САРАСӨЗ. Қарагөз Сүлейменовамен сұхбат. Бибігүл Төлегенова

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 13 сен 2024
  • 00/01/58/00 Біздің қазақ халқының әндері ерекше ғой. Несімен ерекше?
    Бибігүл Төлегенова:
    00/02/01/16 Мен осы қашанда бір басқа мемлекет болсын, бұрын енді ТМД-да көп жүрдік қой. Мен Советтер Союзында дамыған адаммын ғой. Сонда менен сұрайды: «Бұл қандай әдемі романс?», «Мұның авторы кім?» деп. Мен айтам мұның авторы - халық. Мен «Алқоңырды», «Гауhартасты», «Жиырма бесті» айтам, сондй әндерді айтсам: «Бұл қандай романс?», «Біз неге білмейміз?» дейді. Мен айттым: Бұл- романс емес, бұл- қазақтың халық әні. Оны халық жазған деймін. 00/02/34/24
    00/03/56/17 Көбіне мен ән айтқанда, қандай әнді айтайын, классика болсын, халық әндері болсын, өзіме сол табиғаттың барлығын көз алдыма келтіремін. Соны көріп отырамын мен 00/04/08/19.
    Қарагөз Сүлейменова:
    00/04/39/21 Өткен өміріңізді еске алсаңыз, өзіңіз қай сәтті кері қайтарғыңыз келеді? 00/04/46/10
    Бибігүл Төлегенова:
    00/04/47/03 Менде балалық шақ болған жоқ.Өйткені, 1937 жылы әкем атылып кетті. Онда мен 1 сыныпқа барған баламын. Сол күні менің балалық шағым бітті. Одан Отан соғысы басталды. Осы мәдениет саласына мен 18 жасымда келдім. Ал қазір баланы 5-7 жасынан өнерге үйретеміз. Біздің ондай жағдайымыз болған жоқ. 00/05/35/08
    00/06/09/00 11 жастан 18 жасқа дейін мен қара жұмысшы болдым. Менің басымнан бәрі де өтті. Мен әлгі аспаннан түскен әнші емеспін. Ертең спектаклім болса, бүгін мен талып жатпаймын, кірімді де жуам, үйімді де жуам, тамағымды да істеймін, қолымды жуып, сосын, сахнаға да шығамын.
    00/06/27/17
    Қарагөз Сүлейменова:
    00/08/44/11 Адам дәуірді жасай ма, әлде дәуір адамды жасай ма?
    Бибігүл Төлегенова:
    00/08/47/15 Адамды дәуір жасайтын шығар... 00/08/51/13
    Қарагөз Сүлейменова:
    00/09/08/07 Өнердегі майталмандармен жұмыс істедіңіз, шоқжұлдыз болдыңыздар, Күләш Байсейітова, Кәукен ағамыз, Шабал Бейсекова, ағайынды Абудуллиндер. 00/09/19/23
    Бибігүл Төлегенова:
    00/09/28/02 Ең бірінші біздің жарқыраған жұлдызымыз, әрине, Күләш Байсейітова. Ол-біздің пионеріміз. Сол кісінің арқасында әуелі мына Абай атындағы театр салынды. 00/09/39/00
    00/09/49/20 Қазір сол кісінің атынан сөйлейтін ешкім жоқ. Биыл ол кісі 110 жасқа келіп отыр. 00/09/59/10
    00/11/13/12 Менің шын фамилиям Байқонысова болуы керек. 00/11/15/21
    00/11/35/07 Шынымды айтсам Төлегенов деген біздің псевдониміміз. 00/11/35/08
    00/23/14/17 Мамам менің жиырма бес жасында жеті баламен қалды. Жеті баланың үшеуі қайтыс болды. Төртеуіміз болдық. Біреуі мамам кеткеннен кейін кетті. Біреуі былтыр бір апам бар еді, 93-ке келіп ол кісі қайтыс болды. 00/ 23/30/09
    00/04/01/15 Жақсыны да, жаманды да көрдім. Бүгінгі күніме құдайға шүкір ризамын. Өйткені, бәріне де қанағат болуы керек қой 00/24/06/15
    24/09/16 Әкем 1938 жылы атылып кетті. 1958 жылы ағартылды. 1964 жылға дейін мені шетелге шығармады. 00/24/22/06
    Қарагөз Сүлейменова:
    00/26/16/00 Сіздің кезіңізде домалақ арыз деген көп еді ғой. Үстіңізден домалақ арыз түскен кез болды ма? 00/26/23/06
    Бибігүл Төлегенова:
    00/31/05/19 Еще қандай!... 00/31/08/20 Жазыпты, бізде Бибігүл Төлегенова деген классикалық опера әншісі жоқ, қазақ әндерін айтатын Бибіүл Төлегенова бар. Ол халық әнін айтады, ал классикалық әнші жоқ,-депті. 00/31/26/04
    00/34/19/24 Мен жақсымен жақсымын. Жаманмен жаманмын. Енді қазір соған қарай жаман болған жоқпын 00/34/53/16
    00/35/32/00 Ең бастысы, елдің тамағы тоқ болсын, тыныштық болсын. Бізді іштегі дау, сырттағы жауданс ақтасын! 00/35/47/00

Комментарии • 38

  • @user-rv1ho2gi9x
    @user-rv1ho2gi9x Год назад +10

    Қазақтың көз қуанышы, мақтанышы! Апатайымыз аман болсын! Орамызда жүре тұрыңыз, Алладан соны тілейміз!❤

  • @12_457
    @12_457 Год назад +18

    Әлемдегі бірінші әнші!!!

