Әділетсіздік! Назарбаев мектебіне тест тапсыруға келген оқушылардың ата-аналары шу шығарды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 17 окт 2024
  • Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілді 7 сыныбына емтихан тапсырған оқушылардың ата-аналары наразылыққа шықты. Айтуларынша, биыл қазақ, орыс сыныптарына грант саны жүз-жүзден тең бөлінген. Әйтсе де, қазақ сыныбына 1483 бала үмітті болса, ал орыс тілінде тест тапсырғандардың саны - 695 оқушы. Сәйкесінше, қазақ тобында 1 грантқа 15 оқушы таласады, ал орыс сыныбындағы оқу гранты үшін 7 бала үміткер. Мұны әділетсіздік деген ата-аналар қосымша грант бөлінсін деп отыр.
    Химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің 7-сыныбына оқушылар қабылдауға биыл 200 грант бөлінген. Қазақ тобына 100, орыс тобына 100. Алайда, ата-аналар ұл-қыздары жоғары балл жинаса да, жүздікке кірмеген.
    ДАРХАН АРДАҚҰЛЫ, қоғам белсендісі:
    - Ал 140 орында тұрған қазақ тобының оқушысының балы 100-орында тұрған орыс тобындағы оқушының балымен бірдей. Яғни, 40 оқушының өміріне қиянат жасап жатырмыз. Оқушылардың грантқа түсе алмауының себебі, олар қазақ тобында оқығаны үшін ғана түсе алмай тұр, егер ол орыс тобына тапсырса, түсіп кетер еді.
    Биыл Алматыдағы Зияткерлік мектептің қазақ тобына 1500-ге тарта оқушы емтихан тапсырса, орыс тілінде сабақ беретін топқа 700-ге жуық оқушы үмітті болған. Егер әр топтағы грант саны 100 екенін ескерсек, қазақ тілінде оқытатын сыныпқа грант алу үшін екі есе бәселестік туындайды дейді ата-аналар. "Балаларымызды түрлі қосымша сабақтарға қатыстырып, үздік мектепке білім алуға жетелеген кезде, әділетсіздіктің құрбаны болдық" деген олар грант санын арттыруды талап етіп отыр.
    ӘДІЛ СЛАМХАН, Ата-ана:
    - Білім министрлігіне, Асхат мырзаға жеткізгіміз келеді. Жүз баланы артық алуға мемлекеттің қауқары жетпей ме? Жетеді! Болмайтын нәрсеге ақша шашып жатырмыз ғой, болашағымы - өсіп келе жатқан балаларға, келешектегі ұрпағымызға шашуымыз керек ақшаны.
    Республикалық «Өркен» білім беру гранты үшін нақты ережеге сәйкес конкурс өткізіледі дейді Зияткерлік мектептердің өкілі. Айтуынша, гранттардың саны мен қазақ, орыс топтарына бөлуді әр мектептің жобалық сыйымдылығын есепке алып, Республикалық комиссия тағайындайды. Конкурстық іріктеудің алғашқы күні оқушылардың қанша балл жинағаны негізге алынатынын айтқан Жанар Жаманқұлова екі топтағы шектік балл жинаған оқушылардың саны шамалас дейді.
    ЖАНАР ЖАМАНҚҰЛОВА, НЗМ ДББҰ білім сапасын бағалау және халықаралық аккредитациялау департаментінің аға менеджері:
    - Бұл емтиханда математика мен сандық сипаттама пәндері бойынша бізде шектік балл бар. Қазақ тобына 1483 бала тапсырса, шектік баллды алғанының саны 638 ғана, ал орыс тобына 698 бала тапсырса, 421-і шектік баллды алған. Сонда комиссияның қарауына өткен балалардың саны шамалас деп айтуға болады.
    Маманның айтуынша, грантқа ілікпеген оқушылар бір оқу жылы бойы резервтік тізімде болады. Түрлі себептермен грант босаған жағдайда тізім бойынша тұрған оқушыларға кезекпен грант беру комиссияның қарауына жіберіледі екен.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    RUclips - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #НИШ #НазарбаевМектебі #емтихан

Комментарии • 59

  • @Qazaq0675
    @Qazaq0675 2 года назад +18

    Алға қазақтар біз бәрібірде Қазақ тілді мемлекет құрамыз.

