала бастадым.бирак али уйктай алмайм.сонымен катты ауыр кундерди басымнан откизип..сестраларым аркасында есимди жиып, балам аман есен болып .бир айдан сон уйге шыгып, балам аман есен.казир 12 де жасы, Аллама шексиз шукир! Балам пысык , Акконил бала болып осип жатыр, Дзюдога барады.спортпен шугылданады.Алланын кудиретин аркасында Адам болып жур!

  • @Balzhan_Aidarkyzy
    @Balzhan_Aidarkyzy 4 месяца назад +33

    Менің ең көп жасайтын дұғам үйден шығарда оқылатын дұға және жолда жедел жәрдем көлігін көрсем болды "Аллахым жеңілдігіңді бере көр"деп тілеймін.

    • @gulmiraibijanova8599
      @gulmiraibijanova8599 4 месяца назад +1

      Істеріңізге береке берсін, алла қолдасын!

  • @user-gv7vd3rg3m
    @user-gv7vd3rg3m Месяц назад

    Алланын нуры жаусін осындай кунды подкаст кобеие берсыншы келген конак кыздар өте өте суйкымды жандар екен журегыме жетты сыздерге Улкен рахмет ❤❤❤

  • @user-yc1kt4pd8l
    @user-yc1kt4pd8l 3 месяца назад +13

    Мен жақында босандым. Босанудан алдын көп босанған әйелсің деп толғақ жоқ болса да роддомға жатқызды. Үйде 5 бала, жолдасым жұмыс жасайды, ата-ана, туыстар алыста. Сонымен сол родомға түскен кештен бастап 10 ясин оқып,қысқа сүрелермен дем сала бердім өзіме, толғақтың тез келуін, еш қиындықсыз, ұзақ толғақсыз босануымды жеңіл босануымды Алладан сұрап намазымды оқып ұйықтадым. Ертеңіне таң намазға дәрет алуға тұрсам пробка кетіпті. 7 см ашылғанға дейін тооғақ болмады босанар алдын 10 минут қана болды. СубханАлла. Ещё сол күні дежурный еркек екен мен кірем деп тұпып алған. Мен родзалға бармай палатада Аллаға жалбарындым "Раббым маған жәрдем ет, әйел адам жібер, ер адамға босанбаймын деп" Обход жасап жүрген заведущий әйел адам жүр екен соған жабыстым, сіз босандырыңызшы деп. Еш қарсылықсыз келісе кетті, әйтпесе асығыс вызов бар деп тұрған. Еркек кірмеді. Моментально қабыл болған дұғам өте көп. Осы соның бірегейі

  • @user-jo6bu6wl6u
    @user-jo6bu6wl6u 4 месяца назад +16

    Әлемдердің Раббысы✨
    Жанымның Иесі, Көк пен жердің Жаратушысы, Құдыреті шексіз Алла Тағала. Сен Пәксің! Сенің есімің мақтаулы. Күш-құдырет тек Саған тән.
    Бізді кешір, жарылқа, Мейіріміңе бөле, тәубемізді қабыл қыл. Иманымызды берік ет, құлшылығымызды қабыл ал.Намазбен қуандыр,иманның дәмін сездір,намазымыздың қаза болуынан сақта.
    Өзіңе жақын ет, "Мүлк" сүресімен қабірімізді нұрландыр, игі амалдарымызбен Қияметте сүйіншіле, "Уақиға" сүресімен бай қыл, сүннетімізбен Пайғамбарымызға (оған Алланың сәлемімен игілігі болсын) жақын ет, шүкір етумен қанағат бер, Құраннан бір күнге болсын қол үздірме.
    Білімімізді арттыр оған сай амал бер, садақамызбен күнәмыздан тазарт, шүкірімізбен Саған сүйікті ет. "Дұха" намаздарымызбен денімізді сау қылғайсың, Ұлы Кітабыңды оқумен дерттерімізден айықтырғайсың, намазбен сабырлық сыйла, Сені еске алумен жүрегімізге тыныштық бер!
    Бізді нәпсімізбен бір сәтке болса да жеке қалдырма, шектен шықсақ көркем насихат бер, Өзіңді бір сәтке болса да ұмыттыра көрме, дүниемен алдандырма, Мейіріміңнен үміт үздіре көрме, дінде табанымызды нық ет, ісімізді жеңілдет!, Қамқорлығың мен Жәрдеміңнен айыра көрме!
    Тілімізді зікір етумен суландыр, ғайбаттың есігін ашып қоюдан сақта, өзгеге мін тағудан алыс ет.
    Риядан қорға, фитнадан бетімізді аулақ қыл. Өзгенің айыбын жасыруды үйрет, реніштерді ұмыттыр, қарапайымдылықпен сұлу ет, көркем мінезбен дәрежемізді биік ет.
    Біз Саған мұқтажбыз! Бізді жарылқа, күнәмызды кешір, ей, Күндізді түнмен түнді күндізбен алмастырған, аспанға шамшырақ орнатып, өлі жерді тірі еткен Құдыреті шексіз Раббым!🤍

