Қобыланды батыр жыры 1 бөлім (Кобыланды батыр жыры)

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 сен 2024
  • Қобыланды Батыр жыры-қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны-шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма.«Қобыланды батыр»жырының ең көне түрі бізге жетпеген,өйткені жырды жырлаған ақын,жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,өңдеп отырған. Сондықтан «Қобыланды батыр» жыры көп вариантты жыр болып саналады. «Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында,ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы,махаббаты,ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. Бұл нұсқалардың көбісі кейінгі кезде жинақталған. Осы нұсқалардың барлығы да оларды алғаш хатқа түсіріп,оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен аталған.Бұл нұсқалардың көпшілігі бұрыннан белгілі,халық арасына кең тараған,ғалымдар азды-көпті зерттеген жырлар.Кейінгі кезге дейін белгісіз болған-Дәулетше нұсқасы. Жыр Марабай нұсқасына ұқсас. Бұл жырдың 1884 жылы араб әрпімен жазылған түпнұсқасы Қазан мемлекеттік университетінің кітапханасында сақтаулы.1860 жылы қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің Марабай жыраудан халықтың көптеген ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар «Қобыланды батыр» жырын жазып алған.Оның ең көркем,ең қызық бір тарауын Қобыландының Тайбурылмен Қазан ханға қарсы шауып бара жатқан сәтін 1879 жылы басылып шыққан „Қырғыз хрестоматиясына“ енгізді. 1870-1890 жылдарының аралығында «Қобыланды батыр» жырының кейбір үзінділерін В.В. Радлов пен Г.Н. Потанин жариялаған. Осы жырды 1932 жылы С.Сейфуллин, 1939 жылы С.Мұқанов „Батырлар жыры“,„Батырлар“ деген жинақтарға енгізген. С.Сейфуллин,М.Әуезов,С.Мұқанов,Ә.Марғұлан,М.Ғабдуллин,О.Нұмағанбетова. т,б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде «Қобыланды батыр» жырының мазмұндық,көркемдік қасиеті жан-жақты қарастырылған. Жеті буынды өлшеммен жырланған эпостың тілі айырықша көркем,эпитет,теңеу,салыстыру,әсерлеу молынан кездеседі.Қазіргі кезде бұл жырдың нұсқалары Мәскеу,Алматы,Орынбор,Қазан,Ташкент,Нөкіс қалаларының мұрағаттарында ,Орталық ғылым кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
    Reference:
    kk.wikipedia.o...)

Комментарии • 39

  • @ТулкинЯхёев-м2е
    @ТулкинЯхёев-м2е Год назад +8

    Кобланди ботир бизди Узбек кипчаклардиям бовоси булади деп уйлайман.Узбеклардаям Каракипчак, Сарикипчак,Торайгиркипчак ва яна бощка куплаб Кипчак уруклари бор.Самаркандан купдан-куп салом болсин!

    • @qobyzsaryn9561
      @qobyzsaryn9561 9 месяцев назад +1

      Қазақ пен Өзбек бір хандық болған ғой, Абілқайыр хан кезінде.

  • @НуралыЖумадилов-н8ч
    @НуралыЖумадилов-н8ч 6 месяцев назад +9

    Өте керемет әсерлі аңыз мен бұл термені 1985жылы тындаған едім ол кезде мен 13-14 жаста едім міне тағы тындадым керемет ❤❤❤❤❤

  • @bagdatsuvaliev837
    @bagdatsuvaliev837 Год назад +2

    Күшті

  • @tynysbekkongyratbay6191
    @tynysbekkongyratbay6191 6 месяцев назад +2

    Жырдың мақамы келіспейді, кейін жырланған

  • @qobyzsaryn9561
    @qobyzsaryn9561 9 месяцев назад +5

    ❤❤❤❤ Ғажап ғой ғажап . Қазақтың болымысын жеткізген жыршыға, каналға рахмет!

