И. Крыловтың мысалы / Қарға мен түлкі / Ы. Алтынсарин /

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 11 ноя 2024
  • И. Крыловтың мысалы / Қарға мен түлкі / Ы. Алтынсарин / қазақша мысалдар / аудармалар / карга мен тулкы / ертегілер /
    #ИКрыловтыңмысалы #қарғаментүлкі #Алтынсарин #қазақшамысалдар #балаларға #балабақшаға #ертегілер #балаларгаарналган #балатілібал #ірімшік #тулкыменкарга #қарға #түлкі #қазақтілінде #қызықтыертегі
    Қайырлы күн құрметті менің көрермендерім, бүгін сендерге Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Қарға мен түлкі» мысалын көрсетеміз, олай болса тыңдайық.
    Ашығып түлкі жүрді жапандарда,
    Тамақ іздеп жол шекті сапарларға.
    Ешнәрсені көре алмай келе жатса,
    Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға.
    Жүгіріп түлкі соған жетіп келді,
    Қарға ағаштың басында мұны көрді.
    Тістегені аузында тәтті ірімшік,
    Оны көріп түлкі - екең сөйлей берді.
    «Қарға батыр, әр сөзің күміс, алтын.
    Сырттан халқаң тілейді барша халқың.
    Қарға әніңдей әуез жоқ деп.
    Осылайша шығады сыртқа даңқың.
    Сандуғаш, бұлбұлдарды көріп едім,
    Жүзіңді бір көруге келіп едім,
    Даусыңды бір шығаршы шаттанайын,
    Сырттан асық болғаннан өліп едім».
    Басын салып, құйрығын бұлғаңдатып,
    Екі көзін қарғаға қылмаңдатып.
    «Қарға тақсыр, көз жасым көріңіз»,- деп,
    Жыламсырап сөйлейді жылмаңдатып.
    Масаттанып бұл қарға сілкінеді,
    Ішін тартып миықтан бір күледі.
    «Арып - ашып алыстан келген шығар,
    Көңілі тынып кетсінші, шіркін», - деді.
    Мақтау сөзге семіріп, судай тасып,
    Пәрменінше « қарқ » етті аузын ашып;
    Қарқ еткенде, ірімшік жерге түсіп,
    Оны кетті түлкі - екең алды қашып. Міне балалар қу түлкі өзінің жылмаңдаған мінезімен қарғаны мақтап, тәтті ірімшікке ие болды. Түлкінің істегені дұрыс па, бұрыс па оған өздерің баға беріңдер балалар? Осы мысал ұнаса лайк басып, каналға тіркелейік.

Комментарии •