24/7 ұстаз болу - диагноз, мектептегі жемқорлық, буллинг | ТикТоктағы жұлдыз мұғалім - Бәкіжан Кәкім

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 янв 2025

Комментарии • 141

  • @СалтанатАлмаханқызы
    @СалтанатАлмаханқызы 10 месяцев назад +22

    Керемет. Бәріде шындық. Баға деген статистикаға қарап қойылады.

  • @АсхатБеккожин-п2т
    @АсхатБеккожин-п2т 10 месяцев назад +18

    Өз мамандықтарын жақсы көретін екі мұғалімнің өте керемет сұхбаты болыпты

  • @ШайхсламЕлубаева
    @ШайхсламЕлубаева 10 месяцев назад +13

    Керемет бағдарлама,бәрі де шынайы,нағыз жанайқайымыз түгел қамтылды,жүргізушіге және блогер ұстазымызға көп рахмет,бағдарлама жалғасын тауып,айтылған мәселелер жоғарыдағылардың құлағына жетсе екен!Сәттілік!!!

  • @ЕркешМадилова
    @ЕркешМадилова 10 месяцев назад +7

    Кураторлық керек, дұрыс айтасыздар, барлық айтылғандар шындық.

  • @ЛуизаМырзахметова
    @ЛуизаМырзахметова 10 месяцев назад +9

    Керемет сухбат /керемет әнгіме .Мұғалім қатысым жоқ болсада өзім қызығып басынан аяғына дейн көрдім.Саттилик сіздерге .Денсаулык.Осындай Азаматтарымыз әр областа он шакты болса Казахтан алда болар еді.Рахмет сіздерге.

  • @ОрынтайШманова
    @ОрынтайШманова 10 месяцев назад +16

    Өз мамандығы жөнінде өзіндік ой, пікірде жүретін осындай ұстаздар көбейе берсін.Ұнады.

  • @salimakazybai3798
    @salimakazybai3798 10 месяцев назад +6

    Керемет әңгіме өрбітіп отырсыңдар.Куратор деген өте керек нәрсе,менде қолдаймын.Жастар жарайсыңдар 👍👍

  • @AltecTaraz
    @AltecTaraz 10 месяцев назад +11

    Проблемалардың бәрі айтылды...естір құлақ болса😮
    Жарайсыңдар👍👍👍

  • @soyle7657
    @soyle7657 10 месяцев назад +13

    Тамаша! Мұғалімдердің нағыз өзекті мәселелері айтылған!

  • @АрайАкылбек-к1л
    @АрайАкылбек-к1л 10 месяцев назад +7

    Өте дұрыс көтеріліп отырған мәселе. Мен де бұрын басқа салада қызметте болғанда ойлайтын едім мұғалімдер ақ жүректен бәрін үйретіп жіберер түсіндірер деп. Все таки мұғалім ғой ұстаз, оқытушы. Но кіргенсін көзім жетті. Сен тимесең мен тимейм бадрақ көз екен. Әр кім өз бетімен. Бұрыннан істегендер бар өз ара жақсы араласатын. Олар солай кетеді. Сағаттарда солай бөлінеді. Бірдеңе сұрасаң интернеттте бәрі бар ғой содан қарасаңшы деген жауап естисің. Мұғалімдер солай болғансын. Балаларға не сорым😢

  • @Майгул-д2у
    @Майгул-д2у 10 месяцев назад +4

    Өте дұрыс! Жеке өмір жоқ. Неге сабаққа дайындалған уақытына ақы төленбейді? Егер дайындалуға арнайы уақят қалдырып, ставканы 10-12 сағат жасап қойса, сонда асықпай сабаққа дайындалып, пдам сияқты өмір сүретін едік. Сонда сапа да болар еді.

  • @Нургул-ч4б
    @Нургул-ч4б 10 месяцев назад +3

    Өте дұрыс бөлек куратор тәрбиеші болса ,Назарбаев мектебі сияқты, менің ойымнан шықтыңдар

  • @ТилеужанСулташ
    @ТилеужанСулташ 10 месяцев назад +5

    Өте орынды,керемет

  • @Alesht2024
    @Alesht2024 10 месяцев назад +12

    Жас мұғалімдердің кейбірі директор мен завучтардың оң қолы болады. Себебі олар көбінесе, директорлар мен завучтар арқылы жұмысқа орналасады. Қалталары қампиғаннан кейін, сағаттарын ставкадан асырып береді. Берген "взяткалары свежий" болып тұрған кезде, олар талтаңдап жүреді. Тем более директор завучтарға қарсы келе алмайды, завучтар арқылы мұғалімді жұмысқа алатын болғандықтан. 20 млн - ды бір-ақ жылда өндіріп алады. Еден сыпырушы мен қарауылға дейін жұмысқа орналастырса "взятка" алады.

