«KITAP - QAZYNA» КІТАП ОҚУ ЖОБАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 21 окт 2024
  • 🌐 Бүгін ҰЛТ ҰСТАЗЫ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА, АҚЫН МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «KITAP - QAZYNA» КІТАП ОҚУ ЖОБАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ өтті.
    💠 Жаңа оқу жылының басында университетіміздің жастарының бойын рухани біліммен нәрлендіру мақсатында «Kitap - Qazyna» жобасы бастау алған болатын. Айтулы сайыс студенттердің әдеби шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем талғамға бейімділікке тәрбиелеу, сөз сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.
    💠 Бүгінгі іс-шараға Н. В. Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың өнер туралы әдебиеттер бөлімінің қызметкері, ақын Бек Ноғайбайұлы, «Сарыарқа» телеарнасының журналисі Мақсат Бейсенаев, Денсаулық сақтау басқармасының тіл маманы, тіл жанашыры Әлихан Құлжа, Бөкетов университеті Ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі Айзат Әбдірайымова, Бөкетов университеті Студенттер үйінің директоры Бектас Жұман төрелік етті.
    💠 Кітап оқу жобасына қатысуға он екі топ ниет білдірген еді. Әр топтың құрамы бес қатысушымен жасақталып, олар бүгінгі күнге дейін қазақ және әлем жазушыларының түрлі жанрдағы 12 шығармасын оқып шықты. Он екі кітапты оқыған алпыс студент бүгін сол шығармалар бойынша тест тапсырып, топпен жоғары балл жинаған 8 команда келесі кезеңге өтті. Жеңіске жеткен командалар жеребе тарту арқылы алдағы кезеңдегі қарсылас командаларын анықтады. «Шаппа-шап» кезеңінде олар сұраққа ауызша жауап берді. Қойылған сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беріп, ұпай санымен алға озған филология факультетінің екі командасы, экономика факультеті мен химия факультетінің командалары ақтық сынға жолдама алды. Ақтық сында жеңіске жеткен командалар өзіне тиесілі трагедия, драма, комедия жанрында және ертегіден қойылым қояды. Байқаудың нәтижесі 14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау мерекесінде шығып, жеңімпаздар марапатталады.

Комментарии •