Нәресте еңбегі қашан жабылу қажет? Бала еңбегі ерте қатса

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 9 окт 2023
  • ❗️БАЛАНЫҢ ЕҢБЕГІ НЕШЕ ЖАСТА БІТУІ КЕРЕК?
    .
    ✅Нәресте туылғанда еңбегі 0,5 см-ден бастап 3,5 см ге дейін болуы қалыпты. Және де баланың еңбегі 2-2 жарым жасқа дейін бітуі қалыпты деп есептеледі. Сондықтан, маған "балам 1 жарымда еңбегі әлі бітпеді", "баламның еңбегі бітпеді, не істеуге болады?" деп сұрайтын аналар, уайымдамаңыздар. Бас өлшемі жасына сай болса болғаны.
    .
    🔴Кей аналар бала еңбегінің ерте бітуін Д витаминін көп беруден деп жатады. Бұл қате пікір❌Сондықтан қорықпай Д витаминін бере берсеңіз болады, бірақ әрине мөлшерін сақтай отырып.
    .
    💢Еңбек не үшін қажет?
    📌Баланың босану жолдарынан оңай өтуіне жағдай жасайды. Яғни бала басының сүйектері туылу барысында бір-біріне жабысып, босанып болған соң бірнеше тәулікте бас қайта өз формасына келеді. Бұл бала басының, миының жарақат алмауына септігін тигізеді.
    📌Бала миының жылу алмасуына қатысады.
    📌Бала миының өсуіне қолайлы жағдай жасайды. Бала миы өскен сайын бас сүйекке сыймай қалмауы үшін еңбек бас сүйекті қозғалмалы етіп тұрады.
    📌Баланың құлап қалғанында бастағы мидың жарақат алып қалмауына жағдай жасайды.

    💢Дәрігерлер де еңбекті диагностика жасауда кеңінен қолданады. Яғни баланың 1 айлығында миын УДЗ-ға түсіріп, қандай да бір ақау бар-жоқтығын анықтайды. Бас сүйек ультра дыбысты өткізбейтіндіктен, еңбек бұл жерде тексеруге үлкен мүмкіндік береді.

    ✅БАЛАНЫҢ БАС ӨЛШЕМІНІҢ АЙ САЙЫНҒЫ ӨСУ НОРМАСЫ:
    ♻️Туылғанда - 35 (әр баланың геніне байланысты 32-38 арасы қалыпты)
    ♻️1 айда - 37 орта есеппен (35-40 арасы норма)
    ♻️2 айда - 38 (36-41 арасы)
    ♻️3 айда - 40 (38-43 арасы)
    ♻️4 айда - 41 (39-44 арасы)
    ♻️5 айда - 42 (40-45 арасы)
    ♻️6 айда - 44 (41-46 арасы)
    ♻️7 айда - 45 (42-47 арасы)
    ♻️9 айда - 45 (43-48 арасы)
    ♻️10 айда - 46 (44-49 арасы)
    ♻️12 айда - 47 (44-50 арасы)
    .
    Осы өлшемдер бойынша бас сүйегі қалыпты өсіп жатса, еңбегі ерте не кеш бітуіне уайымдамасаңыз болады🤗
    #Нәрестееңбегіқашанжабылуқажет#Балаеңбегіертеқатса
    #балаенбеги #балаеңбегіқашанбітуікерек #балаенбегикашанжабылады

Комментарии • 10

  • @user-kn2xw5mb6u
    @user-kn2xw5mb6u 2 месяца назад

    Салеметсизбе?! Баламнын енбеги ерте жабылып калды 4-5 айында .узи енди кана тусирдим ештене коринбейд дейди катып кеткен себеби . Енди онын кандай кери асери бар?

  • @user-gd8ix4kk2s
    @user-gd8ix4kk2s 7 месяцев назад

    Еңбегі кішкентай болуының қандай кері әсері бар

  • @Doctor.Kaldarbek
    @Doctor.Kaldarbek 8 месяцев назад

    👍👍👍

  • @user-ll5mw2qg3f
    @user-ll5mw2qg3f 3 месяца назад

    Менин балам енбеги катпады неге оган не истесем болат

  • @user-kh8ss5kh8k
    @user-kh8ss5kh8k 6 месяцев назад

    салеметсизбе менин кызым 1,8 ай болды кеше байкап калдым басынын бир жагы бос былкылдап тур ол неден енбеги бари каттыда бирак бир жагы бос уайымдап отырмын

  • @zhalgasanarbek4492
    @zhalgasanarbek4492 6 месяцев назад

    Егер енбегы туылганнан катып туылса не болады?

  • @jankajanka6318
    @jankajanka6318 5 месяцев назад

    Менің баламның еңбегі 1 айда бітіп кетті неге

    • @user-ll7qq8lj5v
      @user-ll7qq8lj5v Месяц назад

      Менікіде солай не себептен екен

  • @user-uj1jw9ow6i
    @user-uj1jw9ow6i 4 месяца назад

    Менің балам 11ай басының артында еңбек дейме үш бұрыш сияқты доғдырлар еңбек дейді әлі қатпады жылауық әлі .қатты жыласа дыбысы шықпай салбырап қалады

    • @user-uj1jw9ow6i
      @user-uj1jw9ow6i 4 месяца назад

      Басының артындағы үш бұрыш ол түзелеме еңбек дейме