Осылай қазақ жазушыларының кітаптарын оқып жариялап тұрсаңыз екен. Бір әулеттің келіні болғаннан кейін үй тірлігі, бала бар дегендей кітап бетін ашуға уақыт жоқ. Қалағыма наушник тағып алып ең болмаса осылай тыңдаған жақсы. Өзіміздің қазақ жазушыларының кітаптарын оқуға деген ынта кеды оянып жатыр. Рахмет сізге. Осылай көптеген жазушылардың еңбектерін жариялап тұрсаңыз, тыңдаудан жалықпаймын!
Бұл әңгімені Қытай қазақтарының әдебиет кітабынынан оқығанбыз, бізге сабақ ретінде өткен! өте керемет әңгіме, менде өз қызымның атын Шұға деп қойдым, осы шығарманың маған әсер еткені сонша!
... ой шіркін ай өзі де Шұға десе Шұға едіғой, деген жолдарының өзі адамды бір өкінішке жетелейді. Соңғы кездері ойлайтынмын, ее осы сияқты шығарма кітаптарды кім басып халыққа шығарсын деп... Рахмет.
Ия, керемет оқисыз! Дауыс ырғағыңыз, үніңіз, дикцияңыз бәрі өз нақышында. Тәнтімін! Бұл кітапті балалық шақта оқығанмын. Алайда сіздікінің жөні бөлек. Сіздей азаматтарымыз көп болсын. Рахмет сізге.
Əлі тыңдаған жоқпын. Бірақ бұл керемет əңгіме. Реті түссе өзімді осы əңгімені оқыңызшы деп айтқым кеп жүр еді. Қателеспесем повесть. Баяғда солай жазылып тұрған əдебиет кітабымызда. Соңында еріксіз жас келеді
Қандай қайғылы оқиға. Осы шығарманы қанша естісем де, оқып көрмеп ем. Сізге мың алғыс. Жүрекке жеткізіп оқыдыңыз. Бұл оқиға Ромео мен Джульеттадан кем емес екен. 💯💯💯
Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың, Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармын. Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз, Астында ақ туының пайғамбардың!..» Шұғаның сүйегін бұрынғы ескі қорымдарына қоймақ болып, Есімбек көшін түйеге теңдеп жөнелді. Келер жыл «Өгіз сойғанның» басына келіп қонған соң ел жиып асын берді. Сонда тұрғызған белгі еді... деп сөзін бітірді. Әңгіменің қызығына түскен соң қаракер аты қамшыдан құтылып жолы болып келе жатыр еді. Бір-екі тебініп шаужайлап қатарласты. Алдымыздағы белеске шыққанда үлкен көлдің аңғары көрініп, құбыла жағында бір обашық мұнарланды. - Әне, - деді жолдасым, - әне, Шұғаның белгісі көрінді...өй, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау!.. -деп қойды.
Бүгінгі шыққан ауылыңызды «Ерекең» ауылы дейді. Содан ары қарай өзеннің бойы жалпағынан ел. Бір атаның баласы жүз елу-екі жүз үйлер бар. Қыс қыстаулары басқа болғанмен, жаз көбіне бірігіп отырады. Мынау алдымызда көрінген «Қамысақты» дейтін көліміз. Осының маңайы жыбырлаған шұқырынды томар. Августан бастап осының басы елмен толады. Әр томарға төрт-бес үйден қонып бөлек-бөлек отырғандары. Ой, дариға-ай, талай кызықтар өтті ғой. Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... ол да бір дәурен... ия... бұл ауылдың күзге қарай қонатын жері, жазғытұрғы авгусқа дейін отыратын жайлауымыз, бұл кел де Шұғаның белгісі атанды, бұрын «Тарғыл өгіз сойған» деуші едік. Үлкен көл, маңайы толған шорқынды су...ол уақытта жердің берекесі қандай. Өзіміздің ел қаншама... оның үстіне ту Сырдан келіп жаппастар да қонады... кейінгі кезде ғана жаппас келуін қойды ғой. Біздің Беркімбай дейтін жақын ағаларымыз болады. Бұрын бай еді, болыстыққа таласамын деумен-ақ малын құртып алды. Осы күні кедей. Сол Беркімбайдың әкесінің нағашысы - жаппас Есімбек дейтін болды. Өзі бай еді, жаппастың алды деуге боларлық. Беркімбайға арқа сүйеп, Есімбек сол «Өгіз сойғанның» ең шұрайлы жеріне қонушы еді.Өзі де жомарт, қонақпаз еді. Елге жағымды болып тұрды. Мал мен басы бірдей, құдай тілегін берген бір адам: ортан қолдай төрт ұлы болды - шетінен қасқыр. Сол төрт ұлдың ортасында бұландап ескен Шұға дейтін кызы болды. Шұға десе Шұға. Шұға, өй, шіркіннің өзі де келбетті-ақ еді... ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы, үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде ондай қыз қайда. Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайтынын да білмейсің, ешкіге құсап шошандап жүргені. Заман бұзылған ғой... иә... Осы күнгілердің бір тапқаны, қызды оқыту керек дейді. Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді. Айнала айтқанда құдай сана берсін десейші... Ол кезде менің жиырмаға жаңа келген кезім. Есімбектің үйіне араласып жүрдім. Менің бір Базарбай дейтін інім сол Есімбектің койын бақты. Озі бала күнінде епті-ақ еді, былтыр қайтты. Сол баланың арқасында ерте барам, кеш қайтам. Жаз көбіне сонда болушы едім. Шұғаның сонда он алтыдағы кезі шығар деймін. Елдің бозбалалары ертенді-кеш қылжақтап сол ауылдан шықпайды. Ептеп сөз салдыратындары да болады. Бозбалалардың хатын таситын менің інім, Шұға біреуіне жауап қайырмайды. Бозбалалар кейіп: байдың қызы болған соң іріленгені ғой, тәкаппар десуші еді. Менімен құрдас біздің ауылда Кәрім деген бар. Сол уақытта да өзі есерсоқтау еді. Біз мазақ қыла береміз. Шұғаға қылжақтайтынның біреуі сол. Бір күні бір жазған хаты менің қолыма түсті. Өлең жазған болыпты... немене еді, тәйірі, соның өлеңі... «... Қаладан алып келген боз белбеуім, Болса да жаман, жақсы өз белбеуім. Көп айдың көрмегелі жүзі болды, Жүрмісің аман-есен, көз көргенім», - деп жазыпты. Бозбалаға ермек керек. Мазақ қылу үшін Шұғаның хаты қылып өлеңмен жазып Кәрімге тапсырдық. Кәрім ашып оқығанда төбесі көкке жеткендей болды. Біздің сонда Шұға болып жазған өлеңіміз: «... Алаштан асып туған сымбаттым-ай, Базардың пұлы жетпес қымбаттым-ай. Арманым бұл жалғаңда болмас еді, Күн болса қосатұғын саған құдай...» Ой, алдай, қызық заман екен-ау, ә... Шұғаның әке-шешесінің бір артық жері, он алтыға келгенше Шұғаны күйеуге бермейді. Осы күні байлар, қызы шырылдап жерге түсісімен біреудің малын алады ғой... Уақытында талай мырзалар айттырды, бәріне де нәсіп болмады. Ат жетер жердегі бай балалары мүлде түңіліп болды. «Есімбек қызының бағын байлады. Енді бұған тәуір күйеу кездеспейді» деп жұрт өсек қылып та жүрді. Ол әшейін бір сөз ғой, құдайдың жазуынан артық не болмақ... Артынан есіттік, Есімбектің бермеудегі мәнісі, өзі жас кезінде Қали дейтін құрдасымен серт байласқан болса керек: «Бірімізден ұл, бірімізден қыз туса, екеуіміз кұда болайық» деп. Сол сертін күтеді екен ғой... Ия... Қамысақтының басына түсіп, азырақ кідіріп ер-тоқымымызды дұрыстап ерттеп, тағы да жүріп кеттік. Қаракерді бір-екі бауырлап алып жолдасым тағы сөзге кірісті. III ... Ол кезде заман қандай, жер әдемі, мал көп, орыстың иісі де жоқ.
Ол кезде заман қандай, жер әдемі, мал көп, орыстың иісі де жоқ. Жазғытұрғы майдың айы бітер-бітпесте, шала-шарпы егін салып жайлауға жеткенше асығамыз... Бір жылы майдың 20-сы күні жайлауға барып қондық. Жаңбыр көп. Шөптің шығысы да жақсы еді. Бозбаланың басы құралған соң ертеңді-кеш асыр салып ойнау, есі-дертіміз жаппас. Есімбектікі қашан келеді?..Етке қашан тоямыз дейміз... Бір күні қызойнаққа барып таң ата келе жатсам, ұйықтап қалған екенмін, әжем оятады: - Жаппас келіп қонып жатыр. Базарбаймен көрісіп қарағымды сүйіп келдім, - дейді. Жалма-жан тұра сала далаға шықсам, сәске түс болып күн ыси бастаған екен. Көлдің оң жақ беті жыбырлаған мал: қой, түйе... шоқиып-шоқиып жаппастың кішкене үйлері тұр. Көзімді ашып-жұма мен де жөнелдім. Мен келсем менен әлдеқашан бұрын жұрт жиналып қалған екен. Тоқты сойылып, қазан асылып, қайнап та жатыр. Есімбектің үлкен үйі лық толған адам, қымыз ішіп айдай қызды-қызды болып жатыр екен. Мен тегіс араладым. Бір отауда Шұға кездесті. Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым. Апырым-ай, адамзатта ондай сұлу болады екен-ау!.. Акқудың көгілдірігіндей осы аппақ. Үстінде шетін кестелеген ақкөйлек, омырауын неше түрлі ілгіштермен безеп тастаған қызыл пүліш қамзол, басында үкі таққан түлкі бөрік, өзі сұлу адамды мүлде одан жаман жандандырып, құбылдырып тұрды. Маған қарап Шұға күлді. - Мезгілімен келіп көрістіңіз-ау, - деді. Мен не айтарымды білмедім. Бұрын әзілдесіп сөйлесе беруші едім, бұл жерде тілім байланды. - Мынау аттан түсіп жатқан кім? - деді Шұға. Артыма жалт қарасам екі жігіт түсіп аттарын байлап жатыр екен. Біреуі орысшалау киінген. Тани кеттім. - Әбдірахман ғой, - дедім. - Әбдірахманың кім? - Қазақбайдың баласы. - Ия, әлгі учитель баласы ма? - Ия. - Жап-жас жігіт екен ғой, - деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті. Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың сықырлауығынан Шұғаның бізге сығалап қарап тұрғандығы білінді. IV - ... Сіз білмейсіз ғой... - деп жолдасым қарекерді шаужайлап қатарласты.Сіз білмейсіз ғой... бізбен ағайын, жасы менімен түйдей құрдас Әбдірахман деген болды. Жасында болыстың үйінде бұзау бағып өсіпті. Ол уақытта болыстың үйінде ауылнай учитель болатын. Балалармен араласып жүріп учительден оқып, төрт жылдан соң мектепті бітіріп шығыпты. Әбдірахман өзі айтатын: «күндіз қозы мен бұзау бағам, кешке келгенімде, учитель бір шын мұсылман жігіт еді, «байлардың балаларынан да маған сенің окығаның керек қой» деп түннің бір талайына дейін оқытушы еді. Ақырында сол учительдің тырысуының арқасында мектепті бітірдім... Менің учительге бітіре алмастық борышым бар», - деді. Әбдірахманның әкесі өте кедей болған адам. Ауылнай школынан шыққан соң да, Әбдірахман малайлықтан құтыла алмады. Ақырында, он екі-он үштегі шамасы болса керек, тұрған байынан қашып дуанға барып, бір ноғайға жаз қызметке тұрып, қыс оқуға кірді. Бұл екі жылға шейін жаз жалданумен болды.Берірек келген соң жаз байларда орысша бала оқытты. Ақырында әйтеуір мектепті бітіріп шықты. Әбдірахман мектепті бітіргенде дыбысы жер жарды. Өте зерек болған ғой, учительдері де мақтаса керек. Дуандағы нәшәндік «тілмаш» бол деп өтінген екен, болмай елге келді. Нақ сол кезде болыстың песірі өліп песірсіз тұр еді. Әбдірахманға песір бол деп жабысты, оған да болмады.Жамантік болысындағы бір байдың школына барып бала оқытты. Содан бері қыс сонда бала оқытып, жаз елде болады. Сол жылы июньнің бас кезінде келіп еді. Содан бері Әбдірахманды көргенім. Маған: «Маған көріспейсің бе» деп қалжыңдады.Әзілдесіп үйге кірдік. Төр алдында Қажыбай әңгімені көсілтіп отыр екен, бізді көрген соң жым болды. Үй ішімен Әбдірахман тегіс амандасты, Есімбек бай онша жақсы көрмеген адамның қалыбын істеді. Бұрынғы сөздерін тастай беріп «оқығандар анау, оқығандар мынау» болады деп шатпа тілге айналды. Мен ғажапқа қалдым.Артынан Әбдірахманнан себебін сұрасам, өткен жылы бұрынғы қалыбымен, күзгі астыққа бай киізін сатқанда, Әбдірахман тілін алар адамдардың біріне де алдырмапты: «Әзір асығып екі бағасына алғанша, астықтарынды жиып алған соң шалқайып отырып жарты бағасына аласындар» деп. Әбдірахманның тілін алғандар бірталай пайда қылыпты. «Мені олжамнан қақты» деп байдың тырсиып отырғаны осы екен. Ретінде Әбдірахманға: - Еліңді қыстан шығардың ба, бала, - деді бай. - Шүкір, шығардым, - деді Әбдірахман. - Жарайды, жарайды, ел қамқоры болған соң солай болу керек, - деп сөзін доғарды. Түс ауа берген мезгілде ет жеп болып, жұрт бет-бетіне тарай бастады.
Керемет еңбегіңіз өрлеи берсін мен бала кезде әкеме қызығып оқып бастадым содан ауылда бар кітәптарды оқып тастадым кеиін сатып алып оқйтын әдетке айналды ұмыт болған кітаптарды Қуат бауырымның аудиосынан қайта тыңдаймын
Оқушы кезімде оқығанда алған әсер әншейін екен 50 жылдан кейін тыңдағанда өз жүрегімнің дүрсілінен шошынғандац болдым.Қайран қазақ қыздары ерік жігері өз еркінде болса Шұға ішқұса болар ма еді шіркін
Даусыңыз керемет, әсерлі, интонацияңыз неткен орынды. Көз алдыма суреттеген образдар келіп, соңында бір жылап алдым. "Апамның астауын" оқығаныңызда тоқтамай жылап едім, өзімнің әжем есіме түсіп. Классикалық туындыларды көп оқысаңыз екен. Мектепте оқылмай қалған туындылармен енді ғана танысудамын.
