Павлодар мұнай химия зауытында алдын алу жұмыстары басталады

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 июн 2024
  • Павлодар мұнай-химия зауытында алдын алу жұмыстары басталады 08.06.2024, 19:33 382 17 маусымда Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталады. Бір айға созылатын бұл жұмысты зауыт басшылығы мерзімінен бұрын аяқтауды діттеп отыр. Мұнай өңдеушілер науқанға мұқият дайындалған. Резервуарларда жанар-жағармайдың барлық түрі бар. Оның қоры 40 күнге жетеді. Бүгін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Асхат Хасенов кәсіпорынның дайындығымен танысты. Жыл басынан бері Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарды асыра орындады. Кәсіпорын шамамен 2,5 миллион тонна шикі мұнайды өңдеді. 730 мың тонна бензин, 800 мың тоннадан астам дизель отыны және 113 мың тонна авиакеросин шығарылды. Асхат Хасенов, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы: - Қазіргі таңда республика бойынша отынның, жанар-жағармай отынның қорлары, бензиннің және дизель отынының қорлары жеткілікті. Біз Павлодар зауыты ремонтқа дизель отыны бойынша 40 мың тоннна, бензин бойынша 20 мың тонна қорлармен кіретін боламыз. Жоспарлы-алдын алу жұмыстарына зауыт толықтай дайын. Жаңа жабдықтар мен қажетті материалдар да жеткізілген. Профилактика науқанына саланың ең үздік мамандары тартылған. Барлық болжамдар бойынша жұмысты сапалы және уақытында аяқтауға еш кедергі жоқ. Асхат Хасенов, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы: - Биыл зауытта меркоптандық қосуларды ұстап қалу қондырғысы іске қосылады. Ол сұйытылған мұнай-газды бізге жоғарғы талаппен шығаруға мүмкіндік береді. Жұмыс судың сүзгі қондырғысын орнатумен аяқталады. Бұл Ертістен техникалық суды аз көлемде алуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде технологиялық жабдықтардың коррозияға қарсы әсері де жақсарады. Сонымен бірге зауытта бензин мен дизель отынын өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін сутегі өндіретін қондырғысы да салынуда. Достық Талғатұлы, Ербол Әбішев, Марат Игіліков

Комментарии •