Жазира Байырбекова - Анашым ( бесік жыры) текст,lyrics

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 2 янв 2025
  • Жазира Байырбекова - Анашым ( бесік жыры) текст,lyrics
    Мен кіммін деп мақтана алам,
    Талапты ғып тапқан анам.
    Әппақ сүтін аузыма сап,
    Адал бол деп баққан анам.
    Қайырмасы:
    "Бесігінде шошиды" деп,
    Түнде шырақ жаққан анам.
    "Бал татыған тәп-тәттім" деп,
    Көрпе қымтап жапқан анам.
    "Көпшіл болшы, көкешім" деп,
    Көп өсиет айтқан анам.
    Сөйтіп баққан қызметіңді,
    Қайткенде мен ақтай алам.
    Көз нұрым деп, көңіл бөліп,
    Талай мехнат тартқан анам.
    Оянғанда қуансын деп,
    Сылдырмағын таққан анам.
    Қайырмасы.
    "Бесігінде шошиды" деп,
    Түнде шырақ жаққан анам.
    "Бал татыған тәп-тәттім" деп,
    Көрпе қымтап жапқан анам.

Комментарии •