  • @РозаСагжанова
    @РозаСагжанова 10 месяцев назад +2

    Керемет сұхбвт, Жарайсыңдар, шындықты айттыңдар!

  • @ainagul_baibolat
    @ainagul_baibolat 9 месяцев назад +1

    Менің мамандығым қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Тәрбиеші болып жұмыс атқарып жүрмін. Бірақ өз мамандығыммен жұмыс жасағым келеді . Педагогқа тестілеуден өттім. Мынаны көріп кішкене қорқып қалдым ғой😊

  • @Araikatravelandteach
    @Araikatravelandteach 10 месяцев назад +3

    Университет туралы жақсы айтылды. Жалпы, ЦПМ,Өрлеу-дің жаңартылған курстарын жас мамандарды оқытады. Осы курстарды университетте оқыту керек. Сосын жыл сайын өзгеретін стандарттар емес, ҚМЖ-ға қатысты өзгермейтін нұсқа қажет.
    Дұрыс, мұғалім-адам. Кейін ғана ол мұғалім. Ата-ана осыны түсіну керек. Өзі ала алмайтын жауапкершілікті (баланың жакапкершілігі) мұғалімге артпау қажет. Артпасын да!!
    Үлкен мұғалімдердің тарапынан буллинг бары рас. Баланың көзінше жас мамаанға 11-сыныптың баласына ұрысқандай ұрысып, колидорда телефон ұстама дегенді де көрдік.
    Ашық сұхбат үшін рақмет!👍👍

  • @saltanat_hp9ps3kw3g
    @saltanat_hp9ps3kw3g 10 месяцев назад +3

    Керемет тақырып болды,әсіресе оңтүстіктің ставкасы зор кетті,100%шындық.

  • @bts-ul7re
    @bts-ul7re 10 месяцев назад +15

    Неге осындай керекті подкастарды адамдар тыңдамайды?!?!

  • @Индира-и8й
    @Индира-и8й 10 месяцев назад +4

    Әрине шындық бар .
    Семинарлар жүйеленсе дұрыс .
    Кураторға ақша бөліне қоймас .
    Кезекшілікке шығу керек .Себебі ,оқушының қауіпсіздігіне бәріміз бірге жауап береміз .Қанша дкгенмен бала ғой .
    Зерттеуші мұғалімдер бар , сабақты дұрыс бере алмайтын .Жас мамандар бар мықты .Сол себепті мұғалімдерді тесттен өткізудің керегі жоқ .

  • @Нургул-ч4б
    @Нургул-ч4б 10 месяцев назад +2

    Ашық әңгімеге өте риза болдым, дұрыс жаңа жүйе жасау керек,адамның көзі ашкөз болып кетті, директор мен завучтар кетті білгенін істеп,бірақ шындық бар екен,ұсталып жатыр, отбасында қиындық болып жатыр,университетте де дұрыс үйретпейді рас...
    Риза болдым сіздерге..
    Мұғалімнің абыройы жоқ,отбасына уақыт жоқ...мектепте білімі жоқ мұғалімдерде бар

    • @Нургул-ч4б
      @Нургул-ч4б 10 месяцев назад +1

      Ия үлкен апайлар іші тар ,үйретпек түгілі ештеңе бермейді,өзім мұғаліммін

  • @RaikhanSherubayeva
    @RaikhanSherubayeva 10 месяцев назад +5

    Қандай сүйкімді жастар !

  • @ЖаннаЖумашева-ю8о
    @ЖаннаЖумашева-ю8о 10 месяцев назад +11

    Советтік жүйедегі мектеп директорлары болмау керек. НұрОтан партиясын қолдап , қазіргі кездегі жүйеде мұғалімдер жалтақ, қорқақ Бәрі емес.

