ЖАРҚЫН СӘЛЕНҰЛЫ: БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР АТА-АНАЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕЙ БАСТАДЫ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 22 апр 2024
  • Көпшіліктің сұрауымен Жарқын Сәленұлымен тағы да бір әсерлі әңгімені назарларыңызға ұсынамыз!
    2:28 Абайдың он тоғызыншы қара сөзінен артық сөздің қадір-қасиетіне берілген баға бар ма?
    4:00 Өткен подкасттан кейін Жарқын Сәленұлының өмірінде не өзгерді?
    7:47 Жүректің көзі ашылса...
    8:20 Жарқын мырза шешендікке баулиды ма?
    12:03 Қазір балаларға тәрбие беретін абыз ақсақалдар бар ма?
    12:44 17 жасында Саққұлақ би атанған кім?
    18:18 «Біздің оқушылар өзінің ата-анасы мен қоғамдық ортасын тәрбиелей бастады»
    19:03 Бүгінгі күні ата-ана баласымен сырласады ма?
    19:45 «Біздің мектеп оқушыларының шешендігі»
    23:34 «Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады»
    29:00 «Орыс тәрбиесін алған адам ұлт қызметкері бола алмайды»
    36:10 «Оқушыларым өздері 20 минуттық анимациялық фильмді қазақшаға аударды»
    39:00 «Үлкен деңгейдегі журналистермен деңгейлеc оқушылар өсіп келе жатыр»
    39:50 «Мықты бизнесмендер өздерінің кәсібін сөз саптауы арқылы дөңгелеткен»
    40:19 «Шешендікке жақын адам басқа тілдерді де оңай меңгереді»
    41:09 Шешендік өнерді меңгерген жандар қай салада қызмет етеді?
    47:12 Жарқын Сәленұлы жоғары оқу орындарына ренжулі
    47:46 «Ақ костюммен жердегі қалған қоқысты өзім теріп қалдым»
    48:00 Жарқын мырзаның Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке назы
    53:00 «Жарқын Сәленұлына да сын қоюға болады»
    1:00:38 Дулат Тастекейдің жынын келтіретін сұрақ қандай?
    1:03:20 Төле бидің шешендігі
    1:04:20 «Бір ауыз сөзбен жұбатудың» маңыздылығы
    1:07:38 «Ымды білмеген дымды білмейді»
    1:08:55 Қалауын сұраудың ғажайып үлгісі
    1:10:32 Абай мен Қиясбай
    1:11:12 Сырымның Бөкен биге амандаса баруы
    Instagram:
    @dulat_tastekey
    @salenuly

Комментарии • 113

  • @user-ht3qp8gn4g
    @user-ht3qp8gn4g 23 дня назад +27

    Бірінші сұхбаттан біраз нақыл сөздерді жаттап жүрген жерімде айтып жүрмін. Осындай бағдарламалар көбейе берсін.

  • @user-wh8rk5qc7u
    @user-wh8rk5qc7u 19 дней назад +7

    Санжар Керімбай да,Сіздер сияқты тамаша іс жасап жүр.Рақымет Сіздерге👍📚💯

  • @user-lp2nw7ii2n
    @user-lp2nw7ii2n 3 дня назад +1

    Даке Рақмет сізге. Шүкір бар екенғо Ағаларымыз тілді, болашақ ұрпақты ойлайтын ағаларымыз!!!

  • @Venus41741
    @Venus41741 24 дня назад +16

    Балалардың болашағын ойлағаны қандай тамаша. Ұстаздыққа жанын берген екен Ағамыз👍

  • @itswhiterke
    @itswhiterke 24 дня назад +14

    сүбелі сөздер үшін ағаларымызға алғыс!

  • @Zhanerke1450
    @Zhanerke1450 24 дня назад +11

    Дұрыс👍 Кішкентай кезінен балдарға дұрыс тәрбие беру қажет🙌🏻

  • @user-xv8sx7gx6x
    @user-xv8sx7gx6x 21 день назад +7

    Рахмет, ұлтжанды азаматтар көбейе берсін.

  • @user-qd3yr2fx5p
    @user-qd3yr2fx5p 20 дней назад +4

    Таныс дауыс. Бұрын қазақ радиосынан дауысын естуші едік. Нағыз қазақ азаматы.

