Досымжан Таңатаров - Сын (терме) / ARIDAI

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 20 сен 2024

Комментарии • 202

  • @СерікханҚинаятұлы
    @СерікханҚинаятұлы 3 года назад +14

    Керемет. Телеарнадан осындай жастарға үлгі болатын термелерді көрсетсе. Тыртиған жалаңаштарды көрсетпей.

  • @ШарапатКанжанова-ъ6ж
    @ШарапатКанжанова-ъ6ж 4 года назад +16

    Қандай керемет терме.. Досымжан бауырым сіз сияқты қазақтың азаматтары берсе екен тіл көзден сақтасын.

  • @ӨткірҚылыш
    @ӨткірҚылыш 2 года назад +3

    Керемет,термені жазған адамғада рақмет!
    Жүрекке жеткізіп орындады,неткен жағымды даусы. Өнерің бикке өрлей берсін.

  • @АйбекКамбаров-ц6ч
    @АйбекКамбаров-ц6ч 5 лет назад +48

    Осы Досымжанды қазаққа құдаиым бере салған ғои, 100 жаса бауырым,

  • @nurlanjanawev262
    @nurlanjanawev262 4 года назад +13

    Дауысыңа сай ден-саулық тілеймін ,өте тамаша .

  • @smart9902
    @smart9902 3 года назад +3

    Досымжан бауырым күшті термең осындай құлақтан кіріп ойды алар термелерің көп болсын

  • @СултанКырбасов
    @СултанКырбасов 4 года назад +11

    Үлкен рахмет, керемет терме, қайран қазағымның бүгінгі өмірін жақсы суреттеген. Қазағыма Алла жар болсын, жақсы термелер жаз, елді түзейтін, қазырғы биліктің сиқын жаз халыққа жаны ашымайтын.

    • @myrzabekdosaly17
      @myrzabekdosaly17 2 года назад

      Ағай Дос ақын емес қой жай орындаушы

  • @ЖумабекМусагалиев-з2ю

    Керемет алла разы болсын.❤👍👍👍

  • @біржол-в2л
    @біржол-в2л 4 года назад +5

    Досымжан ага Аман бол. Каракалпакстаннан салем

  • @ЖанарбекКурманаев
    @ЖанарбекКурманаев 4 года назад +6

    Су астындағы асыл тас, теңіз толқыса шығады. Адам ішіндегі асыл сөз, шер тарқатса шығады . Дегендеи керемет терме, естімегендердің құлағына алтын сырға.

  • @Kampos-zp4nc
    @Kampos-zp4nc 5 лет назад +49

    Қандай керемет терме, сөздің маржандарын теріп алып айтыпсыз, Досымжан аға, құлақтың құрышын бір қандырдыңыз! Осыны ұғар құлақ берсін әркімге🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏👏👏👏👏👏👏👍👍👍👍👍👍!!!! Терме керемет екен👌👌👌👌👌👌

  • @АйткалиевБауыржан
    @АйткалиевБауыржан 3 года назад +3

    Жақсы терме, күнде тыңдаймын

  • @тұранелі
    @тұранелі 3 года назад +6

    Ой,рахмет Дос қандай керемет ән қандай керемет орындау

  • @user-fi9il3mf2v
    @user-fi9il3mf2v 4 года назад +5

    Досымжан айналайын рахмет ризамын саған Алланың нұры жаусын !!!!

  • @АлиханРзабаев
    @АлиханРзабаев 4 года назад +43

    Осы ағаларымызды күнделікті телидидарда көрсетсе.өсіп келе жаткан урпакка үлгі болар еді.Терме деген мағыналы өсиет.

