Ғалымдар қазақ жылқысының жаңа тұқымын шығарады. Qazaq TV жаңалықтары

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 17 окт 2024
  • Ғалымдар қазақ жылқысының жаңа тұқымын шығарады. Qazaq TV жаңалықтары
    #Ғалым #жылқы #селекционер #мұғалжар #жабы
    Ақжайық жылқысының жаңа тұқымын шығару. Қазақстандық селекционерлер осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр.
    Ақжайық жылқысының жаңа тұқымын шығару. Қазақстандық селекционерлер осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Ол үшін ғалымдар қазақтың жабы жылқысын мұғалжармен будандастырмақ. Нәтижесінде асылтұқымды арғымақтан кем түспейтін, төзімділігімен және өнімділігімен ерекшеленетін тұлпар алу көзделген.
    Жанқабыл Сәтпаев, шаруа қожалығының басшысы:
    Биені мұғалжармен қосып, содан шығарғымыз келіп отыр. 2015 жылы статусын алып, қазақы жабы тектес жылқы деген атағын алдық. Шетелдік ағылшын айғырларымен де будандастырып жатырмыз, одан мініске ат шығарамыз. Бұрынғы қазанат, қазақтың қарабайыр жылқылары бар емес пе, Ақан серінің құлагері сияқты. Сондай аттарды мініске шығарып жатырмыз.
    Бұл шаруашылықта барлығы 3 мың бас жылқы бар. Негізгісі - қазақтың жабы тұқымдас биелері. Олар көнбіс және салт жүріске жарамды деп саналады, бірақ негізінен ет пен сүт өндіру үшін өсіріледі. Ал мұғалжар тұқымдысы құнарлығымен, жоғары өнімділігімен және төзімділігімен ерекшеленеді. «Жаңа Ақжайық типі осы асылтұқымды генотиптерден ең жақсысын алады», - дейді селекционерлер.
    Алтай Зейнуллин, селекционер:
    Бұл тұқымды алу үшін алдымен қазақы жабыны көшім тұқымынан өтіп, содан кейін иммунитетті, бейімделу қасиеттерін арттыру үшін мұғалжар тұқымымен жаптық. Бұлардың барлығы жергілікті тұқымдар болып саналады. Жыл бойы жайылымға бейімделген. Тірі салмағын, көлемін арттырып, жануардың жайылымда бейімделу қасиеттерін сақтаймыз.
    «Етті-сүтті бағыттағы Қамбар ата түлігінің жаңа тұқымын алу - қоректік құндылығы мол табиғи таза өнім өндіруді жолға қоюға тағы бір қадам», - дейді селекционерлер.
    Qazaq TV: бізді спутниктік арна арқылы және RUclips, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
    Qazaq TV: смотрите нас на спутниковом ТВ, в RUclips и социальных сетях. Оставляйте ваши коммментарии под этим видео.
    Watch us on satellite TV, RUclips and social networks. Leave your comments under this video!
    Qazaq TV арнасына жазылыңыз / Подписывайтесь на Qazaq TV / Subscribe to Qazaq TV
    www.youtube.co...
    Біздің басты шоуларды көріңіз / Смотрите наши топовые шоу / Watch our top shows
    Qazaq Golden Hits
    • Qazaq Golden Hits
    Trails of Nomads
    • Trails of Nomads
    Байланыс аясынан тыс жерде
    • Байланыс аясынан тыс ж...
    Біздің сайт / Наш сайт / Our website - qazaqtv.com/
    Vkontakte - kazakhtv
    Facebook - / qazaqtvkz
    Twitter - / qazaq_tv
    Instagram - / qazaqtv_kz
    Telegram - t.me/Kazakh_tv

Комментарии • 2

  • @JibekJolyTV
    @JibekJolyTV  3 года назад +7

    Бізді спутниктік арна арқылы және RUclips, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!

  • @АйданаКожабаева-р6щ
    @АйданаКожабаева-р6щ 2 года назад +1

    👍🏻