  • @user-rw2cv5vp8e
    @user-rw2cv5vp8e 4 месяца назад +22

    Мен былай дұға тілеймін:
    Аллахым барлық мадақ мадаулар, барлық мүлік саған тән.Аллахым саған сенің дидарыңның ұлылығындай, патшалығыңның құдіретіндей мадақтар болсын.Аллахым маған және менің жақындарыма берген нығметтерің үшін сансыз шүкіршіліктер болсын.Аллахым сенің сүйген құлың болуды, пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с лайықты үмметі болуымызды нәсіп ете көр.Аллахым біліп-білмей жасаған өткен және келешек күнәларымды кешіре гөр.Я Хафиз, Я Мухаймин я Аллам маған және менің жақындарыма жасалған жамандықтардың кесірінен,бүкіл бақсы-балгер, дуакеш, құмалақшылардың кесірінен,бүкіл ер және әйел жын-шайтандардың кесірінен ,бүкіл қиыншылық, ауру-сырқау, тіл-көз сұқтың кесірінен өзіңе сиынамын, және олардың кесірінен сақтай көр. Я аллам тозақ отынан, қабір азабынан сақташы, ақыретте сұралуымызды жеңіл қыла көр.Қияметте амал дәптерімізді оң жағынан алушылардан ете көр.Я Аллам мені осы уақытқа дейін тәрбиелеп өсіргеніндей ата анама мейірім шапағат рақымыңды төге көр.Оларды тура жолыңа сала көр, күнәларын кеше гөр .Бауырларыма жар бола көр , тура жолда жүргізе көр.
    Я Аллам еліміз аман болсын.Ел басындағыларға иманды, халықтың хамын ойлайтын ақылды, білімді адамдар жиналсын.Еліміз тыныш болсын.Я Аллам ауырып жүргендерге шипа бере көр,қиналып жүргендерге жәрдем бер, баспанасыздарға үйлі болу бақытын нәсіп ет, бала сүюді аңсағандарға, ата - ана болу бақытын бұйырт, хайырлы жар сұрап жүргендерге хайырлы жар нәсіп ет.Я Аллам жаратылысымды көркем еткеніңдей мінезімді көркем ет.
    Я Аллам әрдайым өзіңді зікір етуге, өзіңе шүкір етуге, өзіңе көркем түрде құлшылық етуге өз қасыңнан жәрдем күшін нәсіп ет🤲🏻

    • @user-pm1ni3lu2v
      @user-pm1ni3lu2v 4 месяца назад +1

      Әмин Аллах тағала разы болсын

    • @user-vn8op9pm7b
      @user-vn8op9pm7b 3 месяца назад +1

      Алла тағалам разы болсын,тілектеріңіз қабыл болсын,бәріңіздің

  • @user-yc2jv5fd4p
    @user-yc2jv5fd4p 2 месяца назад +8

    Екеуіде жүзі нұрлы әйелдер екен . Жүрегі таза , Алласын таныған жандар бақытты ғұмыр кешіп жүрсін осылай❤