  • @ЛәзәтҚұлахмет
    @ЛәзәтҚұлахмет 2 года назад +7

    Женіс біздікі қазақтар женіп шығамыз 🤲

  • @КуралайКошаманова-ж3з

    Масқара ғой!!!! Не деген көрсоқырлар!!! Ата аналардың жан айқайы өте дұрыс 👏👏👏🤨👏👏 қазақ тілінде жақсы оқитын балаларға жағдай жасалуы керек!!! Айналып келгенде орыс тобын ашу басқа ештеме емес!!!!

  • @jake-pb3qg
    @jake-pb3qg 2 года назад +13

    Шұғыл тұрде атын өзгертсін , қазақ даму мектебі деп орысшанв жою керек түбегейлі иншАллаһ .

  • @haq1865
    @haq1865 2 года назад +9

    Қайран Қазақ тілім. Қазақтың қаймағын дарынды балалардың тағдырына балта шабу.

  • @жоғарыкластарғасабақ

    Қазақ тіліне қастандық жасамаңдар қанша бала өтті тестен бәрін қабылдау керек олар біздің болашағымыз

  • @raikhandakenova3486
    @raikhandakenova3486 2 года назад +20

    Осы мектептің не ерекшелігі бар. Не үшін оған баруға асығасыңдар. Қыруар ақша бөлмей оны әшейін мектепке айналдыру керек. Қазақ тілін қорлауды қойыңдар.

  • @Qazaq0675
    @Qazaq0675 2 года назад +14

    Біздің билік қазақ тілді білмділер көбейіп кетеді деп қорқады.

  • @ҚатипаҚатешова-я7щ
    @ҚатипаҚатешова-я7щ 2 года назад +16

    Қалай ғана киянат жасалады қазақ тіліне, онбайды бұл басшылық

  • @КаптагайБакиев
    @КаптагайБакиев 2 года назад +14

    КСРО-дан басталған теперіштің шегі бола ма?! Қазақ тілін аяққа таптаған Жаңа Қазақстандарың құрысын! Бұл масқарадан соң ағарту министрі орнын босатсын! Қазақтілділердің құқын қорғай алатын маман отырсын!

  • @ГульнарСмайлова-т3й
    @ГульнарСмайлова-т3й 2 года назад +10

    Бұл да қазақ тіліне деген қастандық деп түсінеміз, өз тілімізді өгейсітуді қашан қояр екенбіз .

  • @ЖанатСатыбалдиева-ъ8г

    Қазақ білімді балалар жақсы балл алғандардың бәріне орын беріп сынып ашыңдар. Жылатпаңдар қазақи балаларды

  • @alibekmukhambetkali8879
    @alibekmukhambetkali8879 2 года назад +11

    Мұндай әділетсіздік болса Назарбаев зияткерлік мектебінде неге Орыс тілі бөлімі оқытылады алып тастау керек заңды түрде, біз Қазақ елінде тұрамыз Мемлекеттік тіл Қазақ тілі барлық жерде Қазақстан да мектепте тек мемлекеттік тілді оқыту керек заңды түрде, егер ондай болмаса жабу керек ол Назарбаев зияткерлік мектебі болсада.

    • @Хронос54
      @Хронос54 2 года назад

      русский язык межнационального общения, на нем говорят более 80 процентов населения, когда как на казахском где то поливина.

  • @ЖуманИсаев-г4п
    @ЖуманИсаев-г4п 2 года назад +6

    Бұл оқу орнын жабу керек

  • @ДилдашРыскулова
    @ДилдашРыскулова 2 года назад +16

    Осылар Кейн казак или Калай дамыйды

  • @НурганатСураншиев
    @НурганатСураншиев 2 года назад +8

    бұл өзі қандай саясат теріс бағытта жұмыс істейтін, өзгеріс керек!!