  • @Zere2019
    @Zere2019 3 года назад +9

    СЫН (терме)
    Бір басың көпті көреді,
    Фәниге тірі келгесін.
    Тыңдап көр халқым ұлыңның,
    Өмірден жазған термесін.
    Егемен болып соңынан,
    Елдердің үлкен ергесін.
    Қиындық кетіп басыңнан,
    Жамандық халқым көрмесін.
    Қалың елі аш болса,
    Ел басқарған ерге сын.
    Еріне жүгін артып сап,
    Отырса қарап елге сын.
    Еңбегін елдің өтемей,
    Бермесе дәнін жерге сын.
    Сусырап жатса қара жер,
    Жауынсыз келген желге сын.
    Аш болып жатып жан-жағы,
    Жалғыз тоқ болса барға сын.
    Көтермей жүгін елінің,
    Сандалып кетсе нарға сын.
    Үйленіп алып үй болмай,
    Береке кетсе жарға сын.
    Адам боп келіп өмірге,
    Арам боп кетсең арға сын.
    Біреудің түгі қалмасын.
    Біреудің оты жанбасын.
    Деп жаман дұға оқыған,
    Дуакер болған жанға сын.
    Ренжу өкпе болады,
    Өмірде тірі болғасын.
    Адамды адам түсініп,
    Қиянат жасау болмасын.
    Билігін әділ айтпаса,
    Отырған билер таққа сын.
    Бәтуасыз сөз айтса,
    Талмай бір қойған жаққа сын.
    Жазықсыз жанды ап жатса,
    Жаңылыс тиген оққа сын.
    Жазықсыз жанды айыптап,
    Үкімін жазса сотқа сын.
    Үйдегі соңғы дәніңді,
    Тышқанға берсе қапқа сын.
    Жігітті төмен қаратып,
    Байласа қолын жоққа сын.
    Біреудің торып есігін,
    Біреудің қағып қақпасын,
    Сұраған қайыр заманнан
    Жігітті Құдай сақтасын.
    ***
    Біреудің торып есігін,
    Біреудің қағып қақпасын.
    Сұраған қайыр заманнан,
    Халқымды Құдай сақтасын!
    (с) Қайрат Бисембай

  • @haidarmahanov7658
    @haidarmahanov7658 4 года назад +18

    Оте керемет ,аман болсын осындаи жигиттер

  • @АйткалиевБауыржан
    @АйткалиевБауыржан 3 года назад +3

    Осы əнді күнде тыңдаймын , өте тамаша

  • @user-tz8dy4lp1j
    @user-tz8dy4lp1j 4 года назад +12

    Туа біткен талант!!!Қалық өзі береді бағасын!!!

  • @БайзақАбдрашитов
    @БайзақАбдрашитов 3 года назад +4

    Ассалаумағалекұм Досымжан Аға Лаиым Ғұмырыңыз Ұзақ Болсын.Рахмет.

  • @bahitzhanabdullaev5240
    @bahitzhanabdullaev5240 4 года назад +5

    Ширкин Казахтын термеси,нагыз казахтын коныр дауыс,жарайсын Досымжан бауырым,казир термени жастар билмей осип жатыр,ай аттеген ай ,казир оздериниз билетиндей,тойдын хиттары,шудын бойында,четира та тарина,термени жогалтып алмасак болар еди

  • @черныйкот-ш9ъ6ю
    @черныйкот-ш9ъ6ю 3 года назад +2

    Керемет👍

  • @sagakss8105
    @sagakss8105 4 года назад +5

    Тамаша, мағыналы терме екен

  • @Аллажалғызменоныңқұлымын

    Керемет терме.

  • @olx5458
    @olx5458 4 года назад +8

    Ултымыз казак болганан соң арким озимнин салт дәстүрін жалғастыруы миндетти 🇰🇿🙏

  • @ЖанкаБалқыбекова
    @ЖанкаБалқыбекова 4 года назад +7

    АЛЛА РИЗА БОЛСЫН!!!

  • @ХасенгалиКамалов-ш4п
    @ХасенгалиКамалов-ш4п 4 года назад +5

    Осылай айтпаса Досымжан болар ма еді . Несін айтасың , сөз жоқ шыным осы .

  • @ГульмираМаметова-о2ь
    @ГульмираМаметова-о2ь 4 года назад +5

    Аллам казах елне сабырлык,берекке бырлык,журекке иман берегор Аллам
    Аллам Аллам
    Аллам урпактарымыз салихалы,бакытты гумыр кешсын Аллам Аллам
    Терме оте журекты жылатады екен.
    Аллам халхымды кудай сактасын.
    Аллам Аллам

  • @Казаккызы-б5л
    @Казаккызы-б5л 2 года назад +1

    Алланын нуры жаусын Досымжан. Керемет орындау.