  • @user-or2oi6ob9d
    @user-or2oi6ob9d 3 месяца назад +12

    Машаллах Алина ханымның сағыныштан жасайтын дұға дегенде менің есіме түсті. Бала күнімде әле 2сынып оқитын кезім мені үлкен әпкем қолына оқуға берді, бауырым баласына қарайласады деп, сол кезде қатты сағынантынмын мама папамды, сол кезде мен кішкентаймын, дұға дегенді білмеймін, бірақ құдайдың барын білем, түнде стенаға қарап жылап жатып, құдайым мамам мені түсінде көріп хотя звондасыншы даусын сағындым деп жылайтынмын. Ол кезде ещё домашный телефон біреудің үйінде болса біреудің үйінде жоқ. Мен әпкемнің қайнағасының үйінде болатын 15-10минуттық жол жүріп баратынмын үйіне. Ещё ол үйде менімен қатар ойнайтын ешкім жоқ, бірақ звондап қалаармын деген үмітпен сол кісінің үй жағына ойнауға барасың и то ол кезде мама папаң жұмыста телефонды алмайды. Бірақ бір күні солай жылап ұйықтағанда мен мамам түсіне кіргенмінғой, звондаған мама сөйтіп, қуанышымда шек болмай қаттыы қуанғаным бар❤

  • @azharqurmanbek
    @azharqurmanbek 4 месяца назад +46

    Малика ұстааааз дұғалар кітабын асыға күтеміз ин ша Аллах😍😍😍 Сіз айтып жатқан дұғаларды үйреніп, айтқым келіп жатыр❤️

    • @arnazhusip1260
      @arnazhusip1260 4 месяца назад

      Куран кз приложениясында “джевшен” бар бесплатно дугалар жиынтыгы

  • @AliKhan-tb7zc
    @AliKhan-tb7zc 4 месяца назад +19

    Алина ханым сойлегени сондай суйкимди екен, Алла береке берсин сиздерге

  • @Seitzhanovag
    @Seitzhanovag 3 месяца назад +9

    Намаз оқимын деп ниет еткеннен кейін менің көретін, құлағым еститін жалпы айналам діни түсініктерге толып жатыр. Және мен одан сайын жұма тез келсе екен намаз бастап оқитын күн деп асығып кетемін. Осы алдымдағы жұмада бастаймын Иншаллах. Күйеуімде рұқсатын беріп жатыр. Намазға Шүкіршіліктен келгім келеді. Дұғам өте көп. Бірақ қазір есіме жалпы бүгін көлікте кетіп бара жатқанда есіме қалай түскенін білмеймін әріптесіме ана бақытын тіледім. Ол кісінің жасы қырыққа таяп қалды. Кеш тұрмысқа шығып еді. Жақсы кісі. Біз жақын араласпаймыз. Бірақ өзіме ұнайды.

  • @nazymainabekova216
    @nazymainabekova216 Месяц назад

    Рахмет керемет подкаст , с каждым разом слушаю улучшаюсь стараюсь быть в имане

  • @Shakhrizada97
    @Shakhrizada97 4 месяца назад +20

    Алла Тағала! Маған саналы , салиқалы, дені сау, бақытты, иманды ұрпақтарды нәсіп етші!
    Ата - аналарым мен қалай өсіріп мәпелесе, Сен де оларды өз мейіріміңе бөле!🤲🏻

  • @user-gm6cs9zo9j
    @user-gm6cs9zo9j 4 месяца назад +18

    Аллаһым, пайғамбарымызға ( саллаллаһу алейһи уассалям), және оның отбасына, және оның сахабаларына өзіңнің игілің мен сәлемің, мақтауларың мен мадақтарың болсын. Осы подкастты көріп отырған әрбір мұсылманға Пайғамбарымызға( саллаллаһу алейһи уассалям) деген ерекше сүйіспеншілік нәсіп ет😇

  • @user-tg6fo4zm5l
    @user-tg6fo4zm5l 3 месяца назад +22

    2023 жылы аяғым ауыр болып жүріп Аллахтана қыз сұрады. Қыз берсең намазға жғыламын деп айттым босанғаннан кейін Алланың қалауымен 3 айдан кейін намазға жығылдым.

    • @Buhgalter_ode
      @Buhgalter_ode 3 месяца назад +1

      Аллаға шарт қойдым дисізғой о алла шартыңызды орындаптығой

    • @user-uq5sb3ep4n
      @user-uq5sb3ep4n 3 месяца назад

      Сенікі миндет ко.

  • @user-fj7dc4vb4p
    @user-fj7dc4vb4p 28 дней назад

    Кереметттт. Аллам разы болғай, сіздер сияқты қазақтың білімді қыздарымыздың болғанына.