  • @АрайАкылбек-к1л
    @АрайАкылбек-к1л 10 месяцев назад +7

    Дұрыс айтасыздар. Университеттерде білім беру процесіне өзгерулер мен толықтырулар енгізу керек. Бұл айдан анық. Әдістемеліктерді, білім беру платформаларымен жұмыс жасауды, К.кз, әдіс- тәсілдер т.б.с.с жаңартулар керек. Универ мұғалімдері әлі бұрынғысынша үйінде тұрған беттері сарғайып кеткен кітаптарды әкеп лекция оқып кете беру деген болмайды. Нақты мектепте білім беруде қандай талап бар соның жауабын универден оқып келу керек.

  • @Ulbosyn.Khadirbaeva
    @Ulbosyn.Khadirbaeva 10 месяцев назад +9

    Мұғалімдер 55 жастан кейін пенсияға кету керек

  • @gauharkuansheva6029
    @gauharkuansheva6029 10 месяцев назад +6

    Керемет!!!

  • @ЖансаяАдильжанова
    @ЖансаяАдильжанова 9 месяцев назад +2

    мектептегі барлық проблема қозғалыпты🎉

  • @АсельНахметова
    @АсельНахметова 10 месяцев назад +2

    Бакижан ұстаз барлық шындықты айтты. Менің ұйқыға 3-4 сағатым ғана қалады. Отбасым да үйреніп қалған менің 24/7 мұғалім болғанымды😅

  • @vokk-gw7vs
    @vokk-gw7vs 10 месяцев назад +1

    Бәкіжан саған тән ризамын, жұмысың алдыға өрлей берсін!

  • @DuisekeKypchak
    @DuisekeKypchak 10 месяцев назад +2

    Тамаша сұхбат, қарындасым өз ойын өте сауатты жеткізді.

  • @mechtamarket4026
    @mechtamarket4026 10 месяцев назад +3

    Тик ток деген мулдем кажет емес! Тик токка карайтын адамнын ойлау кабилети нашарлайды, жугирип отырган информацияларды адам " переваривать" не успевает. Сондыктан тик токты токтату керек! Казир балалар да ,улкендерде осыган ," конили айналып"калды. Жастарга обал.

  • @bizhamaldaumova2433
    @bizhamaldaumova2433 10 месяцев назад +5

    Ақылды жігіт,өте дұрыс

  • @vokk-gw7vs
    @vokk-gw7vs 10 месяцев назад +5

    Сіздер бүкіл шындықты айтып отырсыздар, бірақ мына шындықты естіп, кейінгі жастар мұғалімдік оқуға барғылары келмейтін сияқты 🤔

  • @Бернара-п3ы
    @Бернара-п3ы 2 месяца назад

    мына жигит молодец подкастын жалгастыра бер ❤❤❤

  • @КККААА-ю3б
    @КККААА-ю3б 10 месяцев назад +11

    Жаңадан келген мұғалімдердің бәрі күйзеліске түсе бермейді. Жаңа келгендердің көбісі басшының протежесі болады. Олар келе сала бұрыннан істеп жүргендердің үстінен сөз тасиды, директорға.

  • @ainur8968
    @ainur8968 10 месяцев назад +4

    Мен 1жыл істеп өзімнің де , өзгенің баласының да обалына қалмайын деп шығып кеткенмін мұғалімдіктен.😅
    Өзім миға сыймайтын нәрсені тыңдап тұруға,тем более істеуге мүлде қарсы болғандықтан всегда қарсы шығатынмын немесе просто игнорировать ететінмін басшылықты. Жөнсіз нәрсе айтса бағынбайтынмын.
    Мысалы директор шақырып ап айтады, кабинетіңе жаңа шкаф алыңдар ата аналарға айтып дейді.Бірақ ,ата ана үстіңнен арыз түсірсе мен сені қорғамаймын,ата ананы қолдаймын,ол үшін жауап бермеймын дейді. Бірақ шкаф тұратын болсын делі.
    Менің айлығым шкафқа жетпейді, неге мен айлығыма алуым керек?
    Газет журналға жазыласың деп шығады. Егемен Қазақстанға жазыл дейді,пффф кімге керек егемен Казакстан газеті