  • @ДаулетОмирсерикулы
    @ДаулетОмирсерикулы 5 лет назад +29

    Тамаша орындау, жарайсың Досымжан.

  • @sssmmm2698
    @sssmmm2698 4 года назад +6

    казактын ауыл балаасынын дауысы эстрада сізге кемит осылай 👍👍👍

  • @МухамедАлйЕсйркепов-ш3ъ

    Жарайсың керемет Алла Тағала колдасын ага

  • @ЕржанКалмаханов-н2ц
    @ЕржанКалмаханов-н2ц 4 года назад +10

    Керемет терме тамаша сөз жоқ Досымжан ағамызға Алла тағалам ұзақ өмір берсің.

  • @daribyrkitbaeva782
    @daribyrkitbaeva782 4 года назад +16

    100 рет тындай бергим келеди осы термени 4айлык бопем осы термемен уйыктайды

  • @user-ut3hv5su8z
    @user-ut3hv5su8z 4 года назад +7

    Керемет! мың жаса!!

  • @ЖылдызбекСатымкулов

    Ото жакшы айтылган терме экен.кыргыз боорунан салам.

  • @БагилаБегешова-щ3ф
    @БагилаБегешова-щ3ф 4 года назад +15

    Сенің даусың кереметау керемет,
    Халық қамын термеңнің өзі, тебірентет.
    Аман жүр Тəке,өнеріңменен алдымда,
    Өйткені сендей, шындық айтатындар көп керек?!

  • @НурланКулахметов-ч1и
    @НурланКулахметов-ч1и 4 года назад +5

    АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН!

  • @kazaktrasher7587
    @kazaktrasher7587 4 года назад +7

    Досымжан өз алдына бір төбе әнші терме керемет

  • @НуржанБекбаулов
    @НуржанБекбаулов 5 лет назад +29

    Өте керемет терме екен өмірден алынған. Бәрекелді Досымжан бауырым мың жаса.👍👍👍

  • @МаратБектембаев
    @МаратБектембаев 3 года назад +3

    Кайрат Бисенбаевтын созине жазылган терме 👍 анде аншисин тауып тургандай тамаша орындау

  • @СалтанатНуртаевна
    @СалтанатНуртаевна 5 лет назад +14

    Ассалаумағалейкум сəлем Талдықорғаннан көкей кесті терме екен Алла разы болсын!

  • @АйтмуханбетНуртазаев

    Оте керемет терме Досымжан бауырым коп рахмет Алла осындаи жаксы термелер шыгара бер тындаитын кулак аел баскарган азаматтардын кулагына алтын сырга

    • @nurzhanzhumagulov1315
      @nurzhanzhumagulov1315 5 лет назад

      Айтмуханбет Нуртазаев керемет 👍

    • @ОналбекОмаров
      @ОналбекОмаров 4 года назад +2

      Алланын нуры жаусын отте керемет терме тыңдаитын жастар көп болсын

  • @ИскандарНазаров-ф4к
    @ИскандарНазаров-ф4к 4 года назад +4

    Досымжан Маладец Керемет Терме Атаңа Рахмет Ең Жаманы Тыңдамасқа Айтылған сөз Жетім Білігі жоқ Ел Жетім АҚСАҚАЛ Ақымақ болды Жазушы Жағымпаз болды Казіргі Би Мыйсыз болды ХАЛЫҚ Қу Бас Қақбас Шалды Қурталмай Ауре Болды Қазағым Саған Не болды Айтаберсем Созім Коп Бул Созімңің Қысқасы Қазақстан Озге Елге Мазақ болды Ай Қазағым саған не болды Астана Назар Болды Алмата Базар болды Қазағым Қазағым не болды

  • @user-cw3ez6lc1y
    @user-cw3ez6lc1y 4 года назад +4

    Досымжан жарайсын бауырым термени копрек айтсан бакытты бол

  • @МаринаМомбекова-ь5ч
    @МаринаМомбекова-ь5ч 5 лет назад +22

    Балам рахмет!!! Өркенің өссін!!! Қандай керемет мағналы сөздер!!!

