Мәжілістің жалпы отырысы / Пленарное заседание Мажилиса 12.06.2024

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 12 сен 2024
  • Депутаттар Жоғары аудиторлық палатаның көлікті дамытуға және көлік саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы есебін қарайды.
    Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер екінші оқылымда қаралуда. Заң жобасы Мемлекет басшысының азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешу қажеттігі туралы тапсырмасын орындау мақсатымен әзірленген. Осы мақсатта «Отбасы Банкі» АҚ-ны ұлттық даму институтына айналдыру ұсынылып отыр.
    Сондай-ақ Қазақстан мен Сингапур арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы мен инвестициялар туралы келісімді ратификациялау жобасы да күн тәртібінде.
    Бұдан бөлек депутаттар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем алу тәртібін жетілдіру туралы заң жобасын Салық кодексіне енгізілетін ілеспе түзетулермен, сондай-ақ бірқатар ратификациялық жобаны жұмысқа қабылдайды.
    Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің RUclips арнасы мен Facebook парақшасынан, 24KZ және Jibek Joly телеарналарынан көре аласыздар. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды оқи жүріңіздер.
    -
    Депутаты рассмотрят отчёт Высшей аудиторской палаты об эффективности использования бюджетных средств, выделенных на развитие транспорта и обеспечение государственного контроля в этой сфере.
    Второго чтения ожидают законодательные поправки по вопросам реформирования жилищной политики. Законопроект разработан во исполнение поручения Главы государства о необходимости решения вопроса доступности жилья для граждан. В этих целях АО «Отбасы банк» предлагается преобразовать в национальный институт развития.
    На рассмотрение также выносится проект ратификации Соглашения между Казахстаном и Сингапуром о торговле услугами и инвестициях.
    Кроме того, депутатам предстоит принять в работу законопроект по вопросам совершенствования порядка взимания платы за использование особо охраняемых природных территорий с сопутствующими ему поправками в Налоговый кодекс, а также ряд проектов ратификации.
    📢📢Смотрите прямую трансляцию на официальном сайте parlam.kz, RUclips-канале и странице Мажилиса в Facebook, а также в эфире республиканских телеканалов «24KZ» и «Jibek Joly». Следите за обновлениями в наших социальных сетях.

Комментарии •