  • @l.a.a88
    @l.a.a88 10 месяцев назад +6

    Жүргізушінің аттестация туралы айтқандары ұнады

  • @Lifeisbeautiful-ru8cm
    @Lifeisbeautiful-ru8cm 10 месяцев назад +2

    Шынайы мектептегі жүйені бұқпасыз жеткізгендеріңізге рахмет

  • @ГумиГумиева-п9в
    @ГумиГумиева-п9в 10 месяцев назад +8

    МО жетекшілері негізделген ақы төленбейді, жұмысы көп, ақша төлемейді

  • @МистерХ-з9л
    @МистерХ-з9л 10 месяцев назад +3

    Всеобуч деген болған. Суботниктер, қоғамдық жұмыстар болған кезінде. Жас мұғалімдер кешке дейін жүретін едік ауыз ұрылып. Қайта қазір көп ондай жұмыстар жоқ құдайға шүкір 🙏

  • @СагадатМатабаева
    @СагадатМатабаева 10 месяцев назад +8

    Жас мамандарға 3 жылға дейін тәлімгерлер тағайындау дұрыс қой, ал, өздері жұмыс күнделігін жүргізу қажет, ертеңгі күні істелетін жұмыстарды жоспарлап қойса, істелген істелмеген белгілеп отырса, уақыт үнемделеді, жұмыс реттеледі

  • @БатимаКабдолданова
    @БатимаКабдолданова 10 месяцев назад +3

    Ұстаздар мәртебесі биік болсын.

  • @Ainar_baibussinova
    @Ainar_baibussinova 10 месяцев назад +2

    Керемет шыққан подкаст👍

  • @АлияСабирова-у6л
    @АлияСабирова-у6л 10 месяцев назад +3

    мәселе мұғалімнің түнгі клубтың орнына кітапты аз оқуында, интелоекттің төмендеуінде, себебі педагогика мамандығына еш басқа мамандыққа түсе алмағандар баратындығы жасырын емес

  • @rakhimzhantokseit3491
    @rakhimzhantokseit3491 10 месяцев назад +9

    Бағалар өтірік. Көтереді бағаны. 9-шы сынып оқушысы емтиханнан қорқып отырған жоқ. Мұғалім көмектеседі деп отыр. Рейтинг үшін балаларды фальшке үйретіп жатыр мектеп.

  • @АйкеримУсманова-н1ц
    @АйкеримУсманова-н1ц 10 месяцев назад +4

    Тамаша! Еркін әдемі, көптеген мәселелерді өте жіліктеп талқылауға салған бағдарлама болды! Ұнайды! Жүргізуші өте керемет өыз! Сондай жағымды! Даусын айтыңызшы! Әр жаңа санын күтіп жүрем! Рахмет! ❤

  • @bts-ul7re
    @bts-ul7re 10 месяцев назад +3

    Недеген керемет🎉

  • @gumaxanym
    @gumaxanym 10 месяцев назад +3

    Біздің жекеменшік мектепте сынып жетекшілері (тьютор) тек жетекшілікке бір сыныпқа 30-40 мың теңге алады. Тьюторлар тек сынып сағатын өтеді. Бірақ пән мұғалімі болсаңыз, сынып алсаңыз болады. Күнделікті ата-ана, оқушылармен байланыста, барлық жұмыстарды атқарады. Яғни асханаға оқушыларды апару, тамақ пен оқудың ақшасын жинау, оқушылардың құжаттарымен жұмыс, сынып тәртібін қадағалау, іс-шаралар өткізу т.т.

  • @Адам-о5е3ъ
    @Адам-о5е3ъ 10 месяцев назад +4

    Жалпы мен де мұғаліммін ондай жерді мұғалімге көру керек деп ойлаймын! Неге? Өйткені менің өз көзіммен сол жиіркенішті дүниені көру арқылы алдымдағы оқушыларға сол дүниенің бізде болмауына әр кез жүрегімнің бір бұрышы қа
    нталап жеткізу мақсаты тұрады! Немесе менің ғылыми жобам сол шығар! Ондай тақырыпта ғылыми жоба қорғауға тыйым сала алмайсыз ғой! Егер ғылыми жоба сол тақырыпта болса мен оны көруім керек! Осыны ойладыңыздар ма?