  • @AsselKuanyshbay
    @AsselKuanyshbay 4 месяца назад +19

    Әлхәмдулиллях біліп білмеген барлық нығметіңе сансыз шүкір. Салауат 3 рет.Рахман, Рахим екі дүниеде мейіріміңе бөлеп, тозақтан сақта. Ғафур, Ғаффар менің және барша мұсылманның күналарын кешіре көр. Қиындықта қалған мұсылмандарға жәрдем бере көр. әл Мумин иманымызды күшейте көр. Хәди, Рашид бізді тура жолмен жүргізіп өзің разы болған күйде мұсылман боп бұл дүниеден өткіз🤲🏻

  • @nurzhamaliliyasova9465
    @nurzhamaliliyasova9465 4 месяца назад +14

    Аллахым маған қайырлы баспана бұйрта көр осы жылдан қалдырмай. Аллаhу Акбар. 🤲🏼

  • @user-xx9op3io6c
    @user-xx9op3io6c 3 месяца назад +13

    Жасым 49да осындай подкасть тыңдамағанмын бірінші тыңдап отырмын керемет машша Аллах Аллах разы болғай

  • @user-rq3jo4vj1i
    @user-rq3jo4vj1i 3 месяца назад +14

    Мен Алладан сынақсыз сана берші деп көп сұраймын.Соның ішінде көркем түрде Орамалға сынақсыз келейінші деп сұрадым.Алланың қалаумен Орамалдамын.

  • @Menintilim
    @Menintilim 4 месяца назад +44

    Мен бір жігітпен сөйлесіп жүрдім де, оған тұрмысқа шығатындай болып жүрдім. Бірақ неге екенін білмеймін, Аллахтан көп сұрадым, атын айтып, түсін түстеп айттым, хайырлы болса менің жанымда қалдыр, менің адамым болмаса алыстат деп. Күндердің күнінде біз себептермен екіге бөліндік, көркем түрде. Және мен көп қиналған жоқпын. Мұны намаз оқымайтын, енді ғана дін туралы білім алып жүрген қыздар түсінеді деп ойлаймын. Сол кезде Алла маған қиналмауды үйретті. Өмірлік қиындықтарым мен үшін әлі де сабақ болып келе жатыр. Сол өткенім үшін өкінбеу Алланың маған берген сыйы деп білемін. Аллахты тану үшін, өзімді адам ретінде қалыптастыру үшін талпынып жатқаным Аллахтың маған қалауы деп білемін. Барлығы үшін шүкіршілік етемін. Аллахтың шексіз мейіріміне шектеу қойғанымды түсінген кезде, менің өмірге деген көзқарасым мүлде өзгерді. Және тағы бірнәрсе, мен үнемі “бірдеңесі болар, Құдай жеткізер” деп ақшаларымды қажетіме жұмсаймын. Бірақ каким то образом, кейін ақша қажет болғанда Аллах өзі маған таптырады. Осыдан “Аллах тәуекелшілдерді жақсы көреді” деген сөздің мәнін ұқтым.
    Ал ендігі сіздерге тілерім: “Бәрімізге Аллахтың дидарын көру” нығметі бұйыртсын.
    Подкаст өтеее пайдалы болды, жүрегім тынышталып отырмын, лайфхактардың бәрін түртіп алдым. Аллах сіздерге және біздерге разы болсын ИншаАллах🤲🏻🤲🏻🤲🏻

  • @hm_nabira
    @hm_nabira 3 месяца назад +16

    Осы подкасты ұымдастырып отырған Малика ұстазға Аллаһ разы болсын,өзінің дұғасы түсінде пайғамбарымызды көріп,жаннат бақшасында ол кісімен бірге болуды бұйыртсын.Шақырған қонақтарыңныңның да дұғалары үнемі қабыл болсын.Керемет айтарға сөз жоқ,тек жалғасы ұзаққа кетсін елге пайдасы сауабы өте көп болсын.
    Елге жасаған қызметтерің қайырымен болсын.Малика,Аллаһым ойыңа бұдан керемет,бүкіл мұсылманның санасын оятар проектілер жасау бұйыртын.
    Дәл сендердей ұрпағы бар ел дамиды ,тек қатарларың көбейіп,елдің саналық дамуына қосатын үлестерің өте көп болсын.

