Қан донорларына құрмет. Марат Оразбаев пен Айгул Ракишева «Жаным» және «Алға, Қазақстан» әнімен.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 14 июн 2024
  • 14 маусым - Дүниежүзілік қан доноры күні.
    Бүгін Маңғыстау облыстық Қан орталығында «20-жыл риясыз қуаныш: рахмет, қан доноры» атты мерекелік іс-шарасы өтті. «Жігер би» ансамблінің орындауында «Жауынгер рухы» биімен ашылды. Эстрада жұлдызы Марат Оразбаев пен Айгул Ракишеваның орындауында «Жаным» және «Алға, Қазақстан» әндері шырқалды.
    Мерекелік іс-шараның ашылу салтанатында алғашқы болып Маңғыстау облыстық Қан орталығы директорының міндетін атқарушы Мұқатаева Күләш Лұқпанқызы сөз алды.
    2005 жылдың мамыр айынан бері 14 маусым - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен Донор күні ретінде аталып өтіледі. Бұл күн адам қанының тобын алғаш ашқан австриялық және иммунолог Карл Ландштейнердің құрметіне берілген. Бүкіләлем 14 маусымды құрметті мерекелердің бірі деп донорлар күнін ерекше атап өтеді. Бүкіләлемдік донор күні - басқа мейрамдардан ерекше мереке.
    Адам ғұмырына ауадай қажет саналатын қан өнімдері, одан алынатын әртүрлі компоненттер мен препараттар әзірлеуді, сақтауды, донорларды жасақтау қызметін атқарып, әрі қарай емдеу мекемелерінің барлық қажеттіліктерін уақытпен санаспай қамтамасыз етіп отырған бірден бір мекеме Маңғыстау облыстық Қан орталығы.
    Бір рет қан тапсырған донор, орта есеппен үш адамды дерт пен ажалдан құтқарады. Қан тапсыру ерікті донорлардың өздеріне де қайырымдылық әсерін тигізеді. Ал белсенді донорлар жүрек-қан тамырлары ауруымен сирек ауырады және қан кету олар үшін қауіті жағдай тудырмайды. Тұрақты қан тапсыратын адамдардың өмір сүруі орта есеппен алғанда қарапайым статистикалық адамның деңгейінен 5 жыл артық болатынын ғылым мен тәжірибе дәлелдеп отыр. Демек, олар қан алмасу жүйесі арқылы қызыл сүйек кемігінің жасаушасы тұрақтанып, иммунитет белсенділігі арта түседі деген сөз. Бұл тақырыпты ақындар да бейжәй қалдырмаған. Мәселен, ақын Мұқағали Мақатаевтың «Мен - донормын» атты өлеңі оқылды.
    Бүгінгі шарада интелектуалдық ойын өткізілді. Дұрыс жауап берген қатысушыларға арнайы сыйлықтар үлестіріліп берілді. Әмбебап қан тобы қандай, неше қан тобы бар, қан тапсыру арасында қанша күн бар, адам ағзасында орташа есеппен қанша литр қан бар және дүниежүзілік донорлар күні қашан тойланады деген сұрақтар қойылды.
    Қан доноры болу ерікті түрде жүргізіледі. Қан ауыр жарақат алған, аса қиын оталарды жүргізу, ауыр босану кезінде, сондай-ақ гемофилия және қаны аз адамдардың өмірін сақтап қалу үшін қажет. Жер бетінің әрбір үшінші тұрғыны өмірінде бір рет болса да донорлық қанға мұқтаж болады. Сол бір тамшы қанға зәру болған науқастарға көмек қолын созған маңғыстаулық құрметті ерікті донорлар және жылжымалы көлікпен қан тапсыруды ұйымдастырушы мекемелер марапатталды.

Комментарии •