«Алғыс айту - парызым» тақырыбында мазмұнды іс -шара
HTML-код
- Опубликовано: 16 дек 2024
- Ғ.Мұратбаева атындағы Жетісай гуманитарлық - техникалық колледжінде 1 - наурыз алғыс айту күніне орай «Алғыс айту - парызым» тақырыбында мазмұнды іс -шара болып өтті. Алғыс айту күніне арналаған іс -шара бимен ашылып, жүргізушілердің айтулы күннің мәнін ашқан сөзіне ұласты. Алғыс айту күні - қиын - қыстау кезінде қазақ жерінен пана, халқынан мейірім көрген өзге ұлт өкілдерінің алғыс сезімін білдіретін күні. Осы орайда, оқу орнында оқып жатқан өзге этнос өкілдері, өлең оқып жырдан шашу шашып, қазақ халқына деген ақ жарма тілектерін білдірді. Құттықтау сөз алған колледждің директоры, п.ғ.к. Баймаханова Ләззат Алғибайқызы айтулы күннің мазмұнын ашып, барша ұстаздар мен қызметкерлерге, өзге этнос өкілдеріне өз алғысын білдірді. Алғыс айту - адамның ең бір қадірлі қасиеті десек, айтулы күннің ырғағында әуелеген ән, тербелген би алғыс сезіміне бөленген жандардың шексіз қуанышын паш етіп тұрды.