  • @Gulnaz-rq2xr
    @Gulnaz-rq2xr Месяц назад

    Малика ұстаз, осы подкасттарыңыз өте керемет, ғұмырын ұзақ қылғай, интернетте көбіне теория айтады ғой дін туралы, ал бұл подкастте практика, шынайы оқиғалар, жүректен шыққан дұғалар мотвацияны өте қатты көтереді, теңдессіз подкаст ❤

  • @TomirisTursunbai
    @TomirisTursunbai 25 дней назад

    Кітаптың біреуі бұйырса екен деп тілеген едім,үш ай да өтіп кетіпті
    Малика ханым, сіздің бастамаңыз жас оқырманыңыз маған көп білім берді,ақырет ие хақ,сол кезде сіздің сауабыңыз сансыз арта береді деген ойдамын
    Менің өзімнің есіме бір оқығаннан жатталып қалған дұғам бар:"Субханаллахи уа бихамдихи, Субханаллахиль азым" және "Ля хауля ва ля кувата иля билях".❤❤❤

  • @sulpaktemirtau7841
    @sulpaktemirtau7841 3 месяца назад +18

    Күнде жатарда 1 фатиха.3 кәусар.3 ықылас. 3 фалақ.3 нас сүрелерді оқып суф деп бүкіл денеме сипаймын "Пайғамбарымыз С. А.Уның сүннетімен деп.Калима қайтарам үш рет.Сосын бүгін не жасадым деп өзіме есеп беріп жатамын.Сосын Е Аллам бүгін пендешілікпен біреудің хақысына кіріп кетсем, біреуді білмей ғайбаттап қойсам,білмеген жағдайда біреуді ренжітіп алсам өзіңнің разылығың үшін сол кісілерден кешірім сұраймын және сол амалым үшін сенде кешірші мені деп.Егерде кімде кім мені білместікпен ғайбаттап қойса,мені байқамай ренжітіп алса,менің хақыма кіріп кетсе ,сенің разылығың үшін ол кісілерді кешірдім Аллам ,оларды сенде кешірші білмегені үшін деп жатамын.Арнайы қол жайып бет сипамасамда ,іштей осылай сөйлесіп жатамын Раббыммен.Ұйықтап кеткенше салауат айтып жатамын.Раббым мен әлсізбінғой сен білесің мен нәпсіме бой беріп қойюым мүмкін, сен мені намазға өзің оятшы деймін.Аллам өзі оятады.Ал будильник қойып жатып,Аллама сен мені намазға өзің оятшы демей жатып қалсам ,будильник шырылдасада оны өшіріп қайта жатып қалады екенмін😂.Негізгі Раббымызбен кез келген жерде сөйлесіп жүруіміз керекқой.

  • @_abzalka_
    @_abzalka_ 4 месяца назад +6

    ма ша Аллах, осыны естіртіп, тыңдатқызған Аллахыма сансыз шүкірлер мен мақтау-мадақтар болсын😘🤲🏻❤️

  • @zhanaguldauzhanova6824
    @zhanaguldauzhanova6824 3 месяца назад +11

    Дін мен медицинаны байланыстырып, қатар алып жүргені үшін Айда ханымға Аллах разы болсын ❤

