Ғайып адамға жаназа намазы оқылады ма?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 7 фев 2025
  • Шариғат бойынша қайтыс болған мұсылман адамды жуындырып, кебіндеп болған соң, оған жаназа намазы оқылуы тиіс. Алла Тағала «Олар үшін дұға қыл! Расында, сенің дұғаң - олар үшін бір тыныштық» деп бұйырады. Жаназа намазын оқу - парыз кифая. Бір адам болып та мәйітке намаз оқылуы керек( «Әл-фәтауа ат-татархания», 1/603.). Жаназа намазына қатысуына ешбір жан мәжбүр етілмейді. Ал жаназаға қатысқан адам сауапсыз қалмайды. Жаназа намазын оқу үшін мәйіттің бар болуы және ол жамағаттың алдына қойылуы шарт. Ханафи мазхабында өзі жоқ (ғайып), сондай-ақ көлік үстінде, адамдар қолдарына ұстап тұрған немесе иықтарына арқалап алған мәйітке жаназа намазын оқу дұрыс емес(«Әл-фәтауа әл-һиндия»). Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Хабаш елінің патшасы Нәжашиге оқыған ғайып намазы өзіне ғана тән, деп түсіндіріледі(«Хашия ту Ибн Абидин», 2/226). Алайда жаназасыз жерленіп қойылған марқұмның денесі бұзылмай тұрып, қабір басында жаназа намазын оқу қажет. Бұл ретте жаназа намазы қабір алдында құбылаға қарап оқылады(«Жаназа және жерлеу рәсімдері», 81). Бұған да мүмкіндік таппаса, марқұмның артынан дұға етеді, Құдайдан оған кешірім тілейді.
    **********************************************************
    Ислам жолында🕋🕌 каналында сіз бұл туралы біліп қана қоймай басқа да сұрақтарға жауаптар ала аласыз, видеоны соңына дейін рет ретімен көріңіз! #алла, #намаз, #мұсылман, #абуханифа, #ораза, #намаздытастапкетсенеболады, #неболады, #аллаһ, #намазды, #ғайып, #жаназа
    "Тәсбих қолдануға бола ма?" Келесі сілтеме арқылы өтіп біле аласыз • Тәсбих қолдануға бола ма?
    Вконтакте: islam__...
    Facebook: / islam. .

Комментарии •