  • @bbaltabekovaa
    @bbaltabekovaa 24 дня назад +9

    Мына заманның балалары қиын 😏 Мықты тәрбие беру үшін қазіргі ата-аналардың өзі жан-жақты болу керек. Сұхбат үшін рахмет!

  • @aiymbaltabekova891
    @aiymbaltabekova891 24 дня назад +9

    Сұхбат барысында Қаншама нақыл, өсиет сөздер айттыңыздар😍🥹👍🏻 Өте керемет! Сұхбат маған қатты ұнады👍🏻👍🏻👍🏻

  • @aiymbaltabekova891
    @aiymbaltabekova891 24 дня назад +9

    Қазір мектепте орыс тілінде сөйлеп, ойларын орысша жеткізетін балаларды қазақшаға үйретеміз деп кейде өзіміздің тіліміз күрмеліп қалады🥲

  • @BibinurNurdaulet
    @BibinurNurdaulet 24 дня назад +5

    Құлақасып тыңдайтын сұхбат әңгімелерін ақылдарын сүйсіне тыңдайсың😊

  • @Ajdananurgalieva
    @Ajdananurgalieva 24 дня назад +6

    Қазіргі жастарымыз білімді

  • @Amannzholova
    @Amannzholova 24 дня назад +7

    Қазақ болсақта кейбір сөздерге тіліміз келмейді😅 Қаншама білім, еңбек керек осылай мағыналы сөйлеу үшін👍

  • @user-ou2ok7ic5s
    @user-ou2ok7ic5s 2 дня назад +1

    Жаке, Даке сиздерге Ташкентен улкен салем!!!

  • @Guldesh41
    @Guldesh41 24 дня назад +4

    Жарқын ағамызбен уақыттың қалай тез өткенін байқамай қалыппын
    Ой түйетін сұқпатқа рахмет

  • @aiymbaltabekova891
    @aiymbaltabekova891 24 дня назад +6

    Ағалардың сөз саптауы қандай керемет! Сұхбатты сүйсіне отырып тыңдайды екенсің😍👍🏻

  • @Ajdananurgalieva
    @Ajdananurgalieva 24 дня назад +6

    Абай атамыздың қара сөздерін оқып өстік

  • @Venus41741
    @Venus41741 24 дня назад +5

    Бата туралы дұрыс айттыңыз. Ағаларымыз 1шумақ болсада дұрыс бата жаттап алғаны жөн.
    Кейбір кісілер бата бергенде жаның кіреді. Қандай күшті деп қуанып қаласың

  • @qazfilms
    @qazfilms 20 дней назад +3

    Бабамыздың асыл мұрасын кейінгі ұрпаққа дәріптеп жүрген өзіңіздей ағалар көп болса екен! Сұхбат өте керемет өтті Дулат мырза Жарқын Сәленұлы ағамызға мың алғыс!