  • @user-pp8gt8ws1j
    @user-pp8gt8ws1j 2 года назад +20

    Карагозге рахмет, шакырып тири кездеринде сухбат алып калган дурыс, бул кисилер тарихта калады, аман болсын,узак жасасын!

  • @12_457
    @12_457 Год назад +11

    Керемет!!! Сөзім жоқ. Нағыз қазақтың қызы!!!

  • @user-ew9ss8hn8m
    @user-ew9ss8hn8m Год назад +9

    Бибігүл апамыз аман сау отыра берсін

  • @ЖибекЖибек-я9о
    @ЖибекЖибек-я9о 2 года назад +11

    Керемет сұхбат!

  • @alikhanbaisultanov7259
    @alikhanbaisultanov7259 2 года назад +14

    Ғажап сұхбат болыпты🔥

    • @user-fu4me9wl5y
      @user-fu4me9wl5y Год назад +2

      Ғажап сұхбат болыпты ,Аллаһтың берген жасын жасай беріңіз апатай,
      сіздің жасауыңызды берсін өзіме де тілеймін!Әмин🤲🤲🤲

    • @user-xz8qh7zk5d
      @user-xz8qh7zk5d Год назад

      Бибигуль Тулегенова лучшая но она старая но все равно отлично поёт РОЗА Рымбаева она и выдвинула своё время что обижаться и РОЗА отлично поёт и сыновья

  • @user-re1ft9wl2q
    @user-re1ft9wl2q Год назад +5

    ❤❤❤❤❤🌹🌹🌹

  • @СаулеАлдабергеновна

    Қадірлі апам Бибігүл Ахметқызы!!
    Абыз ана,қазақтың бұлбұлы ғасыр жасаңыз!!
    Семей Абралы менің туған жерім өз апамғой!! Аман-есен болыңыз!!
    Қаракөз сізге мың алғыс!!

  • @user-uz3ik6xq6j
    @user-uz3ik6xq6j Год назад +1

    Бибыгул апа аныз Адам,100 жаска жете берыныз Казактын Булбул кызы,деныныз САУ болсын,ауырманыз.

  • @user-il8bi9eg3o
    @user-il8bi9eg3o Год назад +8

    БССМИЛЛА РАХМАН РАХИМ АЛЛАНЫҢ МЕЙІРІМІ ШАПАҒАТЫНА БӨЛЕНІҢІЗДЕР РАХМЕТ РАХАТЫН ӘЛЕММЕН БІР КӨРГЕНГЕ ЖАЗСЫН ЖӘНЕ КЕЙУАНА БИБІГҮЛ АХМЕТ ҚЫЗЫ КЕШІРІҢІЗ СӘЛЕМЕТСІЗБЕ , СІЗ АНДА САНДА БОЛСАДА ҮЛКЕН СПЕКТАКЛДЕРДЕ САЛМАҚТЫ ҰРПАҚҚА ҮЛГІЛІ ІС ШАРАҒА ҚАТЫСЫП ҚОЙСАҢЫЗ БОЛАМА ,ӘЖЕНІҢ РОЛЬНЕ МЫҚТЫ БОЛАР ЕДІ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ӘЛЕМ КЕҢЕСШІСІ ЕЛ БАСЫНЫҢ ӘЖЕСІ БОЛЫП ОЙНАДЫҢЫЗ ҒОЙ РАХМЕТ ӘДЕМІ ҚАРТАЙЫҢЫЗ РАХМЕТ РАХМЕТ РАХМЕТ

  • @АсемСейткулова-х4з

    тамаша кісі

  • @AaaAaa-vj3fc
    @AaaAaa-vj3fc Год назад +4

    Жаным апа,Бибігүл Ахмет қызы Төлегенова(Байғонысова),жүз жазаңыз,жүзден асыңыз,бар қазағыма сіздің жасыңызды,парасаттылығыңызды,
    адамдық биік қасиетіңізді дарытсын,қандай ғажап,ғасыр адамы,көмейіне бұлбұл ұя салған,сыңғырлыған күміс дауысы сырын жоғалтпаған,аңыз адам,ғажайып адам,апамыз,сүйсініп,сүйініп тыңдаудан жалықпайсың,ұлылардың көзі,ұлылардан қалған тұяқ,абзал апамыз,қатты тебіренттіңіз.
    Әкесіне деген махаббаты,сағынышы көкейінде қалып қалған,өмір бойы әкесін аузынан тастамай айтып келеді,қазақтың бетке ұстар арыстары сталин зұлымның кесірінен жазықсыз жапа шекті.
    Өнері өмірі болған тарихи тұлға,сіздің ғұмыр жасыңыз біздерге үлгі,бағыт-бағдар нұсқаушы,еліңіздің бағына жасай беріңіз,еліңіз сізді қадір тұтады,еліміздің дана анасы.

