Ақтауда қуыршақ театры су тасқынынан эвакуацияланған атыраулық балаларға ойын-сауық кеш ұйымдастырды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 апр 2024
  • Ақтауда эвакуацияланған балаларға ойын-сауық ұйымдастырылды.
    Ақтауда Маңғыстау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының тапсырмасымен өңірлік қуыршақ театрының ұйымдастыруымен су тасқынынан эвакуацияланған атыраулық балаларға ойын-сауық ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
    Басты мақсат - бүлдіршіндердің көңіл-күйін көтеріп, керемет естелік қалдыру. Балалар «Арман ағашы», «Асық ату» сынды ойындар ойнап, екі топқа бөлініп сайысқа түсті. Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының ассистент режиссері Ержан Биғашевтің айтуынша, бұл шара ертең де жалғасын таппақ.
    -Бүгін аниматорларымыз балалардың көңілін аулап, түрлі сайыстар өткізіп жатыр. Ал, ертең дәл осы жатақхана мен «Оқушылар сарайында» қуыршақ театрының ұйымдастыруымен қойылым көрсетіледі. Бүлдіршіндердің қуанышы үшін осындай игі іс жалғасын таба бермек, - деді Ержан Биғашев.
    Шараға қатысқан балалар күліп, жадырап, асыр салып ойын ойнады. Олармен қоса, ата-аналар да сырттай тамашалап, серпіліп қалғандарын жеткізді.
    -Төтенше жағдайға байланысты Маңғыстау жеріне үш баламмен келдім. Халық өте жылы қарсы алып жатыр. Бүгін балаларымыздың көңілі ауланып, қызықтады. Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырмын.Ол да ойын ойнап, атсалысып жатыр. Ұйымдастырушыларға ата-аналар атынан алғыс айтамыз!, - деді атыраулық Ақниет Балашева.

Комментарии •