Жақсылық Ахметов - Үш арыс (Мұратхан Егінбаев)

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 28 дек 2024

Комментарии • 2

  • @DombyraTV
    @DombyraTV  3 года назад +1

    Мұратхан Егінбаев (1939 жыл, Талдықорған облысы Үйгентас ауданы бұрыңғы Андреевка ауданы) - Қазақстан сазгері. Мұратхан Егінбаев ондаған әндер жазды. Батырлық пен батылдықтың, ақылдың айбыны болған халқымыздың жақсы мен жай­саңдарына, бағландарға арналған шығармалары көп. Олардың қатарында “Асанқайғы”, “Абылай”, “Қаракерей Қабанбай”, “Райымбек баба”, “Махамбет”, “Шоқан”, “Құрманғазы ке­мең­гер”, “Абайым”, “Жамбыл ата” туралы көр­кемдігі келісті, тәрбиелік мәні жоғары, та­рих­тың әр кезеңінен сыр тартқан, елі мен жерін жаудан қорғап, ұрпағына өлмес мұра қалдырған әндерімен қатар, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбанына айналған Қайрат Рысқұлбеков туралы “Қайраттың аза­сы”, “Желтоқсан таңы” секілді туындыларын жазып, жұртшылыққа ұсынды. Бұл елдің ел­дігін танытатын, халықтың қадірін арттыратын, пәс көңілді зорайтып, түскен ұнжырғаңды кө­теретін патриоттық әуендер қазақ даласының төрт бұрышына түгел жетті десек, артық айт­қандық емес[1].
    Ол көптеген ән байқау­ларына қатысып, жүлдегер атан­ған. Тәуелсіз елімізде жа­рияланған бәйгелерде ба­ғы жанып келеді. Айталық, 2001 жылы “Жаңа ғасырға - жаңа ән” байқауында “Абылай хан” атты туы­н­­ды­сы гран-приді иеленсе, 2004 жылы “Елім менің” атты ту­ындысы үшінші жүлде алыпты. Осы секілді қол жет­кен табыстарын тізе бер­­сек, әңгіме желісі біраз жерге ұзары анық. Халық таныған, жұрты қадірлеген, ұрпағы сыйлаған азамат туралы қазақ өнерінің айтулы өкілдерінің бірі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мың­жасар Маңғытаевтың мына бір жүрекжарды сөзін қалың қауымға ұсынсақ, Мұратхан Егін­баевтың бүкіл өнердегі болмысы айқындалары сөзсіз

  • @kamalmaidanov3642
    @kamalmaidanov3642 3 года назад

    ассалаумағалейкүм, ағай, қалыңыз қалай👍