  • @ПатимаАлшынбаева
    @ПатимаАлшынбаева 4 года назад +3

    Керемет. Терме. Екен құлаққа. Жағымды. Өмірде н. Алынған. Досымжан. Балам. Өнерің өрге жүзсін

  • @boss32skim13
    @boss32skim13 5 лет назад +16

    Жарығым Досымжан, бақытты бол ! ! !

    • @user-hm4kr9vb4p
      @user-hm4kr9vb4p 3 года назад +1

      Досымжан өте керемет терме.Осы заманға үлкен үлес қосқаныңызға шексіз рахмет.Ақ ұйдын алдына барып бардауысымен естіртсе миларына ми қосыларма екен егер оларда болса

  • @erkebylamkanaev1329
    @erkebylamkanaev1329 5 лет назад +6

    Дурыс аитылган терме Алла рыза болсын

  • @ЕрмуханСмагулов
    @ЕрмуханСмагулов 5 лет назад +56

    Мен казакпын дейтiн атка лайык Досымжан

    • @nurzhanzhumagulov1315
      @nurzhanzhumagulov1315 5 лет назад +2

      Ермухан Смагулов 👍термелер Мында кіріңіз, қызықтаңыз, пікір қалдырыңыз жазылуды ұмытпаңыз👇

  • @azamaturazgaliev1362
    @azamaturazgaliev1362 4 года назад +3

    Сау..бол. Баурим соз жок. Рахмет

  • @ЖумабекТилеубаев
    @ЖумабекТилеубаев 4 года назад +12

    жарайсың досымжан жүз жаса аман болыңыз

  • @user-xh4xx6ty6b
    @user-xh4xx6ty6b 4 года назад +4

    ДОСЕКЕ ДОСЕКЕ термен тамаша даус керемет ДОС ага осындай андерин копболсын

  • @ГульшатУшбаева-д2х
    @ГульшатУшбаева-д2х 4 года назад +7

    Досымжан ага сиздин оленииз журектеги жылап жаткан шындыкты айтып куйипжатыр

  • @zhandoszh705
    @zhandoszh705 5 лет назад +7

    Оте керемет терме рахмеет

  • @КазакКазак-ч4ю
    @КазакКазак-ч4ю 5 лет назад +12

    Рахмет Досеке терме керемет екен. Уйыктап оянгандай асерде болдымго,оте тамаша екен.

  • @ЖеткербайОтепбергенов

    Зор терме Каракалпактан салем

  • @ИсламПірім-ч9р
    @ИсламПірім-ч9р 4 года назад +4

    Бар бол бауырым 👍✊👍🙋

  • @user-qo2hj6hf2r
    @user-qo2hj6hf2r 4 года назад +1

    Жарайсың Досымжан иним

  • @МариямханКабинке
    @МариямханКабинке 4 года назад +5

    Аллаһым барлық кінәмді кешір, 😭😭😭😭😭😭журегім ауырып тұр, әке анадан асқан жанашыр дос жоқ екен......... 😭😭😭😭😭😭😔😔😔😔😔

  • @АнонимАнонимус-ъ9й
    @АнонимАнонимус-ъ9й 2 года назад +1

    Бір куплетін тик- токқа қойған екен. Арғы жағын естігім келіп , термелерді ақтарып таба алмадым, досымжанды көріңізші деп еді, дәл осы терме екен екен. Соңына дейін тыңдап өте риза болдым. Керемееет. Досымжан, осындай дүниелеріңіз көп болсын. Тыңдай бергің келеді.

  • @nurtlek6299
    @nurtlek6299 5 лет назад +5

    Досымжан кокенен термесен анашым мен акешем суйеп тындайды оте адеми Жане жанга конымды тарбиеле андер Рахмет коке даусыныз оте кулакка оте жагымды ,омеренез узак болсын балашаганыз Аман болсын Апай мен бирге картаенез

  • @елемесбаганов
    @елемесбаганов 2 года назад +1

    Кажется это любимый певец Нурсултана Назарбаева .Созы Керемет.