  • @kusaiynbeknur513
    @kusaiynbeknur513 12 дней назад +1

    Дулат Тастекей мен сіздің араңыздағы сұқбат өте пайдалы һәм мағыналы болғаны айтпасамда белгілі деп ойлаймын. Сұқбатты көптеген желілерге тарату керек. Қазіргі уақытта көбі(көпке топырақ шашпаймын) газет, кітап оқымайды. Шешендік өнерді жан-жақты дамыту үшін, тағылымы мол, тәлім-тәрбиеге толы осындай сұқбаттарды әлеуметтік желілерге таратсақ, сонда ғана еліміз көркейеді. Жүсіпбек Аймауыт атамыз «Адамның өзі көркейсе ұлты көркеймейді
    Ұлты көркейсе өзі де көркейеді» дейді емес пе?
    Егер елімізді көркейтетін осындай жалынды азаматтар болғанда, біз еліміздің атын шығаратын бала,
    елге сыйлы беделді болар дана
    тәрбиелей аламыз. Ал, сол қадамдарды ең алдымен өзімізден бастау керек деп ойлаймын. Осы сұқбатты көру арқылы сол қадамдарды ақырын жүріп, анық басып келеміз.
    Бірақ, жетістікке жету үшін бастан қиындықты да өткеру керек қой. Осы жолда билікке де көтеріліп, ұсыныс тастадыңыз. Өкінішке қарай, олар сізді құптамады. Бұл еліміз үшін сын деп ойлаймын. Үлкен тарих болып, оның болашағы болмау өрескел қателік.
    Сіздің шешендік өнерді дамытудағы ісіңіз көптеген адамға үлгі болатыны сөзсіз. Бұл сұқбат Дулат Тастекеймен бір емес екінші рет өткені бәрімізге белгілі. Сол екі бөлімді де үзбей көріп келе жатқан азаматтардың қатары толыққаны да айдан анық.
    Тек көріп қана қоймай, оның мән-мағынасын толық түсінгендерде бізге мәлім. Оның бір дәлелі: жақында тау бөктеріндегі Райымбек ауданында өткен аудандық шешендік сайыс.
    Бұл сайысты өткізуге ерен еңбек етіп, елімізге қажет бегзада өнерді дамыту жолында еңбек еткен, өзінің туған жерінде де бетке ұстар, беделді, сыйлы азаматтардың қалыптасқанын қалаған- Олжас Тұрсынқожа ағамыз.
    Олжас аға өзінің жұмыс бағыты құрылыс болғанменен, елді жан-жақты дамыту үшін тер төкті. Елінің бетке ұстар азаматтарының біріне айналары сөзсіз.
    Қазақи қаймақ тілімен қайыра айтқанда, осындай мән-мағыналы сұқбаттар елімізде кемеңгер бабалардың көреген ұрпақтарын тәрбиелейді. Сондықтан, бұл сұқбаттың пайдасы біз үшін де, ел үшінде зор.
    Әрі бұл сұқбатты көрген адамның қандай ой түйері тайға басқан таңбадай анық байқалады. Сұқбатқа тән бір сөзді айтқым келіп отыр:
    «Қара қылды қақ жарған жақсылардың белгісі»
    Сол жақсылардың бірі болайық. Сол жақсыларды тәрбиелейік!

  • @IslamAbirtulla
    @IslamAbirtulla 22 дня назад +3

    Тектиден текти туады
    Тектилик тұкым куады
    Соз саптау керемет
    Оте жаксы сухпат

  • @erikbeketaev142
    @erikbeketaev142 19 дней назад +2

    Нағыз Ұстаз екенсіз
    Ұлтжанды екенсіз

  • @syrym.nurzhanuly
    @syrym.nurzhanuly 24 дня назад +8

    36:17 керемет окушылар екен казіргі таңда бізде қазақша детский контент аз,осындай кісілердің аркасында казк тілінің алар асуы алыс емес👏🏿👏🏿

  • @Grishinevgeny
    @Grishinevgeny 24 дня назад +4

    Дұрыс балаға кішкентай кезінен тәрбие беру қажет

  • @user-jy6mp8wy7n
    @user-jy6mp8wy7n 18 часов назад +2

    Осындай сөздерді кайдан жаттасақ болады?!

  • @user-mf1nr5js6e
    @user-mf1nr5js6e 19 дней назад +2

    Рахмет. Осындай бағдарламалар көп болса екен. Әитпесе қазіргі жастарды мешіт улап жатыр.

  • @user-lf9xy5yd8v
    @user-lf9xy5yd8v 21 день назад +3

    Бұл сөздерді
    Президентке.
    Депутаттарға.
    Министрлерге.
    Сол жоғарыда ел басқарған
    Адамдарға айтқан жөн.
    Әкімдерге айтыңдар.
    Біз тыңдаймыз,
    Қолымыздан ештеңе келмейді.
    Жемқорларты тоқтатыу керек.

  • @user-xf9lj8of8v
    @user-xf9lj8of8v 20 дней назад +2

    Қай салада отырған министрлерді ең алдымен ұлытынің болашағын ойлау ұлттық құндылықтарды дамыту жөнінде сынақтан өткізу сол жөнінде аныт айтқызу содан кейін жауапкершілікті қызметке отырғызу керек лпыңдап жылпыңдағанің бәрін жауапты іске араластырмау керек

  • @user-rw8cc3dx5j
    @user-rw8cc3dx5j 23 дня назад +4

    шешендік өнердеген керемет

  • @user-ou2ok7ic5s
    @user-ou2ok7ic5s 2 дня назад +1

    Биринши сухбат керемет,тамаша болган эди,экиншисида тамаша.