    • @aser9814
      @aser9814 Год назад

      Неге Байғонысова? Төлегенова деген күйеуінің тегі ме қалай?

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc Год назад +1

      Алаштықтарды,оқыған адамдарды қуғынға ұшыратқан кезде,халық жауы деп,ұрпақтары жамағайындарының тегін алып,өзгерткен, қуғын-сүргіннен аман қалу үшін,өз аталарымыздың да басынан өткен осындай жағдай,әр атаға,үлкен аталарына т.б.жазылып кеткен.

    • @nazko28
      @nazko28 Год назад

      ​@@aser9814Видеоны қараңыз

    • @gulzada1385
      @gulzada1385 9 месяцев назад

      ​@@AaaAaa-vj3fcсіз білесіз, дұрыс болар

  • @ИринаДуйсенбаева
    @ИринаДуйсенбаева 10 месяцев назад

    Керемет сухбат! Бибигуль апамызга Улкен денсаулык!!!!

  • @user-ie1js8qe8u
    @user-ie1js8qe8u 8 месяцев назад

    Керемет Бибигуль апамыз! Казактын казынасы !

  • @user-zy4fl5rr3c
    @user-zy4fl5rr3c Год назад

    Тамаша,керемет қандай әдемі Бибигүл апамыз мың жасаңыз!!!

  • @yasagan824
    @yasagan824 Год назад +12

    АПАМДЫ ҚАЗАҚҚА ҚҰДАЙ БЕРГЕН.
    АПАМА ДА
    ҚҰДАЙ БЕРГЕН !
    АПАМА ОРАМАЛ КЕРЕМЕТ ЖАРАСЫП ТҰР .
    ШЫНЫМДЫ АЙТСАМ
    МЕН АПАМА ҒАШЫҚПЫН !
    ИЯ , ҒАШЫҚПЫН !

  • @СұлуқызолБаян
    @СұлуқызолБаян Год назад +3

    Ғажап сұқпат болыпты

  • @НазгүлСеиджанова
    @НазгүлСеиджанова Год назад +1

    Аман болыңыз!

  • @НазгүлСеиджанова
    @НазгүлСеиджанова Год назад +1

    Бибігуль Апа Аңыз Адам!!!👏👏👏

  • @timurbaratov_
    @timurbaratov_ Год назад +9

    Bibigul apamyz Alla buiyrsa juz jasasyn

  • @user-qb8zz6ev6m
    @user-qb8zz6ev6m Год назад +2

    Қаракөз- алтынның сынығы,
    асылдың тұяғы, АСҚАРДЫҢ
    ақылды қызы......

    • @user-px7rt5ux9o
      @user-px7rt5ux9o 8 месяцев назад

      Сүйкімді біздің сұлу апамыз жүз жасаңыз менің әкемде ҚайнарлықАбралыдан Семейдің Казпедучилищесін 1941 жылы бітіре саласымен соғысқа алынып шығыста әскери борышын атқарып аман есен оралады. Сонда біз соғыстан кейін туған баламыз сіз Семейде ет комбинатында істеп жүргенде біз жаңа туып жатқан баламыз әкеміз сіз туралы мақтанышпен айтатын біздің Қайнарлық Бибигүл деп.Ол кісі де 98 жас жасады.Сізге әлі де ұзақ өмір тілейміз денсаулығыңыз мықты болсын біз Сізді мақтан тұтамыз біздің сүйікті апамыз .Ізгі ниетпен Гүлсұлу Рахмет қызы.

  • @user-er8pu7hj9z
    @user-er8pu7hj9z 3 месяца назад

    ЕЛ АНАСЫ!!! И НИКАКИХ РЕШЕНИЙ ПАРЛАМЕНТА .НАРОД ЕЕ ТАК НАЗВАЛ .

  • @user-ew9ss8hn8m
    @user-ew9ss8hn8m Год назад +3

    Қаракөз, өзің тамаша болып сәнденіпсіз апайды да әсемдеп алмадыңыз ба.? Апай сонда да сырлы аяқ қой сыры кетпей тұрған

  • @user-gq9nj6hl5k
    @user-gq9nj6hl5k 8 месяцев назад

    Орысша да қазақшада тап таза сойлейді.

  • @aivengoraj
    @aivengoraj Год назад

    Есть ли тут что про Галину Иосифовну Серебрякову? Подскажите, пожалуйста. С какой по какую минуту. Собираем отовсюду данные по ней. Будем очень признательны!

  • @user-ko3cv2bt7b
    @user-ko3cv2bt7b Год назад +3

    Ойии, көп сөйлейді мына Қаракөздерің!! Мылжыңдап кетеді.

  • @mirumirmirumir4447
    @mirumirmirumir4447 9 месяцев назад

    Не сұхбат. Қайта қайта үзіп тастайсыз қонақты. Үндемей отыру керек осындай адаммен сөйлесіп отырганда