Зейнетке шығудың жаңа ережесі күшіне енді

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 2 ноя 2024
  • Қазақстанда биыл 50 мыңға жуық әйел адам зейнетке жаңа ереже бойынша шығады.
    Өйткені осы жылдың бірінші қаңтарынан әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңімен 58 жастан 63 жасқа арттыру жөніндегі норма күшіне енді.
    Бұл туралы бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында өткен баспасөз мәжілісінде айтылды. Сондай-ақ 1 қаңтардан зейнетақы төлемдері кестеге сай беріледі. Бұған дейін зейнетақы жинағын салымшы өз қалауына қарай ай сайын, әр тоқсанда немесе жылына бір рет алатын. Енді зейнетақы төлемдері тек ай сайын беріледі.
    Жанара Төлегенова, «БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры:
    - Егер салымшы өтініш берген күні оның жинақтарының сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Бүгінгі таңда оның мөлшері - 404 940 теңге. Ал ай сайынғы төлемдердің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан кем болмайды.

Комментарии •