  • @АйгеримМырзахметова-р4к
    @АйгеримМырзахметова-р4к 10 месяцев назад +2

    Қағазды өзіміз сатып аламыз.Сыныбымызды жабдықтаймыз.Столдар сынса сваркілетеміз өзіміз

  • @АйгеримМырзахметова-р4к
    @АйгеримМырзахметова-р4к 10 месяцев назад +2

    Ақшасыз жұмыс жоқ жандарым бұл шындық

  • @НасырУбисов-п8ф
    @НасырУбисов-п8ф 10 месяцев назад +2

    Жургизушинин аттестация туралы айткан дуниеси дурыс .

  • @БибігүлІзбасарқызыӘбибулла

    Ата-аналарға жағыну үшін шай беріп, қолына топер мен кәмпит беріп…. Сіз айтқандай Шаттық шеңберіне қарсымын.
    Мұғалім мінезді болып, басынан сөз асырмау керек, сонда завуч та сөйлемейді неге анау балаң бір пәннен үшке шықты деп. Мұғалім басынан сөз асырмау керек. Мен сияқты мұғалім таппайсың деп шіреніп жүруі керек, хотябы қолында тұрған телефонды пайдаланып “бәлеқор” болуы керек 😂😂😂

  • @Нургул-ч4б
    @Нургул-ч4б 10 месяцев назад +2

    Айтпақшы ата аналар енді ол бір проблема,ұяты жоқ,балаларын қатты қорғайды,сөзін сөйлейді, балалар тек соларда ғана,бәріне топырақ шашпаймын,түсініктері өтее төменнн

  • @azamatsabitov2564
    @azamatsabitov2564 10 месяцев назад +2

    Өтініш бауырым, қазақ тілінің мәртебесін көтерер іс-әрекеттерді жиі назарға алшы. Үлкен қалаларда байқағаным барлығы орыс тілді аудитория. Қазақ тілі ауыл немесе жұмысшы төменгі тап үшінбе? “Айта айта Жамал апамды шаршарттық”, министр де депутаттарда керең мен соқырлар назарға да ілмейді

  • @ЗиликаКасымханова
    @ЗиликаКасымханова 10 месяцев назад +2

    кеңес кезінде аудандық,қалалық білім бөлімдері тарапынан мұғалімдер арасында психологиялық тест жүргіліп отырушы еді(анонимно).Бүгінгі күні де сол жұмыс жандандырылып тест қорытындысы бойынша жұмыс ұйымдастырылса.Сонда ғана мұғалімдер сіздер айтқан күйзелістен шығар еді. Қазір тәлімгер мұғалімдер жас маманға көп көмек береді ғой...

  • @НурланКененбаев-ъ2ж
    @НурланКененбаев-ъ2ж 2 месяца назад

    Бізде жаңадан келген мұғалімдерге көмек бар.

  • @АйганымУтепбергенова-у3ж
    @АйганымУтепбергенова-у3ж 10 месяцев назад +2

    Психолог берген тесттің өзін дұрыс бәрі дұрыс деп жазыңдар дегенде өйбууу қоя ғой деп ойлағанмын

  • @КыдыргульДаутбаева-м1у
    @КыдыргульДаутбаева-м1у 10 месяцев назад +5

    Кез келген адам мұғалім бола алмайды, соған қарамастан оңтүстіктікте мұғалімдікті тек айлығы үшін оқитын , мұғалімдіктен өте алыс азаматтар өте көп , сондықтан ақша беріп жұмысқа тұрады.Ондай мамандар көп жерде орта да әділетсіз болады

  • @ГаухарЖангабылова
    @ГаухарЖангабылова 10 месяцев назад +3

    Зейнетке шыккан мугалимди жумыстан босату керек.Негатив солардан шыгады.тек оз басын ойлап жастарга орнын бермей журип алады

  • @rakhimzhantokseit3491
    @rakhimzhantokseit3491 10 месяцев назад +1

    Оқу сауаттылығынан сабақ онлайн бересіз бе?

  • @Фаберлик-онлайндүкен
    @Фаберлик-онлайндүкен 10 месяцев назад +1

    Тамаша сұхбат.Оңтүстікте халық көп , жұмыс тапшы,бір мұғалімнің орнына кемі он адам талас болады,сондықтан ақша рөль ойнап кетеді.Соған қарамай ,осыншалықты конкуренцияға төтеп беру үшін әр ұстаз өз жұмысын адал атқаруға тырысады.Білім мен тәрбиені ұштастыра отырып,тексерісті жеңе отырып,заман талабына ілесіп ,қиындықты жеңіп келеді,Негізі шындығына келгенде ұстаз тәжірбиені жылдар бойы тірнектеп жинайды.Мысалы сен жиырма бес жасыңда балаға білімді толық жеткізе алмасаң отыз бес жасыңда еркін,қиналмай жеткізесің.Қазіргі білім жүйесіндегі басты мәселе қағазбастылық.Қанша айтылса да тоқтамады.Қазақтың сүйікті асы ет болса ,сүйікті құралы қағаз болды.