Арнаны қаржылай демеп жіберемін десеңіз. Каспи голд: +7 7019500451. Рақмет.
Абдірахман шынында Беимбетің өзі ғой
Ъ
Бірнеше рет оқыған едім бұрын.қуаттың оқығаны керемет,оқиға көз алдымда өтіп жатқандаи болдығои.
Осылай қазақ жазушыларының кітаптарын оқып жариялап тұрсаңыз екен. Бір әулеттің келіні болғаннан кейін үй тірлігі, бала бар дегендей кітап бетін ашуға уақыт жоқ. Қалағыма наушник тағып алып ең болмаса осылай тыңдаған жақсы. Өзіміздің қазақ жазушыларының кітаптарын оқуға деген ынта кеды оянып жатыр. Рахмет сізге. Осылай көптеген жазушылардың еңбектерін жариялап тұрсаңыз, тыңдаудан жалықпаймын!
Ютуб арнама подписать етіңізшы]
88
Юю?
..
Б Дж... Б.
.? 0ы
0000000
0000
"Шұғаның белгісін" бұрын оқығанмын. Қуаттың оқығаны өзгеше. Рахмет, Қуат.
Ютуб арнама подписать етіңізшы]
👏🏻👏🏻
Рахмет қуат бауырым еңбегің жемісті болсын халық тың алғысына бөліне бер.
Ютуб арнама подписать етіңізшы]
👍🏻👍🏻👍🏻
көскенше қош сау бол сүген жарым астында ақ тауының пайғамбадың
Шұғаның сұлулығын сөзбен керемет суреттепті!👍👍👍
Қуат бауырым өте әсерлі әңгіме екен сен оқыған әр әңгіменің әсері құлақтан кіріп бойды алар деп Абай атамыз айтқандай
Ассалаумағалейкум баршаңызға 👍👍
Қуат аға жасыңыз қаншада қанша аңгме тыңдадым даусыңыз ерекше күшті мәнерлі күшті жеткізесіз
Тамаша әңгіме, рахмет Қуат бауырым, тамаша🤔✊👍👍👍
шуғаның белгісі бурын оқығанмын қуаттың окығаны өзгеше оқыған әуері кушті
👏🏻👏🏻
Өзім де талай оқыған едім.Жаңадан естігендей болдым. РАХМЕТ!
Бейінбет Майлиннің шығармасы қандай керемет еді.
Рахмет аға сіздің окыған әр бір әңгімеңізді тастамай тыңдаймын мағаналы
Бұл әңгімені Қытай қазақтарының әдебиет кітабынынан оқығанбыз, бізге сабақ ретінде өткен! өте керемет әңгіме, менде өз қызымның атын Шұға деп қойдым, осы шығарманың маған әсер еткені сонша!
Рахмет Сіізге!
Шығармашылығыңыз табысты болсын!🌹
Шұғаның белгісі өте қызық. Біз бұны өтіп кеттік!
Өте күшті екен ❤❤❤❤
Қуатжан Алла әрұашанда өзіңізге қажымас қуат , зор денсаулық берсін!!❤🤲
Осы кейде гашыктардын тубыне ата анасы жетеды
Ой рахмет бауырым Қуат👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍
... ой шіркін ай өзі де Шұға десе Шұға едіғой, деген жолдарының өзі адамды бір өкінішке жетелейді.
Соңғы кездері ойлайтынмын, ее осы сияқты шығарма кітаптарды кім басып халыққа шығарсын деп... Рахмет.
Ютуб арнама подписать етіңізшы]
Осы әңгімені бұрын да оқыған едім.Қуатжанның оқығанын тағы бір тыңдадым.👍 Рахмет.
Оте керемет !!! Рахмет сизге Куат Ахметжанов !
Ютуб арнама подписать етіңізшы]
@@Nur-91 ок
Қуат аға, деніңізге саулық тілеймін! 👍
Сіздің оқығаныңыз майдай жағады қашан жаңа шығарылым болад деп асыға күтемін басқалардың оқығаны бір түрлі тыңдағым келмейді алға өсе беріңіз
Бурын да тындаган едым,бул жолы асерлы шыкты, керемет 👍 рахмет саган бауырым,
👍🏻👍🏻👍🏻
Қуат аға сіз кереметсіз, сіздің арқаңызда барлығын егжей-тегжейлі түсіндім😊
Керемет оқиды екен автор. Сауаттылығымен қоса дауыс дикциясы, мәнері
керемет! осылай еске түсіріп тұрамын, бұрын оқыған кітаптарды.👍
Ассалаумалейкум Қуат. Рахмет саған. Әдебиет сүйер қауымға үлкен ынтызар бердің. Қол жетпес оқумен білім, сүйіспеншілік бердің
Қайғылы оқиға екен.
