Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «Іле» полигонының инфрақұрылымын тексерді

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 сен 2024
  • Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскери оқу-әдістемелік жиынына қатысып, «Іле» полигонының инфрақұрылымын тексерді. Мәселен, министр қолбасшылардың тасада орналасқан басқару бекеттерінде отырып, шабуыл ұйымдастыру тәсілдеріне баға берді. Ал әскери дәрігерлер қақтығыстар кезінде ауыр жарақат алған жауынгерлерге алғашқы көмек көрсетіп қана қоймай, оқ пен оттың ортасында жүріп ота жасауға мүмкіндіктері барын дәлелдеп отыр. Сондай-ақ, Руслан Жақсылықов басшылық құрам мен командирлердің басын қосып, кеңес өткізді.
    Бұл жолы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов «Іле» полигонына арнайы барып, әскери оқу-әдістемелік жиынына қатысып отыр. Генерал-полковник қолбасшылардың тосқауыл қою, соққы ұйымдастыру тәсілдерімен танысып, өрістетілген командалық пунктті тексерді. Пікірінше, басқару бекеттерін ұйымдастыруда осы секілді көп көзінен тасада тұрған орындарды белгілеу таптырмайтын шешім. Себебі бекіндірілген пункттер - қарулы қақтығыстардың стандарты. Әрі қауіпсіздіктің жоғары деңгейде болуы жұмыстың тиімділігін арттырмақ.
    Сондай-ақ, жиын барысында Қарулы күштердің қызметін жетілдіру жолдары да талқыланып отыр. Әсіресе, әскерилердің дайындығын, жауынгерлік қабілеті мен ұтқырлығын арттыруға бағытталған шаралар зор маңызға ие.
    РУСЛАН МҰЗДЫБАЕВ, ҚР ҚК жауынгерлік даярлық департаменті бастығының орынбасары:
    - Бұл жиын бас қолбасшылар, өңірлік қолбасшылықтардың жетекшілері мен әскери бөлім командирлерінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Себебі оқыту барысында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесі ескеріліп, жедел және тактикалық басқару органдарының жұмысы көрсетілгелі отыр. Сондай-ақ, танкке қарсы зымырандарды атуға дайындық жасалып отыр.
    НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
    - Яғни, әскерилер соңғы жылдардағы қақтығыстарды зерттей келе, жауынгерлік дайындықты арттырып қана қоймай, жеке құрам арасындағы шығынды азайтудың тиімді тәсілдерін тапқан. Ал басшылық құрамның жиындары Қорғаныс министрінің қолбасшылығымен өтетін көшпелі әскери алқа жұмысымен аяқталғалы отыр.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    Біздің сайт: www.31.kz и www.informburo.kz
    Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
    #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии • 6

  • @balkengalymjan
    @balkengalymjan Год назад

    Арланның орнына түріктің кобрасын таңдаған мүмкін сатқын парақор, түріктерден бірдеме алған болар

  • @АсылтасБеріктас

    Жау жар астында деген дей ,показуха ел басына күн туғанда көрсетеді сардарма сарбазба.

  • @Playgame_001
    @Playgame_001 Год назад

    Россияма орыс тілінде сөйлеп жатыр қай мемлекет

  • @ШуакИзимов
    @ШуакИзимов Год назад +1

    👍👍👍👍👍👍👍👍