ЗЕКЕТ БЕРУ. ЖҰМА УАҒЫЗ. ЖАҢА УАҒЫЗ 2023

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 19 сен 2024
  • Зекет - Ислам дінінің негізгі бес тіректерінің бірі. Зекет тілдік тұрғыда: тазару, өсу, өну, арту және береке деген мағыналарды білдіреді. Ал шариғатымызда зекет деп - нисап көлеміне жететін дәулеті бар мұсылман кісінің Алла разылығы үшін байлығының бір бөлігін жылына бір рет Құранда көрсетілген топтағы адамдарға беруді айтады.
    Алла Тағала Қасиетті Құранның көптеген аяттарына зекетті намаз құлшылғымен бірге бұйырған. Бұл да біздерге зекеттің қаншалықты маңызды амал екенін көрсетуде. Мысалы, қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 43-ші аятында: «Намазды толық орындаңдар және зекетті беріңдер», -деп айтылған.
    Ардақты Пайғамбарымыз(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) зекетті бес парыздың ішінде атап: «Ислам бес нәрсеге негізделген: Алладан басқа құдай жоқ екендігіне және Мұхаммед Оның елшісі екендігіне куәлік беру, намазды орындау, зекет беру, рамазан оразасын ұстау, шамасы келген кісіге Алланың үйіне қажылық ету»,-деген.
    Сол себепті де мұсылман адамның мал-дүниесі нисап мөлшеріне жеткен болса оның белгілі бір бөлігі мұқтаждардың ақысы болып есептелінеді. Зекет парыз амал болғандықтан ондай адамдардың зекетті бермей қоюына болмайды. Хакім Абай атамыз:
    Руза, намаз, зекет, хаж - талассыз іс,
    Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс...», - деп, мұсылман адам бес парызын толығымен орындау керектігін айтқан.
    Зекеттің шынайы қадір-қасиетін түсініп, оның маңыздылығын ұғынуымыз үшін, оның мынадай артықшылықтары жөнінде білуіміз қажет:
    Бірінші: Зекет беру арқылы адамдар арасында сүйіспеншілік орнайды.
    Зекет беру арқылы мұқтажадам мен ауқатты адамның арасындағы сыйластық пен сүйіспеншілік артады. Осыны терең түсінген халқымыз «Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін, бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін», «Қайырсыз адам - сараң, құм ішінде шөлмен тең, қайыры мол адам - суаты шалқар көлмен тең», - деп, ауқатты адамдарды мал-дүниесі арқылы қоғамға пайда тигізуге шақырған. Өзгелер үшін қолындағы барын аямай, жомарттық таныта білген ауқатты адамдардың халық дәрежесін көтеріп: «Атымтай жомарт», «Ақ пейіл жан» деген түрлі атаулармен атайтын болған.
    Екінші: Зекет - адам нәпсісін тазартады
    Қолында бар дүниені өзгеге беру адам нәпсісіне өте ауыр келетін іс екені белгілі. Алайда, Алла Тағалаға иман келтіріп, екі дүние бақытын қалаған адам қалайда бойындағы жаман мінездерін жөндеп, жүрегіндегі рухани дерттерін емдеуі қажет. Адам баласының осындай арылуы керекті болған сипаттардың бірі - сараңдық. Ал шайтанның азғыруына ермей, сараңдық дертін емдеудің бірден-бір жолы - Алла жолында мал дүниенің белгілі бір мөлшерін сарп етіп үйрену. Алла Тағала «Хашр» сүресі, 9-шы аятында: «Кім өзінің сараңдығынан сақталған болса, міне, солар - табысқа жетушілер», - деп айтқан.
    Зекет пен садақа - оны берушінің де алушының да нәпсісін тазартады. Ауқатты адам қолында барын Алла жолында жұмсау арқылы жүрегіндегі сараңдықты жойса, мұқтаж адам оны алу арқылы дүниесі бар адамға деген көреалмаушылық, қызғаныш, жек көру сияқты дерттерден арылады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресі, 103-ші аятта: «Олардың дүние-мүлкінен (малдары көбейіп, берекет табуы үшін) зекет, садақа ал. Сол арқылы тазартып, күнәларынан арылт», - деген.
    Үшінші: Зекет беру арқылы адамның мал дүниесіне береке кіреді
    Алла жолында мал сарп етушінің мал-дүниесі кемімейді. Керісінше, оған береке кіріп, молая түседі. Себебі, мұқтаж жандарға зекет беру мал-мүлік берген Жаратушыға шүкірлік етудің бір-көрінісі болып табылады.
    «Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін»,- деп,шүкір етуші пенделерінің нығметтерін одан әрі арттыратынын айтқан («Ибраһим» сүресі, 7-аят).
    Бұған қоса зекет мал-мүлікті арам көзден, көре алмаушыдан, ұрыдан, ит-құстан қорғап тұрады. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):«Мал-мүліктеріңді зекет пен қорғаңдар»,- деуі осыдан (имам Бәйһәқи). Демек, осы уақытқа дейін зекетін берген пенделердің мал-мүлкі зекет беру салдарынан кемімейді. Керісінше зекет берушілердің мал-жаны берекеге кенеліп, арта түседі. Бұл орайда зекет берушінің мал-дүниесін құдықтың суымен салыстыруымызға болады. Құдықтың бетіндегі суды қанша алсақ та, астынан тағы да шығып, толып отыратындығы сияқты, мал-дүниесін Алла жолында жұмсаған адамның дүниесіне де осылайша береке кірмек. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде: «Садақа ешбір малды кемітпейді. Алла біреуге кешірім жасаған пендесінің абыройын асырады. Кім де кім Алла үшін кішіпейіл болса, Алла оның дәрежесін көтереді», - деген (имам Мүслим).
    Төртінші: Зекет беру - үлкен сауапқа кенелтеді
    Зекет беру арқылы адам баласы Алла Тағаланың бұйырған парыз амалын орындайды әрі ақыреттік мол сауапқа кенеледі.
    #жаңауағыз2023 #зекетберу #зекеттуралы #зекетберушарттары #зекеттіқалайесептейді #зекетдегенімізне #зекетберушарттары2023 #зекеттікімдергебереді #зекетерланакатаев #жаңауағыз2023 #зекеттіңпайдасы #садақаныңпайдасы #зекеттікімдергебереді