  • @Aizhana_wb
    @Aizhana_wb 24 дня назад +4

    Естілердің сөздерін естіп жүргеннің өзі есті болады✨👍🏼

  • @user-cw7ld5lp7g
    @user-cw7ld5lp7g 24 дня назад +4

    Көргенім жоқ бірақ керемет сұхбат болатынына сенімдімін

  • @user-yg8ry9wb6p
    @user-yg8ry9wb6p 22 дня назад +2

    Айтарға сөз жетпейді өте керемет шәкірттерін жиі кездесуге, сұхбаттарға шақыру керек.

  • @user-bk7yk7de1q
    @user-bk7yk7de1q 23 дня назад +3

    Негізі оқушылармен бетпе - бет кездесулер өткізу керек,кезінде біздің бала кезімізде кездесу- сұхбаттар ,кештер көп болатын

  • @user-yg8ry9wb6p
    @user-yg8ry9wb6p 22 дня назад +2

    Жиі сұхбат, кездесуге шәкірттерімен бірге шақыру. керек.

  • @ZhanerkeZholdybay
    @ZhanerkeZholdybay 24 дня назад +4

    Тәрбие тал бесіктен❤️

  • @user-he5md5id1h
    @user-he5md5id1h 20 дней назад +2

    Шәкірке деген ықыласы ерекше осы ағамыздың, осындай ұстаз болмады -ау

  • @user-qf5or8lv9p
    @user-qf5or8lv9p 24 дня назад +3

    Сондай жақсы жаңалықтар, бәрі бітті құрдық дегеннің соңы болды ғөй тәубе

  • @user-mc8ki7bt5w
    @user-mc8ki7bt5w 23 дня назад +3

    30 жылғымәңгүрттер жастар ал біз ҚазСақ болып өлгіміз келеді

  • @user-ex4hz9jf2l
    @user-ex4hz9jf2l 19 дней назад +2

    Барлық мектептер мен колледждерде қазақи тәрбие мен шешендік бағыттағы сабақтар енгізілуі керек. Қазір ешқандайда пайдасы жоқ факультатив пәндер көп. Солардың орнына ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын курстарды берсе нұр үстіне нұр болар еді!

  • @user-wh9po1ex8l
    @user-wh9po1ex8l 21 день назад +2

    Осындай пайдалы видеолардың көрілімі өте аз кемі милион болу керек

  • @user-gj7lr9cp1q
    @user-gj7lr9cp1q 23 дня назад +4

    өте керемет, балаларымды жақсы тәрбиелеуге тырысам.

  • @user-fj9mx1fx5s
    @user-fj9mx1fx5s 19 дней назад +2

    Керемет! Аман-сау болыңыздар! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!

  • @Alfiyaabdimannn
    @Alfiyaabdimannn 24 дня назад +5

    Қазір көп балалар 5-6 жасқа дейін сөйлей алмайды ғой. Шешендік өнер пәнін мектептерде, ЖОО-да пән ретінде енгізсе жақсы болар еді. Бірақ бізде көбіне айтылып айтылып қалады, іске асыру қиын болып тұр ғой 😢

  • @user-xi9eo5pm6p
    @user-xi9eo5pm6p 21 день назад +2

    Азаматтар жарайсыңдар!

  • @OlzhasKudaibergen-rm1oo
    @OlzhasKudaibergen-rm1oo 24 дня назад +3

    Осындай сухбат кобирек болса керемет 🔥

  • @user-bk7yk7de1q
    @user-bk7yk7de1q 23 дня назад +3

    Жанды болмаса ,интернеттен баллар көрмейді,уақыт болса аралап ...

  • @user-dm6vp4go5b
    @user-dm6vp4go5b 24 дня назад +5

    Дұрыс айтасыз✊🏻✊🏻🔥

  • @user-fv1gk2io4v
    @user-fv1gk2io4v 14 дней назад +1

    Дулат дұрыс Ер азамат . Рухани сұхбат болды.

