Аямас мінген атын

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 май 2021
  • Жабығып қалғанымда,
    Таусылып талғамымда,
    Арыны бауыр мұңның
    Бір сәтке алдануға.
    Қайырмасы:
    Қасымда бір болатын,
    Жасысам сынға алатын,
    Жапанда жаяу қалсам ,
    Аямас мінген атын.
    Көңілге нұр беретін,
    Өмірге бір келетін,
    Не көрсе бір көретін,
    Бір досым керек екен.
    Жалғыздық батқанында,
    Атпай бір ақ таңымда,
    Көңілім тұманданып,
    Құлазып жатқанында,
    Қайырмасы:
    Қасымда бір болатын,
    Жасысам сынға алатын,
    Жапанда жаяу қалсам,
    Аямас мінген атын.
    Көңілге нұр беретін,
    Өмірге бір келетін,
    Не көрсе бір көретін,
    Бір досым керек екен.
    Шаттығым кернегенде,
    Елге дес бермегенде,
    Шарықтап сөйлегенде,
    Қолыңды сермегенде.
    Қайырмасы:
    Қасымда бір болатын,
    Жасысам сынға алатын,
    Жапанда жаяу қалсам,
    Аямас мінген атын.
    Көңілге нұр беретін,
    Өмірге бір келетін,
    Не көрсе бір көретін,
    Бір досым керек екен

Комментарии • 5

  • @KaiDau-bi9vr
    @KaiDau-bi9vr 2 месяца назад

    Азаматтар,шіркін домбыра мен кез келген аспап жанданады ғой.Өнерлерің өрге бассын

  • @Kuanysh2310
    @Kuanysh2310 2 года назад

    Шедеврально, тамаша, керемет

  • @user-pn8so9wp9n
    @user-pn8so9wp9n Год назад

    Ай сау бощ 🔥

  • @user-wj1go7zl1e
    @user-wj1go7zl1e 3 года назад

    Керемет орта толсын, жұп болсын, Бәкең жүрген жер той думан, арнау, ән шашу Алла разы болсын ағалар.

  • @detronhacks962
    @detronhacks962 3 года назад

    Ассалаумағалейкум осы каналды сатасызба жаксы бағаға сатып аламын