  • @ГулжанБакытова-ч9у
    @ГулжанБакытова-ч9у 2 года назад +9

    Бәрі таныс тамырғо.Жылда солай қандай заң шыксада

  • @АмантайКатпенов-к8с
    @АмантайКатпенов-к8с 2 года назад +7

    Жарты ғасыр бұрын мектеп табалдырығын аттаған едім. Ол заманда балаларды дарынды, дарынсыз деп бөлмейтін. Эксприментальды және физика-математиканы тереңдете оқытатын мектеп-интернаттар болды. Бірақ дәл қазіргідей саны көп, сапасы жоқ, тіпті атағы дардай болғанмен ол мектептерде білімді ұстаздсрдың өзі саусақпен санарлық. Европадан, Америкадан келген оқытушылар өз еліндегі қатардағы мұғалімдер. Олар ұстаз емес бар болғаны жәйған оқытушы. Иә дауым жоқ қарапайым мектептегі мұғаліммен, Назарбаев мектебіндегі мұғалімнің білім беру шамалары бірдей болса да, айлықтары жер мен көктей. Мәселе мектептің атында. Соған орай ол мектепке бюджеттен қомақты қаржыда бөлінеді. Ертең айлықтарын теңестірсе жартысынан көп оқытушылар орта мектепке ауысып кететіне сөз жоқ.

  • @АйымбекМадиев-п6э
    @АйымбекМадиев-п6э 2 года назад +18

    Қор болған қазақ тілімау әлі өгейдін күйін кешуде неге солай

  • @жағалбаилы
    @жағалбаилы 2 года назад +7

    қаи республикада тұрамыз өзі

  • @НұрбекШалғынбай
    @НұрбекШалғынбай 2 года назад +2

    Барлық грантты қазақ тіліне беру керек орыс тілі біздің ана тіліміз емес

  • @Гүл-ж2е
    @Гүл-ж2е 2 года назад +1

    Осы керемет мектептің тағы бір кереметтілігі, бұл мектептердің Ұлтымызға еш қатысы болмауында. Өйткені, барша қаймана қазақтың баласы қиналып ҰБТ / ұлттық бірыңғай тестті тапсырып жатқанда, бұл ерекше мектебіміздің түлектері ең беделді оқу орындарына оп оңай түсетін еді.

  • @uatkhankamit5187
    @uatkhankamit5187 2 года назад +7

    Бұл недеген әдлетсіздк

  • @ГаухарБейсебаева
    @ГаухарБейсебаева 2 года назад +7

    Казакша окындар дейди,ал орыс тилиндеги грант бирдей.болинеди,сонда орысша оку керек пе?

  • @ТемирханМангыбаев
    @ТемирханМангыбаев 2 года назад +1

    Бұдда қазақ тіліне қиянат. Неге орыс тіліндегілер аз баль мен түсіп кете береді, бұл әділетсіздік. Қолдап жазыңдар ағайындар. Келесі жылыда осыны жасайды. Осы кезде көтеріңдер мәселені.

  • @aigerimseitkazievna1480
    @aigerimseitkazievna1480 2 года назад +7

    Дурыс жылдан жылга кобейту керек

  • @marck4252
    @marck4252 2 года назад +1

    Қазақ тілінде сынып көп болуы тиіс😡

  • @НурланДжумабаев-с2щ
    @НурланДжумабаев-с2щ 2 года назад +6

    орыс тилди алып тастау керекко вообще орысша окыгысы келсе рассияга барып окысын сол жакта турып

  • @УлпанАлашбаева
    @УлпанАлашбаева 2 года назад +2

    Қашан қазағым оянып көзін ашад сонда ғана түсінед әлі қой құсап маңырап жүрміз ақшалары көпте бұлардың ақшасы жоқ жүр ғой жай мектепте бұл нәнің мектебінің қандай құдыреті бар екен ата бабаларым қолдарын мезгілінен кеш сермеседе атағы алты алаштан асып әлемге танымал болды емеспе жыртыл қазақ десе жыртылып жатсыңдар ертен ол бала қазақ еліне паидасын тигіземе әлде жемқордың санын көбейтеме міне мәселе осында кезінде оқыған болашақпен қайда сол жастар соның бірі кешегі байбек емеспед көзіңді аш қазағым біреу жардан жығылып жатыр десе жығыласыңба болар бала өзіақ болад сен қанша сүйресеңде түлкі алатын тазы сыйақты аржағында болмаса