  • @АлтынбекАхметов-с3ъ
    @АлтынбекАхметов-с3ъ 4 года назад +3

    Агамыздын даусы ерекшегои казиргинин акансерилери жасаи бер. Аллам куш куат берсин сизге

  • @УлбикеАбышева-г5ю
    @УлбикеАбышева-г5ю 5 лет назад +25

    Бір алла жар болсын бәрімізге!. Бойымыздан имандылық қасиетіміздіі жоғалтпайық

  • @user-pt9ke6vs4z
    @user-pt9ke6vs4z 4 года назад +7

    Керемет айтылған! Жүз жаса бауырым!

  • @СезимДауылбаева-п8ъ
    @СезимДауылбаева-п8ъ 4 года назад +13

    Халкымды кудай сактасын! Досымжан керемет айтыпсыз рахмет

  • @КанатКанатт-ч9п
    @КанатКанатт-ч9п 4 года назад +4

    Досымжан аға керемет терме оиланатын адамға керемет ой салатын терме

  • @ЕркебуланШокпаров
    @ЕркебуланШокпаров 2 года назад +1

    Алла разы болсын Бауырым

  • @СаламатСекетаев-и8в

    Оте керемет ага!!! Алла тагала колдасын сизди!!!

  • @sssmmm2698
    @sssmmm2698 4 года назад +1

    керемет брат от души

  • @АсылбекКудияров
    @АсылбекКудияров 2 года назад +1

    Ех казагымай ай кешеги, Кантар айында болган кыргынга нагыз айтылган терме сиякты аман болсын казагым ар казак мени жалгызым.

  • @kuanyshkabylbekov4756
    @kuanyshkabylbekov4756 5 лет назад +6

    Өте керемет

  • @МухамедАлйЕсйркепов-ш3ъ

    Досымжан ағаны Алла колдасын керемет терме

  • @ДимашЖумыпалиев
    @ДимашЖумыпалиев 3 года назад +1

    Ассалаумагалейкум ага керемет журекти алады туган жер ауыл есине туседи козине жас аласын ах ширкин бул омир кыска кеширимди болаык

  • @КуралбекСагынай
    @КуралбекСагынай 4 года назад +21

    Бір тойға,інім келіп ең,
    Бекболат ағаң,серімен.
    Халықтың бәрін тамсанттың,
    Ол кезде жас ең,керім ең.
    Үкілі қолға домбыра ап,
    Маржанын жырдың теріп ең.
    Топтан бір озған тұлпардай,
    Өзіңе-өзің сеніп ең.
    Сан құдашалар сүйсінген,
    Еріп кетердей сенімен.
    Риза болды-ау,сан жұртың,
    Бір туған ұл деп елімен.
    Құда боп келіп сол тойда,
    Мен сені алғаш көріп ем !
    Талайлар қырға гүл екті,
    Тербетті әнің жүректі.
    Өнерге сен де кірістің,
    Сыбанып алып білекті.
    Әлемді түгел шарладың,
    Халықтан тауып тіректі.
    Досымжан-бұлбұл әнші деп,
    Сыртыңнан талай жыр етті.
    Еске алсам бүгін сол күнді,
    Арада жиырма жыл өтті !
    Тек мықты болып теңесің,
    Өтімді көпке кеңесің.
    Алтын табақтан бүгінде,
    Сен жедің елдің жемесін.
    Түсірер қағып жамбыны,
    Дөп тиер болат жебесің.
    Бағытынан бір жаңылмас,
    Мұхитта жүзген кемесің.
    Ақылмен бастап әр істі,
    Абыройменен келесің.
    Тойыңа қонақ мың болсын
    Арманың биік шың болсын.
    Табылып халық төрінен,
    Салғаның бұлбұл үн болсын.
    Келінмен бірге жүз жаса,
    Күш-қуат бойда тың болсын.
    Жаратқан қолдап,бұйыртып,
    Сол күнді көрер күн болсын !

  • @Studio-dw3jy
    @Studio-dw3jy 5 лет назад +4

    Өте керемет. Өркенің өссін інім.