Комментарии • 25

  • @ГулиТасыбаева
    @ГулиТасыбаева 11 месяцев назад +4

    Аллах Тагалам үнемі зекет беруді нәсіп етсін🤲

  • @ТалгатСулеймен-щ2ъ
    @ТалгатСулеймен-щ2ъ 6 месяцев назад +2

    Алла разы болсын

  • @Дамир-з8н
    @Дамир-з8н 11 месяцев назад +1

    Рахмет👍

  • @Гулшат4
    @Гулшат4 11 месяцев назад +1

    Аллахтың сүйікті құлдарынан болайық ИншАллах❤

  • @ALAKAI_BALAKAI
    @ALAKAI_BALAKAI 11 месяцев назад +1

    Зекет беретін бай қуатты мұсылмандардың қатарында болайық🤲🏻

  • @ГулиТасыбаева
    @ГулиТасыбаева 11 месяцев назад +2

    Әр қолымыздағы дүниеден садақа беруіміз керек..

  • @user-pj8sy5hb8y
    @user-pj8sy5hb8y 11 месяцев назад +2

    Өте пайдалы ақпарат үшін рақмет👍

  • @ГалымжанЖубатканов-ш4ь
    @ГалымжанЖубатканов-ш4ь 11 месяцев назад

    Оте пайдалы❤❤❤

  • @balzhannazarkulova
    @balzhannazarkulova 11 месяцев назад

    Өте пайдалы ақпарат болды👍🏻👍🏻

  • @nursulu-yw8oo4vo4
    @nursulu-yw8oo4vo4 11 месяцев назад

    Рахмет

  • @Symbatpenbirgezhasa
    @Symbatpenbirgezhasa 11 месяцев назад

    👍👍👍

  • @Адиля-ь8ь
    @Адиля-ь8ь 11 месяцев назад +1

    Зекет берушилердин катарынан болайык

  • @ЖулдызТергеуова
    @ЖулдызТергеуова 5 месяцев назад

    Көп балалы аналарға көмек, адал бала болса ғана берілген, ал қазір жезөкшелердің бәріне сенікі дұрыс деп сый ақылар беріп жатыр, соның орнына адамдарды тәрбиелейтін насихат болса, алла көмектессін

  • @tigintigu
    @tigintigu 11 месяцев назад

    👍

  • @Айлин-и3з
    @Айлин-и3з 11 месяцев назад

    Рахмет, билип журемиз, Алла разы болсын!🤲🤲

  • @aida65789
    @aida65789 11 месяцев назад

    Билип журемин рахмнт

  • @АйбатМдетов
    @АйбатМдетов 5 месяцев назад

    Зекет беру кахақсьанжа кай жылы басталды арнайы апта

  • @ЖулдызТергеуова
    @ЖулдызТергеуова 5 месяцев назад

    Менің түсінгенім налог, кезінде мұсылман еместерден жиналатын, ал өз мұсылмандарынан налог алмайтын, керісінше өз мұсылмандарына сый ақылар мол болған

  • @ДауренДюсенгалиев-д9я
    @ДауренДюсенгалиев-д9я 5 месяцев назад

    Ипотека бар , қарыз болып есептеледі ме?