Махабатына жете алмады-ау.
Соңында жүрегім елжіреп,көзіме жас алдым.
Қуат рахмет сізге.
Армысын,Куат бауырым тангы асымды ишип керемет енбекпен тогилип айткан ангменди бойымнан откизип рахат рахаттанып тындауга кошейн деп отырмын,коп коп рахмет.
Машалла Куатжан даусын кандай керемет, коныр дауыс, тамаша жеткызсын, будан булай роман тындайык керемет жекызесын, тыңдаған сайын тындагын келеды, енбегыннын жемысын же.
Ендігі әңгімесі қашан шығады деп күтіп жүретін болдым,керемет👍👍👍👍
Рухани азықпен сусындатқаныңызға мың алғыс! 👍🏻✅✨🙏🏻
Сонау алыста қалған,мектеп оқушы кезімді есіме түсірді.Марқұм әдебиет пәнінің мұғалімі осылай мәнерлеп оқығанда көз алдымыздан кино пленкадай өтетін.
👍👍👍👍👍👍👍
Керемет
Керемет 👍👍👍👏👏👏
Ия, керемет оқисыз! Дауыс ырғағыңыз, үніңіз, дикцияңыз бәрі өз нақышында. Тәнтімін! Бұл кітапті балалық шақта оқығанмын. Алайда сіздікінің жөні бөлек. Сіздей азаматтарымыз көп болсын. Рахмет сізге.
Рақмет. Тура сол заманға барып келгендей сезімде қалдырдың. Оқығаның ерекше. Керемет!
Өте әсерлі екен әңгіме
Өте тамаша әңгіме, бала кезімде оқып едім.
Қуат, дауысың өте керемет, ұлы адамдардың жалғасы болуға лайықсын
Осы шығарманы мектеп оқып жүргенде оқып едім,Бейімбет Майлин атамыздың керемет сөз жоқ,не деген дауыс
Бұл Шұға ның белгісі әлеуметтік теңсіздікті қозғаған махаббат тақырыбы жылап отырып оқитын едім ер жігіт болсам да
Бейімбет Майлиннің туындысы
Әңгімеңіз қызық ,рахмет 🙏🙏🙏
Рахмет,тыңдармандарыңыздың алғысына бөлене беріңіз.
Пах шіркін, қандай керемет және өкінішті.......
Оооой Куатжан аман бол жаным улым.Бик бик белестерден корине бер.Дауыс кандай манерин кандай адеми
Оқыған болсам да , тыңдаған бөлек әсер берді👍🏻 Шабытыңыз талмасын Қуат бауыр!
Керекмет оқыдыңыз, мәнеріңіз бөлек
Тамаша батыр .астанада күтем
Қандай тамаша сезім сол заманға өтіп осы оқиғаның ішінде жүргендеймін Рахмет Қуат бауырым!!!
Қуат айналайын өте әсерлі әңгіме.Керемет оқисың Алла разы болсын
Кандай керемет,менде жас алдым көзіме .Мне осындай шығармалар мектеп енгізу керек.
Рахмет! Не деген мұңды әңгіме...
Ютуб арнама подписать етіңізшы]
Кайгылы ангиме екен.Журегим ауырып кетти .
Əлі тыңдаған жоқпын. Бірақ бұл керемет əңгіме. Реті түссе өзімді осы əңгімені оқыңызшы деп айтқым кеп жүр еді. Қателеспесем повесть. Баяғда солай жазылып тұрған əдебиет кітабымызда. Соңында еріксіз жас келеді
Ютуб арнама подписать етіңізшы]
Қандай қайғылы оқиға. Осы шығарманы қанша естісем де, оқып көрмеп ем. Сізге мың алғыс. Жүрекке жеткізіп оқыдыңыз. Бұл оқиға Ромео мен Джульеттадан кем емес екен. 💯💯💯
Менде оқығам, оқып боп қатты толқып едім,сол кез сол дәурен көз алдыма елестеп.Шұғаның бейнесі.Рақмет Қуат.
Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,
Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармын.
Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,
Астында ақ туының пайғамбардың!..»
Шұғаның сүйегін бұрынғы ескі қорымдарына қоймақ болып, Есімбек көшін түйеге теңдеп жөнелді. Келер жыл «Өгіз сойғанның» басына келіп қонған соң ел жиып асын берді. Сонда тұрғызған белгі еді... деп сөзін бітірді.
Әңгіменің қызығына түскен соң қаракер аты қамшыдан құтылып жолы болып келе жатыр еді. Бір-екі тебініп шаужайлап қатарласты. Алдымыздағы белеске шыққанда үлкен көлдің аңғары көрініп, құбыла жағында бір обашық мұнарланды.
- Әне, - деді жолдасым, - әне, Шұғаның белгісі көрінді...өй, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау!.. -деп қойды.
