Доңыз қауақ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 25 дек 2024
  • Қазақ халқының тұрмысында, аң аулау барысында,бақсы-балгерлік ғұрпында қолданған аспаптарының көбі, қазіргі кезде ойналып жүрген музыкалық аспаптарымызға айналып отырғаны белгілі.Мысалы соғыс жорықтарында қолданған дабыл,дауылпаз, т.б аспаптар,бақсылықта қолданған қобыз,асатаяқ,сылдырмақ секілді аспаптар дәлел.Осы аспаптар қатарына қосуға болатын көне аспаптардың бірі -Доңыз қауақ аспабы.Бұл аспап жолбарыстың ақырған дыбысын салады және сол дыбысты музыкалық шығармаға қосуға болады.
    Осы аспапты "Хассақ" этно-фольклорлық ансамблі өзінің авторлық туындысына қосты.Шығарманың атауы -"Тұран жолбарысы". Осы ұсынылған видеода шығарма алғашқы рет орындалғалы тұр.
    Доңыз қауақ аспабы жайлы алғаш ақпарат "Ұлы даланың мәдени мұрасы/Культурные наследие Великой степи" фейсбук парақшасынан алынды.Ол жерде былай баяндалған:
    "ДОҢЫЗ ҚАУАҚ НЕМЕСЕ ҚАЗАҚТАР ЖОЛБАРЫСТЫ ҚАЛАЙ ҮРКІТКЕН?
    Сырдария, Қуаңдария, Қараөзек бойындағы қамысты алқаптарда, Жөлектен шығысқа қарайғы жолдың сол жағындағы Қаратаудың Идерментау деп атайтын бөлігінде арыстан, жолбарыс көп болған. Қазақтар арасында әр географиялық аймақта кездесетін басты аңның түріне қарай аң патшасы деп Алтайда - аю, Сыр мен Балхашта - жолбарыс, Маңғыстауда - құлан қабылдаған.
    Сыр өңірі қазақтары жолбарысты аулаумен қатар қорғану үшін доңыз қауақтың көмегімен оны үркіту, қуалау әдісін қолданған. Доңыз қауақтың жаңғыртпасын Тереңөзек қыстағының тұрғыны ағаш шебері Маханбет Жәнібек жасаған. Піскен қауақтың төменгі жағын қиып алып, ішін тазалайды. Сосын диаметрі үлкен жақ бөлігін серке малының өңделген шикі көңімен (қарын) қаптап, шеңбер ортасын тесіп, аттың құйрық қылын ұшынан жоғары қарай шығарып қояды, арнайы былғарыдан жасалған белдікті қауақтың ортаңғы бөлігіне бекітіп, бір жағынан табанға салып бекіту үшін үзеңгі-бауын жасайды. Доңыз қауақты атты адам оң жақ аяғына байлайды. Ат үстінде отырып екі бөлік матаны ылғалдап алып, ылғал матамен аттың қылын кезектесіп тартқанда, кәдімгі жолбарыстың дауысы шығады, жолбарыс өз дауысын естіп үркіп қашады. Доңыз қауақтың реконструкциясы Кенбаев Алтынбай ақсақалдың айтуы бойынша жасалынған. Кенбаев Ақсақал өз әжесінен жазып алған және кезінде атасының жасағанын көзімен көрген. Доңыз қауақты жолбарысты қуалап, үркіту, одан қорғану үшін ХХ ғ-дың бас кезіне дейін пайдаланған. Доңыз қауақтың реконструкциясын жасаған шебер Маханбет Жәнібекке шеберлік атасынан қонған. Әкесі етікші болған. Тері өңдеген.
    ХХ ғасырдың басынан бастап Сыр бойындағы жолбарыс¬тар қамысты алқаптардың өңделіп, егістік атыз¬дарға айнала бастауымен, темір жолдың салынуы, техниканың дауысы, оның үстіне орыс әскерлерінің мылтықпен атып үркітулеріне байланысты қоныс аударған.
    Материалды дайындаған Тәттігүл Қартаева.
    "Сыр өңірі қазақтары" экспедициясы жазбаларынан."
    Осы жазба деректеріне сүйене отырып, Доңыз қауақ аспабының бірнеше түрі шеберханамызда жасалып шығарылды.Аспапты жасауға қауақ пен ешкінің терісі қолданылды. Аспапты кеңінен қолдану үшін және дыбысын арттыру үшін көптеген эксперименттер жасау көзделуде.
    Көне ұмыт болған аспаптардың халық арасында кеңінен таралуы үшін,шеберханамызда жасалған аспаптардың бір нұсқасын фольклорлық ансамбльдерге немесе жеке орындаушыларға сыйға берілуде.
    Р S.Еліміздегі ұлттық музыкалық аспаптарды жасайтын шеберханалар мен тәжірибе алмасу мақсатында аспаптың жасалу жолы көрсетілді.