  • @АсельКамбарова-м5с
    @АсельКамбарова-м5с 10 месяцев назад +3

    Салеметсіздерме. Неліктен сау балаларга ғана жағдайлар көп жасалған, ия ол оте жаксы .Бирак неге инвалидности бар балаларга нет особых возможностей и особенно диагнозы Эпилепсия болса ( неважно эпилепсияның қай түрі болса да) сразу табу,отказ можно сказать везде.санатория,детские сады , школы,кружки различные и везде отказывают .кабылдасак расписка жазыңыз, ертең приступ болып скорый улгермей ,бала ға бирдене болса бізге притензияныз жок деген, деп шығады немесе сразу отказ береді. Распичка жазбаимын. Баланы апарып тастап алыс кетіп калмаитынымыз анық, сол мекеменің жанында озимиз болып ,сразу жетіп, окажем первую помощь до приезда скорой помощи в случае приступов десеңде, бесполезно қабылдамаиды. Сонда эпилепсиясы бар бала развиваться етпеуі керек па ,араласпауы керек па катарласымен? Социумсыз развития дұрыс болмайды. Осы сұракты көтерсеңіздер, сіздер осы сұракты көтерсеңіздер, мүмкін жоғарыда отырғандар көріп құлақ салып калар дегенім.

  • @Зағира-щ4ф
    @Зағира-щ4ф 10 месяцев назад +2

    Онлаин олимпиада деген курысын ары өтрік нәрсе соны куртпаиды екен

  • @ЖумагулТастанкулова
    @ЖумагулТастанкулова 10 месяцев назад +2

    Менің ойымша ешкім куратор болғысы келмес еді, мәселен сіздер куратор болар ма едіңіздер?

  • @adilet2470
    @adilet2470 10 месяцев назад +2

    Бізде Бином мектебінде ата- аналар тек сынып жиналыс болатын күні кіре алады мектепке. Сабаққа қатысуға тіпті рұқсат жоқ, мұғаліммен кездесудің өзі қиямет...Кей мұғалімдер тарапынан оқушыға буллинг бар, соны шешу үшін тек ата-ана басы ауырады, не сынып жетекшісі, не завуч мән бермейді, директорға жолығу елдің президентімен кездесумен бірдей

  • @vokk-gw7vs
    @vokk-gw7vs 10 месяцев назад +3

    Ата-аналарды тәрбиелемек түгіл, оларды мектепке ата-аналар жиналысына, толық келуінің өзі ғанибет қой, себебі олар жұмыстан шыға алмайды

  • @ИраБубешова
    @ИраБубешова 10 месяцев назад +2

    Көп мұғалімдер диплом сатып алып сабақ беріп жүргендер, сенбесеңдер білімін тексеріп көріңдер...мен 2-3 мұғалімнің білімін тексеріп сұрақ қойғанда дұрыс жауап бере алмады...

    • @Doctor_daniar
      @Doctor_daniar 9 месяцев назад

      Смотря кандай сурак койдыныз мысалы менде сурак койсам жауап бере алмау мүмкін но мен білімсіз деп айыптамайм

  • @жаннадаркжаннадарк-л8я
    @жаннадаркжаннадарк-л8я 10 месяцев назад +1

    Мектеп деген директорлар мен білім бөлімдерінің мамандары, кәсіподақ төрағалары үшін үлкен майшелпек. Олардың да жоғарғы жақта бөлісетіндері болады екен. Нағыз халық жаулары ғой олар. Бірақ бәріне топырақ шашуға болмайды дегенмен...

  • @АлияЗакарьянова-в5я
    @АлияЗакарьянова-в5я 10 месяцев назад +2

    👍🏻👍🏻👍🏻

  • @galiyaagibaeva4579
    @galiyaagibaeva4579 10 месяцев назад +2

    Жаңадан келген маманға ақылы тәлімгер тағайындалады. Универде үйренбеген жұмыстарды тәлімгер үйрету керек. Ешкімге жалынбай- ақ қоюға болады. Өз мамандығын сүйетін жастардың келгені қуантады.

