Екі апта бұрын әскери қызметке кеткен Нұрсұлтан Алдамұратов үйіне табытпен оралды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 23 сен 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Абай облысы Аягөз ауданында әскери қалашықта өз-өзіне қол салған деген Нұрсұлтан Алдамұратовты жақындары ақтық сапарға шығарып салды. Марқұмның туыстары өмірге құштар жігіттің өздігінен мұндай қадамға баруы мүмкін емес деп отыр. Қара жамылған отбасы небәрі он шақты күн бұрын офицерлер құрамына алынған азаматқа басшылары қысым көрсетуі мүмкін деп топшылайды. Арал қаласы Сазды ауылына жерленген марқұмның туыстарымен өңірдегі әріптесім тілдесіп келді.
    . 26 жастағы жігіттің қазасы бүтін ауыл халқына ауыр тиген. Себебі, марқұм қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан екен. Тіпті қиындыққа тап болған тұрғындарға қайырымдылық жасап, көмек қолын созуға асығатын еді дейді жақындары.
    Марқұмның анасы баласының өліміне басшылардың қысымы себеп болуы мүмкін деп күдіктенеді. Айтуынша Нұрсұлтанға әскери қызметке жаңадан орналасқаны үшін мемлекеттен тиісті төлем берілген. Ал бұл қаражатты бөлім басшысы өзінің есеп шотына аударуды сұраған дейді Ботагөз Ысқақова.
    БОТАГӨЗ ЫСҚАҚОВА, марқұмның анасы:
    - Көп ақша алдың деп ақша сұрауы мүмкін. Маған ақшаңды аударып қой деп айтты деді бастығым. Сосын мен айттым балама жоқ, сен бастығыңа неге бересің ол ақшаны. Берме, сен сонда ертең бастығыңнан ақша сұрап жүресің ба деп айттым. Сол кезде балам, иә өзім де соны ойлап отырмын деді. Менің мазалайтын, бір күдік осы ой. Осы ақша үшін менің баламды жамандыққа қиды ма деп ойлап отырмын.
    Нұрсұлтанның әскери қалашықтағы пәтерде асылып қалғанын ең алғаш біз көрдік дейді өзімен бірге тұрған әскери қызметкерлер. Әлі үйленбеген жас жігіттің мұндай сұмдық қадамға не үшін барғанын біз де түсінбедік деп отыр. Ал мәйітті туған ауылына жеткізген офицерлер оған ешкім қысым көрсетпеді деп отыр.
    НҰРЛАН ЖҮНІСОВ, шығыс өңірлік әскери қолбасшылығы басқармасының аға офицері:
    - Қаржы басқармасы бастығының айтуынша ол екі-ақ күн болды. Оған ешқандай салмақ түсірген жоқ. Формасын жөндеуге, документтерін жөндеу, чисто сонымен ғана айналысты. Жоспар бойынша киімін дұрыстап жүрді ғой. Параллельно бұйықтарын жаттатып сол ғана.
    Қазір 26 жастағы әскери қызметкердің өліміне байланысты “өзін өлтіруге дейін жеткізу бабы” бойынша іс қозғалған. Қайғылы оқиғаның мән-жайы енді тергеу барысында белгілі болады.
    ------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии • 30

  • @ВенераВенера-ы2н
    @ВенераВенера-ы2н 12 часов назад +14

    АҚША ДЕП ИТТЕР БІР БІРІН ЖҰТЫП ЖАТЫР ҒОЙ .ӨЛІМГЕ ИТЕРМЕЛЕГЕН ОҢБАҒАН АНЫҚТАЛАСА АУЫР ЖАЗАСЫН АЛСЫН ..БҰЛ АРМИЯДА БАСШЫЛАР АЛАМ ЖЕЙМІН ДЕП ЖАС БАЛАЛАРДЫ ҚЫРЫП ЖАТЫР ҚАЗАҚТА ҚАНДАЙ БОЛАШАҚ ЖАСТАРДЫ ӨЛТІРІП ЖАТЫР ШЕТІНЕН ҰЯТСЫЗ ҚАЗАҚСЫҢ БА ҚЫЛМЫСКЕРСІҢ БЕ ҚАЛАЙ ҚҰДАЙДАН ҚОРЫҚПАЙ БІРЕУДІҢ ӘЛПЕШТЕГЕН БАЛАСЫНЫҢ ҚАНЫН ШАШАСЫҢ ОҢБАҒАН КІМ ӨЛТІРСЕ ҰРСА АУЫР СОҚҚЫМЕН ЖАЗАҢДЫ АЛ ИТ .

  • @АртурБоранбаев-ф3х
    @АртурБоранбаев-ф3х 4 часа назад +5

    Өлімнен басқа жаңалық жоқ,Я Аллаһ елімізге жерімізге тыныштығыңды бер.

  • @НурланТурлыбеков-м6с
    @НурланТурлыбеков-м6с 7 часов назад +14

    Бізде әскер емес ажал ордасына айналған ау

  • @ГулжаханЕсмамбетова
    @ГулжаханЕсмамбетова 12 часов назад +3

    Зұлым өмірден ерте қоштасқан байғус бала жаның жұмақта болсын.

