G.H.A.D -18- Көзден жас ақты (feat. Hazard) 💿

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 сен 2024

Комментарии • 20

  • @bekbolatmonkeev4054
    @bekbolatmonkeev4054 2 года назад +12

    Көзден жас ақты, өтем деп сынақтан,
    Өмір атты сапарым аяқсыз ауыр сияқты.
    Маңдайға не жазса, дəмін татпай кете алмайсың
    Көздеген мақсатқа талапсыз жете алмайсың.
    Өзіңді алдайсың, себепсіз қатты сынайсың,
    Абайсыз шыққан сөзің ренжітер деп ойламайсың.
    Тағдырменен таласып тыным таппай амалдайсың.
    Айтқаның болады, ал басқаны қаламайсың
    Күндер өте ақыл тоқтатар да келер уақыт,
    Тентектікті қалдырасың сол балалық шақта.
    Судың да сұрауы бар ес кіргенсоң түсінерсің,
    Қуанғанда бір күліп, қиналғанда күрсінерсің.
    Қыран құстай аспанға ұшу арманың
    Адал жарды таба алсаң сол болар сенің екі қанатың.
    Сəби сүйіп, тамыр жаю ендігі мақсатың
    Əкең менен анаңды немеремен қуантатын.
    Сынақтар өтер құдайың берер қуатты,
    Мың да бір шүкір ізгі хабармен қуантты
    Мейірімі түспесе танымас ем менде хақты
    Өтер ем соқыр болып айырмай қара мен ақты.
    Көзден жаста ақты өтем деп сынақты,
    Əке сен білесің өмір - жалған атты.
    Көпті көрдің бұл жолда сəттерің бар шытырман
    Айтып берші ұлыңа таба алдың ба хақты.
    Берді құдай бармақтай бағыңа жақсы жар
    Ақ-қара екі бірдей ұлдарың бар ізбасар.
    Нашар өткен жиырма жылыңды бал ететін
    Таңдаған жұлдызың сол, ерекшеленеді.
    Түбінде сөзге көнер, түсінісіп ер мен ер
    Толғатқандай рухымызды Алаш айтқан термелер.
    Амалсыз таңдап басар екі жол алдымызда
    Артымыздан еретін ұрпаққа болсын өнер.
    Кезеген аяқ боқ басса да қаймықпай келеміз
    Кім білсін ертең, біз кімбіз жəне неміз?!
    Жақсы, жаман хабар түсер төбеден
    Мойындау керек əр амалға жауап береміз.
    Қилы заман қиындады, күнкөріс амалың
    Ащы-тұщысын татып, жауып тұрсың, əр қадамға
    Тетігін тауып қалғансың, ісіңнің біліп бағасын
    Жемісін көрсең сол жазады жаныңның жарасын.
    Кемшіліктен арылмас адамның баласы
    Өмірің мəнсіз өтер болмаса мағынасы.
    Адал мен арамның арасын ашып ұғасың
    Игі істің сауабы мен жасаған күнə жазасын.
    Қымбат пен арзанның, таза мен жалғанның
    Көретінің бір, санаулы жан жағыңда қалғаның.
    Үміті ананың, əке сөзінің салмағын
    Сырласар досың қолдау, қолғанаты туысқанның.
    Бауырыңа қол ұшын беретін бір сəтке бітетін
    Ұзақ жолдың қысқасы - өмір, бұл болса міндетің
    Барда қадірің кететін, алыста болсаң күтетін
    Жақын адамдарым қасымда мені түсінетін.
    Ана ұлыңнан бұл мінезді күтпедің бе?!
    Жұдырықтар жұмылар шын сөз түптерінде.
    Бүкпеймін тіземді ойымдағыны білесің
    Бұл ғажап, құпиясы аспан көктігінде.
    Баламын əлі, хақты білушімін,
    Кіші болсамда ащы ауыздағы шыным.
    Анашым жоқшылықты білдірмей қою үшін
    Ғашығына мейірім беріп, танытты адал күшін.
    Қарлығаштың барлық сыры екі қанаттарында
    Білемін шегі жоқ тағдырдың дақтарында.
    Ақтарылған жүрегім қалайша тыным табар
    Өздеріңді көрмесе жəннаттың бақтарында.
    Өмір - өзен нелер келіп не кетпеді?!
    Күндер тең деген сөз құдайыма жетектеді
    Адамның туған жері мен Отаны да жұмақ,
    Бүгін, ертең бітіп қалар бес-ақ күндік бұл сынақ!

  • @TenTek_8
    @TenTek_8 4 года назад +24

    Хазард жатқан жерін жайлы болсын!

    • @alpacino5345
      @alpacino5345 2 года назад

      Неден кайтыс болган ?

    • @karakalbektur171
      @karakalbektur171 Год назад

      @@alpacino5345 15 этаждан құлап кеткен түнде...2017 де

  • @ЖанарысБекназаров
    @ЖанарысБекназаров 3 года назад +10

    Осыларго сапалы жасап кеткен казыр тек арасында рэп жазып жур

  • @ailanmirzabai3088
    @ailanmirzabai3088 3 года назад +12

    Рахмет көп-көп ағаларыма!? Басымды иемін G.H.A.D. отбасына... Әрбір өлеңде айтылған сөздерінің бәрі, мағыналы таңба дерсін... Тыңдаудан жалықпайсын!? Анда-санда құлақ салып тыңдап тұрамын!? Қазір да қатты сағынам өнерлерін!? Бұнай өнерлі өрлі де мағыналы сөздерді естігенде, бір жүрегің кеңіп калады!? Бақытты болыңыздыр!? Әумин!?

    • @А.Ж.Т-н5о
      @А.Ж.Т-н5о 2 года назад

      Рахмет

    • @astanagt539
      @astanagt539 Год назад

      Басын тек Аллахка илсин, кай жагынан болсада

  • @ЕркеАлиакпаров
    @ЕркеАлиакпаров 3 года назад +5

    Әсерлі.жаны тынышта болсын.

  • @janbolatjumagaliev1380
    @janbolatjumagaliev1380 2 года назад +2

    Хазард тірі болған да шіркін !!!!! Жатқан жері жайлы болсын Алла Тағала кешірсін кінәларын

  • @СанжарДаярбек
    @СанжарДаярбек 4 года назад +6

    Мықттыыы нағыз рэп алға

  • @SlimShady-gm1lo
    @SlimShady-gm1lo 2 года назад +2

    Олд скул топ

  • @qadyrbay
    @qadyrbay 3 года назад +1

    Zhandos Hazard bratan, zhatkan zherin zhaily bolsyn!

  • @TheSemser
    @TheSemser 4 года назад +3

    Керемет!

  • @ОлжасЖумадил-ж4х
    @ОлжасЖумадил-ж4х Год назад +1

    Мәә күшті жазған екен тректі мықты екен👍

  • @НазгульБалганбаева
    @НазгульБалганбаева 4 года назад +3

    Нагыз Казах рэп

  • @БахтжанАнаров
    @БахтжанАнаров 2 года назад

    Zor

  • @ШаменовНуртай
    @ШаменовНуртай 3 года назад +1

    😌