Қуандық Рахым - Оп - оңай! (Lyrics, сөзі, текст песни)/Караоке

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 30 сен 2024
  • Каналға жазылыңыздар! Лайк басыңыздар!
    Қуандық Рахым
    Оп - оңай!
    Әні: Жарасхан Төлебай Әні: Елжас Әбділдә
    Берем десе беретіндей сұлу күз,
    Аялдама мен және жылу жүз.
    Сәл жымыиып көлік күтіп тұр екен,
    Айфонына кіріп кеткен сұлу қыз.
    Тоңып тұрсаң жақындасаң, жақында,
    Алар едік жылу біз.
    Шыға тұршы телефонның ішінен,
    Ол жақта да бір әлем бар түсінем.
    Бірақ сендік ғаламтордың қуаты,
    Артық емес сезімімнің күшінен.
    Өз өзіңмен сөйлеспейсің сен енді,
    Өз торыма түсірем.
    Қайырмасы:
    Көздеріңді маған салшы ботадай,
    Аваңдағы күліп түскен фотодай.
    Жүрегіңе жүгіруден жарыссақ,
    Мен бірінші барар едім,
    Оп - оңай.
    Арасында қарап қойшы шын баққа,
    Бақытыңнан телефоның қымбат па?
    Ол басыңда, мен қасыңда тұрмын ғой,
    Жүрегіңнің құлшынысы кім жақта?
    Ұялыңды ұрлатсаң да ұяң қыз,
    Бақытыңды ұрлатпа.

Комментарии • 273