  • @shibi0192
    @shibi0192 24 дня назад +12

    “Асханаға асыққан баладан ұлы ғұлама қайдан шықсын” дегеніңіз🔥🔥🔥🔥🔥

  • @sel.zhumat
    @sel.zhumat 23 дня назад +3

    Өте керемет сұхбат болды, маған ұнады🙂

  • @tohanovn
    @tohanovn 24 дня назад +4

    Қызықты,пайдалы сұхбат👏

  • @crazygranny2976
    @crazygranny2976 19 дней назад +2

    Үйде " Сөз тапқанға қолқа жоқ" деген кітап тұратын еді. Соны туыстарымның көбі оқып шықты. Бұл 1990 жж еді. 2000 ж бір тойда жыршы жырлап жатқанда, бір келіншектің: : " Мынау не деп шайнап жатыр?"- дегенін естігенмін.😮 Радиодан домбыраны естіген жігіттің " Мынаны жоқ қылшы"- деп, дауысын өшіріп тастағанын да көрдім... Кітап оқымайтын, сөзге түсінбейтін ұрпақ пайда болды. Шешен адамдардың атағы, дәрежесі жоғары болса, мүмкін әдеп сақтап ия қорыққанынан тыңдар. Ал, жәй адамдарды тыңдамайды. Шешендік өнерге ынтасы бар таңдаулыларды баулу керек сияқты.

  • @janekkin_15
    @janekkin_15 24 дня назад +4

    қызықты сұхбат екен 👏👏👏

  • @user-kb8mg8yq2d
    @user-kb8mg8yq2d 10 дней назад

    Көзіме еріксіз жас келіп көрдім сұхбатты. Керемет!

  • @Venus41741
    @Venus41741 24 дня назад +3

    Мағынвлы сұхбат болды👍💯

  • @Gaisa_Muzaparkhanov
    @Gaisa_Muzaparkhanov 24 дня назад +3

    Қазіргілер іштен оқылып туылады ғой😄

  • @Grishinevgeny
    @Grishinevgeny 24 дня назад +3

    Қызықты пайдалы сұқпат болды

  • @user-ep3ud8ie9k
    @user-ep3ud8ie9k 12 дней назад

    . Мен бұл сұхбаттан өзіме одан сайын шешендікті білуге,үйренуге жігерлендіретін қуатты сөздерді ойыма түйдім.Ақарыс пен Шадиярдың бұл сұхбатқа деген пікірлеріне көз жүгіртіп шығып соңында өзіме де сұхбат қызықты болып көрген жайым бар.Бірақ,ерінбей уақытымды бөліп көргеніме еш өкінгенім жоқ.Сұхбат барысында сіздің осы шешендік өнер жолында сіңірген біраз еңбегіңіз тіпті осындай керемет мұғалім болуға дейін қаншама еңбек еткеніңіз жайлы да білдім.Сұхбатта өзіңіз айтып өткендей қазір шешендікке деген құлшынысы жоғары балаларлың көбеюі қатты қуантты.Сосын мына қазіргі адамдардың бұрынғы тарихын,бабалардың іс-әрекетін білуге ,тануға мүлдем қызығушылығы мүлде жоқ тарих деген ол жай ертегі,бөскен әңгіме дейді.Бірақ,Әлихан Бөкейханның өзі мақаласында бұрынғы тарихымыздан хабардар болсақ,бабаларымыздың мұрасын,құндылығын,бұрын қандай адам болғанын біле аламыз және соны үлгі тұта отырып өз өмірімізді құрамыз дейді.Сізде жаңа айтып өткен Жолжақсы Әсет ағамызда өзінің бабалары қандай болғанын аңғара отырып,неге сондай жақсы,шешен болмаймыз деген екен.Алайда,менің көңілім түскен бір сәт ол мына жоғарыда отырған биліктегі адамдардың сіздің ұсынысыңызды құптамағаны.Бірақ,еш берілмей жүрген жерінде әрбір оқушыға өзіңіздің білікті ұстаз екеніңізді білдіріп,оқушыларды жақсыға қарай үйреткеніңіз яки өз ықпалыңызды тигізгеніңіз өте жақсы және осы сіз секілді кез келген жерде аталы сөз айтатын ұстаздардың көп болғанын қалаймын.Ақарыс айтып өткендей,сыныптасым Нұрасылдың да жеткен жетістіктері жайлы айтылғанда қатты қуандым.Нұрасыл өзгелерге үлгі боларлық жігіт болып келе жатыр десемде болады.Өзімізбен жасты баланың мақала жазып,қырықтан аса шешендік әңгіме жаттап,сайысқа түскені бұл бір үлкен жетістік және соның бағаланғанына қуаныштымын.
    Сайып келгенде,бұл сұхбатты көргеніме еш өкінбеймін.Біраз мәліметтер жинап,тағы да мәнді,мағыналы ұлағатты сөздерді де ойыма сақтап алдым.Жалпы айтқанда сұхбат мен үшін тиімді болды .