Бүгінгі шыққан ауылыңызды «Ерекең» ауылы дейді. Содан ары қарай өзеннің бойы жалпағынан ел. Бір атаның баласы жүз елу-екі жүз үйлер бар. Қыс қыстаулары басқа болғанмен, жаз көбіне бірігіп отырады. Мынау алдымызда көрінген «Қамысақты» дейтін көліміз. Осының маңайы жыбырлаған шұқырынды томар. Августан бастап осының басы елмен толады. Әр томарға төрт-бес үйден қонып бөлек-бөлек отырғандары. Ой, дариға-ай, талай кызықтар өтті ғой.
Бала күнімізде анау көрінген төбенің басында талай асық ойнап едік... ол да бір дәурен... ия... бұл ауылдың күзге қарай қонатын жері, жазғытұрғы авгусқа дейін отыратын жайлауымыз, бұл кел де Шұғаның белгісі атанды, бұрын «Тарғыл өгіз сойған» деуші едік. Үлкен көл, маңайы толған шорқынды су...ол уақытта жердің берекесі қандай. Өзіміздің ел қаншама... оның үстіне ту Сырдан келіп жаппастар да қонады... кейінгі кезде ғана жаппас келуін қойды ғой. Біздің Беркімбай дейтін жақын ағаларымыз болады. Бұрын бай еді, болыстыққа таласамын деумен-ақ малын құртып алды. Осы күні кедей. Сол Беркімбайдың әкесінің нағашысы - жаппас Есімбек дейтін болды. Өзі бай еді, жаппастың алды деуге боларлық. Беркімбайға арқа сүйеп, Есімбек сол «Өгіз сойғанның» ең шұрайлы жеріне қонушы еді.Өзі де жомарт, қонақпаз еді. Елге жағымды болып тұрды. Мал мен басы бірдей, құдай тілегін берген бір адам: ортан қолдай төрт ұлы болды - шетінен қасқыр. Сол төрт ұлдың ортасында бұландап ескен Шұға дейтін кызы болды. Шұға десе Шұға. Шұға, өй, шіркіннің өзі де келбетті-ақ еді... ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы, үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде ондай қыз қайда. Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайтынын да білмейсің, ешкіге құсап шошандап жүргені. Заман бұзылған ғой... иә...
Осы күнгілердің бір тапқаны, қызды оқыту керек дейді. Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді. Айнала айтқанда құдай сана берсін десейші...
Ол кезде менің жиырмаға жаңа келген кезім. Есімбектің үйіне араласып жүрдім. Менің бір Базарбай дейтін інім сол Есімбектің койын бақты. Озі бала күнінде епті-ақ еді, былтыр қайтты. Сол баланың арқасында ерте барам, кеш қайтам. Жаз көбіне сонда болушы едім. Шұғаның сонда он алтыдағы кезі шығар деймін. Елдің бозбалалары ертенді-кеш қылжақтап сол ауылдан шықпайды. Ептеп сөз салдыратындары да болады. Бозбалалардың хатын таситын менің інім, Шұға біреуіне жауап қайырмайды.
Бозбалалар кейіп: байдың қызы болған соң іріленгені ғой, тәкаппар десуші еді.
Менімен құрдас біздің ауылда Кәрім деген бар. Сол уақытта да өзі есерсоқтау еді. Біз мазақ қыла береміз. Шұғаға қылжақтайтынның біреуі сол. Бір күні бір жазған хаты менің қолыма түсті. Өлең жазған болыпты... немене еді, тәйірі, соның өлеңі...
«... Қаладан алып келген боз белбеуім,
Болса да жаман, жақсы өз белбеуім.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүрмісің аман-есен, көз көргенім», - деп жазыпты.
Бозбалаға ермек керек. Мазақ қылу үшін Шұғаның хаты қылып өлеңмен жазып Кәрімге тапсырдық. Кәрім ашып оқығанда төбесі көкке жеткендей болды. Біздің сонда Шұға болып жазған өлеңіміз:
«... Алаштан асып туған сымбаттым-ай,
Базардың пұлы жетпес қымбаттым-ай.
Арманым бұл жалғаңда болмас еді,
Күн болса қосатұғын саған құдай...»
Ой, алдай, қызық заман екен-ау, ә...
Шұғаның әке-шешесінің бір артық жері, он алтыға келгенше Шұғаны күйеуге бермейді. Осы күні байлар, қызы шырылдап жерге түсісімен біреудің малын алады ғой... Уақытында талай мырзалар айттырды, бәріне де нәсіп болмады. Ат жетер жердегі бай балалары мүлде түңіліп болды. «Есімбек қызының бағын байлады. Енді бұған тәуір күйеу кездеспейді» деп жұрт өсек қылып та жүрді. Ол әшейін бір сөз ғой, құдайдың жазуынан артық не болмақ...
Артынан есіттік, Есімбектің бермеудегі мәнісі, өзі жас кезінде Қали дейтін құрдасымен серт байласқан болса керек: «Бірімізден ұл, бірімізден қыз туса, екеуіміз кұда болайық» деп.
Сол сертін күтеді екен ғой... Ия...
