Әлемді мойындатқан қазақ батыры: Исхар Курбаев

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 26 сен 2024
  • Қазақстандық спортшы Исхар Курбаев - осы жылдағы
    Тамыз айының 14-і мен 20 сы аралығында, Иордания астанасы Амман қаласында өткен күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен 55 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
    Бұл тарихи жеңіс - қазақ еліне араға 7 жыл салып қоржынға түскен алтын. Бұған дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары: Әсет Иманбаев 2000 және 2001 ші жыл,
    Нұрбақыт Теңізбаев 2003 ші жыл,
    Артур Үмбетқалиев 2009 шы жыл,
    Тамерлан Шадукаев 2016 шы жыл болса,осы жылдың батыры Исхар Курбаев болмақ. Сонымен Жетісу облысының өкілі алғашқы белдесуінде яғни 1/8 финалда түрік палуанымен күресіп 6:1 есебімен ұтты. 1/4финалда Түркменстандық палуанды 8:0 есебімен айқын басымдылықпен жеңіп, жартылай финалда Қырғыз палуанын 3:3 есебімен ұтты. Сөйтіп ақтық сынға жолдама алды. Ал финалдық белдесуде әзербайжандық Фарид Садихлимен сынға түсті. Белдесу барысында жинақы қимыл көрсетіп нәтижесінде қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Айта кетейік осы жастар арасындағы әлем біріншілігінде грек-рим күресінен Дінислам Сағитжан қорғынға қола жүлде салса, Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан күміс жүлдеге ие болды.
    Қазақстандық күрес шеберлерін және қазақ елін осы бір үлкен жеңістерімен құттықтаймыз.
    Сіздермен бірге болған 2-She арнасы
    Бізде күрес туралы қазақша контент
    Арнамызды қолдап кетіңіздер!
    #грекримкүресі
    #грекоримскаяборьба
    #борьба

Комментарии •