ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА БОКСШЫЛАРЫ ОЛИМПИАДАҒА ТАС-ТҮЙІН ДАЙЫН

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 7 окт 2024
  • Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасы Түркістан облысы, Төлеби ауданында орналасқан «Alma-Tau» спорттық сауықтыру кешенінде Париж-2024 ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындары қарсаңындағы соңғы тереңдетілген оқу-жаттығу жиынын аяқтады.
    Бұл жолы еліміздің былғары қолғап шеберлері кеңейтілген құрамда дайындық жұмыстарын жүргізді. Жаттығу сабағына республикадан 80-ге жуық спортшы қатысып, жан-жақты шеберліктерін арттырды. Бас бапкер Мырзағали Айтжанов бастаған Олимпиадалық құрам үшін бұл - Париж сапарының алдындағы соңғы жаттығу жиыны. Айта кетейік, боксшылар толық құрамда бағын сынайды. 51 келіде Сәкен Бибосынов, 57 келіде Махмуд Сабырхан, 63,5 келіде Мұхамедсабыр Базарбайұлы, 71 келіде Асланбек Шымбергенов, 80 келіде Нұрбек Оралбай, 92 келіде Айбек Оралбай, +92 келіде Қамшыбек Қонқабаев сынды талантты жігіттер ел үмітін Париж төріндегі төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі додада қорғайды.
    Жиын соңында ҚР бокс федерациясының Президенті Шахмұрат Мүтәліп ұлттық құрама жігіттеріне сәттілік тілеп, олимп төрінде ел сенімін жоғары дәрежеде ақтауларына мол сенім артты. Сондай-ақ, елорда төрінде бокстан жастар арасында өткен Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне қаржылай сый-құрмет көрсетіп, оларға алдағы уақытта әлемдік ареналарда топ жарып, көк туымызды көкте қалықтата беріңдер деген тілегін жолдады. Бұл жиынға арнайы келген Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов облыс әкімі Дархан Сатыбалдының сәлемін жеткізіп, жұдырықты жігіттер Париж төрінде әнұранымызды қайта-қайта шырқата берсін деп тілек білдірді.
    Сонымен жиын соңы құдайы-асқа жалғасып, спорт саласының ардагерлері мен абыз ақсақалдар ел үміттеріне бата беріп, Құран оқып, жеңісті күнде қауышайық деп тарқасты.

Комментарии • 18