Қамысақтының басына түсіп, азырақ кідіріп ер-тоқымымызды дұрыстап ерттеп, тағы да жүріп кеттік. Қаракерді бір-екі бауырлап алып жолдасым тағы сөзге кірісті.
III
... Ол кезде заман қандай, жер әдемі, мал көп, орыстың иісі де жоқ.
Ол кезде заман қандай, жер әдемі, мал көп, орыстың иісі де жоқ.
Жазғытұрғы майдың айы бітер-бітпесте, шала-шарпы егін салып жайлауға жеткенше асығамыз... Бір жылы майдың 20-сы күні жайлауға барып қондық. Жаңбыр көп. Шөптің шығысы да жақсы еді. Бозбаланың басы құралған соң ертеңді-кеш асыр салып ойнау, есі-дертіміз жаппас. Есімбектікі қашан келеді?..Етке қашан тоямыз дейміз...
Бір күні қызойнаққа барып таң ата келе жатсам, ұйықтап қалған екенмін, әжем оятады:
- Жаппас келіп қонып жатыр. Базарбаймен көрісіп қарағымды сүйіп келдім, - дейді.
Жалма-жан тұра сала далаға шықсам, сәске түс болып күн ыси бастаған екен. Көлдің оң жақ беті жыбырлаған мал: қой, түйе... шоқиып-шоқиып жаппастың кішкене үйлері тұр. Көзімді ашып-жұма мен де жөнелдім. Мен келсем менен әлдеқашан бұрын жұрт жиналып қалған екен. Тоқты сойылып, қазан асылып, қайнап та жатыр.
Есімбектің үлкен үйі лық толған адам, қымыз ішіп айдай қызды-қызды болып жатыр екен. Мен тегіс араладым. Бір отауда Шұға кездесті. Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым. Апырым-ай, адамзатта ондай сұлу болады екен-ау!.. Акқудың көгілдірігіндей осы аппақ. Үстінде шетін кестелеген ақкөйлек, омырауын неше түрлі ілгіштермен безеп тастаған қызыл пүліш қамзол, басында үкі таққан түлкі бөрік, өзі сұлу адамды мүлде одан жаман жандандырып, құбылдырып тұрды.
Маған қарап Шұға күлді.
- Мезгілімен келіп көрістіңіз-ау, - деді. Мен не айтарымды білмедім. Бұрын әзілдесіп сөйлесе беруші едім, бұл жерде тілім байланды.
- Мынау аттан түсіп жатқан кім? - деді Шұға.
Артыма жалт қарасам екі жігіт түсіп аттарын байлап жатыр екен. Біреуі орысшалау киінген.
Тани кеттім.
- Әбдірахман ғой, - дедім.
- Әбдірахманың кім?
- Қазақбайдың баласы.
- Ия, әлгі учитель баласы ма?
- Ия.
- Жап-жас жігіт екен ғой, - деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті.
Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың сықырлауығынан Шұғаның бізге сығалап қарап тұрғандығы білінді.
IV
- ... Сіз білмейсіз ғой... - деп жолдасым қарекерді шаужайлап қатарласты.Сіз білмейсіз ғой... бізбен ағайын, жасы менімен түйдей құрдас Әбдірахман деген болды. Жасында болыстың үйінде бұзау бағып өсіпті. Ол уақытта болыстың үйінде ауылнай учитель болатын. Балалармен араласып жүріп учительден оқып, төрт жылдан соң мектепті бітіріп шығыпты. Әбдірахман өзі айтатын: «күндіз қозы мен бұзау бағам, кешке келгенімде, учитель бір шын мұсылман жігіт еді, «байлардың балаларынан да маған сенің окығаның керек қой» деп түннің бір талайына дейін оқытушы еді. Ақырында сол учительдің тырысуының арқасында мектепті бітірдім... Менің учительге бітіре алмастық борышым бар», - деді.
Әбдірахманның әкесі өте кедей болған адам. Ауылнай школынан шыққан соң да, Әбдірахман малайлықтан құтыла алмады. Ақырында, он екі-он үштегі шамасы болса керек, тұрған байынан қашып дуанға барып, бір ноғайға жаз қызметке тұрып, қыс оқуға кірді. Бұл екі жылға шейін жаз жалданумен болды.Берірек келген соң жаз байларда орысша бала оқытты. Ақырында әйтеуір мектепті бітіріп шықты.
Әбдірахман мектепті бітіргенде дыбысы жер жарды. Өте зерек болған ғой, учительдері де мақтаса керек. Дуандағы нәшәндік «тілмаш» бол деп өтінген екен, болмай елге келді. Нақ сол кезде болыстың песірі өліп песірсіз тұр еді. Әбдірахманға песір бол деп жабысты, оған да болмады.Жамантік болысындағы бір байдың школына барып бала оқытты. Содан бері қыс сонда бала оқытып, жаз елде болады. Сол жылы июньнің бас кезінде келіп еді. Содан бері Әбдірахманды көргенім. Маған: «Маған көріспейсің бе» деп қалжыңдады.Әзілдесіп үйге кірдік. Төр алдында Қажыбай әңгімені көсілтіп отыр екен, бізді көрген соң жым болды.
