Шабанбай би кесенесі. Mausoleum of Shabanbay biy. Мавзолей Шабанбай бия

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 сен 2024
  • Қарағанды облысы, Шет ауданынан оңтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерде, Нұра өзенінің жағасында орналасқан.
    Шабанбай Қалқаманұлы - атақты би, шешен, Караменде, Сеңкібай, Жидебай, Боранбай және Жанқұтты сияқты атақты би-шешендердің замандасы. Ол қазіргі Шет, Ақтоғай аудандарының аумағында билік қызмет атқарған.
    Ел аузында сақталған әңгімелер бойынша Шабанбай би аса қарапайым, мейірімді адам болған. Ақылға бай, ойы терең, алғыр да тапқыр әділ би атанған. Шабанбай би аз сөйлеп көп ұғындыратын адам болыпты, аса даулы мәселелерді талкылап шешерде ол үнсіз отырады екен. Билер дауласып, әр бидің шешімімен біреуі келісіп, біреуі келіспей отырғанда Шабанбай би өз билігін бір-ақ ауыз сөзбен жеткізіп, оның үкімімен барлығы келісетін болған. Оның осы қабілетін Әлтеке Жидебай батыр: «Шаппай жүйрік болған Шабаным, сөйлемей шешен болған Шабаным» деп бағалаған екен.
    Ел аузында «Шабанбай би айтыпты…» дейтін шешендік билік сөздер көп сақталған.Шабанбай би арқаға әйгілі шешен Ботанайдың Жанғұтысына «Аллаға жағам десең азанды бол, адамға жағам десең қазанды бол» деп бата берген.
    Ақтоғай ауданына қарасты ауыл Шабанбай би есімімен аталады.
    -------------------------------------------------------------------------------------
    Located on the banks of the Nura River, 10 km southeast of the Shet district of Karaganda region.
    Shabanbay Kalkamanuly - a famous biy, speaker, contemporary of such famous biys and speakers as Karamende, Senkibay, Zhidebay, Boranbay and Zhangut. He held managerial positions in the territory of the modern Shet and Aktogai districts.
    According to oral traditions, Shabanbay Biy was a very simple and kind person. He became famous as an intelligent, wise, decent and resourceful biy. Shabanbay biy was a man of few words, while making important decisions he remained silent. Shabanbay biy possessed a unique trait, with one word he could make a decision that resolved disputes between the biys. This feature of the biy is highly appreciated by Alteke Zhidebay batyr: «Shappai zhyirіk bolgan Shabanym, soilelemey seshen bolgan Shabanym» (He was a racehorse without racing, he was a biy without words).
    A lot of words have been preserved among the people, beginning with the words «… Shabanbay Biy said so». Shabanbay Biy blessed the famous speaker Zhangut Botanai: «Allaga zhagam desen azanda bol, adamga zhagam desen kazanda bol» (If you want to please Allah, be closer to the azan. If you want to please people, be closer to the cauldron).
    A village was named in honor of Shabanbay Biy in Aktogai district.
    -------------------------------------------------------------------------------------
    Находитсяна берегу реки Нура, в 10 км к юго-востоку от Шетского района Карагандинской области.
    Шабанбай Калкаманулы - известный бий, оратор, современник и единомышленник таких известных биев и ораторов, как Караменде, Сенкибай, Жидебай, Боранбай и Жанкутты. Занимал управленческие должности на территории современного Шетского и Актогайского районов.
    Согласно устным традициям, Шабанбай бий был очень простым и добрым человеком. Он прославился как умный, мудрый, порядочный и находчивый бий. Шабанбай бий был немногословным человеком, во время принятия важных решений сохранял молчание. Шабанбай бий обладал уникальной чертой, одним своим словом он мог принять решение, которое решало споры между биями. Эту черту бия высоко оценивает Алтеке Жидебай батыр: «Шаппай жүйрік болған Шабаным, сөйлемей шешен болған Шабаным» (Без скачек был скакуном, без слов был бием).
    В народе сохранилось множество легенд, начинающихся со слов «…так сказал Шабанбай бий». Шабанбай бий благославляя известного оратора Жангуты Ботаная сказал: «Аллаға жағам десең азанды бол, адамға жағам десең қазанды бол» (Если хочешь угодить Аллаху, будь ближе к азану. Ели хочешь угодить людям, будь ближе к казану).
    В честь Шабанбай бия было названо село в Актогайском районе.

Комментарии • 3