  • @amangulallaniyazova4814
    @amangulallaniyazova4814 3 месяца назад +5

    Я АЛЛА Я РАББИ Я РАХИМ. МЕНИҢ ДУҒА ТИЛЕКТЕРИМДИ ҚАБЫЛ ЕТШИ🤲. БИЛИП БИЛМЕЙ ЖАСАҒАН КҮНАЛАРЫМДЫ ӨЗИҢ КЕШИРШИ ЖӘНЕДЕ ӘКЕМНІҢ АНАШЫМНЫҢ БИЛИП БИЛМЕЙ ЖАСАҒАН КҮНАЛАРЫН КЕШИРИП, ОЛАРҒА УЗАҚ ҒУМЫР НӘСІП ЕТШИ. БАУЫРЛАРЫМ ДЕНДЕРИНЕ САУЛЫҚ БЕРИП, ӨМИР ЖАСЫН УЗАК КЫЛЫП НЕСИБЕЛЕРИН АРТТЫРАГӨГШИ. ҮЙИМИЗГЕ БАҚ БЕРЕКЕ АУЫЗБИРШИЛИК БЕРЕГӨРШИ. ШЫНЫМДЫ АЙТАЙЫНШЫ ОСЫ 2024 ЖЫЛ 9 ЯНВАРДАН МЕНИҢ ӨМИРИМДЕ УЛКЕН ӨЗГЕРИСТЕР БОЛДЫ ОЛ ӨЗГЕРИСКЕ АНАШЫМНЫҢ АУЫРҒАНЫ СЕБЕП БОЛДЫ ДЕП ОЙЛАЙМЫН. СОЛ КУНИ ӨМИРИМДЕ БИРИНШИРЕТ ҚАТТЫ ҚОРЫҚТЫМ. СОЛ КУННЕН БАСТАП КУНИГЕ ЗИКР САЛАУАТ АЙТЫП УЙКТАР АЛДЫНДА МИНДЕТТИ ТУРДЕ ДУҒАМДЫ ТИЛЕП КӘЛІМАМДЫ АЙТЫП ЖАТУҒА ӨЗ ӨЗИМЕ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫРДЫМ. КЕЙДЕ ҚАТТЫ ӨКИНЕМИН АНАШЫМ АУЫРМАЙ ТУРҒАН КЕЗДЕ НЕГЕ ОСЫЛАЙ ЖАСАМАДЫМ. СОЛ КЕЗДЕ АНАШЫМ БУНДАЙ ҚЫЙНАЛМАС ЕДИГОЙ ДЕП ИШТЕЙ ҚЫЙНАЛАМЫН. БЫРАҚТА АЛЛАҒА ШУКИР КАЗИР АНАШЫМНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЖАКСЫ. ОСЫ КОМЕНТТИ ЖАЗЫП ОТЫРГАН СЕБЕБИМ. ОСЫ КОМЕНТТИ ОҚЫП ОТЫРҒАН ЖАН... СИЗГЕ ӨТИНИШ ӘРДАЙЫМ ДУҒА ЖАСАП АЛЛАДАН КЕШИРИМ СУРАП ЖУРЕЙИКШИ. АЛЛА БАРШАҢЫЗҒА РАЗЫ БОЛСЫН. СОНЫҢ ИШИНДЕ ОСЫ 3 УСТАЗҒАДА ӨЗИМ АРНАЙЫ ДУҒА ТИЛЕДИМ. АЛЛА ДУҒА ТИЛЕКТЕРИМИЗДИ ҚАБЫЛ ЕТСИН. ОСЫНДАЙ ПАЙДАЛЫ ДҮНИЕЛЕР КӨБЕЙСИНШИ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤🤲🙏🙏🤲🤲❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-wg4tq7oj6q
    @user-wg4tq7oj6q 4 месяца назад +11

    Жақсы, берекелі дүние болды. Әсіресе тәкаппарлық жайында Малика ұстаздың айтқаны ойланатын дүние болды

  • @mairamaira-1382
    @mairamaira-1382 4 месяца назад +13

    Осы подкасты көріп отырғаныма Аллаға сансыз шүкір. Малика ұстаз сізге Алланың нұры жаусын. Иманым күшейе бастады Аллаға шүкір

  • @askhatovna_
    @askhatovna_ 2 месяца назад +7

    Керемет әсер алдым,иманым күшейіп жатқанына өзім қатты қуанышты,Малика ханым,ұйымдастырушылар,сіздерге мың алғыс Машаллаһ 😍💛🥹

  • @user-yf8ln6kb6s
    @user-yf8ln6kb6s 25 дней назад

    Алланың нуры жаусын истеріңде сәттілік береке болсын Тамаша

  • @amirgames4642
    @amirgames4642 4 месяца назад +6

    Осы подкастты қарап отырғанда бір қызық сезімде болдым. Күштііі бір рахаттанып көрдім. Біраз пайдалы дүниелер келді ойыма. Тасбих намазы туралы да білмеппін, подкасттан соң толығырақ білгім келіп құштарлығым ашылды.