  • @user-lj3gj9pn9x
    @user-lj3gj9pn9x 23 дня назад +2

    Пай пай шіркін недеген мағыналы сөздер!

  • @user-wl7gc1lm9l
    @user-wl7gc1lm9l 24 дня назад +3

    Жарқын-👍👍

  • @user-iq4pi3fu4l
    @user-iq4pi3fu4l 21 день назад +2

    Жақсы сұхбат болды.

  • @zh.gulmira
    @zh.gulmira 24 дня назад +3

    Сөз саптауларыңыз қандай керемет👏

  • @bake_tdk
    @bake_tdk 21 день назад +2

    Пайдалы сухбат екен👍🏻

  • @sarashabden
    @sarashabden 24 дня назад +2

    Төле биді айтқандарыңыз орынды болған! Жоңғарлардың тұтқынынан Абылай ханды өз шешендігінің арқасында босатыа алды емес пе..?

  • @Aizhan756
    @Aizhan756 24 дня назад +3

    Керемет сұхбат 👍

  • @eroxa6109
    @eroxa6109 19 дней назад +2

    Ұстаздық еткен жалықпас,
    Үйретуден балаға.

  • @atyraukazakhstan1708
    @atyraukazakhstan1708 23 дня назад +5

    Қазақ қобыз , домбыраның үнін түсінген қазақ едік. Исламисттер мен християндар келіп мәңгүрт қылып тастады .

    • @eroxa6109
      @eroxa6109 19 дней назад

      Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
      Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
      -Абай Құнанбайұлы
      Мұсұлмандар мәңгүрт қылдыма сонда🤫🤔

    • @atyraukazakhstan1708
      @atyraukazakhstan1708 19 дней назад

      @@eroxa6109 Мәңгүрт болмаңдар, Абай ондай сөз айтып , куәлік беретін Расул ма не !.

