Құшағыңа қондырдың да бірақ түн, Ей, бауырым, қызды неге жылаттың?! Сауап емес, күнә жинап Құдайдан, Жолың қалай сұрамақсың жұмақтың? Кеше сені санап жүрген тірегі, Ол байғұстың жаралы енді жүрегі. Үйіндегі қарындасың секілді, Ол қыз да бір шаңырақтың гүлі еді. Тапқандай боп бұл өмірде серігін, Саған ғана артты бәлкім сенімін. "Қыз дегенің айналамда көп қой" деп, Олай қатты қателеспе, сен, інім! Сыйла оған өмірдің бар шаттығын Себебі ол сенің ғана аққуың! Сені мәңгі сүйгендіктен осылай, Саған ғана арнаған ғой пәктігін... Бейкүнә қыз жасқа толып жанары, Таусылды ғой бойындағы амалы... Қыз ғұмырдың тас-талқанын шығардың! Ал, ол сені қорғанына балады. Қиналуда таппай өмір шешімін, Өз қолыңмен ашшы бақыт есігін! Сен ол үшін жалғызсың ғой, сондықтан, Кішірейіп сұра бүгін кешірім! Сенімдімін! Бақыт сыйлап таң алдан, Сол қызыңмен орындалар бар арман! Сені сүйсе, көкіректі көтерме, Қыздар деген сүю үшін жаралған!
3:05 Жігіттердің әңгімесі бүгінгі. #Медетбай_Ақсерке
😮😢
Құшағыңа қондырдың да бірақ түн,
Ей, бауырым, қызды неге жылаттың?!
Сауап емес, күнә жинап Құдайдан,
Жолың қалай сұрамақсың жұмақтың?
Кеше сені санап жүрген тірегі,
Ол байғұстың жаралы енді жүрегі.
Үйіндегі қарындасың секілді,
Ол қыз да бір шаңырақтың гүлі еді.
Тапқандай боп бұл өмірде серігін,
Саған ғана артты бәлкім сенімін.
"Қыз дегенің айналамда көп қой" деп,
Олай қатты қателеспе, сен, інім!
Сыйла оған өмірдің бар шаттығын
Себебі ол сенің ғана аққуың!
Сені мәңгі сүйгендіктен осылай,
Саған ғана арнаған ғой пәктігін...
Бейкүнә қыз жасқа толып жанары,
Таусылды ғой бойындағы амалы...
Қыз ғұмырдың тас-талқанын шығардың!
Ал, ол сені қорғанына балады.
Қиналуда таппай өмір шешімін,
Өз қолыңмен ашшы бақыт есігін!
Сен ол үшін жалғызсың ғой, сондықтан,
Кішірейіп сұра бүгін кешірім!
Сенімдімін! Бақыт сыйлап таң алдан,
Сол қызыңмен орындалар бар арман!
Сені сүйсе, көкіректі көтерме,
Қыздар деген сүю үшін жаралған!
😭
😢😮