  • @хасказах
    @хасказах 11 часов назад +10

    Казактын жауы казак.

  • @ТазажанЖүрек
    @ТазажанЖүрек 3 часа назад +2

    Военный қызмет іздеме,
    Оқалы киім киюге.
    Бос мақтанға салынып,
    Бекер көкірек керуге.
    Хәкім Абай

  • @gulsezimbalabekova9354
    @gulsezimbalabekova9354 12 часов назад +4

    Иманды болсын!

  • @АрманДжаримбетов
    @АрманДжаримбетов 2 часа назад +1

    Балық басынан шіріген билік осы шындық ағаиын біздің елде әділдік жоқ Алла тағалам әке шешесіне сабыр берсін

  • @Afrikakz
    @Afrikakz 2 часа назад +2

    Бізде барлық жерде осы басшылар орынбасарлар командировка, премья деген сияқты ақшаларды қайта сұратып алады осылай

  • @NurullahAbdukarim
    @NurullahAbdukarim 5 часов назад +5

    Сол Аскер ден Акша талап еткен бастыгына олим жазасы берилсегои баскаларына сабак болар еди

  • @ТазажанЖүрек
    @ТазажанЖүрек 50 минут назад +2

    Менім екі досым әскрде өлді, істі жауып тастады
    Өкінішке орай 😢

  • @almagerboki1599
    @almagerboki1599 5 часов назад +3

    Астағфируллаһ 😢

  • @leopard_kz
    @leopard_kz 13 часов назад +1

    Иманды болсын, марқұм...Жаңадан әскерге шақырылған офицерге ешқандай қосымша ақша берілмейді. Демек бір ақ апта болған офицерге жалақысы да берілмеген. Қандай ақша тұралы сөз қозғалып жатқанын түсінбедім. Қайғыға басы кірген ата-анасын шатастырмайық.

  • @alimakudaybergen3845
    @alimakudaybergen3845 3 часа назад +2

    Себепсіз адам өзіне қол жұмсамайды. Әскер ішіндегі қысымды көтере алмаған. Оны анасыда айтып отыр. Әскерге үйден қатынайтын етіп, универге барып келгендей етіп системаны өзгерту керек. Емесе бала өлімі тоқтамайды. Басшылық ол әскерге бөлінген ақшаны міндетті түрде жейді. Системаны өзгерту керек. Универге баратындар, сол оқу орындарына әскери дайындықты оқып шықсын. Оқымайтындар өз райондарына үйлерінен барып келіп жүрсін. Бұның шешімі тек осы вариант. Әскерде бәрібір ешкім жауап бермейді.

  • @СапарбайБолысов
    @СапарбайБолысов 4 часа назад +2

    Осыдан соң әскерге калай жибересин улымызды,мәпелеп осирип әскерге жибересин табытпен оралса кандай окиништи,кайгы

  • @kazakhstan7709
    @kazakhstan7709 Час назад

    Алла сақтасын , соғыссыз ақ бейбіт күнде жастар , балалар өлімі өте көбейіп кетті . Әскерде , жол - көлік оқиғасы , мектеп оқушылары т.б. . Теледидар мен әлеуметтік желіде тек осы . Бұлай бола берсе халық саны қалай өседі ? Осындай келеңсіз оқиғалардың алдын қалай алуға болады сонымен күресу шараларын жүзеге асыру қажет.

  • @ЕркинайКлйшлва
    @ЕркинайКлйшлва 5 часов назад +6

    Неге аскерге кеткен жигиттер олип жатир

  • @GulAbizova
    @GulAbizova 34 минуты назад +1

    Аскерге деиын олмеи аскерге барганда олеме олетындер тексеруден отеды солкезде не карапотыр оледы мынабаладеп жыбермеикоимаима
    Шырыген жуие куламаи шырыгын езебердыау уятсыздар😢

  • @ЕржанЖолдасов-к7о
    @ЕржанЖолдасов-к7о 2 часа назад +1

    Терге тергеме олгесин болдыгои Аскерилер не боп кеттиндер Елди коргамаиак озинди зорга коргаит

  • @Tuka126
    @Tuka126 3 часа назад

    Әскердің былығы бітпеді ғой

  • @ШиринТашпулатова
    @ШиринТашпулатова 2 часа назад

    ОЙ МЫНА МАРҚУМ БОЛҒАН ЖІГІТІҢ ІШІНЕ ЖЫН КІРГЕНГО ӨЗ ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖУМСАП шайтаның ЖЕТЕГІНЕ КЕТКЕН ЖІГІТКО КАЗІР жындардың Әлемі болып кетіго АДАМДАРДЫ АЙНАЛДЫРЫП ЖАМАНДЫҚА ИТЕРМЕЛЕП ҚУДАЙ САҚТАСЫН

  • @ulcenalem
    @ulcenalem 3 часа назад

    Өтірік қойылым 😂😂

  • @НуржанЖасулан
    @НуржанЖасулан 3 часа назад +1

    Акша акша акша

  • @ЗангарРусланов
    @ЗангарРусланов 4 часа назад

    Сокыс жок