  • @НурекеНуреке-ю4с
    @НурекеНуреке-ю4с 2 года назад +5

    Коиш жай мектепке окыса макау боп калама не☝🏼

  • @SamsungJ-qw1yp
    @SamsungJ-qw1yp 2 года назад +4

    Назарбаев мектебі тек қана ақша - ақша .Оданда қарапайым мектептерге барсаңдаршы , Неге түрік лицейлеріне бармайсыңдар .Орыс мектептерінің дәурені өткен .Қазіргі таңда Қазақстанда орыстың тілі мемлекетті тонаудың құралына айналған .Совет Одағы кезіндеде дәл осылай қалаймақан болатын .Совет Одағы кезінде , жоғарғы оқу орындарына түсушілердің емтихан баллдары әртүрлі болатын .Ол кезде қазақ мектептерін бітіргендердің жоғарғы оқуға түсетін емтихан баллдары өте жоғары болатын .Ал орыс мектептерін бітіргендердің жоғарғы оқуға түсу емтихан баллдары өте төмен болатын .Қазіргі Қазақстан билігіне заңсыз кіріп алып отырғандар , орыс мектептерін бітіріп , оқуға ең төмен балл алып , оқуға оңай түсе салғандар .Бүгін мында бастық , ертең анда бастық болып , чиновник болып , мемлекетті тонап жатыр .Ондай чиновниктер Қазақстанның өркендеуіне зор зиян келтіруде .Орыстың тілі мемлекетті тонаудың құралы .

  • @KazakEmpire
    @KazakEmpire 2 года назад +1

    ултжан мектебі сындыр'жатыр!!!
    сорлылары!!!
    кутерендер баріміз турайык, акенауызын.. шаршадык!!!

  • @КалгарМарней
    @КалгарМарней 2 года назад +2

    Бәрі логикалы емес пе 100 ге 100 грант қазақ тілінде 1400 оқушы орыс тілінде 700 грантқа таласады.Тек жүз жоғары бал алғандар түседі ,орыс тілінікінің балы төмен,қазақ тілінікі жоғарысына қарамай.Қарапайым нәрсені мұқият түсінбей дау шығарғанша.

  • @ЕржанОмаров-о1п
    @ЕржанОмаров-о1п 2 года назад +2

    Біз Қазақстанда тұрамыз орыс тілі қайтеміз?

  • @РаушанКопжасарова-в6и

    Бундай болса аты ошшын назарбай мектебы жабылсын не артыкшылыгы бар онын

  • @ГустаффонБек
    @ГустаффонБек 2 года назад

    Бурын былай айтатын: казакы бала бала емес,орыстын баласы маладес деп,казыр де әлі осылай ма не?

  • @Advokat12
    @Advokat12 2 года назад

    Түр жасамашы, осы журналистті көрсем жыным келеді, халтуршик

  • @jangir3815
    @jangir3815 2 года назад +2

    Орыскулдар

  • @KazakEmpire
    @KazakEmpire 2 года назад

    осы "русский мир" екен.. о₽ктар'кулдар жаман'кулдар!

  • @Хронос54
    @Хронос54 2 года назад

    поступайте тогда в русскую группу, и не пудрите мозги властямм и администрации.

    • @АйнашАймаханова
      @АйнашАймаханова 2 года назад

      Ты..смотри..иш ты какая...забыли у тебя спросить...😏сандалмашы...
      Бұдан былай...Қазақтың балалары ...тек қазақ тылынде окитын болады...

    • @Хронос54
      @Хронос54 2 года назад

      @@АйнашАймаханова во первых какой, а не какая, во вторых никто ничего вам не обязан, как решит директор, будут ли гранты или нет, не устраивает опять же идите куда хотите.

    • @КалимоваАлина
      @КалимоваАлина 10 месяцев назад

      Это Казахстан а не Россия