    • @sholpan_samigolla
      @sholpan_samigolla 10 месяцев назад +2

      Ол аты ғана. Көрмедік қой көмегін. Критика болды тек басқа мұғалімдер тарапынан. Қазір ол жұмыстан жүрегім шайлықты...

  • @Майгул-д2у
    @Майгул-д2у 10 месяцев назад +2

    Дұрыс тәрбиеші керек

  • @ФаинаТусупова
    @ФаинаТусупова 10 месяцев назад +2

    Жас мамандарға қолдау көрсету керек. Бірақ кейбір кездері мектепке көбейту кестесін білмейтін математик келгенде түңіліп кетесің. Ал енді БЖБ, ТЖБ нәтижелі ме? Қалай ойлайсыздар?

  • @АкжаркынЖуматаева
    @АкжаркынЖуматаева 10 месяцев назад +1

    Жас ұстаздарға үш жыл тәлімгер болған жағдайда ақша төленген дұрыс, себебі оның да сабағы, сынып жетекшілігі толып жатқан жұмыстары бар. Жас ұстазға тәптіштеп бәрін түсіндіріп отыруға көп уақыты кетеді. Келетін практиканттарға да үйретіп отырамыз. Бүгін міне демалыс, бірақ мен демалып отырған жоқпын, миымда Наурызға сценарий құру тұр. Соған дайындалудамын...

  • @darksun3600
    @darksun3600 10 месяцев назад +3

    Павлодаре не хватает руководителей школах бесплатно

  • @АксаулеМагданова-я3ь
    @АксаулеМагданова-я3ь 9 месяцев назад +2

    Сынып жетекшілер 4000-8000тг алады

  • @rezhep_abdolla
    @rezhep_abdolla 10 месяцев назад +1

    👏👏👏👏👏👏

  • @Тобыл-ю9п
    @Тобыл-ю9п 10 месяцев назад +1

    КЕРЕМЕТ СУХБАТ МОЛОДЕЦ МОЛОДЕЦ

  • @Nuriko180
    @Nuriko180 10 месяцев назад +2

    Бугалтерлер милиондап жеп жатыр,соны бермима куратырма,сынып жекшиге

  • @Ulzhan
    @Ulzhan 10 месяцев назад +1

    Какой харизматичный учитель

    • @bts-ul7re
      @bts-ul7re 10 месяцев назад +1

      Иәәә

    • @РаяКонысбаева-т2й
      @РаяКонысбаева-т2й 10 месяцев назад +2

      Ия ата -аналармен жұмыс жасау үлкен проблема .Ашық алаң- мұғалім туралы жақсы айтылды.

  • @vokk-gw7vs
    @vokk-gw7vs 10 месяцев назад +2

    Ақтөбенің көп мектептерінде мұғалімдерді, мектепке жұмысқа пара арқылы алады

  • @user-zhibek
    @user-zhibek 10 месяцев назад +2

    Сауатты пікір

  • @ШырайАдилбекова
    @ШырайАдилбекова 10 месяцев назад +2

    Мектептегі мәселелер толық айтылды.

  • @moldirduisenova4878
    @moldirduisenova4878 10 месяцев назад +3

    Жақсы сұхбат болды, мұғалім мамандығы қызықты тақырып

  • @ГулжайнаТашеменова-й9ъ
    @ГулжайнаТашеменова-й9ъ 10 месяцев назад +2

    Осы жігіттің әзілдері жыыыннддыыы ғой😂

  • @akzharkinaskarova3562
    @akzharkinaskarova3562 10 месяцев назад +1

    👍👍👍

  • @Нурислам-о4ы
    @Нурислам-о4ы 10 месяцев назад +2

    Қанша айтсаңдар да ұстаздық мамандық киелі мамандық.Қателеспеңдер.
    Жастарды тәрбиелеу үшін мұғалім ркхани кемел болу керек.Сөзіне ісі свй болу керек.Арақ,темекі ,наша зиян деп айтып,өзі арақ ішуге болмайды. Мұғалім ұшқыштар сияқты өз нормасында болу керек.Ахаху керек болса басқа мамандықты таңдаңдар ,мұғалім шошаңдаса ,мұғалімі жеңілтек болса салиқалы ұрпақты кім тәрбиелейді ? Мұғалім ерекше тұлға болып қалу керек, шектен шықпау керек.