  • @nurdadadaii_38_0
    @nurdadadaii_38_0 Год назад +8

    Керемет маған оте көмектесті 👍🏻👍🏻👍🏻

  • @Abilqair2016
    @Abilqair2016 Год назад +2

    Орындаушылардың аты-жөндерін минутынан бастап жазып қойсаңыздар жақсы болар еді

  • @abka8326
    @abka8326  Год назад +9

    Құрметті ағайын. Бұл аккаунтқа қазақша аудиокітаптарды салып отырамын. Сондықтан "Подписаться" деген батырманы баса отырып таныстарыңызға таратып отырыңыздар. Абай жолы романының бірінші кітабын салып жатырмын. Басқа жырлар да бар бөлісетін.

  • @janiyaniazbek8725
    @janiyaniazbek8725 Год назад +6

    Жақсы

  • @gazagnomadjaugawrnomad7799
    @gazagnomadjaugawrnomad7799 Месяц назад +3

    Керемет! Бала күнімде Әкем жаттататын!

  • @МақсатСейілхан
    @МақсатСейілхан Год назад +4

    80 жылдарда табақты болды осы жыр, соны қайдан тыңдауға болады?

  • @ДауренбекМанашов-ъ2т
    @ДауренбекМанашов-ъ2т 11 месяцев назад +4

    Маған ұнады ❤❤❤❤❤❤

  • @ГульнаршаШарибжанова

    Рақмет! Тамаша канал! Осындай контент жүктелсін!

  • @nurahmetj2123
    @nurahmetj2123 16 дней назад +1

    Пластинкадан жырлаған кезінде, Мухтар Утебаев деген жыршы, сол кісі керемет жырлап еді, екінші жырлаған адамдікі келінкіреиді сол кісінің жырына

  • @ЖалгасСмайлов-п1с
    @ЖалгасСмайлов-п1с Год назад +3

    Ер кісінің орындауы күшті

  • @ИдаятоллаМухити-к9щ
    @ИдаятоллаМухити-к9щ 11 месяцев назад +6

    Баса айтатын нәрсе: жыр Ноғайлы заманында туған деп есептеледі; Кіші Жүз қазақтары мен ноғайлар жырлаған; басқа ортаға Кеңес үкіметі тұсында балгілі болған. - Тынышпаев солай дейді (М.Тынышпаев. Материалы к истории киргиз-казакского народа. Ташкент, 1925).

  • @Кульманбет
    @Кульманбет Год назад +4

    Бек арув йырлайды Эпосты Йырав Молодцы КАЗАХЛАР С УДОЛЬСТВИЕМ послушал Сау болынъыз Салам из Питера

  • @samatabdrakhman1185
    @samatabdrakhman1185 10 месяцев назад +2

    от❤

  • @ДауренбекМанашов-ъ2т
    @ДауренбекМанашов-ъ2т 11 месяцев назад +2

    Маған ұнады ❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @ТулкинЯхёев-м2е
    @ТулкинЯхёев-м2е Год назад +2

    Мени Узбек Эна тилимда айтаяпти. БАРАКАЛЛА, Куп Жаша.

    • @Алиби-е2у
      @Алиби-е2у Год назад +1

      Өзбек шейбанид кыпшак тилинде сөйлеген.

  • @Нур-в5ф
    @Нур-в5ф Год назад +2

    Тексты болса сілтемемен..

  • @АлсерАлсер-з7з
    @АлсерАлсер-з7з Год назад +3

    Бәрекелді !!!

  • @SardarToltaev-uj6nr
    @SardarToltaev-uj6nr 3 месяца назад +1

    🇰🇿✊🏻

  • @КайратКарашбаев
    @КайратКарашбаев 10 месяцев назад +2

    Керемет ❤

  • @Алтай-ц8д
    @Алтай-ц8д 5 месяцев назад +1

    ❤🇰🇿

  • @Кайрат-е9э
    @Кайрат-е9э Год назад +2

    Жаксы

  • @ЛайықКулов
    @ЛайықКулов Год назад +8

    Бәрекелді !!!

  • @dilshatmoldakhmet5165
    @dilshatmoldakhmet5165 Год назад

    👍🙏

  • @taimovjolasbai1455
    @taimovjolasbai1455 Год назад +2

    махаын дұрыс аитпады