  • @user-cq2kd3vj1t
    @user-cq2kd3vj1t 23 дня назад +2

    Тамаша! 🔥

  • @user-le8kn1qw1m
    @user-le8kn1qw1m 22 дня назад +2

    Керемет

  • @_gulnaz_0485
    @_gulnaz_0485 23 дня назад +2

    Керемет, үшінші бөлім күтеміз

  • @aruka.rr2006
    @aruka.rr2006 23 дня назад +2

    Өте керемет әрі қызықты🤩🤩🤩🤩🤩

  • @aiymnurgali1067
    @aiymnurgali1067 24 дня назад +2

    Өте бір мағыналы, өнегелі , тәрбиеге толы контент шығыпты😊

  • @AselBazarbai
    @AselBazarbai 12 дней назад +1

    Базарбай Әсел 8"А"
    1 сағатқа созылған бұл сұқбаттың негізгі тақырыбы мен басқада көтерілген мәселерін анық-қанығымен түсіндім.Бастапқыда алдыңғы сұқбат пен сол сәтте болған сұқбаттың айырмашылығын талқылады.Хакім Абайдың 19-қара сөзінен үзінді айтып, естілердің бірі болуды дәріптегені бастапқыда жақсы із қалдырды.Сонымен қатар, шешендік сөзді қолданудың жан-жақты қолдану дұрыс,бірақ дұрыс сөйледім деп, көп сөйлеп көпірудің қажет жоқ екенін ұғындым.Біздің мектептің оқушыларының шешендік сөйлеу өнері пәнінен алған білімін кез-келген жағдаятта дұрыс пікірмен қолдана алатынын білдім.Маған Жарқын ағайдың Ахмет Байтұрсынұлының "Сөздің мақсаты:белгілі пікірді түрлі дәлелдермен сипаттап түсіндіру мен ғана қоймай,сол сөзге сендіру,нандыру,үйрету,балқыту ,иман келтіру" деген сөзін мысалға алғаны қатты әсер қалдырды.Одан бөлек ата-баба ұлағатын кеңінен дамытуға жоғарғы оқу ағарту министрлігінің бейжай қарағаны біртүрлі көзқарас қалдырды.Сұқбатты тыңдай отырып ШСӨ пәнінен дәріс алғандардың ойы қарапайым үлкен адамдардан қарағанда кеңірек болатынын түсіндім.Мен сұқбатты тыңдай отырып мына сөздерді дәптеріме түртіп алдым:
    Жанғұт шешен айтады: "1 сөз айтсаң жақсыға аталы сөзге тоқтайды, 1 сөз айтсаң жаманға өмірінде ұқпайды.Надандықтың белгісі өзін-өзі мақтайды.Көкірегі соқырға өмірде таң атпайды",
    Ахмет.Б: "Білімдіден не пайда,білгеннін жұртқа айтпаса.Үйреткенен не пайда қайырымы қайтпаса" - деген астары кең сөздер маған ұнады.
    Ағайдың ауқымды тақырыпқа біраз шешендік оқиғалар келтіре айтып кеткені көңілді жайдарлатып жіберді.Соңғы тұста осы мектептің оқушыларының өздері шығарған нақыл сөздерінің бірі "Ата-бабаңның ұлағатын анаңдай қадірле!" жүрекке жетіп , жүректің ішкі сезімін толғандырып жібергендей болды.Тағы да қосатыным, ағайдың сөзді жеткізу әдістерінің ішіндегі "1 ауыз сөзбен жұбату" әдісін Қаз дауысты Қазбек бидің оқиғасымен байланыстырғанды көңіліме сезімін отын ұялатты.
    Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, аталы сөзге арсыз ғана токталмайды демекші, сөз қадірін өз қадіріміз деп ұғайық және дәріптейік!

  • @user-ep3ud8ie9k
    @user-ep3ud8ie9k 12 дней назад +1

    Кеш жарық ағай!
    Аяулым Бақытқызы. Мен бұл сұхбаттан өзіме одан сайын шешендікті білуге,үйренуге жігерлендіретін қуатты сөздерді ойыма түйдім.Ақарыс пен Шадиярдың бұл сұхбатқа деген пікірлеріне көз жүгіртіп шығып соңында өзіме де сұхбат қызықты болып көрген жайым бар.Бірақ,ерінбей уақытымды бөліп көргеніме еш өкінгенім жоқ.Сұхбат барысында сіздің осы шешендік өнер жолында сіңірген біраз еңбегіңіз тіпті осындай керемет мұғалім болуға дейін қаншама еңбек еткеніңіз жайлы да білдім.Сұхбатта өзіңіз айтып өткендей қазір шешендікке деген құлшынысы жоғары балаларлың көбеюі қатты қуантты.Сосын мына қазіргі адамдардың бұрынғы тарихын,бабалардың іс-әрекетін білуге ,тануға мүлдем қызығушылығы мүлде жоқ тарих деген ол жай ертегі,бөскен әңгіме дейді.Бірақ,Әлихан Бөкейханның өзі мақаласында бұрынғы тарихымыздан хабардар болсақ,бабаларымыздың мұрасын,құндылығын,бұрын қандай адам болғанын біле аламыз және соны үлгі тұта отырып өз өмірімізді құрамыз дейді.Сізде жаңа айтып өткен Жолжақсы Әсет ағамызда өзінің бабалары қандай болғанын аңғара отырып,неге сондай жақсы,шешен болмаймыз деген екен.Алайда,менің көңілім түскен бір сәт ол мына жоғарыда отырған биліктегі адамдардың сіздің ұсынысыңызды құптамағаны.Бірақ,еш берілмей жүрген жерінде әрбір оқушыға өзіңіздің білікті ұстаз екеніңізді білдіріп,оқушыларды жақсыға қарай үйреткеніңіз яки өз ықпалыңызды тигізгеніңіз өте жақсы және осы сіз секілді кез келген жерде аталы сөз айтатын ұстаздардың көп болғанын қалаймын.Ақарыс айтып өткендей,сыныптасым Нұрасылдың да жеткен жетістіктері жайлы айтылғанда қатты қуандым.Нұрасыл өзгелерге үлгі боларлық жігіт болып келе жатыр десемде болады.Өзімізбен жасты баланың мақала жазып,қырықтан аса шешендік әңгіме жаттап,сайысқа түскені бұл бір үлкен жетістік және соның бағаланғанына қуаныштымын.
    Сайып келгенде,бұл сұхбатты көргеніме еш өкінбеймін.Біраз мәліметтер жинап,тағы да мәнді,мағыналы ұлағатты сөздерді де ойыма сақтап алдым.Жалпы айтқанда сұхбат мен үшін тиімді болды .