  • @nagimaiztileuova1929
    @nagimaiztileuova1929 4 месяца назад +8

    Аллаһым сіздердей иманды жан болуды маған да нәсіп етсін және де барша мұсылман қыздарға нәсіп етсін амин 🤲
    Аллаһым иманымызды күшейтіп, көркем мінез бен сабыр берсін 🤲
    Барша мұсылмандарға жеңіс берсін 🤲

    • @hm_nabira
      @hm_nabira 3 месяца назад

      Әмин.әмин.әмин ❤

  • @user-fj5kr4wh8q
    @user-fj5kr4wh8q 3 месяца назад +2

    Негизи периштелерди кормеймиз гой,мен жана подкастта периштелерди корген сиякты болдым ❤🎉🎉🎉

  • @alinard3544
    @alinard3544 3 месяца назад +7

    РАХМАНЫМ бізге дейінгі бабаларымызды, бізді, бізден кейінгі ұрпақтарымызды ізгілерден, жақсылардан, сүйген құлдарының қатарынан етсін🤲🏻 Аминь🤲🏻
    Жүрегіміз мәңгілікке АЛЛАҒА деген махаббатқа толы болсын 🤲🏻🐝🤍

  • @user-gr5wt4lj9w
    @user-gr5wt4lj9w 4 месяца назад +6

    Алина ханымның баласы жазылып кеткені өте әсерлі жылап жібердім
    Сосын менде кесерво болғам ол кезде мен тек аман есен босанып алайыншы деп ғана дұға етіппін кесерво болмаса екен деп тілемеппін бұйырса кейінгілерінде тілеймін❤

  • @dinatabys8941
    @dinatabys8941 4 месяца назад +18

    Әрбір адам өз деңгейінде барынша жақсы дұға етуге тырысады деп ойлаймын! Менің бір жақсы көріп айтатын дұғам ол- "Иә Алла менің осы өмірімді де,өлімімді де,ахиретімді де сұлу етші" деп айтқан кезімде бір сенімділік пен рахат сезім келеді,жымиып күліп қоям ғой еще артынша 😊.
    Дұғаларыңыз қабыл болсын ! ❤❤❤

  • @Quralay2024
    @Quralay2024 9 дней назад

    Амин 🤲🤲🤲

  • @user-oi4we4cc9k
    @user-oi4we4cc9k Месяц назад +3

    Маған осы отырған Алланың сүйікті үш қызының қолынан кітап алуымды нәсіп етші🤲🤲🤲🙏🙏🙏

  • @sheber_qoloner
    @sheber_qoloner 4 месяца назад +10

    Керемет Оқиғамен бөліскім келеді. Менде қаза намаздар өте көп. Өзәмді мұсылманмын деп жүргенмен парыздар орындалмаған. Есептеп көрсем... Содан түнгі 3те тұрып өтеп көруге шын ниеттендім. Бұрын ұйқыны жіберетінмін. Бірақ ниеттенгеннен соң түнгі 2-3те ұйқым шайдай ашылады. Сол уақытта тұрып кетсем күшті энергичный болып жүрем. Ал жатып қалып 6-7де тұрсам дел сал болып жүремін. Алланың құдіреті. Будильникпен тұрмайтынмын, өз еркіммен оянып кетемін. Ми да демалып тұрады екен. Қысқасы ниет, дұға маған қатты көмектесті. Салауаттың пайдасы ба бар, ол ұзааақ әңгіме. Салауат көөп айтқан екі өмірге де берері мол екен.

  • @gulnazmurathanova1017
    @gulnazmurathanova1017 4 месяца назад +18

    Я Раббым! Ренжігіш көңілімді жұбат. Торғайдай торығып, жалғыздай жабығып қалатын сәттерде жүрегім қатайып кеткен сәттерде Раһымыңның бір бөлігін үзіп берші. Гүлден нәзік ғұмырымды өз панаңа ала көрші Я Раббым. Мені өзімнен, адасқақ ақылымнан сақтай көр. Жамандықтың маңына жолатпай, әдемі жолымнан жаңылдырмай , бағытымнан адастырмай бойымды тіктеген өзіңсің. Әміріңмен келген әдемі өмір, әдемі өлім бере көр. Әрең қимылдаған еріндерімде сенің есімің болғай. Я Раббым сені ғана мойындайын саған ғана бойұсынайын.

