Өзіңе сенім өліп қалмайды. 17.10.2024. Әні Р. Аскарбеков. Сөзі. Э. Сәрсенбайқызы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 5 фев 2025
  • Бақыт деп сенделдім де,
    Уақытпен жарыстым мың.
    Жүрекке сен келдің де,
    Сезіммен таныстырдың.
    Мендегі сезім-көктем,
    Бағыма келіп, қонғын.
    Жаным-ау, өзің деп мен,
    Қиялға серік болдым.
    Бітпеді сұрақ та əттең,
    Ми ойдан жаңылысты.
    Өзіңнен жырақтап мен,
    Сезінгем сағынышты.
    Бақ сыйлап өміріме,
    Қайғымды күйрет білсең.
    Алайда, көңіліме,
    Аңсауды үйреттің сен.
    Өзіңе сенім өліп
    Қалмайды, күш бар мықты.
    Мен алғаш сені көріп,
    Сезінгем құштарлықты.
    Сезімді тең етемін,
    Көңілде, көзімде-сен.
    "Шын сүю" не екенін,
    Сенсіз мен сезінбес ем…

Комментарии •