Не кедергі? Елге көмектесем деп жанталасып жүрген Құрмет Талапқазының шөбі батысқа жетпей жатыр

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 14 окт 2024
  • Маңғыстау облысындағы қуаңшылықтан көтерем болған малды құтқарам деп жанталасқан Құрметтің шөбі батысқа жетпей қалды. Өйткені "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы мен ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан шешілмеген тағы бір түйткіл туындады. Сондықтан Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданында шөп шауып, оны жөнелтіп жатқан еріктілер биліктегілерден көмек сұрайды.
    Сала басшыларына базынасын айтқан еріктілер екі күннен бері шойын жол арқылы мал азығын жеткізе алмай әлек. Оған себеп, бір вагон шөптің тасымал құны бірден 500 мың теңгеге көтеріліп кеткен. Құрмет бастаған сарыағаштық еріктілер қазір жиналған шөптің тең жартысын вагондарға артып та үлгерген. Бірақ ақысын төлей алмағандықтан, текке тұрған әр вагонның сағатына төлем сұрап жатыр деп ашынады. Осылайша, тасымалдаушы компания өкілдері сөздерінен тайқып шықты дейді.
    МҰРАТБЕК СОЛТАНБАЙ, ерікті:
    - 5 мың пресс шөп 5 вагонға тиеліп, салынып тұр қазір. Міне, жерде жатқан шөп, бұл жерде де 5 мың пресс шөп жатыр. Қазақстан темір жолының басшылары осы вагондарды тегін береміз, тегін жүреді деп айтылған болатын. Алдыңғы күні айтып еді солай, кешеден бастап бұлар енді вагонды тегін бермейміз, ақшасын төлеңдер деп, бізге сөйтіп жатыр.
    Еріктілердің бұл уәжіне "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық Компаниясының өкілдері әзер жауап берді. Олардың айтуынша, Қазтемір транс компаниясы арқылы 14 вагонның тегін берілгені рас. Бірақ сол вагондарды сүйрейтін Локомотив мәселесі шешілмепті. Ол үшін ауыл шаруашылық министрлігі немесе үкімет басшысынан Локомотивті жеңілдікпен сұрап алуға хат болуы тиіс дейді ұлттық компания өкілі. Сондықтан еріктілердің бұйымтайы мен батыс өңіріндегі малдың жағдайы енді министрлер кабинетіне тіреліп тұр.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    RUclips - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #ҚұрметТалапқазы #қуаңшылық #елге_көмек

Комментарии • 396