Апайдан қорқамыз: Атыраулық мұғалім ағасының мәйітін 7 ай бойы үйінде сақтаған (08.09.21)

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 8 сен 2024
  • Атырау облысы, Таңдай ауылының тұрғындары ағасының мәйітін үйінде, кейін қорасында 7 ай бойы сақтап келген көршісінен сескенеді. 35 жылдық тәжірибесі бар ұстаз тіпті балаларын да мектепке бергісі жоқ. Полиция болса, күдікті әйелдің кінәсі дәлелденбеген деп, оны босатып қана қоймай, ұстаздық жұмысын жалғастырсын деген шешім шығарыпты. Ал ауылда 82 жастағы ағасының өліміне байланысты түрлі қауесет тарап жүр, деп хабарлайды Almaty.tv
    Қаңтар айында анықталған адам шошырлық оқиғадан кейін Таңдай жұртшылығы үрей үстінде жүр. Жер үйдің қорасынан табылған 82 жастағы қарияның мүрдесі туралы түрлі алып-қашпа әңгіме тарап үлгерген. Ауыл жұрты ағасының мәйітін қорада сақтаған ұстаздан сескенеді екен.
    «Жұмыстан шығарғысы келмесе, облыс, қала, аудан білім бөлміне әдіскер етіп отырғызып қойсын. Біздің балаларымыз тыныш өмір сүрсін. Ана кісіні көргенде балалар емес, көршілер, үлкен кісілер қорқады керек болса»,- деді Таңдай аулының тұрғыны Жолдас Бейсекенұлы.
    «Маусымда барғанда иіс деген қатты шығып тұрды. Сосын менің күйеуім айтты: бұл деген нағашымды өлтірді де, басқа бөлмеге тығып қойды деп. Айтқаны айдай келді»,- деді Таңдай аулының тұрғыны Нұргүл Абдолова.
    «Енді мектепке барғысы жоқ балалар қалай білім алады, ауылдан аластату керек деп», ауыл тұрғындары дабыл қағуда. Ал«туғанымды жер қойнына тапсыруға қимадым»деген себепті айтқан мұғалім бұрынғыша бәз қалпында ұстаздық қызметін жалғастыруда. Оған заң аясында рұқсат етілген.
    «ІІБ хабарласқан кезімізде ол куәгер ретінде іс қаралып жатыр деді. Тергеу ісі бойынша ақталып шықты. Ешқандай жазығы жоқ. Жұмысқа орналасу керек деген тапсырмалармен біздер жұмысқа орналастырып шеттетілген уақытына еңбекақысын төлеп шықтық»,- деді Қ. Ахмедияров атындағы орта мектептің директоры Серік Қойбақов.
    Тергеу нәтижесінде ағасының өліміне биология пәні мұғалімінің түк қатысы жоқ, заң жүзінде мүрдені үйіне сақтағаны үшін күдіктіге ешқандай шара қолданылмайды екен. Алайда жиналған жұрт мәйітті 7 ай бойы үйінде сақтағаны үшін де жазасын алып, ауылдан аластатылсын деп, талап қойып отыр.
    Райымбек Сафиолла, Айбек Байзақ «Алматы» телеарнасы
    Наш сайт - www.almaty.tv/
    Телеканал Алматы в социальных сетях:
    1 канал RUclips - / almatyus
    2 канал RUclips - / almatytvnews
    Facebook RUS - / almaty.tv
    Facebook KAZ - / almaty.tv.kaz
    Twitter - / almaty_tv
    instagram - / almaty.tv

Комментарии •