Үй ішімен Әбдірахман тегіс амандасты, Есімбек бай онша жақсы көрмеген адамның қалыбын істеді.
Бұрынғы сөздерін тастай беріп «оқығандар анау, оқығандар мынау» болады деп шатпа тілге айналды. Мен ғажапқа қалдым.Артынан Әбдірахманнан себебін сұрасам, өткен жылы бұрынғы қалыбымен, күзгі астыққа бай киізін сатқанда, Әбдірахман тілін алар адамдардың біріне де алдырмапты: «Әзір асығып екі бағасына алғанша, астықтарынды жиып алған соң шалқайып отырып жарты бағасына аласындар» деп. Әбдірахманның тілін алғандар бірталай пайда қылыпты. «Мені олжамнан қақты» деп байдың тырсиып отырғаны осы екен. Ретінде Әбдірахманға:
- Еліңді қыстан шығардың ба, бала, - деді бай.
- Шүкір, шығардым, - деді Әбдірахман.
- Жарайды, жарайды, ел қамқоры болған соң солай болу керек, - деп сөзін доғарды.
Түс ауа берген мезгілде ет жеп болып, жұрт бет-бетіне тарай бастады.
Керемет!
Жасымды тыйалмай отырмын
Рахмет!
Сіздің оқу мәнеріңіз өтте тамаша, тыңдай бергің келеді. Көп рахымет.
Рахмет😊Өзім оқығандай болдым ау.Жылап та алдым
Керемет еңбегіңіз өрлеи берсін мен бала кезде әкеме қызығып оқып бастадым содан ауылда бар кітәптарды оқып тастадым кеиін сатып алып оқйтын әдетке айналды ұмыт болған кітаптарды Қуат бауырымның аудиосынан қайта тыңдаймын
Осы каналдан өзімді қазақ сезінемін
Қазақтар өз елімізде өзге ұлттармен Қазақша сөйлесейік әсіресе орыстармен.
Бала кезымде окыганмын есыме тусты коп рахмет😊
Әнніменің ішіне кіріп кеттім, әсері керемет оқығаныздың, рахмет.
7900 дан астам адам корген бірақ лайк саны 707 неге аз лайк басып қолдайқта бауырлар
Қайырлы күн ,оқыған кісіге шығармашылық табыс тілеймін.Жас шағымды есіме алдым үлкен рахмет .Оқыған кітабым еді.😇😘🤲🤲✊️✊️✊️
Оқушы кезімде оқығанда алған әсер әншейін екен
50 жылдан кейін тыңдағанда өз жүрегімнің дүрсілінен шошынғандац болдым.Қайран қазақ қыздары ерік жігері өз еркінде болса Шұға ішқұса болар ма еді шіркін
Рахмет
Керемет
Қандай керемет дауыс, осылай бұрынғы оқуған кітапты тыңдаған керемет.
Аллаһ разы болсын сізге, Қуат.
Оте керемет окисыз.👍👍👍
Керемет ! Казак тили кандай бай тил ! 😊❤
Сау бол
Керемет. Есіме түсіріп тыңдап алдым
БУЛ ЭЖЕБИЗ ДА КЫЗ ЖИБЕК АСЫЛ СЫЙАКТУУ
ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВТІҢ ТАҒДЫР РОМАНЫН ЕСТІГІМ КЕЛЕДІ СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗБЕН.
Керемет кітабын өзім оқығым келіп кетті😍😘
Керемет! Онериниз жандана берсин!👍👍👍😍🥰😘
Кандай манерли оку. Тура кино көргендей боламын. Исин илгери болсын . Хуат баурым
Өмірі ескірмейтін туынды ғой, Пайғамбардың ақ туының астында жүздесуді нәсіп етсін Бейімбет ата Алаштың Арыстаны...
Аи онбаган Казагмаи брнди брин аиамаднау каитеиин 😪😭😢
Рахмет оте жаксы окисыз ари тусиникти даусынызда кулакка жагымды
Сәкен Жүнісовтын Ақан сері кітабын оқынышы👍
Қуат, керемет қызықтырып оқисыз. Керемет! Рақмет
Керемет.
Мықтысыз керемет оқисыз
Керемет 👍
Өте керемет.
Керемет асерли мунды ангиме екен. Рахмет
Даусыңыз керемет, әсерлі, интонацияңыз неткен орынды. Көз алдыма суреттеген образдар келіп, соңында бір жылап алдым. "Апамның астауын" оқығаныңызда тоқтамай жылап едім, өзімнің әжем есіме түсіп. Классикалық туындыларды көп оқысаңыз екен. Мектепте оқылмай қалған туындылармен енді ғана танысудамын.
Керемет ,рахмет !
Куатжан сен окыганда оте асерли окисын соз жок рахмет баска ешкимди тындамаимын рахмет
Керемет шығарма