  • @user-xe2hi1fb4t
    @user-xe2hi1fb4t 4 года назад +4

    Ағашым көп жасаңыз

  • @erkeauelbekov7599
    @erkeauelbekov7599 5 лет назад +12

    Керемет!!!

  • @DastanUralbaev
    @DastanUralbaev 5 лет назад +4

    Керемет осындаи терме коп болсын

  • @user-ri6de7gn4p
    @user-ri6de7gn4p 9 месяцев назад

    Досымжан ағамыз мектепте оқығанда кім біліпті мемлекетке атақты Азамат болатынын. Екінші көшеде тұратын сыйлы ағаларымыз еді. Досымжан ағамызды сонша танымасамда Ағасын және жеңгесін жақсы танитынмын. Алла тілеуін берсін

  • @amangeldisarsenbaev9618
    @amangeldisarsenbaev9618 5 лет назад +11

    Өте өтімді биліке ақыл беретін терме екен тындаған адамға

  • @accountschool8284
    @accountschool8284 4 года назад +1

    Ризамын

  • @ДаригаНуржоджаева
    @ДаригаНуржоджаева 5 лет назад +7

    Кушти аитылган терме осындаи термелер коп болсын термені коп тыңдандар

  • @ГульжанЖанузакова
    @ГульжанЖанузакова 5 лет назад +6

    Өте керемет терме бәрекелді👍👍👍👏👏👏

  • @ARIDAI
    @ARIDAI  4 года назад +13

    Бұл видео жақсы таралу үшін соңына деиін көріп лайк басып комент жазып кетіңіздер!

  • @КайратАуелбеков-р7э

    Жарайсын Ага Балашганын Кызгин Кор

  • @ПернекульЖамантаева

    Өте тамаша мағынадағы терме. Рахмет Досымжан бауырым Мағыналы термелерді көбейтші шіркін. Халқым тыңдасыншы сабақ алып отырып.

  • @КүнжәнРәзи
    @КүнжәнРәзи 5 лет назад +3

    Рахмет карагым осындай термены бызге сыйлаганына адамды ойга жетелейды. Арине сезе былген журекке, естыген кулакта,тусынетын шырагы болса.

  • @ЕрланАкжигитов-р5г
    @ЕрланАкжигитов-р5г 5 лет назад +15

    Бəрекелді!

  • @АрсенКурманказиев-ы1б
    @АрсенКурманказиев-ы1б 10 месяцев назад

    Керемет терме, ағамыздың дауысы да қандай керемет!

  • @sssmmm2698
    @sssmmm2698 4 года назад +5

    тереме деген сізге арналгангой термені устансаныз керемет болат

  • @jasalah9392
    @jasalah9392 5 лет назад +17

    Оте керемет терме екен

  • @ТолегенБегетаев
    @ТолегенБегетаев 3 года назад +2

    Базар жок брат. Соз жок.

  • @zidanzidanov425
    @zidanzidanov425 2 года назад

    Кiм тик токтан 😉
    Аман болайык KAZAKH халкым

  • @Еркин777-ы1н
    @Еркин777-ы1н 4 года назад +2

    Тамаша👍👍

  • @БекбосынАташов-ъ2ш
    @БекбосынАташов-ъ2ш 4 года назад +4

    Terme kuwti bolganeken alda tek satilik talman

  • @sultansultansultan715
    @sultansultansultan715 4 года назад +5

    Keremet so'zder ... en' momyn salmaqty Batyr elim Aman bolsyn Qazag'ym !

  • @ЕркебұланТөреханов-р2к

    Өте жақсы терме.

  • @АзаматСмаханов-е2ф
    @АзаматСмаханов-е2ф 5 лет назад +3

    Ассалаумағалайкум бәрекелді керемет ағам алғысым шексіз.

    • @ЕрболатЕримбетов-б4т
      @ЕрболатЕримбетов-б4т 4 года назад +1

      Досымжан супер

    • @rahatkajypnazarov5415
      @rahatkajypnazarov5415 4 года назад

      Рахмет биыктен корининиз оте керемет даусыныз нагыз термеге арналган баска оленинизде кушти