Ұлынан, әкесінен, анасынан, ағасынан 1 жылда айрылды | Трамвай тізгіндеген әйел | ЕҢБЕК АДАМЫ #30
HTML-код
- Опубликовано: 7 сен 2024
- #НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: НҰРБАНУ АХМЕТОВА - трамвай жүргізушісі.
Сіз трамвайға мініп көрдіңіз бе? Бұл транспорт түрі туралы пікіріңізді төменге жазып кетсеңіз болады. Аға-апаларымыз әлбетте, трамвайға мінді. Тіпті бұл романтиканың бір көрінісі де болатын. Бірақ, қазір дүниежүзінде трамвайы бар қалалар өте аз. Онымен мақтанатын қалалар да жетерлік әлемде. Соның бірі бәрімізге таныс - Сан-Франциско. Ал, Қазақстанның біршама қаласында бұрын трамвай болған. Қазір небары 3 қалада ғана қалды. Ақпарат ретінде тізіп өтелік. Өскеменде трамвай паркі 1949 жылы ашылған. Қазір 40-қа жуық вагоны бар. Айтпақшы, Алматыдан алып тасталған трамвайлардың бір бөлігі дәл осы Өскеменге жеткізілген. Қазақстандағы ең ірі трамвай желісі Павлодарда. Трамвай паркі бұл қалада 1965 жылы құрылған. 18 маршрут бойынша қатынайды. Әсіресе, вагондардың көбі адам тығыз кезде, час-пик уақытында жолға шығады. Ең кіші трамвай желісі - Теміртауда. Ол да 1949 жылы құрылған. Бір-ақ маршрут қатынайды. Бәлкім, оның өзі тоқтап қалған да шығар. Хош, травмайдың тарихын шолып кетуіміздің себебі, бүгінгі кейіпкеріміз сол трамвайды 20 жылға жуық уақыт тізгіндеп келе жатқан адам. Нұрбану Ахметовамен танысайық.
Бүгінгі кейіпкерімізді толық түсіну үшін бір жәйтті айтпасқа болмас. Нұрбану Ахметова бір жылда 4 жақынынан айырылған. Ұлы,артынан анасы,одан әкесі, кейін ағасы өмірден өткен. Іркес-тіркес келген қайғы Нұргүлдің нұрсын солытып, еңсесін езді. Уайым мен қайғы күндіз-тні маза бермей, жанды жегідей жеді. Сондай бір құлазыған, түңілген күндердің бірінде Нұргүл трамвай басқарып келе жатып, жол көлік оқисана тап болған. Салдарынан жұмысынан айырылды. Жығылғанға жұдырық. Сөйтіп, бес жыл басқа салада еңбек етті. Бірақ, бәрібір сол трамвайын, сол өзі сүйген жұмыс орын аңсайды, сағынады. Қайтадан оқуын оқып, сынақтан өтіп, сол трамвайдың тізгіне қайта отырған. Жігер, қажырлы мінез деген осы емес пе?! Нұргүл трамвайды ғана емес, сол трамвайдың жолымен қатар жүріп өткен бақытты шақтарын сағынып барса керек. Бұл да бір -медеу.
Британдық қаламгер Томас Карлейльдің бір қанатты сөзі еске түсіп тұр. Ара-тұра әлем әдебиетін де шолатынымыз бар. Сол Томас айтады «дерт пен күйзелістің ұлы емі бар, ол -еңбек»дейді. Тап осы ой бүгінгі кейіпкерге келетіндей. Расында да, сүйікті жұмыс артық ойлардан, теріс іс-әрекеттерден, күйзелістен, жағымсыз жәйттің бәрінен құтқаратын құрал. Еңбек еңсені тікейді дейді қазақ. Сау болыңыздар!
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: ...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev
Көріңіздер, таратыңыздар!
Қарапайым Еңбек адамын бағалайық!
Еңбектері бағалансын
Қандай мінезді жан жарайсыңдар
Мықты өзіне сенімді жандарғана бұндай жауапкершіліктіала алады
Елде қандай қиыншылықтар болып жатыр ел аман болсын
Жарайсың алтын қыз жолың ашық болсын
Сіңлімнің атын туғанда өзім қойып едім Нұрбану деп,жарайсың,мақтанышым менің !Осылай биіктен көріне бер,немерең бар,шөбере сүй жаным,мықты болсын денсаулық,бәрін жеңесің!
👍👍
Өте дұрыс айтасысыз мықты нерв болу керек
керемет! еңбекші қазақ жастары көп болсын
Еңбектерің бағаласын
Еңбек адамы фильмі бұл саланың да адал еңбегін елге көрсетті
Ұжым тәртіпті ұйымшыл жарайсыңдар
Халық әр адамның еңбегін бағалай білу керек
Аллам халқымызға сабыр берсін
Сәлем баршаңа адал еңбектің наны бұйырсын
Отбасыңыз аман болсын
Токпен істейтін болғасын қорқыныш та бар сақтық керек
Алла амандық берсін
Бізде отбасынан бастап адал еңбек етуге тәрбиелеу кемдеу көбі сүймесе қинап оқытамыз ол мамандықпен еңбек етпейдісосын жұмыс жоқ деп сенделеді
Міне мамандықтың жаманы жоқ адал еңбектің наны тәтті
Сынақтан өткен жан
20-жыл деген бұл қандай тамаша адал еңбек
Ия жұмыс жоқ дейтіндер ойланыңдар нан табуға еңбектің жаманы жоқ
Дерт пенқиындықтың емі еңбек дұрыс айтылған
Нурбануша❤❤❤молодец
Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей
Ия трамвай көп қалада жоқ
Әб бәрекелді
Мықты мамандық
Дтп болғанында ашып айтып отыр
Керемет ❤
Баска тырлыктерын жокпа Трамвай
Баска тырлетын жокпа Трамвай
Еңбек еткен адам сыйлы ғо
Аулды су алып жатканда
Өскеменнің қазақтары ана тілдерін ұмытпаған екен
5