  • @user-iy8vp3qu8s
    @user-iy8vp3qu8s 24 дня назад +3

    👏👏👏👏💪🔥

  • @Medet_Sadvakasov84.
    @Medet_Sadvakasov84. 24 дня назад +2

    Өте тамаша сұқбат

  • @user-wh8rk5qc7u
    @user-wh8rk5qc7u 19 дней назад +2

    👍👍👍📚📚📚🇰🇿🇰🇿🇰🇿❤❤❤

  • @user-zr1td8yp5s
    @user-zr1td8yp5s 24 дня назад +2

    Керемет әңгіме

  • @yelddana3155
    @yelddana3155 24 дня назад +2

    кандай коркем создер😍

  • @Shabdenova.bayansulu
    @Shabdenova.bayansulu 24 дня назад +2

    Біздің тіл керемет қой

  • @zh.gulmira
    @zh.gulmira 24 дня назад +2

    Керемет сұхбат болды👏

  • @Kausarboom
    @Kausarboom 16 дней назад +1

    Осы Құрмет қайда көрінбей кетті Маңғыстауға шөп жинаған? Аманба әйтеуір хабарыңыз барма ақкөңіл нағыз қазақ еді құртып жіберген жоқпа белсенді болып жүретін еді

  • @AraiAskhat
    @AraiAskhat 24 дня назад +3

    керемет🔥

  • @enliksharimbay5368
    @enliksharimbay5368 24 дня назад +3

    Неужели🎉🎉🎉

  • @user-wl7gc1lm9l
    @user-wl7gc1lm9l 24 дня назад +2

    Даланың ділмәрләрі, атын ұмытып таппай жүр едім

  • @user-sr2qv6lx4e
    @user-sr2qv6lx4e 16 дней назад +1

    Тау тұлғалар да бүгінде бар екен-ау.

  • @Bayashkau
    @Bayashkau 24 дня назад +2

    Оо екінші бөлімін күткен едім🔥

  • @nurdauletbayzakov6294
    @nurdauletbayzakov6294 20 дней назад +2

    👍

  • @azimyerkinov6355
    @azimyerkinov6355 13 дней назад +1

    Керемет 🔥

  • @user-ls6ge4zl7w
    @user-ls6ge4zl7w 17 дней назад +1

    Керемет сұхбат😍👍

  • @user-ds9jk6ry5f
    @user-ds9jk6ry5f 3 дня назад

    Алла разы болсын!

  • @user-zc3ld2ee3q
    @user-zc3ld2ee3q 23 дня назад +2

    👏🏻👏🏻👏🏻

  • @user-wh8rk5qc7u
    @user-wh8rk5qc7u 19 дней назад +1

    Астанада бар ма ,балаларымызды берсек.👍

  • @aliyasharimbay6339
    @aliyasharimbay6339 24 дня назад +3

    Маган да унамайды сондай кисилер, биреуден жалынып сурап, бермесен ренжип сонында каргыстап кетеды гой😢😢 Оларга ким миндетты екен комек корсетуге. Сиздер акшаны аспаннан алып жаткан жоксыздар гой. Керек болса енбектенсин, тапсын, Кудайдан сурасын. Осыны Абай атамыз оз кара создеринде де айтып кеткен. Халык малды байлардан сурайды, бермесе ренжиды деп. Оны Абай атамыз надандыктан жалкаулыктан деп.

  • @user-on4wz7mx6v
    @user-on4wz7mx6v 5 дней назад +1

    Ассалаумағалейкум даланың ділмарлары кітабын қайдан алуға болады,

  • @stbrgn
    @stbrgn 24 дня назад +2

    👏🏼

  • @user-lk3bi9oq5f
    @user-lk3bi9oq5f 21 день назад +3

    Мәселе пәнде емес оны оқытатын маманға байланысты .

  • @Nargiza02
    @Nargiza02 24 дня назад +4

    Расыменде қазіргі балалар басқаша сияқты)