Комментарии • 15

  • @воронмоморын
    @воронмоморын 2 года назад

    Айналайын бауырларым, әдемі қарындастарым Алла жар болсын сіздерге!
    Биіктерден көріне беріңіздер!

  • @ЖакеИманов
    @ЖакеИманов 3 года назад +1

    Керемет!!! Рақмет Сіздерге - қазақ ән-күйі, дәстүрі мен аспаптарын дәріптеп, асқақтатып жүргендеріңізге! Ұлытаулық шебер ініме де мың алғыс!

  • @АсланСергожин-ч6ь
    @АсланСергожин-ч6ь 3 года назад +1

    Мына аспаптардың барлығы қазақтардыке ма !!!????? Қандай керемет ! Дыбыстары қандай тамаша !
    Қандай талантты ЖАСТАР !!! 👍👍👍👏👏👏💗💗💗 Рахмет !!!❤❤❤

  • @ДимашСерикбаев-ф8в
    @ДимашСерикбаев-ф8в 3 года назад +1

    Алла разы болсын

  • @АйгульЕлеуова-ы6з
    @АйгульЕлеуова-ы6з 3 года назад +1

    "ХАССАҚ" ЖАРАЙСЫҢДАР! БАҚЫТТЫ БОЛ! АМАН ЖУРІҢДЕР. ЭЛЕМ ТАҢ ҚАЛСЫН! ЛАЙК. ФБ ТАРАТТЫМ

  • @АсланСергожин-ч6ь
    @АсланСергожин-ч6ь 3 года назад +1

    Тамаша шығарма ! 👍👍👍
    Арқаны қоздырып жібереді екен ! 😁 👏👏👏

  • @КарлыгашБоранбаева-м5и

    Керемет рахмет үлкен👏🏻👏🏻👏🏻

  • @subarusubaru6100
    @subarusubaru6100 3 года назад +1

    Оте жаксы,ак жол !!!

  • @video-tourist
    @video-tourist 3 года назад +1

    That's beautiful!

  • @ПатинаАккамиева
    @ПатинаАккамиева 3 года назад +1

    Концерттеріңе барам!

  • @user-eu2gg4cy7j
    @user-eu2gg4cy7j 3 года назад +1

    👍👍👍👍👍👍🎵🎼

  • @Hitachy123
    @Hitachy123 3 года назад +1

    👍👍👍

  • @АйгульЕлеуова-ы6з
    @АйгульЕлеуова-ы6з 3 года назад +1

    Жарайсын! Лайк.жазылдым.Қазақта жалпы қанща аспабтар бар?

  • @DinaraDanesh
    @DinaraDanesh 2 года назад

    Саламатсызба! Сіздің ватсап номеріңіз және дүкеніңіздің мекен жайы керек …

  • @ПатинаАккамиева
    @ПатинаАккамиева 3 года назад +1

    Концерттеріңе барам!