  • @user-bp5ep2ez1p
    @user-bp5ep2ez1p 3 месяца назад +3

    Алла Ұлық, Құдіретті барлық мақтау мадақ Аллаға.

  • @user-df3pc4td7r
    @user-df3pc4td7r 2 месяца назад

    Қайырлы күн ☀️🎉қандай керемет Подкатс болды 👏
    Білмейтініміз көп қой негізі.
    Алла разы болсын 🤲🏻 менде онкология емханасында жұмыс жасаймын ,сол жердегі ауыру адамдарға дұға жасап жүруге тырысамын,енді үзбей дұға жасаймын Алла қаласа 🤲🏻
    Күшті мотивация болды 👏
    Малика ұзтаз ,осы Подкатс ары қарай жанданып керемет тақырыптарға толы болуына шын жүректен тілектеспін 🤲🏻🤲🏻🤲🏻❤😘

  • @user-dj3ge3uw4u
    @user-dj3ge3uw4u 4 месяца назад +7

    Малика ұстаз! Өтте керемет хайырлы сұхбат болды.. видионы қосып койып кухнымды тазалап кайфпен тыңдамадым❤ өтте тамаша Мәрзия ханымды шақырыңызшы өтніш!
    2019 жылы өмірімде қатты сынақ болды, қарыз и ажырасу и 2019 бері Камшат Бегжігітітова Мәрзия ханымдады, Айнұр ханымды тыңдап намаз бастап 2020жылдан бері блокнот жазамын! Алланы ұлықтау бастадым әр жазбамды Аллахтың 99 есімімен и тәхәжуд салауатт жаздым и арман мақсат соңғы жағында жазамын! Әлхамдуллилиах ортамда өзгерді тұрмыска шықтым. Казір сол армандарым дұғаларым бәрі 100% орындалды Маш Аллах шукір Аллаға! УМРА ЖАЗЫППЫН жақында барып келдім❤ Аллаға шукір тәубе❤

  • @lolaametova162
    @lolaametova162 4 месяца назад +6

    Я Аллахым осы подкасттан алған білімімды қайырлы қыл, иман байлығымды кушейткейсің

  • @serikgul_06
    @serikgul_06 3 месяца назад +6

    Барша мадақ мақтаулар Аллаһ Тағалаға болсын.
    Аллаһым осы бір каналдың одан əрі жалғасып, көп көп подкасттар түсіріліп жəне ең бастысы барша көрермендерге пайдалы канал болуын нəсіп етсін🤲
    Аллаһым осы подкасттарды көрген əрбір жанның иманын арттырып, көркем дұға етушілердің қатарынан етсін☺ƏМИН🤲

  • @Aigul.S
    @Aigul.S 7 дней назад

    Ассалаумағалейкум.Әмин

  • @ZhuparkhanGulsim
    @ZhuparkhanGulsim 3 месяца назад +21

    Маған Алина ханымның жек көреиін адамыңа көбірек дұға жасау керек деген сөзі қатты әсер етті. Иншаллах әрдайым мұсұлман бауырларымыз үшін дұғада болайық

    • @hm_nabira
      @hm_nabira 3 месяца назад +1

      Иа,ата анасына да мың алғыс, осындай тәрбие берген.Аллаһым әрқашан имандылығының арта берсін нәсіп етсін

  • @Uzak-omir
    @Uzak-omir 16 дней назад

    Маған өте ұнады рахмет қыздар денсаулық ұзақ өмір тілеймін ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-jl1yo3ln3e
    @user-jl1yo3ln3e 3 месяца назад +7

    Алладан кешірім өтінем. Бар күнәларімді кешірсін. Аллаға мың да бір салават, Алладан басқа Тәңір жоқ, кешірім тек Алладан. Маша Алла барлық Аллаға сеніп мадақтап жүретін адамдарға Алланың разылығын тілеймін

  • @user-vx3fq8dt7v
    @user-vx3fq8dt7v 4 месяца назад +6

    Қиналып жүрген едім Алладан не істесем екен деп ойлап жүргем😢,сол намазды біле тұра ұмытып кетіппін,Алла разы болсын Қажет намазымен Тасбих намазы оқуым керек екенғо деп түсіндім😢!Алла разы болсын Малика ұстаз,керемет подкосттар үшін!!!