па шіркін ан салса ардақтай салсын талықсытып тамылжытып кейде көкке көтеріп шығандатып айтатын нағыз жез таңдай әнші ар қашанда аман сау бақытты болсын
Қарғам-ау 0 0 Сөзі Қарғам-ау, сен қалайсың мен дегенде, Құриды ынтызарым сен дегенде. Аршын төс, алма мойын, беу, қарағым, Бал татыр сілекейің шөлдегенде. Қарғам-ау, ақша жүзің айдан аппақ, Аулыңнан шыға алмаймын айналақтап. Қасыңа ешбір адам бара алмайды, Көргенде ақ жүзіңді тайғанақтап.
па шіркін ан салса ардақтай салсын Дұрыс жазылу үлгісі: Па, шіркін! Ән салса Ардақтай салсын. Қазақ тілінің і, ң әріптері тұрған жерде "ә"әрпі де болу керек қой. Ан салса - бұлай тілді бұзып жазу (сөйлеу), тілді құрметтемеу. Өзінің ана тілін өгей ұлдары ғана аяққа таптайды, өгей ұлдары ғана менсінбейді. Ғ.Мүсіреп(ов).
Сөзді (пікірді) жазғанда қатесіз, әрі тыныс белгілерін орындарына дұрыс қоя отырып жазу керек.Сол сияқты жалғауларынан, буындарынан, әріптерінен айырылған шолақ сөздерді де қолдануға, қазақша сөздердің арасына жат жұрттық сөздерді араластыруға және сөзбен сөздің арасын лас сөздермен байланыстыруға болмайды. Қазақтың ең бірінші байлығы - тілі.Тілі жойылса, қазақ деген ұлт та жойылады. Ұлт деп, өзінің ұлттық тілі бар халықтарды ғана айтады. Сондықтан қазақша сөздерді шала қазақ тілінің сөздік, сөйлемдік үлгілерімен бұзып, шұбарлап жазғанды тоқтату керек. Ұлттың жойылуы, Тілінің жойылуынан болады. Тілдің жойылуы, Оның бұзылуынан бастау алады. Тілдің бұзылуы, Халықтың адасуынан болады. Халықтың адасуы, (Тілін таптауы), Тәртібі жоқ елде болады. Тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам, ол - өзінің ана тілінде дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білетін адам. М.Әуез. Кәзіргі кездегі қазақ тілінің шұбарланып бұзылуы мен дыбыс үндестігінің жойылуына байланысты жағдайларды толығырақ білгіңіз келсе, Еркін Омардың "Тіл аралық бұзылған тіл туралы жалпы түсінік және оның орын алу себептері мен сипаттары " атты кітапшасын немесе "Қазақ тілінің қадірін кетірмейік!" атты мақалалар жинағын қараңыз. Гүгілден Казнэб деп іздеп табу арқылы, кез келген адамның ашып оқи беруіне болады. (Казнеб - казахстанская электронная библиотека).
па шіркін ан салса ардақтай салсын талықсытып тамылжытып кейде көкке көтеріп шығандатып айтатын нағыз жез таңдай әнші ар қашанда аман сау бақытты болсын
Ардақтай әншілерді,көбірек шығару керек.Керемет дауыс.
Ардақ әнші қарындасымды бүгін біліп жатырмын, тамаша әнші екен. Риза болдым.
Керемет
Ардақ сияқты талантты қыздарымыз, баршылық, дегенмен Ардақтай сабырлы,мəдениетті əншілеріміз кемде кем! бақытты бол,қарағым!
Өмірге бір келген қарындасым ай,,айналдым сенен,,,,,,
Недеген орындау!! Дауыс қай жерінен шығып жатир!!!!✌🏼🥇
Шебер орындау.
Қарғам-ау
0
0
Сөзі
Қарғам-ау, сен қалайсың мен дегенде,
Құриды ынтызарым сен дегенде.
Аршын төс, алма мойын, беу, қарағым,
Бал татыр сілекейің шөлдегенде.
Қарғам-ау, ақша жүзің айдан аппақ,
Аулыңнан шыға алмаймын айналақтап.
Қасыңа ешбір адам бара алмайды,
Көргенде ақ жүзіңді тайғанақтап.
па шіркін ан салса ардақтай салсын
Дұрыс жазылу үлгісі: Па, шіркін! Ән салса Ардақтай салсын.
Қазақ тілінің і, ң әріптері тұрған жерде "ә"әрпі де болу керек қой.
Ан салса - бұлай тілді бұзып жазу (сөйлеу), тілді құрметтемеу.
Өзінің ана тілін өгей ұлдары ғана аяққа таптайды, өгей ұлдары ғана менсінбейді.
Ғ.Мүсіреп(ов).
Сөзді (пікірді) жазғанда қатесіз, әрі тыныс белгілерін орындарына дұрыс қоя отырып жазу керек.Сол сияқты жалғауларынан, буындарынан, әріптерінен айырылған шолақ сөздерді де қолдануға, қазақша сөздердің арасына жат жұрттық сөздерді араластыруға және сөзбен сөздің арасын лас сөздермен байланыстыруға болмайды. Қазақтың ең бірінші байлығы - тілі.Тілі жойылса, қазақ деген ұлт та жойылады. Ұлт деп, өзінің ұлттық тілі бар халықтарды ғана айтады. Сондықтан қазақша сөздерді шала қазақ тілінің сөздік, сөйлемдік үлгілерімен бұзып, шұбарлап жазғанды тоқтату керек.
Ұлттың жойылуы,
Тілінің жойылуынан болады.
Тілдің жойылуы,
Оның бұзылуынан бастау алады.
Тілдің бұзылуы,
Халықтың адасуынан болады.
Халықтың адасуы,
(Тілін таптауы),
Тәртібі жоқ елде болады.
Тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам, ол - өзінің ана тілінде дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білетін адам.
М.Әуез.
Кәзіргі кездегі қазақ тілінің шұбарланып бұзылуы мен дыбыс үндестігінің жойылуына байланысты жағдайларды толығырақ білгіңіз келсе, Еркін Омардың "Тіл аралық бұзылған тіл туралы жалпы түсінік және оның орын алу себептері мен сипаттары " атты кітапшасын немесе "Қазақ тілінің қадірін кетірмейік!" атты мақалалар жинағын қараңыз.
Гүгілден Казнэб деп іздеп табу арқылы, кез келген адамның ашып оқи беруіне болады. (Казнеб - казахстанская электронная библиотека).
Өзің сыйяқты ешкім орындай алмайды
Керемет