  • @gulzhainar1
    @gulzhainar1 10 месяцев назад +1

    🔥🔥🔥🔥

  • @Rysmad01
    @Rysmad01 5 месяцев назад

    Мұғалім болғым келмей қалды тіпті😮

  • @УлмекенМаксутова-к8ш
    @УлмекенМаксутова-к8ш 10 месяцев назад +2

    Қазір жетпіс жасқа жеткен ұстаздар жұмыс істеп жүр бұл дұрыс емес адам шаршайды сол үшін зейнеткер
    лікке шығарылады.
    Таныстықпен жүре береді.
    Жастарға орнын беруі керек дұрыс емес.

  • @Dina-rr2pv
    @Dina-rr2pv 10 месяцев назад +2

    Ұстазды құрметтеу үшін,ҚАТАЛ ДА, болу керек, керек кезінде,ЖҰМСАҚ ТА болу керек .
    СОЛ БОЛМЫС ДҮНИЕЛЕРІҢЕ ҚАРАП ТӘРБИЕ АЛАДЫ.
    БҰРЫНҒЫ ҰСТАЗДАР ҚАДІРСІЗ БОЛҒАН ЖОҚ,ӘЛІ КҮНГЕ ҮЛКЕН ҚҰРМЕТ ИЕЛЕРІ ,БАСЫ 92 ге келді
    Қазір жастар бәрін өзгертіп, ЕЛЕУСІЗ бір адам болып қалады.Ұстаз емес

  • @АсельНахметова
    @АсельНахметова 10 месяцев назад +6

    Мектеп психологының өзіне психолог керек. Буллингты ажырата алмайтындар отыр қарайып,дамымай😮

  • @мариямошакбай
    @мариямошакбай 10 месяцев назад +2

    сынып жетекші дегенді 2 жылда ауыстырып тұру керек, бұл бірінші бауыр басып кетпеуіне, екіншіден коррупция мәселесін шешеді. Немесе, түрік лицейі секілді тәрбиеші, абла секілді психолог тәрбиешіні енгізу керек, мысалы 1 тәрбиеші 2 сыныпқа

  • @l.a.a88
    @l.a.a88 10 месяцев назад +1

    Оңтүстік пен солтүстікті салыстырмау керек. Оңтүстікте халық тығыз орналасқан, жұмыс орны тапшы, дегенмен бұл жемқорлыққа жол беруге желеу болмауы керек.

  • @Nazira-uf6wv
    @Nazira-uf6wv 10 месяцев назад +1

    Сұхбат берген бұл мұғалімді аты-жөнін таныстырмадыңыз ба

    • @l.a.a88
      @l.a.a88 10 месяцев назад +1

      Тайм кодта бар

  • @МолдирТалипова
    @МолдирТалипова 10 месяцев назад +1

    "АУЫЛҒА ДИПЛОММЕН" неге 0,75 болса қабылдамасқа. Жастар үшін арналған бағдарлама. Бірақ, жастардың сағаты аз. Неше жылдық стажы бар ұстаздардан сағат артылмайды. Не сағат жоқ, не үй жоқ.

  • @АсельНахметова
    @АсельНахметова 10 месяцев назад +2

    Сетевой маркетинг болып кетті жұмысқа кіру😅

  • @ШынарБайбоз
    @ШынарБайбоз 10 месяцев назад +8

    Бірлестік жетекшісі ақша алмайды

    • @soyle7657
      @soyle7657 10 месяцев назад +2

      Онда жағдай таза нашар екен🥲

  • @rakhimzhantokseit3491
    @rakhimzhantokseit3491 10 месяцев назад +1

    Мұғалімге көмектессен балаң жақсы олимпиадаға қатысады, жоба қорғайды. Орындар сатылады. Қашан мына онлайн ақылы олимпиадалар бітеді, сапалары өте төмен, еш қандай пайда жоқ. Департамент, министірлік балалардың қорқады білім жоқтығы шығып қалады деп. 😂

  • @Гулмира-ц4э
    @Гулмира-ц4э 10 месяцев назад +1

    Баламен дос болып шамалы қалжыңдап өзіңе жақын тарту керек.